Әбіштің кӛңілді кезі
Әбекең
кӛңiлдi кезiнде әзiлшiл. Анасымен де әзілдесе бередi.
Кейде бiзге
кӛзiн қысып қойып: ―Мама түсiме бәленшекең кiрiп жүр,
жарықтық жақсы кӛретiн ағам едi‖, –
деп, iштей кернеп тұрған мол
күлкiнi ерiнiне жинап, ӛзiнше қуланып отырады. Айекең: ―Алда,
жарықтық
-
ай! Желеп
-
жебеп жүредi ғой, иiс дәметкен болар, жетi
шелпек пiсiрiп жiберейiн‖ –
деп жалма
-
жан iске кiрiсiп кетедi.
Менiң сол үйден ең кӛп татқан дәмiм де сол шелпек нандар
болар.
Әбекең
кей
-
кейде ―Клара шелпек пiсiршi, Назарбеков те кӛрiнбей
кеттi ғой‖, –
деп әзiлдейтiн кӛрiнедi.
Әбекеңнiң Зәузәт деген баласы бiр күнi, жұма болса керек,
шелпек нан пiсiрiп жатқан анасына:
–
Шелпек пiсiрiлсе бүгiн үйге Сайын ағам келетiн болды ғой, –
дептi. Шәй жасалып алдарындағы садақа нанынан ―Бiссiмилла‖ деп
ауыз тиер
-
тиместе мен кiрiп келiппiн. Үйдегi жандар қырыла күлiп
жатыр. Әбекең
:
–
Әруақтарға
арнап пiсiрген осы иiстердiң соларға жетер
-
жетпесiн бiр құдайдың ӛзi бiледi, әйтеуiр бiздiң Сайынға жететiн анық.
Бұны керек кезде iздеудiң қажетi жоқ, қайнап жатқан майға бiр шелпек
салсаң жеткiлiктi, –
деп мәз болғанды.
Әбiш нағашылары Бәйiмбет руынан. Әбекең кӛңiлдi кездерiнде
―бұл Бәйiмбеттiң қызы‖ деп, әңгiме тақырыбын шешесiне арнап, ӛз
анасын еркелетiп отыратын әдетi бар.
Бiз кӛрген жерде Әбекеңнiң кӛңiлi жай тауып, сезiмдерi
шарықтаған шақтарда әңгiме тақырыбы бiрте
-
бiрте Маңғыстауға
ауысады және кӛбiне балалық шақ пен Маңғыстау табиғаты,
Маңғыстау жаратылысына тiреледi. Бiрақ ол жеке кiсiлер туралы
жақсы да, жаман да пiкiр айтуға құмар кiсi емес.
Барлығын да тұтастай қарап, тұтас қамтып отырады.
157
Әбіш ашуы
Ашушаң кiсiлердiң талайын кӛрiп жүрмiз ғой. Кӛктем күнiндей
кенеттен құбыла түйiле қалып, шарт
-
шұрт мiнезi найзағай соғып,
жадырай ашыла қалып…
Әбекең
ашуы –
ол ерекше ғалам. Жете бiлгендiктен бе, сарқыла
жақсы кӛргендiктен бе, әлде соқыр сезiмдей сезiмге ерiп ―Пiр‖
тұтқандықтан ба, мүмкiн ұлық тұтқандықтан ба –
әйтеуiр оның кӛңiлсiз
кейпi, ашулы кезi, ызалы шағы менi жай қалпымнан бiрден шығарып
жiбередi.
Түйiлген қабағы қабарып, кӛзiн жұмдыра жаздап, тереңнен
қоздап
шыққан ыза бет
-
ӛңiн түнектей түнерте, аузынан шыққан әр сӛзi
ашуы арналған жанның етiн боршалап, сүйегiн күйрете, ал кӛбiне
жауып та болмай, ашыла да қоймай дiңкеңдi құрта, еңсеңдi езе түсетiн
күздiң күнсiз күндерiндей бiр оңбаған шаққа ұласатын. Осы алпыс
жылдық ӛмiрiнде мен Әбекеңнiң осындай шағын
екi
-
үш
рет кӛрдiм.
Бiрiнде ӛзiнен үлкен ағалары да қасында отыра алмай ―сен баршы‖
деп менi сол қауптi айдаһар аузына итермелеген болатын. Үлкен бiр
тойға дайындық кезi едi. Бар бiлiмiмдi, бар ӛнерiмдi, салып бетiне
ӛзгелер
қарай
алатындай етiп кӛп ортасына алып шықтым
-
ау,
әйтеуiр!…
Менің
“Пірім”
1991 жылы мен елу жасқа шықтым. 1989 жылы әкем, 1990 жылы
шешем қайтыс болған. Ӛзiм де солармен сапарлас бола жаздап
барып, зорға қалғанмын. Ағам Сабыр, iнiм Дайын, жұбайым Қантӛре,
қарындастарым
–
бәрi де
бiр той жасау керек екенiн маған
мойындатпақ болып, әулетiмiзде садақа атты жиынның кӛбейiп бара
жатқанын алға тарта бердi.
Той жасадық. Әбiш Кекiлбаев тойдың ашылу сӛзiн сӛйледi. Маған
арналған ұзақ сӛз iшiнде әлi күнге жаныма қадалған алтын шегедей бiр
сӛз ендiгi қалған ӛмiрiмде естен шыға қоймас.
…Бұл Сайынның бiр ғажабы соншама уақыт менiң қасымда жүрiп
менен әлi ешнәрсе сұрамапты…
…Япырмай, Әбiш тiптi сондай нәрсенi де ескерiп жүретiн
болғаны
-
ау! Мен бұл жобада Әбiштi ӛзiме ―Пiр‖ тұта бастағанмын.
Маған Әбiштiң не беделiмен, не қолымен iстеген кӛмегiнен ғӛрi асқар
таудай болып алдымда жүргенi, бар қазаққа Әбiш, Әбеке, данышпан,
кемеңгер атанғаны бағалырақ едi. Оның сол жолда беделiне дақ
салмауға қолдан келер кӛмегiм одан ешнәрсе сұрамау болатын. Ол –
сұңғыла. Оны да байқап қойыпты. Мен бұрын оны iштей ―Пiр‖ тұтып
жүретiнмiн, сол сӛзiнен бастап мен:
–
Менiң Пiрiм Әбiш! –
деп жұртқа естірте, айта бастадым.
158
Әбіш және менің алғашқы шумақ ӛлеңім
1987 жылдың 17 ақпаны мен үшiн ерекше күн. Бұл күн менiң
алдағы ӛмiр ағысымды жаңа арнаға ауыстырған, барлық бытыраңқы
ой
-
жiгерiмдi даңғайыр даңғылға шығарған күн болды.
…Алматы құрылыс техникумының ұстазымын. Кешкi бӛлiм
бойынша оқитындардың диплом жұмыстарымен ұзағырақ отырып
қалыппын. Кешкi сағат онға жуық ―кемпiрiмнiң‖ туған күнi екенi, бiздiң
үйде
Әбекеңнiң ӛзiнен бастап, Айекең мен Клара, олардың түгел бала
-
шағасының, ӛзiмiздiң ет
-
бауыр, кӛңiл жақын достарымыздың
жиналатыны еске түскенде тӛбемнен жай соққандай орнымнан атып
тұрыппын. Осынша
кешiккенiмдi жуып
-
шаймақ болып, бұрын кӛп
әдетiмде жоқ болса да, жұрт кӛзiнше дұрыс кiсi боп кӛрiнбекке
тырысып, салып
-
ұрып
гүл базарына (Коммунистичесий мен Калинин)
бардым. Әдемi бес дәне қызыл райхан гүлiн таңдап алғаннан соң
барып тӛлеуге ақшам жоқ екенiн байқадым. Гүл сатушы қарызға бере
алмады. Мұңайыңқырап, ұялыңқырап үйге де жақындап қалдым.
...Кенет… Кенеттен сыйлық орнына екi
-
үш
жол ӛлең жазып апара
салмаймын ба деген ойдың жылт ете қалғаны. Аяғым москвичтiң
тормозын ӛзiнен
-
ӛзi басып, қолым ӛзiнен
-
ӛзi қаламыма жармасты. Аз
ғана
уақытта тӛрт
-
бес шумақ ӛлеңдi домдай сала кӛңiлдене үйге кiрiп
бардым. Қақ тӛрде отырған Әбiш:
–
Әй, Назарбеков, сен түнгi сағат 11
-
ге дейiн қайда жүрсiң, бiз
тарауға жақындадық қой, –
дейдi. Мен:
–
Қантӛренiң туған күнiне ӛлең шығарамын деп кешiгiп қалдым, –
деймiн. Ол:
–
Ал, оқышы ӛлеңіңді –
дейдi. Есiк алдында тұрып оқып бердiм.
Әбекең
сол жерде ойнап айта салды ма, әлде мысқылсыз айтты ма,
әлде
құлағына
бiр перiште сыбырлады ма, әйтеуiр: ―Сен ӛзiң ақын
екенсiң ғой?‖ –
дегенi.
Сол сӛзге, Әбiштiң аузынан шыққан қысқа ғана бiр сӛйлемге
менiң қалған барлық ӛмiрiмнiң мағынасы да, менiң содан кейiнгi шығар
барлық тӛбемнiң биiгi де сыйып кеткендей болды.
Мен сол сӛзге нанып қалыппын. Ақындар ӛлеңін құмарта
оқитынмын. Шындығында да мен ақын емес пе екенмін? Мүмкiн ӛзiм
байқамайтын болармын? Тәп
-
тәттi жымысқы ойлар менi оңашаланып
алып ұрлана ӛлең жазуға итермеледi.
Киелi кiсiнiң аузынан шыққан жалғыз ауыз сӛз менiң жүрегiмдi
ақындық атты, болмысымды азаматтық пен адамдық атты ауылға
жеткiзген едi.
159
Менің университетім
Қазақ
тiлi … Ана тiлi… Екеуi мен үшiн бiр
-
ақ нәрсе. Ӛз туған
жерiңде ӛмiр сүрiп, ӛз ана тiлiңде сӛйлегенге не жетсiн.
Институтқа түскен алғашқы жылдары менiң де орысшадан
хабарым бар дегендей, сӛйлем iшiне бiр
-
екi орыс сӛзiн қыстырып
жiберiп, ӛзiмiзше iс тындырғандай боп қолтығымыздағы қыздарға
паңдана қарай бастаған шақтарым еске түссе, бұл күндерi, жас
алпысқа толуға таянған шақта бетiм ду ете қалады. Орыс тiлiн жете
бiлмейтiнiмдi ӛзiм соңғы кезге дейiн ӛз басымның үлкен кемшiлiгi деп
ойлап келгенмiн
-
дi. Бақсам, жас кезде, бала шақта тiлiм де, ойым да
ӛзге
ӛрiске ауа жайылмай ӛз ортасынан, ӛз жайлауынан нәр алыпты.
Содан да болар жас елуге жақындап қалғанда, бiр шумақ ӛлең жазып,
Әбiш батасымен ақын атанып кетiппiз.
Алғашқы жазған онға жуық ӛлеңiмдi бiр сәттi күнi Әбiшке оқып
бердiм. Әбекең:
–
Ӛлеңiннiң мағынасы, ойы жеткiлiктi болғанымен, техникасы
нашар екен. Мiне, ӛлеңдi былай жазады –
деп, қасымызда сабақ оқып
отырған Дәулеттiң дәптерiн ашып қалып едi, сыя сорғыш қағазы бар
екен. Сол бiр бет сорғышқа ӛлең буындарын сақтау, ұйқастарын
сәйкестендiру, т.с.с. ӛлеңдi құлаққа жағымды, оқуға ыңғайлы ететiн
ӛлшемдерiн түсiндiрiп бердi. Кейiн ӛз ӛлеңiмдi талқылап қарасам, бiр
жолы жетi, бiр жолы тоғыз, үшiншi жолы он үш буынға да жетiп
қалыпты. Ұстазы тәуiр болса зерек шәкiрт университеттi бiр
-
ақ сағатта
аяқтайды екен…
Әбіш және Сҧлтанмахмҧт Торайғыров пен
Абыл
-
Досан кесенелері
Мен соңғы кездерде ӛз тағдырымдағы ерекше жағдайды сезе
бастағандаймын. Ол –
менiң елеулi қадамдарымның басы
-
қасында
Әбiш болатындығы.
Кәмелетке толып алғашқы алыс сапарыма шыққанда, Ұштаған
интернатына оқуға бара жатып Әбiшке кездесiппiн;
Алғаш Алматыға келiп, сол үйге түсiп, студент атаныппын;
Алғашқы шумақ ӛлеңiмдi Әбiшке оқып берiппiн;
Мені азамат қатарына қосқан күмбез шаруасына да алғашқы рет
Әбіш
жұмсапты. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жүз жылдық мерекесі
ме, әлде ӛзі сол аймақтан депутат сайланғандықтан ба, әйтеуір бір
күні маған: "Сен Сұлтанмахмұт Торайғыров басына күмбез тұрғызу
мәселесін ұймдастыр" –
деп тапсырма берді. Біз ойдағыдай орындап
шықтық. Содан бастап мен атақты аруақтар басына күмбез тұрғызу
жұмысымен айналыса бастадым.
160
1992 жылы Маңғыстаудағы Қаратӛбе
басында Абыл ақын мен
Досан батыр басына күмбез тұрғызбақ боп iрге тас орнын дайындап,
жерін қазып жатқанбыз. Кенеттен шұбырып кӛш
-
керуен келе қалды.
Алдыңғы машинадан түскен тұлғасы таныс, жүрiсi белгiлi бiр адам
Әбiш екен. Қасында ұстазым Дүйсенбi Әрiпов ағай. Қатты қуанып
кеттiм. Үлкендер: ―Бiтер iстiң басына, жақсы келер қасына‖ –
дептi ғой.
Жақсы ырымға жорыдым. Сӛйтiп Әбекең менiң зираттық ескерткiштер
саласына біржола бет бұрғызған еңбегiм Абыл кесенесiнiң алғашқы
тасын ӛз қолымен, қасиеттi қолымен қойып кеткен едi;
Мен салған "Омархан
-
Нұржамал", "Домалақ
-
ана" кесенелерін ӛзі
келіп ашып берді.
"Хан Ордалы Сарайшық" кесенесін салғанда тарихи тұлғалар
есімін анықтап беруге біраз тер тӛкті...
Әбіш және Абай
-
Шәкәрім мҧнаралары
1989-
91 жылдар арасы қауiптi дертке шалдығып, бiраз уақыт
жұмыс жасамай, ӛзiммен ӛзiм қалғанмен, сол жылдар менiң кӛп оқып,
кӛп тоқыған жылдарым болды. Менi қай заманда да Маңғыстаудың
зираттық сәулет ескерткiштерi толғантатын. Кӛбi құлай бастаған.
Кӛптеген аты
-
шулы батырлар мен әулиелер басында белгi де жоқ.
Соларға жоба жасайтынмын. Солардың бiрiн алып барып Әбiшпен
ақылдаспақ болдым. Әбекең Қазақстанда бұл саладағы маман, Бек
Ибраев деген сәулетшi барын айтып, сол кiсiмен таныс деп ақыл
айтты. Мен Бекпен таныстым. Бек сол кезде Абай
-
Шәкәрiм кесенесiнiң
жобасын жасау үстiнде екен. Таныстық, түсiнiстiк. Маңғыстауға барып
зираттық ескерткiштердi кӛрдiк.
Әбекеңнiң бiр ауыз сӛзi, бiр ақылының қорытындысы –
ақыры
менi Абай
-
Шәкәрiм мұнараларына жеткiзген, менi бас құрылысшы
дәрежесiне кӛтерген, менiң құрылыс –
сәулет ӛнерiндегi орынымды
анықтап алуыма кӛмек еткен
-
дi.
Әбіш
Бӛріліде
Бұ кездерде Әбекеңдi ӛзiме ―Пiр‖ тұтқан, барлық жақсы
қадамдарыма
Әбекең
шапағаты тиедi деп сенiм ұялаған шағым
болатын. ЮНЕСКО атап ӛткен Абайдың 150 жылдық тойында қазақ
халқының дүние жүзi
сахнасына алғаш шығуына дайындалған
шымылдықтың кӛзге кӛрiнбейтiн бiр бұрышында тұрғаныма ӛзiмдi
бақытты санайтынмын. Соған жеткiзген дәл кезiнде берген Әбекең
ақылы деп мойындайтынмын.
161
Қазақ
халқы Мұхтар Әуезов аты арқылы ЮНЕСКО назарына тағы
iлiккелi тұр. Мен сол тойдың тағы бiр жерiнде жүрмiн. Мұхтар
Әуезовтiң ата
-
анасына еңселi ғимарат салынды. Басынан аяғына
дейiн ұлым Нұрлан Сайынұлы салып шықты. Iшiмнен Әбекең
қатыспаған
менiң алғашқы жұмысым болды деп ой түйетiнмiн. Жоқ.
Бұл да Әбекеңсiз ӛтпедi. Бӛрiлiде ұлы жиын ӛттi. Әбекең ұзақ толғана
сӛз сӛйлеп, бiздiң тұрғызылған кесененiң шымылдығын ӛз қолымен
ашып, кӛрнектi кесенеге зиярат етуге келген елге жол салып бердi.
Тағы да Әбiш.
Әбіш
Қаратауда
Үш
жүзден құралатын Ұлы халықтың қара шаңырағы –
Қаратау
.
Ежелден Ұлы жүз тайпалары мекен еткен құтты қоныс –
Қаратау. Ұлы
Жүздi –
Жалайыр, Қаңлы, Сiргелi, Сарыүйсiн, Шапырашты, Ысты,
Ошақты, Албан, Суан, Дулат тайпалары құрайды. Шежiре бойынша
Бәйдiбектiң кiшi әйелi –
Нұрила. Нұрила қасиетiн ерте танытқан әулие
ана. Албан, Суан, Дулат рулары сол әулие анадан бастау алады. Бiздi
Абай кесенесi кӛзге түсiрiп Шымкенттiктер Домалақ –
Ана кесенесiн
салуға шақырды. Кесене ойдағыдай орындалды. Мен ӛз ұлым
Нұрланның кемелiне келген шебер, ӛрелi ӛнерпаз дәрежесiне
кӛтерiлгенiн осы кесене арқылы танып, мәртебем аса түстi. Жалпы
нұсқасы, жобасы бiздiкi болғанмен орындалуы, жеке
-
жеке бӛлiктерiнiң
түсi мен түрiн, бейнесi мен болмысын сомдап шығарған Нұрлан едi.
Ендi оған ақтастан салынатын кез
-
келген күрделi құрылысты
уайымсыз тапсыруға болады.
Кесене 1997 жылдың 5 маусым күнi аяқталып, бiздiң шеберлер
Ақтауға жүрiп кеттi. Бiрақ облыс басшылары бұл кесененi ашуға
асықпады.
Салынып жатқан кезде Ел басшысынан бастап талай
-
талай
атақты азаматтарымыз бен мықты
-
мықты мансаптыларымыз келiп
кеткен. Халық күнi
-
түнi шұбырып жатты. Бiрақ кесене ашыла қоймады.
Ақыры бiзге де хабар келiп жеттi. Кесене 1999 жылы 5 маусым күнi
ашылатын болыпты. Мiне, ғажап!… Дәл екi жылдан соң! Мiне керемет!
Тағы да Әбiш!… Кесененi Қазақстан Республикасының хатшысы Әбiш
Кекiлбаев ашады екен. Тағы да менiң Әбiшiм! Менiң ӛмiрде тындырған
тағы да бiр елеулi iсiмнiң басы
-
қасында
Әбекең
болмақ. Менiң Пiрiм
тағы да менi желеп
-
жебеп жүргенi…
162
Билеп кетпесең болғаны
Кӛптен кӛрмеген Әбекеңе мақтанғым келдi ме, әлде ӛз
басымдағы ӛзгерiстерден хабардар еткiм келдi ме, әйтеуiр амандық
-
саулықтан соң: ―Әбеке, бiр пьеса жаздым‖,
-
деймiн.
–
Жақсы болған екен, –
дедi Әбекең.
–
Ӛз
ӛлеңiме бiр ән шығардым, –
деймiн.
–
Шырағым, бәрiн iсте, тек қана билеп кетпесең болғаны –
деп
әзілдеді, Әбекең.
Әбекең
ойы маған әлi жұмбақ. Әр нәрсеге жабыса бергенiме риза
болмағаны ма
?
Әлде
досым едi, жолдасым едi деп, менiң ӛмiрге әкелуiм мүмкiн нәрсiз
нәрселерге бола ұялғаны ма
?
Әлде
жүрегi ұмтылып тұрған нәрсенiң бәрi
де қолыңнан келуi
мүмкiн, бiрақ шамаң жетпес шаруалардан аулақ бол деген ескерпесi
ме
?
Манас тойы
Манастың 1000 жылдық тойы Алматыда, Абай атындағы опера
театрында ӛтiп жатты. Елбасы қатысып отыр. Шыңғыс Айтматов
бастаған қырғыз бауырлар …
Баяндамасын аяқтап мiнбеден түсiп келе жатқан Әбекеңе
Шыңғыс қарсы жүрдi. Бетiнен сүйiп, құшақтап қайта
-
қайта
бауырына
қысады. Той басшысынан сӛз сұрап мiнбеге шықты.
…Мен бұл жолы сӛйлеймiн деген ойым жоқ едi. Бiрақ Әбiштiң
Манас туралы толғанысы қырғыз халқына 1000 жыл бойы жырлап
келген Манасын басқа қырынан қайта таныстырып отыр. Мен Әбiшке
елiмнiң атынан алғысымды айтпай қала алмадым. Бiз ендi Манас
батырға, Манас дастанына басқаша кӛзбен, Әбiш кӛзiмен қарайтын
болдық. Рахмет, Әбiш!
Ұлы
адам аузынан шыққан не деген баға… Сол бағаға ие болған
не деген заңғар едi бiздiң Әбiшiмiз.
Маған сол кез Шыңғыс Әбiштi тек қана ӛзiнен емес, тiптi бүкiл
халқынан да ұлы деп бағалағандай болып кӛрiнген едi.
Қҧрманғазы
кҥйлері
Әбiш онша күйшi кiсi емес. Бiрақ Қазанғаптың ―Кӛкiлiн‖ тәп
-
тәуiр
тартатын. Кӛңiлi шауып қолы домбыраға тисе болды Әбiштiң ―Кӛкiлi‖
үй
-
iшiне шегi де жоқ, шетi де жоқ арман
-
мұңын тарата жӛнелетiн.
Бiрақ Әбiш музыка жанын терең түсiнетiн жан екен. Құрманғазы
163
күйшiге арнап, оның мерейтойына екi рет баяндама жасады. Адам
ақылы жетпес тереңдерден, адам санасы жетпес шексiз кӛктен не
ғажап
сезiмдердi суырған десеңiзшi.
Оқи бергiң келедi …
Тыңдай бергiң келедi…
Ести бергiң келедi …
Ақыл
да сҧрамай
,
ақша да сҧрамай
Жаңа жыл қарсаңы. Келе
жатқан Жаңа жылдан жақсылық тiлеп,
Әбекеңдi де ортақтастырғым келiп, телефон шалдым.
Бiр –
екi ауыз сыпайы сӛздерiмiз айтылды.
–
Әбеке
,
–
деймiн.
–
Тағы не айтқың кеп тұр –
дейдi ол.
–
Ана Клараңа айтсайшы, бiздi Жаңа жылда қонаққа шақырсын, –
деймiн.
–
Сылтауы жоқ, себебi жоқ ол не қылған қонақтық –
дейдi ол.
–
Аздап ақыл айтқым келiп едi, –
деймiн.
–
Шырақтарым менi жайыма қалдырыңдаршы. Аз күн тiрлiгiмде
ешкiмнен ақыл да, ақша да сұрамай ӛткiзгiм келіп едi –
дейдi, Әбекең.
Табынарлық
“Пірім” бар
Мен бiр қызық мiнезiм бар адаммын. ―Қандай керемет кiсi‖ деп
сырттай сүйсiнiп жүргендерiм таныса келе кiсiлiгi мен iсi, ақылы мен
сӛзi ойлаған жобадан кем түсiп жатса, кӛз алдымда аласара бастайды.
Обал
-
ақ, талай
-
талай ойдағы заңғарлар тӛбешiкке айналып сала
берген. Бiрақ сонау мектеп қабырғасынан бермен қарай Әбiш менi
бiрде
-
бiр рет ―қап, әттеген
-
ай‖ дегiзбей келедi. Дегiзсе, кейiн Әбекеңнiң
сонысы дұрыс екен
-
ау деп айнытуынан тынар емес.
1991 жылы ―Жетi ата‖ атты мақала жазып, мен алғаш рет
Әбекеңдi ―Пiр атам‖ деп атап едiм.
Кейiн осы ӛлеңдi арнағанмын.
Назарын барыс ықтырған,
Арыстан келбет айбаттым.
Домбайдың мойнын бұқтырған,
Бiлегi –
бiлiм, қайраттым.
Тереңнен толқып мұхиттай,
Ғасырлар
тiлiн сайраттың.
Бабамның келбет түрiндей
164
Бедерi ме едiң байрақтың.
Мiнездiм, жұмсақ елпiлдек,
Жүнiндей ұлпа тайлақтың.
Ұсынсам
қолым
жетпеген,
Жалыңа асау тарпаңым.
Ортаның темiрқазығы
Әулеумет, жиын алқаның.
Арбаған тартып сыр
-
сандық
Сүздiрген кӛзiн қалқаның.
Үнiңнен бұлбұл үйренген
Нұрланған талай бал таңым.
Қайраулым
қолға
ап ұмтылса
Шығарған қастың талқанын.
Ызғыған боран ықтырса,
Паналар ығым, қалқаным …
Табынарлық Пiрiм бар,
Осылай жыр ғып айтамын.
Әулие
тұтар ӛзiңдi
Керек
-
ау бiр жан, байқадым.
Достарыңызбен бөлісу: |