Сайыс сабаќ


«Үшбұрыш» тобына арналған тапсырма



бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132713
1   2   3   4
Байланысты:
Нусипалиева Р К

«Үшбұрыш» тобына арналған тапсырма:

  • Тең бүйірлі, тең қабырғалы, әр түрлі қабырғалы үшбұрыштар жасаңдар.

  • Әрқайсысына жеке – жеке периметрін есептеу формуласын жазыңдар. Формулалар әртүрлі болуы керек.

  • Осы формулаларды қолданып жасаған фигуралардың периметрін есептеп табыңдар.

«Төртбұрыш» тобына арналған тапсырма:

  • Параллелограмм, квадрат және трапеция жасаңдар.

  • Әрқайсысына жеке – жеке периметрін есептеу формуласын жазыңдар. Формулалар бір-біріне ұқсамау керек.

  • Осы формулаларды қолданып жасаған фигуралардың периметрін есептеп табыңдар.

(Оқушылар фигураларды түрлі-түсті қағаздан қиып жасап, А2 форматтағы қағазға жапсырады. Әр фигураның тұсына периметрді есептеудің тиімді формуласын жазады. Жасаған фигуралардың қабырғаларының өлшемін алып, периметрін есептеп табады).


ІІІ кезең. Он сұрақ
Топтар үшбұрыш немесе төртбұрыштың түрлері бойынша стикерге бір атау жазып, қарсы топтағы бір оқушының маңдайына жапсырады. Ойыншы өз тобына 10 сұрақ қоя отырып, ол сөзді табуы керек. Оның сұрақтарына топ мүшелері «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деп жауап береді.
Мысалы, «Трапеция» сөзі жасырылды делік. Ойыншы өз тобына мынадай сұрақтар қоюы мүмкін:

  1. Бұл фигураның төрт бұрышы бар ма? (Иә)

  2. Фигураның барлық бұрыштары тік пе? (Жоқ)

  3. Фигураның барлық қабырғалары тең бе? (Жоқ)

  4. Фигураның қарама қарсы қабырғалары тең бе? (Жоқ)

  5. Фигураның параллель қабырғалары бар ма? (Иә)

  6. Фигураның екі табаны бар ма? (Иә)

Осылайша ойыншы жасырылған фигураның трапеция екендігін табады.


ІV кезең. Тұжырымдамалық карта.
Топтар «Үшбұрыштар қазақ қолөнерінде» немесе «Төртбұрыштар қазақ қолөнерінде» тақырыбында тұжырымдамалық карта жасап, қорғайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет