Сайын Назарбекҧлы


Кісі:   Бар бол, балам!     Кісі ӛтіп кетеді.     Екінші  келіншек



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Кісі:
 
Бар бол, балам!
 
 
Кісі ӛтіп кетеді.
 
 
Екінші  келіншек:
 
Атаңдай  кісіге  шырақ  деуге  қалай  аузың 
барды?
 
 
Сәнді келіншек ӛтіп кеткен кісінің артынан сәлем етеді.
 
 
Ҥшінші келіншек:
 
Мәс
-
саған! Біреудің ізіне сәлем етіп... Жаңа 
әдет шығарып, біздің басымызды бәлеге қалдырайын деген екенсің, 
сен қатын! 
 
Сәнді  келіншек:
 
Ол  кісі  сәлемін  маған  берген  жоқ!  Мен  де 
сәлемімді о кісінің ӛзіне арнаған жоқпын! 
 
Екінші  келіншек:
 
Әлгі  кісінің  де  оңып  тұрғаны  шамалы. 
Қызындай адамға әуелі сәлем береді де, артынан барып "бар бол, 
балам!" дейді. Алжи бастаған біреу болар.
 
Сәнді келіншек:
 
Ол кісі сәлемді маған берген жоқ дедім ғой!  
 
Екінші келіншек: Енді кімге берді?
 
Сәнді  келіншек:
 
Ол  сәлемін  менің  ӛңірімдегі  ескінің  кӛзіне 
берген болар...
 
Екінші келіншек: Кімнің кӛзі?
 
Ҥшінші келіншек:
 
Ескінің кӛзі болғанда кімнің кӛзі?
 
Сәнді 
келіншек:
 
Мынау 
(ӛңіржиегін 
сыйпайды)...
 
Қожа 
бабамыздың Ақжұлдыз енемізге жасатқан ӛңіржиегі екен. Бұл ғажап 
дүние! Біздің жеті апамыздың жеті енеміздің ӛңірін сәндеген, кӛркін 
келтірген  бұйымдар.  Оған  әлгі  кісі  түгілі  оның  жеті  атасы  түгел 
сәлем берген болар...
 
Екінші  келіншек:
   
Қожа  бабаң  Қожаназар  да,  Ақжұлдыз  енең 
атақты Ақшолпан ғой?
 
Сәнді келіншек: Со жарықтықтар!
 
Ҥшінші  келіншек:
 
Бұл  Жаңай  аулының  қатындары  шетінен 
дана!
 
Екінші  келіншек:
   
Шетінен  дана  болса,  жаңай  аулының 
келіндерге беретін тәрбиесі дұрыс болар! 
 
Ҥшінші келіншек:
 
Мына қатынды қыз күнінен білетін едік! 
 
Ескінің  кӛзі  дейді…    Жеті  атасы  түгел  сәлем  берді  дейді… 
Қалай ӛзгеріп кеткен?..
 
Сәнді келіншек:
 
Жағағы кісі атақты зергерлердің бірі болар… 
Асылы, ол адам мына дүниені танитын да шығар…
 

 
258 
Екінші келіншек:
 
Мүмкін… 
 
Сәнді келіншек:
 
Ал мен болсам адам ізіне емес, оның ӛнерге 
деген, ата
-
баба мұрасына деген құрметіне сәлем бердім…
 
Екінші келіншек:
 
Сен бұ заттарды қызыңа қалдырасың ба?
 
Сәнді  келіншек:
 
Не  қызыма,  не  ақылды  қайынсіңліме 
сыйлауға тиістімін… 
 
Екінші келіншек:
 
Қашан сыйлайсың?
 
Сәнді  келіншек:
 
Оны  бір  Құдай  біледі!  Әзір  ешкімге  бермек 
ойым жоқ!
 
Ҥшінші  келіншек:
 
О  қыз  ұзатылмай  ма?  Басқа  жаққа  алып 
кетпей ме? 
 
Сәнді  келіншек:
 
Жоқ,  алып  кете  алмайды.  Ол  ұзатыларда 
жақсы кӛрген жеңгесіне сыйлап кетуге тиісті.
 
Ҥшінші  келіншек:
 
Бұ  жаңайлар  сараңдықпен  атағы  шыққан 
ауыл дейді ғой! Мынадай асыл затты қалай кӛзі қисын!
 
Екінші  келіншек:
 
Сонымен  мына  ӛңіржиекті  саған  бір 
ұзатылып  бара  жатқан  қыз  сыйлаған  екен
-
ау!  Жақсы  жеңге  бола 
білген  болдың  ғой!  Ал  сен  бұны  жасың  жеткесін  аулыңның  бір 
қызына сыйлайсың, солай ма!? 
 
Сәнді келіншек:
 
Солай!
 
 
Ас хабаршылары ӛтеді.
 
 
Дауыстар: 
 
Ертең сәске Бәймембет ауылында күрес басталады.
 
Бала күрес болады –
 
бала палуан аулына тай мініп қайтады.
 
Палуандар күреседі –
 
жеңімпаз аулына ат мініп қайтады.
 
Түие  палуандар  күресінің  жеңімпазы  Хорасан  кілемін  жапқан  боталы  інген 
жетектеп қайтады.
 
 
 
 
 
 
 
3 - 
қысқа кӛрініс. Кҥрес...
 
 
Қаумалаған халық. Жігіттер күресіп жатады.
 
 
Дауыс:
 
Іштен шал!
 
Дауыс:
  
Жамбасқа сал!
 
Дауыс: Бәйгі аттары келіп қалды.
 
 
Палуандардың  бірі  бойын  тіктеп  "қай  жақта"  деп  сұрайды.  Соны 
пайдаланған  екінші  жігіт  оны  жамбасқа  салып  шалқасынан  түсіреді  де  аттар 
келетін мәре жаққа жүгіріп кетеді. Қалған жұрт та соның соңынан ереді. Аңқау 
жігіт орнынан тұрып жатып:
 
 
Аңқау палуан:
 
Қай жақта? Алдыңғы ат баран ба, құла ма?
 

 
259 
 
Жан
-
жағына қарайды. Ешкім жоқ екенін кӛріп таңданады...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4 - 
қысқа кӛрініс. Арыз...
 
 
 
Үш би асқа тігілген үйлерді аралап жүреді. 
 
 
Қастарында Шолтаман бастаған үш
-
тӛрт кісі. Екі кісі арыз айтады.
 
 
 
Бірінші кісі:
 
Ассалаумағалайкум, адайдың атақтылары!
 
Екінші кісі:
 
Ассалаумағалайкум, інілерім!
 
 
 
 
Билер сәлемдеседі. Екі кісі жарыса арызым бар дейді.
 
 
 
Иса  би:
 
Екеуі  жарыса  арызым  бар  деп  тұр.  Реті  екеуінікі  бір 
арыз болар. Әуелі қайсысын тыңдасақ екен?
 
 
Ермембет  би:
 
Мына  кісі  інілерім  деді.  Соған  қарағанда  ауыл 
адамы болар. Ана кісінің сӛз саптауы алыстан екенін байқатты. Сол 
кісіден бастасақ дұрыс секілді.
 
 
Иса би:
 
Дұрыс болар. Ал, сіз бастаңыз.
 
 
Бірінші кісі:
 
Мен осы асқа келген адайлардың құдасы едім. 
 
Руым  Ысық.  Мына  кісі  менің  құдам.  Руы  Жеменей.  Құдам  орынсыз 
менен бір үйір жылқы даулайды.
 
Иса би: Ал сіз сӛйлеңіз.
 
Екінші  кісі:
 
Жиырма  жылдан  бері  құдамыз.  Талай  малымды 
алып  еді.  Артық  әңгімеге  бармап  едік.  Осы  жолы  жаратып  жүрген 
атымды  мына  ысықтың  баласы  ұрлап  мініп  кетіп,  зорықтырып 
ӛлтірді.  Бәйгі  алып  жүрген  жүйрік  еді.  Ер  құнын  сұрамадым.  Қыз 
қалыңын сұрап тұрмын.
 
Иса би:
 
Сіз не айтасыз?
 
Бірінші  кісі:
 
Мен  не  айтайын.  Мынаның  баласы  деп  тұрғаны 
ӛзінің  туған  жиені.  Нағашысының  қандай  екенін  білмеген  балам 
тентек  пе,  жиенқұрық  салғызбаймын  деп  тұрған  нағашысы  тентек 
пе, арасын айыра алмай сіздерге арыз айтып тұрмын. Адайлардың 
ӛздерінің сӛзі секілді еді, "іші боқ, сырты түк бір мал емес пе еді?". 
Соғымына бір семіз беруге даярмын. Оған кӛнетін құда жоқ.
 
Екінші кісі:
 
Ол жиенқұрықтың малы емес болатын. Ол тұлпар 
еді.  Ол  халқымыздың  абыройы  еді.  Менің  сұрағанымды  алып 
беріңдер.
 
Иса  би:
 
(билерге  қарайды) 
Бұ  дауға  билікті  кім  айтса  жарасар 
екен?
 
Ермембет би:
 
Аузы жүйрік, ойы ұшқыр жасымыз Мәтжан бар 
ғой!
 

 
260 
Мәтжан  би:
 
Рахмет
 
Ереке!  Бірақ  даудың  бір  жағында  сіздің 
ауылдың  аты  аталып  тұр.  Сіздің  бір  ауыз  сӛзіңіз  осы  дауды  осы 
арада бітірер еді
-
ау деп шамалаймын.
 
Иса  би:
 
Бұ  да  дұрыс  екен.  Онда  бұл  даудың  шешімін 
Ермембет би айтады. 
 
Ермембет  би:
 
Жарайды,  маған  бұйырсаңдар  мен  айтайын, 
аузыма Алла не салар екен!?
 
 
Билер маңына жұрт жинала бастайды.
 
Ермембет би Жеменей ағасына қарап сӛйлеп кетеді. 
 
 
Ермембет би:
 
Әй, аға! 
 
Қыздарыңды кім кӛрінгенге бересіңдер,
 
Сосын дауға қалып, кӛресіні кӛресіңдер!
 
 
Мынадай ас болып жатқанда
 
Енді маған деп тұрғаның тӛресін бер!
 
 
Құдаң тұр ӛзіңе ӛкпелеп,
 
Ӛнбейтін дау қуасың деп!
 
Сен тұрсың қызыңа ӛкпелеп,
 
Қалайша ұры бала туасың деп!
 
 
 
Бұндайда атаң қазақ: "Ӛнбейтін даудың соңынан ӛспейтін жігіт 
қуалар!"  –
 
деген  еді.  Бұл  дау  –
 
орынсыз  дау!  Қазақ  атыңа, нағашы 
атыңа  ұят  емес  пе?  Жиенің  мінген  аттың  майын  даулап!  Арғымақ 
дейсің!  Арғымақ  болса  алқынбас  еді!  Арғымақ  болып  алқынса, 
жаратқаныңның ӛтірік болғаны!
 
Билік  мынау!  Ат  ұрлаған  құда  баласының  жиендігін  ескеріп,  
ұрланған ат орнына бір ат қоссын.
 
 
Ұрланған  аттың  мына  жеменейдің  ӛз  сӛзімен  айтқанда 
адайдың абыройы екенін ескеріп:
 
малына ие бола алмағаны үшін;
 
жиенінің жиендігін кӛтере алмағаны үшін; 
 
адай  елінің  абыройын  асырып  жүрген  бір  жүйрігін  сақтай 
алмағаны үшін мал иесіне жеті жылқы мӛлшерінде айып салынсын. 
Ол малдар осы ӛткізіліп жатқан ас шығынына қосылатын болсын!
 
 
Бірінші кісі:
 
Бәрекелде! Міне әділдік!
 
 
Дауыс:
 
Жаса Ермембет! Осылай шалқымасаң Есен Ермембет 
аталар ма едің!
 
 
Дауыс:
 
Тоқал  ешкі  мүйіз  сұрай  барып  құлағынан  айрылыпты 
деген осы болады!
 
 
 
 
Екінші кісі үнсіз қалады.
 

 
261 
 
 
Иса  би:
 
Билік  дұрыс  айтылды.  Орындалуын  да  Ермембет  би 
ӛзің ескере жүрерсің.
 
 
Ас  хабаршылар  дауысы:  "Палуан  тасты"  кӛтеру  сайысы  басталғалы 
жатыр.
 
Асығыңыздар!
 
Қатысыңыздар!
 
Жеңген жігіт аулына ат мініп қайтады!
 
 
Мәтжан би:
 
"Палуан тас" жарысын кӛрсек қайтеді?
 
Иса би:
 
Жақын ба? Баралық.
 
 
Билер жүріп кетеді.
 
 
 
 
 
 
"Палуан тас" жарысы
 
 
Алаң  ортасында  жатқан  "Палуан  тас".  Дәмелі  кісілер  күштерін  байқап 
кӛреді.  Бірақ  ешкім  кӛтере  алмайды.  Орыстар  мен  тау  халықтары  да  күшін 
сынап кӛреді.
 
 
Дауыс:
 
Немене, адамдар ұсақталып бара ма? Ӛткен жылы екі 
адам кӛтеріп еді!
 
 
Ҧйымдастырушы:
 
"Палуан  тасты"  кӛтеруге  дағыстандық 
қонағымыз Шәміл мырза талап жасамақ!
 
 
Шәміл ортаға шығып, әрі жұлқып, бері жұлқып, тізесінен асыра алмайды.
 
 
Ҧйымдастырушы:
 
"Палуан тас" жарысына қатысуға осы асқа 
арнайы  шақырылған,    ӛткен  жылы  жүлдегер  атанған  қонағымыз 
әзірбайжан Мұхаммет мырза ортаға шығады. 
 
 
Мҧхаммед:
 
Ӛткен  жылы  мен  терімді  жарақаттап  алғанмын. 
"Палуан тас" шүбірекпен оралсын!
 
Ҧйымдастырушы: Мата әкеліңдер!
 
 
Мата әкелінеді.
  
 
Ҧйымдастырушы: Мұхаммед! Сӛзге қалмалық. Ӛзің орап ал!
 
 
Тасты Мұхаммед матаман орайды. Бұл да кӛтере алмайды.
 

 
262 
 
 
Ҧйымдастырушы:
 
"Палуан  тасты  кӛтеруге  Аштархандық 
қонағымыз Иван мырзы талап қылмақ!
 
 
Орыс Иванда кӛтере алмайды.
 
Бір  қазақ  шал  жас  жігітті  жетектеп  келеді.  Тартыншақтағанына  қарамай 
сүйреп келеді.
 
 
Қазақ шал:
 
"Иа Бекет!" деп бір жұлқып кӛрші!
 
 
 
Жігіт  ораған  шүбіректі  алып  тастап,  тасты  салмақтап  қарып,  ыңғайлап 
ұстауға тырысып жатады.
 
 
Ҧйымдастырушы: Бұ жігітті кім деп таныстырамыз!
 
Қазақ  шал:
 
Қаратау,  Ондының  Тоқабайы!  Тоқабай  Қосан 
десең жарап жатыр!
 
 
Қосан:
 
Иа Бекет!... 
 
 
Қосан  "Палуан  тасты"  тӛсіне  шығарып,  тұрған  жерінде  бір  айналып 
шығады. 
 
 
Қосан:
 
Иа Бекет!...  
 
 
Қосан тасты тастап жіберіп, секіріп кейін атып кетеді. 
 
Жұрттың қошамет даусы естіліп жатады.
 
 
Иса  би:
 
Азаматым
-
ай!  Абыройымызды  әлемге  тарататын 
болдың
-
ау!
 
Ермембет  би:
 
Әлгілердің  кӛкірегіндегі  астамшылықты  бір 
сәтте ӛшіріп бердің
-
ау! Жаса шырағым!
 
 
Ҧйымдастырушы: Жеңімпаздың атын әкеліңдер!
 
 
 
Жұрт "Бекет ата аруағы!" деп шуласып жатады.
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
263 
 
Тӛртінші кӛрініс. 
 
Айша биі. Ӛскенбай. 
 
 
Билер ас болып жатырған ауылдарды аралап жүреді.
 
 
 
 
Иса би:
 
Мәтжанның асты түгел аралап шығалық дегені дұрыс 
болды
-
ау деп ойлаймын! Кӛп нәрсені кӛріп, кӛзімізді жеткіздік.
 
Шолтаман:
 
Мәтеке!  Реті  келсе  Айша  биін  кӛрсет  деп  сұрап 
едіңіз! Сәті түсіп тұр. 
 
Мәтжан би:
 
Жақсы!
 
Шолтаман:
 
Анау  Айша  биші  атасының  ауылы! 
(билер  солай 
қарай жүреді).
 
 
Айшаның атасы мен Ӛскенбай сӛйлесіп тұрады.
 
 
Айшаның  атасы:
 
Ӛскенбай  інім!
 
Саған  берген  уәдемді 
орындадым!  Келінім  Айшаны  да,  Айшаның  сұрағы  бойынша  сіңлісі 
Ғайшаны да алып келдім бұл асқа.
 
Ӛскенбай:
 
Рахмет,  аға!  Мен  Айша ӛнеріне  ӛте  разы болдым. 
Ӛнеріне бір күй арнадым. 
 
Айшаның  атасы:
 
Кәне  тартып  қарашы.  Келініме  татыр  ма 
екен

Ӛскенбай:
 
Тартайын. 
 
 
Ӛскенбай Айшаны шақырады.
 
 
Ӛскенбай:
 
Айша!  Мынау  сенің  ӛнеріңе  арналған  күй.  Атаң 
тартып бер деп сұрап тұр. Сен де тыңда.
 
 
Ӛскенбай  күй  сазын  тарта  бастағанда  Айша  дене  қозғалысымен  күй 
ырғақтарын бейнелей бастайды. Содан кейін билеп кетеді. 
 
Ғйша да аз уақыт тыңдап тұрып, Айшаға қосылып билей жӛнеледі... 
 
 
Осы сәтте билер келеді.
 
 
Шолтаман:
 
Сәті түсіп дәл келіппіз ғой! Айша мен Ғайша билеп 
жатыр екен.  
 
Мәтжан би:
 
Мынау балалар буынсыз ғой!
 
Ермембет  би:
 
Бұ  адам  баласының  қолынан  келмейтіні 
болсашы!
 
Иса би:
 
Халық айтса қалып айтпайды деген осы. Бұлар нағыз 
бишілер  екен.  Біз  Хиуа  халқының  билерін,  орыстар  биін  кӛріп 
жүрміз. Бірақ мына балалардай бишілерді кӛрмеппіз.
 

 
264 
 
Күй мен би тоқтайды. Ӛскенбай билерге келіп сәлем береді.
 
Билер амандасады.
 
 
Ӛскенбай:
 
Мына кісі Айшаның атасы. 
 
Айшаның  атасы:
 
Біздің  асқа  қосқан  үлесіміз  болсын  деп,  үш 
күн бойы ауыл тастамай балалар ӛнерін кӛрсеттік.
 
Мәтжан би:
 
Мыналарың бір кӛргенділік болған екен!
 
Ӛскембай:
   
Айша  биін  ел  кӛрсе  деп  арман  етіп  едім.  Елден 
жақсы  бағасын  алып  жатыр.  Кеше  бір  әйел    қолындағы  жүзігін 
шешіп беріп еді, бүгін бір қыз құлағындағы алтын сырғасын ағытып 
берді.
 
Мәтжан би:
 
Халық ӛнерліні таниды. 
 
Иса би:
  
Ӛнер ӛзін мойындатады.
 
Ермембет:
 
Құрметке  бӛленіп  жатыр  екенсің!  Бәрі  құтты 
болсын, Айша, қарғам! Биіңді кӛріп, кӛзіміз қуанды. 
 
Айша:
 
Рахмет аталар! Сіздерге арнап біз Ғайша сіңлім екеуміз 
қазақтың халық биі "қос қарылғашты" билеп берелік...
 
 
Қос  қарылғаш  секілді  боп  Айша  мен  Ғайша  шығады.  Ар  жағынан  кӛп 
қарылғаштар тобы, биші қыздар кӛрінеді...
 
 
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
265 
 
Бесінші кӛрініс.
 
 
 
Билер орталық алаңға келеді. Жарыс қортындысы. Дау.
 
 
 
Әр жерден жұртты тыныштыққа шақырған дауыстар естіледі.
 
 
Дауыстар: 
 
Иса би сӛйлегелі жатыр. 
 
Тыныштық сақталық!
 
 
 
 
Билер шешімі жарияланады.
 
 
 
 
Әнші ӛнерпаздар жарысының қортындысы айтылады!
 
 
 
Билер ортаға шығады.
 
 
 
Иса би: Аман
-
есенсіздер ме, алқалаған әлемет! 
 
Бәйімбет  байдың  әке  рухына  берген  асын  Аллатағала  қабыл 
еткей!
 
Осы астың арқасында үш күн бойы ата
-
баба рухын тірілттік! 
 
Кӛптен кездеспеген ағайын басын қостық!
 
Асымыз тойға айналды!  
 
Аламан  бәйгі,  дӛнен  жарыс,  тай  жарыс,  атан  жарысы    секілді 
дәстүрлі  жарыстар  ӛткіздік.  Күрес те  үш сатылы  ӛтті.  Бала  палуан, 
аға  палуан,  түйе  палуан  деген  күрестер  ӛткізілді.  Ақындар  айтысы 
мен  күй  айтыс  ӛз  алдына  бір  бӛлек.  Жаяу  жарыс  пен  әйелдер 
күресінің  қызығы  да  олқы  болмады.  Жеңімпаздарға  байрақтар 
берілді.  "Тойдан  тобықтай"  деген  дәстүріміз  бойынша  асқа 
атсалысқандардың бәріне де сыйлықтар тапсырылды.
 
Бұл  астан  алған  байрақтарыңыз  бен  атақтарыңыз  құтты 
болғай! Әкеден балаға, баладан ұрпаққа дарып жұғысты болғай!
 
Дауыстар: 
Әмин!
 
Дұрыс болған. 
 
Айтқаның келсін!
 
Иса  би:
 
Ал,  әлеумет!  Үш  күн  бойы  жарысқа  қатысқан  отыз 
әншінің  әнін  тыңдадық.  Құлағымыздың  құрышын  қандырдық.  Риза 
болдық. 
 
Дауыс:
 
Бұрын бұндай қызық кӛрмедік.
 
Иса би:
 
Ұзақ жылдар бойы: 
 
Жасын жұтып ас етіп,
 
Қайғысын  жұтып  тас  етіп  –
 
дегендей  жағдайда  жүріп,  шын 
жүйріктеріміздің  ӛнерлеріне  кӛңіл  бӛле  алмаппыз.  Олар  ӛздерін 
ӛздері  қамқорлаумен  болыпты.  Халқымыз,  мына  ӛздерің,  халық 
ӛнерін қамқоршысыз қалдырмапты.
 
Соның  арқасында  ӛткен  жылы  "Адайдың  бес  жүйрігі"  деген 
атқа ие етіп, бес ақынымызды елге таныс еттік.
 
Ал осы аста әрі әншілік, әрі сазгерлік ӛнерлерімен кӛзге түскен 
отыздан озық шыққан жетеудің атын атаймын. 
 

 
266 
Отыздан озық деп танылған
 
жеті ӛнерпазымыз халық алдына 
шықсын! 
 
Шолтаман! 
Жұрт шулап "Шолтаман, Шолтаман!" деп айқайлайды.
 
Әділ!
  
Жұрт шулап "Әділ, Әділ!" деп айқайлайды.
 
Тұрсын!
 
Жұрт шулап "Тұрсын, Тұрсын!" деп айқайлайды.
 
Досат!
 
Жұрт шулап "Досат, Досат!" деп айқайлайды.
 
Жылкелді!
 
Жұрт шулап "Жылкелді, Жылкелді!" деп айқайлайды.
 
Тастемір!
 
Жұрт шулап "Тастемір, Тастемір!" деп айқайлайды.
 
Ӛскенбай!
 
Жұрт шулап "Ӛскенбай, Ӛскенбай!" деп айқайлайды.
 
 
 
Иса би:
 
Ортағы шығыңдар! Халық кӛрсін! 
 
 
Ӛнерпаздар  ортаға  шығады.  Халық  қошамет  кӛрсетіп,  шуылдасып 
жатады. Әркім ӛз қалауын айтып, жеті әнші аттары кезек
-
кезек аталады.
 
 
 
Иса  би:  Тынышталыңыздар,  халайық!  Бұлардың  бәрі  бірдей 
дүлдүл жүйрік екен! Кім озық деген сұраққа жауап беру қиынға түсті.
 
Дауыс:
 
Кім озар дейсің? Ӛз ағайыныңды оздырасың
-
дағы!
 
Иса би: Әй шырағым!
 
Аузыңа саларда ас адалдығына, айтар 
кезде сӛз әділдігіне мұқият бол демейтін бе еді.
 
Ермембет:
 
Аузы  жаман  елді  былғайды,  Аяғы  жаман  тӛрді 
былғайды. Адамға арам ойлы болғанмен, арам сӛйлеу міндет емес!
 
Дауыс:  Сіздер  жылтыраған
 
сӛздеріңмен  елді  алдауды 
қашаннан  да  үйреніп  алған  адамдарсыңдар!  Бұл  жолы 
алдатпаймыз!
 
Иса  би:
 
Біз  ел  ӛнерінің  ӛрісін  молайтамыз  деп,  еліміздің 
атағын  шығарамыз  деп  еңбек  еттік  деп  жатырмыз.  Бұл  аста  екінші 
болған келесі тойда бірінші болар... Әңгіме халық ӛнерін дамытуда, 
дәріптеуде... 
 
Иса  би:
 
Сонымен  отыздан  озық  жүйрігіміз  деп,  біздер  Медет 
Теңізбайұлы Жылкелдіні таныдық!
 
 
Қуанышты дауыстар селі басыла бергенде:
 
 
Дауыс:
 
Айтып  едік  қой!  Ӛз  ағайынын  оздырады  деп!  Сенің 
сӛзің түгіл ісіңе де сенуден қалғанбыз! Кім бұны астың бас биі етіп 
тағайындап  жүрген?..  Халайық  Исаның  ешқандай  шешімінде 
дұрыстық бар деп мойындамалық!.. 
 
Ермембет  би:  "Қияңқы  адам  несібесін  қиямпорыстықтан 
іздейді"  деген  бар!  Халықтың  үш  күн  бойғы  кӛрген  қызығын 
харамдамайық!  Халықтың  мерекесін  тәркі  етудің  сылтауын 
іздестірмейік ағайындар! 
 
Дауыс:
 
Исаның би аты жоқ па? Ӛзі жауап берсін!
 

 
267 
Ермембет  би:
 
Иса
-
еке!  Мына  кісі  ауыр  сӛз  айтып  тұр  ғой. 
Жауап қайтармайсыз ба?
  
Иса би:
 
Егер мені бір есек теуіп жіберсе, мен сонда есекпен де 
тебісіп жатуым қажет пе екен!
 
Мәтжан  би:
 
Дегемен    жауапсыз  қалдырмаған  дұрыс  секілді 
болып тұр!..
 
Бәйімбет бай:
 
Бұлар ертең мен бүй деп едім, билердің бірі де  
аузын аша алмай қалды деп жүретіндер ғой...
 
Иса би:
 
Жауапты кім бергені дұрыс?
 
 
 
Иса  Мәтжанға  қарайды.  Мәтжан  басын  изеп,  қамшысын  кӛтеріп  ортаға 
шығады.
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет