Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Мәтжан  би:
 
Уа,  әлеумет!  Орталарыңда  Иса  биге,  осы  асты 
осындай  дәрежеге  дейін  жеткізіп,  ас  етіп  ӛткізуге  тырысқан 
барлығымыздың  еңбегімізге  күйе  жағуға  тырысатындар  барлығы 
байқалды. 
 
 
Ермембет  би:
 
Халқым  деп  шӛп  басын  сындырмағандар,  жел 
сӛзбен ел назарын ӛздеріне аудармақ.
 
Мәтжан би: Олар бір жыл бойы осы асты дайындауға, ӛткізуге 
терін  тӛккендерге  ауыр  кінә  тағуға,  орынсыз  жала  жабуға 
тырысуда...
 
 
Иса  би  тентек  сӛзін  елемелік:  "Бір  есек  теуіп  жіберсе  сол
 
есекпен  тебісіп  жату  қажет  пе?"  –
 
дейді.  Дегенмен  Ермембет  би 
жауап қайтарған дұрыс деп, мені жұмсап тұр...
 
 
Дауыстар:
 
Сӛйле Мәтжан би! Жақсылап айт!
 
Мәтжан би:
 
Адай елі осында келіп қоныстанғанғанына жүз елу 
жыл  шамасы  болған  екен.  Содан  бері  бір  ауамен  дем  алып,  бір 
топырақтың  нәрін  сорып,  бір  емшектен  уыз  еміп  келе  жатырмыз. 
Бірақ сол қасиетті ауа мен сол ана сүті барлық адамдар мінезін бір 
қалыпқа  құйып  шығара  алмайтынға  ұқсайды.  Оның  себебін 
ӛзімізден іздейміз бе, әлде жаратылыстан іздейміз бе? 
 
Әуелі
 
ӛзімізден іздесек:
 
Ӛсейін деген ӛрісін молайтады,
 
Ӛшейін деген керісін молайтады дейді, бұрынғылар... 
 
Қазірдің  ӛзінде  керістің  басын  бастап  беруге  даярлар  бар 
екеніне кӛз жетіп тұр. Иса би бір жыл бойы елім ӛнерлі еді, сол ӛнер 
ӛрісті  қалай  ӛркендетемін  деп  бізді  күндіз  күлкіден,  түнде  ұйқыдан 
айырды.  Бір  жыл  ішінде  ұлы  жиын  алдына  ұялмай  шыға  алатын 
отыз әнші дайындаппыз... Исаның кінәсі осы ма?
 
Ал жаратылыстан іздейтін болсақ одан да жауап табамыз.  
 
Ойға оралып тұрған сӛз ауырлау. Айтқым келмей тұр. 
 
Дауыс:
 
Айт! Айтсашы!
 

 
268 
Мәтжан би:
 
Алла тағала ӛзі жаратқан барлық жан иелерін сан 
түрлі жаратыпты. Адам пендесінің ақылы жетпес құбылыс кӛп. 
 
Әлгі адам сондай айырмашылығы бар адам болар! Оған кӛңіл 
бӛліп әңгіме етудің қажеті болмас!
 
 
Дауыс:
 
Неге  қажет  болмасын!  Айт,  айырмашылығын!  Жары 
Мәтжан!
 
 
Дауыстар:
 
Қандай  айырмашылық!  Біз  де  естілік!  Айт  Мәтжан 
би! Сіздер, биліктеріңді жылы үйде, жұмсақ тӛсекке жайғасып алып 
бір
-
біріңе айтқанша, осылай халық алдында да айтсаңдаршы!..
 
Мәтжан би:
 
Олай болса тыңдаңдар! 
 
…Жалғыз  Алла жаратқан бір жан иелері болады, барлық ішіп

жегенін сүтке айналдырады! 
 
…Аллатағала  жаратқан  бір  жан  иелері  болады,  барлық  ішіп

жегенін уға айналдырады!
 
…Сары  уызбен  ауызданып,  ақ  сүт  еміп  ӛскен  бір  адамдар 
болады, жегенін балға балайды, кӛргенін қызыққа бағалайды!
 
…Сары  уызбен  ауызданып,  ақ  сүт  еміп  ӛскен  бір  адамдар 
болады,  жегені  тілінен  у  боп  тамады,  басқаның  жақсылығы 
кӛкірегіне  күншілдік  отын  жағады.  Содан  барып,  тәні уланып,  жаны 
қиналып ӛмір сүреді.
 
Естеріңде 
болсын, 
әлеумет! 
Жұтқанының 
бәрін 
уға 
айналдырар  ужылан  секілді  біреу  ортамыздан  шықты  екен  деп 
мерекемізді  тәрк  еткізбейміз.  Бұл  асқа  біз  тентегімізді  тезге  салар 
жасағымызды да дайындағанбыз. 
 
Мына  Ермембет  бидің  қарауында  екі  сексен  жасақ  бар!  Бір 
сексені Ойдағы болыстардан, екінші сексені Қырдағы болыстардан. 
Кез
-
келген тентектің есін кіргізе алады.
 
Тентектік  қылып  үйренгендерге  айтарымыз  –
 
естеріңді 
жинаңдар! Сендейлеррдің қылықтары елді талай ұрындырған!
 
Осы тойлап жатқан қызықтарың да, ауыздарыңа салып жүрген 
шыжықтарың  да  Иса,  Ермембет,  Сүйінғара  секілді  ел  ағаларының 
арқасы!
 
Ел ағасыз болса –
 
ел емес, тон жағасыз болса –
 
тон емес!
 
Дауыс:
 
Па, шіркін! Мәтжан би айтса жеткізіп айтады емес пе!
 
Дауыс:
 
Ужылан басын қалай езіп тастады…
 
 
Той иесі қамшысын кӛтеріп сӛз сұрайды. 
 
 
Бәйімбет:
 
Біреулер  би  шешімі  әділ  емес,  Ӛскенбай  бәрінен 
озық  еді  деп  жатыр  екен!  Мен  той  иесі  ретінде  озық  шыққан  екеу 
болсын деймін. Ӛскенбайға да бірінші орын берелік! Байрағын ӛзім 
кӛтеремін!
 
Дауыс:
 
Міне табылған ақыл! 
 

 
269 
Дауыс:
 
Қатып  кетті!  Сықитты!  Бар  шатақты  бір  ӛзі  шешті… 
Дауыс:
 
Жаса, Бәйімбет бай!..
 
 
Дауыстар. Дыбыстар.
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
270 
Алтыншы кӛрініс. 
 
Қалнияз.
 
 
 
 
Ермембет би:
 
Уа, халайық! Естіген боларсыңдар, үш күн бойы 
хабарлап  жаттық.  Осы  асқа  сонау  ауған,  парсы  жерінен  арнайы 
келген  ең  құрметті  қонағымыз  –
 
құрметті  Қалнияз  ақын!  Әрі  батыр, 
әрі би –
  
Қалнияз тақтақ! Осы арада болуы керек еді. Ас соңында ел 
алдына шығарсыз, сәлемдесерсіз деп едік! Кешікті ме?
 
 
Қалнияз:
 
Жоқ, кешіккен жоқ! Кӛпшілік арасында жүр едім!
 
 
Иса  би:
 
Қалнияз  аға!  Халқың  сағынды!  Ортаға  шығыңызшы! 
Сағынынған жұртың жүзіңізді кӛріп мауқын бассын!
 
 
 
Қалнияз ортаға шығып қамшысын кӛтереді.  Жұрт тынышталады.
 
 
Қалнияз:
 
Аман
-
есен  барсыңдар  ма,  бізді,  алыста  жүрген 
иағайындарыңды

сағыныштан сарғайтқан бауырларым! 
 
Ақ  патшаның  дүмпуімен  жер  асып,  ел  ауып  кеткен  аз 
ағайындарың да ұл ӛсіріп, қыз сүйіп жүріп жатыр!
 
Тыңдасаңдар  әлгі  басталған  дауға  бір  ауыз  сӛз  айтқым  келіп 
тұр! 
 
Дауыстар:
 
Айт! Айт, Қалнияз тақтақ!
 
Қалнияз:
 
Мәтжан  шырағым!  Тентекке  тоқтау  саларлық, 
ақымақтың  аузын  жабарлық,  халық  ақыл  тоқтатарлық  мағыналы 
сӛзді тауып айттың! Жақсы айттың! 
 
Ендігі  жерде  зерделі  кісінің  бәрі  пайдаланатын  сӛз  болды. 
Сӛзің құтты болсын, Мәтжан би!.. 
 
Мәтжан би:
 
Рахмет, Қалнияз аға!
 
Қалнияз:
 
Бірақ, тойбасы Иса шырағым, той иесі Бәйімбет інім! 
Мәтжанның  сӛзі  де,  сіздердің  Ӛскенбайға  қосымша  беретін 
байрақтарың  да  бүгінгі  басталған  сӛздің,  оның  артынан  ертең 
жалғасар  қаңқудың,  содан  туындар    даудың  шешімі  бола 
алмайды…
 
Иса  би:
 
Не  ойыңыз  бар,
 
Қалнияз  аға!..  Шешімі  барлығына 
кӛзіңіз  жетіп  тұрса,  қалың  елге  ұнайтын  ақылды  шамалап 
тұрсаңыз…  Айтыңыз,  ойыңыздағыны!  Халқыңыз  сізді  адайдың 
тақтағы  еді  дегенде,  осындайда  жӛн  табар  озық  ойыңыз  үшін 
айтатын
-
ды…   
 
Қалнияз:
 
Халық  деген  Біз  бен  Сіз  емес  пе!  Ойға  қонса 
халықтың билігі ретінде қабылдалық!
 
Иса би:
 
Қабылдайық!
 
Қалнияз:
 
Олай болса… 
 
Бірінші айтарым: 
 

 
271 
Ӛнерді  де  бағу  қажет,  баптау  қажет.  Әйтпесе  о  да  жұтап 
қалады.  Ӛнерді  қамқорлау  қажет!  Әйтпесе  ол  да  жетім  баладай 
жетімсірейді, жұпыны болып қалады! 
 
Мына  беріп  жатқан  астарың  тек  қана  аруақтың  қамы  емес, 
болашақтың да қамы… Астарың құтты болсын!
 
Дауыстар:
 
Әмин! Әмин!
 
Екінші айтарым: Қарттық пен даудан сақ болыңдар!
 
Екеуі  де  жалғыз  келмейді.  Олардың  кӛлеңкесімен  байқатпай 
ере келер абжыландар бара
-
бара айдаһарға айналып, ӛзіңді жұтып 
тынады…Қарттық қара басыңды жұтады, дау тұтас еліңді жұтады…
 
Осыдан сақ болыңдар!
 
Дауыстар: Дейді ғой, Қалнияз тақтақ!
 
Үшінші айтарым: Қашаған ақын не деп еді?
 
Оу, халқым! Қашаған ақын не деп еді!
 
Дауыс:
 
Оның қай айтқанын айтып тауысарсың!
 
Қалнияз:
 
Қашаған ақын "біз адай деген ел едік" демеп пе еді!
 
…Біз Адай деген ел едік!..
 
Алаңсыз ӛскен алшаңым!
 
Тәк
-
тәксіз ӛскен тарпаңым! –
 
демеп пе еді! Оны не үшін айтып 
еді! Ойлансаңдаршы!..
 
Ой жүгіртсек о заманда солайша айту қажет
 
болды…
 
Жан
-
жағың толы жау еді! Ел рухын кӛтерер ұран керек еді! 
 
Адай  атаның  атымен  ұрандату,  сол  арқылы  елдің  басын 
біріктіру қажет болып еді…
 
Адайдың  әлгі  мінезі  адай  елінің  жау  алдындағы  айбаты  ұшін 
қажет мінез болатын! 
 
Біздің замандастар оның құнын білетіндер еді!
 
Мен  бұ  сӛздерді  Қалнияз  атымен  емес,  тағдыр  тәлкегімен 
Ауған мен Иран  асып кетсе де Адай мен Бекет атын ұран етер ел 
атынан айтамын!
 
 
Маңғыстаудың  киелі  топырағынан  жаралып  жатқандар,  ӛз 
қандастарының    бір  ұлына  берілер  "ӛнерліміз  еді",  "озығымыз  еді" 
деген атты қимай дау тудырады деп ойлаппыз ба? 
 
Ойламағанбыз! 
 
Ойламайтынбыз!
 
Алшаңдап ӛссеңдер аталарыңның рухының арқасы!
 
Тәк
-
тәксыз ӛссеңдер ел ағаларының арқасы!
 
Соны ұмытпалық!
 
Қашаған  адайға  осындай  қылықтарды  таңғанда  бұл  мінезді 
ағайын арасында кӛрсетсін деп ұрандамаған! 
 
Біз бүгін ұрпаққа тәрбие боларлық жиында тұрмыз. Билер бұл 
асты тәрбие асына айналдырыпты. 
 

 
272 
Адай  деген  ел  ендігі  жерде  "тарпаңдау"  мінезінен,  бейбіт 
ӛміріне сәйкес ұрпаққа үлгі боларлық "ар таңдау" мінезіне ауыссын 
деп шешіпті…
 
Бірінші дауыс:
 
Қалай
-
қалай мӛлтектетеді, қасқа!..
 
Екінші дауыс:
 
Мынау кім?
 
Бірінші дауыс:
 
Тӛк тақтақ! Айт тақтақ! Ел атынан айт!… 
 
Екінші дауыс:
 
Бұл кім?
 
Дауыс:
 
Бұның аты ұмытылғалы қашан! Оны адайдың тақтағы 
деп атайды! Оның аты Қалнияз ақын, Қалнияз батыр болса керек!
 
Екінші дауыс:
 
Е… Адайдың Қалнияз тақтағы осы ма еді!..
 
Қалнияз:
 
Айт десеңдер  айтайын! Айтқанда мен бүгініңді емес, 
болашағыңды айтайын, ағайын!
 
Барлық  адам  болашақ  туралы  ойлануы  қажет!..  Ӛйткені 
барлық адам қалған ӛмірінің бәрін сонда ӛткізеді!.. 
 
Болашақ туралы ой да бар! Құлақ тігерлік халқың болса!..
 
Айтар ақыл да бар, пайдаға асырар құлқың болса!..
 
Дауыс:
 
Айт ойыңды, түсінеміз!
 
Қалнияз:
 
Ендеше  осы  жарысқа  еліміз  отыздан  астам  жүрік 
қосқан екен. Бәрінің артында бір
-
бір рулы елі бар. Солардан таңдап, 
отыздан  озық  деп,  жетеуін  оздырған  екенсіңдер.  Қарсы  емеспіз. 
Халық та оған қарсы болмапты!  
 
Жетеуін жарыстырыпсыздар! 
 
Ӛнер жарыста шыңдалады. Дұрыс
-
ақ болған!
 
Жетеуінің  де  ӛрен  жүйрік  екеніне  кӛз  жеткізіпсіздер!  Құтты 
болсын!
 
Енді біздің айтпақ ойымыз мынау…
 
Отыздан озық шыққан жетеуіне жеті шапан жауып, жеті тұлпар 
мінгізсек еліміз жарлы болып қалмас!.. 
 
Ардақтымыз біреу емес жетеу болса несі бар!..
 
Аламан  жарыста  озық  келген  жетеуіне  бірдей  адайдың  қайқы 
әншілері деген ат тағайындасақ абыройымыз аспандамай ма!..
 
Атақтымыз біреу болмай жетеу болса несі бар!..
 
Енді отыздан озық шыққан жетеуі де "Адайдың Жеті Қайқысы"  
деген  бір  атпен  аталса,  жеке  болмай  жетінің  бірі  болса,  олар 
ӛнерінің дәрежесі кеміп қалмас! 
 
Адайлар  әуелден  де  білгірлері  мен  шешендерін  "тақ
-
тақ" 
атандыратын! 
 
Ақындарын  да  ардақтап  "Адайдың  жүйрігі"  деген  дәреже 
беретін.  Лайым тақ
-
тақтарың тауып айтқай! Лайым жүріктерің озық 
болғай!
 
Енді,  осы  күннен  бастап,  әншілеріңнің  озық  жетеуі  "Адайдың 
жеті  қайқысы"  деген  ардақты  атақпен  аталатын  болсын!  Аттары 
қатар аталатын болсын!..  
 

 
273 
Тақтақтарың  талапты болғай!, халқым!
 
Бес жүйріктерің азулы болғай!, ағайын!
 
Жеті қайқыларың қанатты болғай!, бауырлар!
 
 
Алаң қуанышты дауыстарға толып кетеді. 
 
 
Дауыстар:
 
Қалнияз! Адайдың тақтағы!
 
Дауыс:
 
Міне билік! Жаса Қалнияз! 
 
Бір дауыс:
 
Шіркін
-
ай мына жарысқа Қайып пен Хамиттың келе 
алмағаны, әйтпесе мыналарға орын қайда!..
 
Дауыс:
 
Жаса Адайдың Қалнияз тақтағы!
 
 
Халық риза болып, шаттық саз ойналып жатады.
 
 
Мәтжан  би:  Уа  халайық!  Қалнияз  ағамыз  қайта  оралды 
ортамызға!  Қалнияз  ақын  бұрын  елді  жауларға  қарсы  жорыққа  
бастап,  бірлікке  үндеп  жүретін  болса,  енді  халқымызды  ӛнер 
жорығына  шақырғалы  келген  екен!  Сапарың  сәтті  болғай  Қалнияз 
аға!
 
Ермембет  би:
 
Қалнияз  батыр  орыстар  құрығынан  қашақтап 
тәжік,  ауған  жерінде  жүрсе  де,  ерлік  қалпын,  Қалнияз  қалпын 
жоғалтпапты!  Жорық  ақыны  тағы  да  жорыққа  шақырып  тұр!  Бұл 
жолы ӛнер жорығына шақырып тұр!
 
Иса  би:  Қалнияз  тақтақ  Қосай  атаның  ұрпағы  емес  пе  еді! 
Мына  ұсынысы  ӛнерлі  ұрпағына  берген  Қосай  ата  батасындай 
болды! Аллатағала қабыл еткей!
 
 
Жыр  күйі  ойналып  жатады.  Жыр  сарына  бірте
-
бірте  Адай"  күйінің 
сарынына ауысады.
 
 
 
Дауыстар:
 
Аллатағала қабыл еткей!
 
 
Дауыстар:
 
Періштенің құлағына шалынғай!
 
 
Дауыстар:
 
Адайдың жеті қайқысы!
 
 
 
Бір адам қамшысын кӛтеріп ортаға шығады.
 
 
 
Бір дауыс:
 
Қалнияз тақтақ! Менің бір датым бар!
 
 
Қалнияз:
 
Ол не дат!
 
 
Сол дауыс:
 
Дат  емес ұсыныс. Айша қыз да ӛнерлі жан екен! 
Нағыз ӛнерлі туған сайқының ӛзі екен! Айша қызға да "сайқы" атағы 
берілсін!
 
 
Қалнияз:
 
Дұрыс болар! Ел бар, ел басқаратын би бар! Ӛнерге 
құрмет –
 
халыққа құрмет! Кезегі келгенде, халық құптағанда атақ та 
берілер, алғыс та алынар! 
 

 
274 
Атақтарың құтты болсын!
 
Атақтарыңды 
елдің 
атақ
-
даңқын 
асыра 
беруге 
пайдаланыңдар!
 
 
 
"Адай"  күйінің  сазы…  Аттар  тұяғының  дыбысы…  Солармен  араласқан 
дауыстар:
 
 
 
Дауыстар:
 
Адайдың жеті қайқысы!
 
Дауыстар:
 
Адайдың жеті қайқысы!
 
Дауыстар:
 
Адайдың жеті қайқысы!
 
 
Шыылдық
 
 
Мазмҧны
 
 
Басты кейіпкерлер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 
 
Бірінші бӛлім. Асқа дайындық.
 
 
Бірінші кӛрініс. Бәймембет бай үйі. Шолтаман ӛнері.
 
 
 

Екінші кӛрініс. Ас үй.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
17 
Үшінші кӛрініс. Бәймембет бай үйі. Жылкелді ӛнері.
 
 
 
20 
 
Тӛртінші кӛрініс. Хиуа ханы мен Мәтжан. Ақтан. 
 
Ӛскенбай ӛнері.
   
 
25 
Бесінші кӛрініс. Тӛбе басы. Мәтжан би тапсырмасы. 
 
Тастемір ӛнері.
 
Сәттіғұл.
 
 
 
 
 
29 
Алтыншы кӛрініс.
 
Айша биші ауылы. Ӛскенбай.
 
 
 
 
34 
 
 
Екінші бӛлім. Ас.
 
 
 
 
 
 
 
Бірінші кӛрініс. Үш би. Қоштай үйі. Аралбай. Мұрын жырау. 
 
Тҧрсын ӛнері.
  
  
 
 
 
37 
Қысқа кӛрініс
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
43 
Екінші кӛрініс. Шолтаман үйі. Әділ ӛнері. Досат ӛнері.
   
44 
Үшінші кӛрініс. Ас кӛріністері: Құдайға шүкір; Сәнді келіншек;
 
 
 
Күрес; Арыз...
 
"Палуан тас"…
 
 
 
 
 
49 
Тӛртінші кӛрініс
 
. Айша биі. Ӛскенбай.
 
 
 
 
 
56 
Бесінші кӛрініс.Соңғы жиын. Жарыс қортындысы. Дау.
 
 
 
58 
Алтыншы кӛрініс. Қалнияз.
 
    
 
 
 
 
 
 
62 
Мазмұны
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
66 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтау.   2
9.02.2008 
 
 
 
 
  
 
 

 
275 
 
 
 
 
Ай кӛрдік аман кӛрдік
 
 
 
Ұлыстың Ұлы Күні  –
 
Наурыз жақындап қалған. Ұлы мейрамын 
күткен ел қуанышта. Адамдар жүзінде шаттық, пейілінде ізгілік.
 
 
Кеш мезгілі. Жас келіншектер, Айман мен Шолпан, далада үш 
бұтты ошаққа бауырсақ пісіріп жатады.  
 
 
Айман: 
 
 
Енем  маған  таң  атқанша  үш  қап  бауырсақ  пісіріп  үлгер  деп 
тапсырды.  Сенің  кӛмекке  келгенің  қандай  жақсы  болды.  Әрі 
кӛмектесесің, әрі сырласамыз. Уақыт әрі тез, әрі кӛңілді ӛтеді. 
 
Шолпан:
 
 
Ертең біздің ауылда қонақ кӛп болады. Әрі «Амал» мейрамы, 
әрі келін түсіреміз.
 
Айман:
 
 
Атам  қызық  кісі  ғой.  Бірдеңе  істерде  елге  осылай  ыңғайлы 
болсын, ӛзімізге осылай пайдалы болады деп отырады. Осы жолы 
мал  піспесе  де,  бір  жыл  бойы сағынысқан  ел  кӛріссін, сәлемдессін 
деп сәл ертерек той күнін белгіледі.
  
 
 
Киіз  үйден  Жұлдызай  шығады  Бұларға  жақындап  келіп  кӛзі 
толысқан айға түседі.. 
 
 
Жҧлдызай:
 
 
Қандай ғажап! Ақ күмістей жарқырауын
-
ай, мына айдың!
 
 
Ай кӛрдік аман кӛрдік,
 
 
Бұрынғыдай заман кӛрдік!
 
 
Ескі ай есіркей гӛр,
 
 
Жаңа ай жарылқай гӛр!
 
 
 
Жұлдызай толық айға тізе бүгіп сәлем етеді.
 
 
Шолпан: 
 
 
Әй, ақымақ! Қыз айға сәлем етеді ме екен? 
 
Жҧлдызай: 
 
 
Айға сонша сүйсініп тұрсам қайтеді екем! 
 
Шолпан:
 
 
Айға  әйелдер  ғана  сәлем  етеді  және  толық  айға  емес  жаңа 
туған айға сәлем етеді.
 
 
Жұлдызай:
 

 
276 
 
Пәлен  уақытта  маған  біреу  құда  түседі  екен  деп,  сосын  әйел 
болады  екенмін  деп  күтіп  жүрем  ба?  Айға  деген  сүйіспеншілігімді, 
құрметімді мен қыз кезімде де кӛрсете беремін.
 
 
Ақылды  қыздар  қалаған  нәрсесіне  де,  құрметтеген  кісісіне  де 
сәлем  ете  береді.  Сен  сияқты  ақамақ  әйелдер  ғана  үйреткен 
ақылмен ӛмір сүреді!
 
Шолпан:
 
 
«Күйеуімді  кӛргенше  күйіп
-
жанып  барамын»  дегендей,  ӛз 
тойыңды асыға күтіп жүрсің
-
ау шамасы?!
 
Айман:
 
 
Ақылды ғой менің Кӛріктім!
 
 
Шынында да бүгін гүл
-
гүл жайнап тұрғанын! 
 
 
Шолпан! Қарашы ана айдың «қақталған ақ күмістей» кӛркімен 
мына  менің  Кӛріктіме!  Екеуі  қандай  егіз  еді!  Екеуі  де  қандай  кӛрікті 
еді!
 
Шолпан:
 
 
Әй, қатын! Жұлдызайға сонша сұқтанғаның не? Түкір, тілің ӛтіп 
кетер!  Ертеңгі  тойда  бетке  ұстарымыз  да,  айтысқа  саларымыз  да 
Жұлдызай  деп  отырғанда,  тілің  тиіп,  кӛзіңнің  сұғы  ӛтіп  бетін 
қисайтып жіберерсің.
 
Айман:
 
 
Құдай сақтасын! (жерге еңкейіп, түкірініп жатады)
 
Жҧлдызай:
 
еркелей, жегесін құшақтап
 
 
Жеңеше  жерге  түкірме!  Менің  бетіме  түкір!  Сонда  маған  тілің 
ӛтпейді!
 
Айман:
 
 
Астафралла!  Сенің  бетіңе  түкірмек  түгілі,  қолымды  тигізуге 
сескенемін  ғой,  мен  деген!    Менің  бақыттылығым  сенің  ағаңмен 
емес, қайнысіңлім сен болғасын секілді!
 
 
Бір кезде ұзатылып кетеді
-
ау дегенде қызғанып кетемін.
 
 
 
Қайнысіңлісін құшақтайды
 
Шолпан: 
 
 
Айман! Жұлдызайға Кӛріктім деп қандай ат қойғансың?!
 
Жҧлдызай:  жеңгесіне тағы да еркелей
 
 
Менің жеңешемнен бұ дүниеде ақылы асқан ешкім тумаған! 
 
Айман: 
 
 
Айналдым  сенен!  Осындай  бір  қыз  туып  алсам  ӛмірде 
арманым болмас еді!
 
Шолпан:
 
 
Қыз тусам деп те адам арман етеді ме екен.
 
Жұлдызай: 
 

 
277 
 
Жеңеше  маған  іні  керек.  (мысқылдай)  Қыз  керемет  болса 
сіздер үйлеріңде отырмас па едіңдер.
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет