Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,84 Mb.
#7989
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ТӘТТІМБЕТ 

Тәттімбет  Қарақаралы  аймағына  кіретін  Мыржық  тауының  қасында,  Мүшек  бұлағының 

жағасында  Қызылжал  деген  қыстақта  1813  жылы  туып,  билік  қызметін  1844  жылдан  31 


24 

 

жасынан  бастады,  Нұрбике  –  шаншар  елінің  биі



5

.  Сол  Мыржық  тауының  түбінде  өсіп-

өніп, сол арада 1861 жылы дүниеден көшеді

6

. Қабірі Түндік өзенінің сол жақ жағасында, 



бабасы Мүшкенің Шошақ тамының ішінде. Онда әкесі Қазанғап, Тәттімбеттің өзі, баласы 

Исатай бәрі тегіс осы бейіттің ішінде. Өзі өлген соң, орнын үлкен баласы Мұсатай басып, 

шаншар  елінің  билігін  қолына  алады

7

.  Баласы  Мұсатайдың  қабірі  Тәттімбеттің  туған 



жерінде,  Мыржық  тауының  қасында.  Оның  жатқан  күмбезі  Есім  бәйбішенің  атымен 

аталады. Есім Тәттімбеттің тоқалы, Мұсатайдың өгей шешесі. 

Тәттімбеттің ағасы Құттымбет 1805 жылы туған, Нұрбике – шаншар елінің атақты биі, ол 

да  асқан  күйші,  інісі  Ырысымбет  –  үлкен  домбырашының  бірі.  Балалары  Мұсатай, 

Қисатай,  Исатай.  Мұсатай  әкесі  қайтыс  болған  соң  1862  жылы  Қарқаралының  қазысы 

болып  сайланады.  Оның  баласы  Шайқы  Совет  дәуіріне  дейін  жасап,  Семей  қаласында 

тұрды,  кейін  Аякөздегі  қызына  барып,  сонда  қайтыс  болды.  Қисатайдан  Кәбіш,  одан 

Өзбек – Тәттімбеттің шөбересі. 

Тәттімбеттің  кейбір  тарихи  белгілері,  мөрі  осы  Өзбектің  сандығында  сақталған. 

Тәттімбеттің өмірбаянын, оның күй тартуын жақсылап айтып берген осы Өзбек пен оның 

туысқандары.  Олардың  айтуынша  шаншар  елінің  жайлауы  Тәттімбет  пен  Алшыбайдың 

кезінде  Шідерті  өзенінің  аяқ  кезеңінде  болған.  Ол  жерге  Түндік  өзенінен  көшіп,  Әулие-

Қызылтау, Шақшан өлкесін кесіп баратын.  

Алшынбайдың  басына  орнатқан  тамы  да  сол  Шідерті  өзенінің  жағасында  болған. 

Бұлардың  айтқан  сөзі  Шідертіні  қоныстап  отырған  Сүйіндік  елінің  сөзімен  бірдей. 

Сүйіндіктердің  айтуынша  да,  «XVIII  ғасыр  мен  XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында 

Шідерті өзені бойында тұрғызылған көп бейіттер тегісімен қаракесек, шаншар елінікі еді». 

Қазыбек бидің қартайып дүниеден көшкен жері Баянаулалық Далба деген жер. Ол жерде 

Қазыбекті сатыға өрелеген қиған тастар сақталған, денесін Әзіретке апарып қойған. 

Бұларды  бүгінге  дейін  жақсы  білген  кісі  Алшынбайдың  немересі,  Қақабайдың 

Ермағамбеті.  1975  жылы  тоқсан  жасқа  келген  әлі  кәрілік  жеңе  қоймаған  сұлу  қарттың 

айтуынша,  Тәттімбеттің  жүйрік  таныған  адамы  Мұса  мырза  –  ақылды,  байсалды,  көп 

тыңдайтын, халық шаруасын жүйрік түсінген кісі. Тәттімбет оны мен құда болып, баласы 

Мұсатайға оның қарындасы Шамсияны алып береді, ол екеуінен немересі Шайқы туады. 

Бүріктбайдың  қызы  Ақбет  сұлуды  Қисатай  алып,  одан  Зікен  туады.  Қисатай  асқан 

домбырашы, әкесінің тартқан күйлерін бергі заманға дейін мұрас етіп келген. 

Бір  қызық  оқиға,  Тәттімбет  тек  серіліктің  қызығына  түсіп  кетпей,  ол  шаруашылық 

жұмысына  орасан  көңіл  бөлген.  Ол  Түндік  өзенінің  бойында  әдемі  қала  салу  үмітімен, 

патша үкіметіне арыз беріп, рұқсат сұрайды. Бұл әңгіме ел аузында сұлу аңызға айналады. 

Сол сияқты ағаштан үй салу ісін де жүзеге асырады. Ағасы Құттымбеттің қыстауы өзінен 

алыс  емес,  Мыржық  тауының  ішінде  тұрған

8

.  Інісі  Ырысымбеттің  ағаштан  тұрғызған 



                                                           

5

  Формулярный  список о  службе  волостных  управителей,  ЦГА  Каз  ССР,  ф.374, on. I,  д., 2695,  Л.Л. 



67-68: Д. 2691, Л. 14. 

6

 



ЦГА Каз ССР Ф.345, oп. I, д. 101,Л.92

 

7



 

ЦГА Каз ССР; ф.369, oп. I, д.1932. л. 14-15.

 

8

 



ЦГА Каз ССР. Ф. 374, д. 2397.

 


25 

 

қыстауы,  ағаш  үйі  Дастар  тауының  ішінде  жарқырап  тұрған



9

.  Оның  тағы  бір  ғажап  ісі 

Қарқаралы  төңірегіндегі  қаптап  жатқан  кен  орындарын  зерттеп,  одан  металл  балқытып 

шығаруды өнердің бір түрі деп түсінген. 

Осыған  орай  1856  жылы  12  маусым  күні  Сібірдің  генерал-губернаторы  Босфортқа  арыз 

жазып, кен балқытып шығару туралы рұқсат сұрайды. Арызында айтқан: Сібір өлейетіне 

қараған қазақ даласында ескі кен орындары орасан көп. Оны зерттеп байқаса, одан алтын, 

күміс, жез, қорғасын тағы басқа түрлі металдар көп шығатыны айдан анық. Осыны іздеп 

табуға,  қорытып  металл  алуға,  тау  заңының  ережелерін  көрсетіп,  пайдалануға  еркі  бар 

екенін айтып арыз жазған. Аяғына Нұрбике-Шаншар болысының ел басқарушысы,  - деп 

мөрін басқан. Арыздың бұрышында сол кездегі ұлықтардың біреуі Тәттімбеттің кім екені 

туралы  түсінік  жазады.  Қарқаралы  аймағының  биі  Нұрбике  –  Шаншар  елінің  жүз  басы. 

Қазір қызметтен бос. Саудагерлер гильдиясына жазылмаған, бірақ ел ортасындағы қадірі 

ең  күшті.  1842  жылдан  1854  жылға  дейін  Нұрбике-Шаншар  елінің  ел  билеушісі  болды. 

Осы  жылы  өзінің  өтініші  бойынша  қызметтен  босатылды

10

.  Демек,  кен  жұмысымен 



шұғылдануы ел билеу ісінен босанып қалған соң ойға түскен нәрсе. Ол жылдары Шыңғыс 

Уәлиханов та орнынан алынып бос қалған. 

1855 жылы Орта жүзден Петерборға елші болып барғандардың ішінде Тәттімбет те бірге 

болған.  Солардың  әр  біріне  патшаға  таныстыру  үшін  сенатта  отырған  білетін  кісілердің 

жазуында Тәттімбетке ерекше oй бөліп, оның аяулы кісі екені сипатталған. Онда айтқан: 

«Таттимбет  избран  от  пяти  Каракисекских  волостей  Каркаралинского  округа, 

почтеннейший  би  управляет  Нурбике  –  Чанчаровской  волостью  с  1842  по  1854  год.  С 

особенным  усердием  и  уважением  в  народе  по  своему  уму  и  добросовестности... 

пользуется  особенным  уважением  в  народе,  как  по  благонамеренному  образу  своих 

действий,  так  по  значению  своего  отца  –  родоначальника  Чанчаровской  волости, 

оказавшего немало важных услуг правительству при открытии Каркаралинского, а затем 

Баянаульского  округов;  Брат  же  Таттимбета,  Куттумбет  Казангапов  в  1826  году 

участвовал в депутации, бывшей в Петербурге, имел  счастье  удостоиться представления 

государю  и  награжден  чином  поручика»

11

.  «Тәттімбет  -  дейді  жазуда  Қарқаралы 



аймағының бес болыс елінің өкілі, аса қадірлі  би. Ел басқаратын жері  Нұрбике-Шаншар 

болысы, қызметте 1844 жылдан 1854 жылға дейін. Жұмысты аса қажырмен, мол ақылмен, 

әділдікпен атқарады. Өзінің кемеңгер ойымен, әкесінің беделімен ел арасында аса даңқты, 

әкесі Шаншар болысындағы қазақтардың ұлы атасы, оған бас иеді. Қарқаралы, Баянаула 

дуандарын  ашуға  болысты.  Туысқаны  Құттымбет  1826  жылы  Петерборға  өкіл  болып 

келген.  Патшаға  көрініп  бақыт  құшағына  кірді,  «поручик»  деген  атақ  алды.  Архив 

мәліметтерінің  суреттеуінше,  Тәттімбеттің  әлеуметтік  ісі  осындай  жарқын,  әрі  күрделі 

болған. 


Тәттімбет  орта  бойлы,  жарқын  жүзді,  көркем  кісі  болған.  Сыртына  киетіні  алтынмен 

кестелеген жарғақ тон, қыс күні қамқа тон, басында бұшпақ бөрік, аяғында көк саур етік. 

Киімі  қандай  көркем  болса,  ат-тұрманы  да  сондай  көз  тартатын,  сәулетті  болған. 

Тәттімбеттің осы бейнесін 1846 жылы Түндік өзені бойында А. Янушкевич көреді. 

                                                           

9

  Дело  о  разрешении  бию  Нурбике  Чанчаровской  волости  Каркаралинского  окружного 



приказа  Р.  Казангапову  строительства  домов  на  урочище  Дастар  1854  г.  ЦГА  Каз  ССР 

Ф.345, oп. 1. д.1912.

 

10

 Фридрикс. Госархив Омской области, Ф.З.Д. 3902, 2-2.



 

11

 ЦГИАЛ, ф. 1265, оп.1855, д.27, л.л.9-10, 34-35. 



26 

 

Халық  аңызының  суреттеуінше  де,  Тәттімбеттің  абыройы  халық  ортасында  мейлінше 



күшті болған, ол әділдікті сүйген. Алшынбай мен екеуі кейде өкпелесіп қалса, Алшынбай 

ұзақ уақыт көріспей жүруге шыдай алмай, Тәттімбеттің үйіне өзі келіп, бас ұрып, онымен 

бір  ауызды  болуды  өзіне  міндет  еткен.  Алшынбай  қызын  Құнанбайға  бергенде  тойды 

басқарған Тәттімбет. 

Тәттімбет  оған  бар  жан-тәнін  салып,  тойды  қызық  етіп  өткізуге  тырысады.  Көптеген 

ғажайып  күйлер  тартады.  Халықты  ойын-сауықтың  құшағына  бөлейді.  Құнанбай 

Тәттіекеңе алтынмен жапқан көркем сұлу тон кигізеді. 

Тәттімбет - дейді Ермағамбет, әрқашан Алтынбаймен қанаттас болған. Құнанбайдың әкесі 

Өскенбайға  ас  бергенде  ол  асты  басқарушы  Алшынбай,  Тәттімбет,  Байжігіт  Тана  би, 

Жанақ ақын – төртеуі басқарған. Ac Шыңғыс таудың өлкесінде өтпей, Қаракесек арасында 

Аққойтас өзенінің бойында «Сегіз ауыл» деген жерде өтеді. Асқа үш жүздің баласы тегіс 

қатысады. Күтуші  он екі  болыс қаракесек елі (бес бошан, Қара,  ІІІоржалықпас, Қамбар). 

Тәттімбет пен Жанақ ақын екеуінің басқаруымен аста неше алуан әдемі көріністер болған. 

Ән  шырқалған,  толқынды  күйлер  тартылған.  Жан  толқитын  эпикалы  жыр  айтылған, 

балуан күрес, салдар ойыны, ат ойыны, ат жарыс, жалаңаш әйелді майданға шығару, тағы 

басқалар.  

Демек, Тәттімбеттің жақсы көрген дүниесі сұлулық, әсемдік, серілік. Домбыраны ол бала 

күнінен  әдемі  тартып  үйренген.  Бұл  мұра  оған  ата-бабаларынан,  Шаншар  елінің  атақты 

серілерінен  мұра  болып  қалған.  Домбыраны  ол  бірінші  рет  ағасы  Әліден,  әкесі 

Қазанқаптың  інісінен  үйренеді.  Тәттімбет  сол  жас  күнінің  өзінен  тарихи  заманнан  қазақ 

музыкасында сақталып келе жатқан атақты күйлер  «Бозайғыр»,  «Саймақтың сары өзені» 

(Хуан-хэ),  «Азамат»  (ескі  күй),  «Алшағыр»,  «Ақсақ  құлан»,  «Ноғай-қазақ»  (ескі  күй), 

«Кер  киік»  (ескі  күй),  «Қашқан  қалмақ»  (XVIII  ғ.),  өзі  шығарған  күйлер  «Жылқыда», 

«Қосбасар»,  «Балқылдақ»,  «Көкейтесті»,  «Терісқақпай»,  «Сары  жайлау»,  «Сылқылдақ», 

«Боз  торғай»,  «Балбырауын»,  тағы  басқалар.  Тәттімбет  осы  күйлерді  Омбыдағы  қазақ 

билері  жататын  үлкен  үйде  талай  рет  толғантып  тартқан.  Оның  Омбыдағы  жақсы 

тыңдаушылары  Құнанбай,  Алшынбай,  Мұса,  Шыңғыс,  Ыбырай  Жайықпаев,  Аққошқар, 

Секербай Малгелдин, Есеней, Қазанқап, Алшынбай, тағы басқалар. Осылардың барлығы 

Тәттімбеттің тартқанын орасан қадірлеп, оны бар жанымен сүйетін. 

Тәттімбеттің  шығарған  күйлерінің  ең  ескісі,  «Жылқыда»  -  атақты  күй,  бір  жұт  жылы 

шығарған. 

Жас  жігіт  Тәттімбет  қыс  күні  жылқысын  ішке  (орман  ішіне)  айдап,  найман  елінің 

ортасына  барып  тұрады.  Онда  жұт  жоқ,  жылқысы  семіріп  тойынады.  Тәттімбеттің  ол 

жердегі ісі сауық құрып, елді қуанышқа батыру. Найман ортасында күйді әдемі тартатын 

бір  домбырашы  қыз  бар  екен.  Тәттімбет  күйдің  кейбір  мотивтерін  содан  алып  отырады. 

Бір  күні  Тәттімбет  пен  қыз  екеуі  күй  тартып,  бірін  бірі  жеңе  алмайды.  Тәттімбет  қырық 

күй тартады, соның бірі «Сылқылдақ», найманның күйші қызына арнап шығарған, мәнісі 

консонанс – көп үндерді бірыңғай құйылып, судың ырғағы сияқты сылқылдап шығуынан 

қойылған.  Демек,  күйдің  көп  үнмен  қосылып  әдемі  тартылуында.  Сондай  бір  күйді 

«Былқылдақ»  деген  атпен  Есіл  бойындағы  бір  сұлу  қызға  арнап  шығарады.  Ол  өте 

толқымалы,  созылып  былп-былп  етіп  шығатын  кейде  ақырын  көтеріліп,  кейде  бәсеңдеп 

отырады.  Ойды  толғандырып  жай-күйіне  үлкен  әсер  беретін  күйлерінен  мөлдіреп 

тұратыны  «Тоғыз  тарау  Қосбасар»,  «Сал  Қоңыр»,  «Балбырауын»,  «Терісқақпай»  бәрі  де 

төгіліп мөймілдеп, кісіні шабытқа келтіретін киелі күйлер. Солардың ішінде аса шарықтап 

шығатыны «Сары жайлауы». Бұл байтақ сахараның жойқын толғауы, әдемі үнімен кісіні 

еріксіз  өзіне  тартатын,  терең  ойлы,  көңіл  қуантатын,  ауыз  тұщитын,  бақыл  күйі.  Мұнда 



27 

 

алысқа серпілген көркем жайлаудың шалқыған киелі суреті, оны қызықтап отырып сезгіш 



адамдардың терең толғауы бейнеленген. Бұл  күйді  Тәттімбет  дүниеден кеткен соң (1861 

ж.),  Ортауда  Сары  Тоқа  Жауадан  тартып,  ол  менің  тартқан  күйім  деп  санаған.  Бірақ  ту 

баста шығарған Тәттімбет екені даусыз. 

Тәттімбеттің  күйлерін  мәдени  мұра  етіп,  көпшілікке  таратушы  күйшінің  ардақты  әрі 

дарынды  ұрпақтары,  оның  ішінде  кенже  інісі  Жақсымбет  (1829-  1919  жж.),  балалары 

Мұсатай, Исатай, немерелері Бекен, Зікен. 

Жақсымбет – ол да атақты домбырашының бірі, ескі заманның күйлерін асқақтата тартып, 

оларды қартайғанша есіне сақтап, біздің заманымызға дейін әкеліп жеткізеді. Тәттімбеттің 

күйлерін  елегізіте  еркін  тартатын  домбырашылар  Беген  мен  Зікен,  Тәттімбеттің  баласы 

Қисатайдың ұлы, Баян тауындағы әнші Мұстафаның апасы Ақбеттен туған. 

Тәттімбеттің  бір  ұрпағы  Ахмет  Ысмағұлов,  Жақсымбеттің  немересі.  Онымен  жазушы 

Сапарғали  Бегалин  көрісіп,  күйші  баласы  туралы  бір  неше  жаңалықтар  жазып  алған. 

Ахмет жас күнінде атасы Жақсымбетті жақсы білген. 

-  Менің  атам  күйші  ағасын  есіне  түсіргенде  талай  таңсық  нәрселерді  айтушы  еді.  Күйші 

бабамның  саусағы  домбыраны  қалай  соқса,  одан  тамылжып  шығатын  күйдің  үні 

толқындатып сайрай жөнелетін. Ол оның сарынына әбден батқан кезде дүниені бүтіндей 

ұмытып,  шалқыған  ой  шабытының  қызығына  түсетін  сді.  Мұны  Жақсымбет  немересі 

Ахметке әңгіме қып айтқан. 

Тәттімбеттің  асқаралы  күйіне  бәйек  болған  күйшінің  бірі  соқыр  Жомарт,  қай  ел  екені 

белгісіз. Бірақ оның тартқандары Тәттімбеттің ұрпақтары тартқандай таза емес, кемшілігі 

көп болған. Тәттімбеттің ұрпақтары оны біраз сынап, кемшілігін түзеп отырған. 

Революцияның  алдында  да,  кейін  де  Тәттімбеттің  күйлерін  сәулетті  етіп  тартатын  асқан 

домбырашылар  Нұркен  Шыңтеміров  (1870  ж.  туған),  Ғаббас  Айтпаев  (әнші,  күй 

тартушы),  Мақат,  Әбікен  Қасенов.  Кейінгі  заманда  Тәттімбетті  еске  түсіретін  оның 

жерлестері  Қыздарбек,  Ақан,  Тұрысбек  Түсіпбеков,  тағы  басқалар.  Осылардың  күйшіні 

ұмытпай,  оның  ғажайып  күйлерін  көпшілікке  тартып  жеткізу  арқылы  Тәттімбетті  қазір 

бүкіл Қазақстан жүйрік біледі. 

Тәттімбеттің  халық  мәдениетіне  келтірген  мұрасын,  оның  ұлы  қазына,  тарту  екенін 

бірінші  рет  жарқын  түрде  сипаттаған  асқан  ойшы,  халықтың  сүйікті  ұлы  Біржан  сал. 

«Біржан сал мен Сара айтысында» ол туралы былай айтқан: 

Тәттімбет арғындағы ардагерім  

Қырық түрлі күй тамызған саусағынан.  

 

Тәттімбеттің  шығарған  күйлері  қазақ  мәдениетінің  бір  ұлы  салты.  Сондықтан  ол  халық 



жүрегіне берік орнап, сұлулықтың ой-сананың, ізгі дүниенің бір мұрасы болып, әділетке 

шақырудың,  музыка  өнерінің  шалқып  жатқан  бір  жойқын  қазынасына  айналды.  Бұл 

туралы Арқаның совет дәуіріндегі бір ақыны айтқан ғой: 

Күйші жоқ бұл Арқада Тәттімбеттей,  

Төгілткен күй толқынын бір мүдіртпей,  

Сарнатып «Сары өзенді» тартқан кезде  

Сұлу қыз кете алмапты бір түнетпей.  

 


28 

 

Осыларды  бір  сөзбен  тұжырып  айтқанда,  бүгінгі  қызық  дәуірде  Тәттімбеттің,  Біржан 



салдың,  Құрманғазының,  Ақан  серінің  қазақ  халқының  тарихына,  мәдениет  мұрасына, 

өнер  саласына  келтіретін  үлесі  орасан  зор,  оны  бүгінгі  мәдениетті  жұртымыз  жақсы 

түсінеді. 

Сегіз сері 

Тәттімбетпен қатар сахарада аты кеңінен тараған, қазақтың аяулы данышпаны Сегіз сері 

(1808-1854 жж.). Біржан сал, Ақан сері туралы ойымызды тереңірек сипаттауымыз керек. 

Көкшетау мен Обаған өлкесінде бірінші  жарқырап шыққан өнер иесі  Сегіз сері.  Ол  XIX 

ғасырдың бнсында туып, орта кезінде қайтыс болған кісі, өмірі Тәттімбетке өте жақын. Ол 

атақты сері, ақын, асқан әнші, өрнекпен сұлу дүние жасаған сиқырлы зергер. Көп өнерді 

біріктіріп  ұстаған  дарынды  жүйрік  болған  соң  халық  оны  «Сегіз  сері»  деп  атаған,  ескі 

дәстүр  бойынша  «Сегіз  қырлы»  өнерпаз  дегенді  білдіреді.  Қайым  Мұхамеджановтың 

зерттеуінше, сегіз серінің шын аты Әлмұхаммед сияқты. Оның әкесі Бахрам ІІІақшақұлы 

туып өскен жері  Обаған көлінің маңайы, ашамайлы керейлерінің ортасынан, қоныстаған 

жері атақты Маманай орманының іші, сол жерде сәулетті етіп жасаған байтақ қыстаулары 

болған (карта Чокана). 

Сегіз  сері  Бахрамның  бес  ұлының  бірі.  Оның  Сүйін,  Нәупіл,  Көрпеш  деген  ақылды 

ағалары, Қуаныш деген өзімен мектепте бірге оқыған інісі болған. Жас күнінде әкесінен 

жетім қалып, атасы Шақшақ биден тәрбие алып өседі. Қадірлі атасы дарынды жас баланы 

алдымен  ауылдағы  мектепте  оқытып,  жақсылап  хат  танытады,  қазақ  пен  шығыс 

әдебиетінің  үлгілерін  үйретеді.  Оны  бітірген  соң  Омбыдағы  қазақша  мамандар  (хатшы, 

тілмаш) дайындайтын Азия мектебіне түсіріп оны 1835 жылы бітіреді, орысша оқытады. 

Шыңғыс  Уәлихановпен  бірге  жүріп  оқиды.  Кейін  Шыңғыс  Құсмұрынның  аға  сұлтаны 

болғанда Сегіз сері  көп  уақытын оның қасында өткізіп, ән салып, жыр айтып, тасқынды 

күйлер тартады. Бірақ ресми қызметке бармайды. 

Сегіз  сері  орысша,  қазақша  жақсы  оқыған,  білгіш,  ой-санасы  ашық,  көңілі  ояу.  Оқуын 

бітірген  соң  патша  үкіметінің  ұсынған  қызметіне  бармай,  оның  отаршылдық  саясатына 

наразылық білдіріп, дайым қуғында жүреді. Осыған орай ол сері Ниязбен бірігіп, қасына 

жүзден аса сері жігіт ертіп, 1835 жылы Күнбатысқа Жайық бойына кетеді. Жолшыбай ел 

аралап  серілік  құрады.  Жайық  бойында  жүріп  Исатай  Махамбеттің  көтерілісіне 

қатынасады, Жайыққа арнап белгілі жыр шығарады:  

Еділ – Жайық берекелі жер екен ғой  

Бай ұлы бақыт қонған ел екен ғой.  

Соларға басшы болған ұлы батыр  

Исатай асқар таудай ер екен ғой.  

 

Исатайдың  көтерілісіне  белсене  қатысып,  жүргенде  оның  патша  әскерінің  қолына  түсіп 



өлгенін жоқтап жыр шығарады: 

Айырылдым Исатайдан асыл ерден  

Кетті ғой судан таза, сүттен ағым. 

 

Исатай 1838 жылы, шілде айының 12 күні Ақбұлақ өзенінің жағасында оққа ұшып өледі. 



Бұл жерді Сегіз сері еш уақытта ұмытпайы, «Ақбұлаққа» арнап әдемі жыр шығарады: 

Исатай тірілмесін көрді көзім  



29 

 

Жастықта жалындаған бұл бір кезім,  



Үш жүзден артық сері қасыма ертіп  

Сауыт киіп сайланып келіп едім.  

 

Әннің қайыруында және айтқан:  



 

Айналайын Ақбұлақ  

Суатыңа мен келіп  

Тұлпарымды суардым  

Қош-есен бол Ақбұлақ  

Енді сені көре алман –  

 

деп еліне қайтады. Еліне келіп бір ғана махаббаттың құшағына батады. Серіліктің соңына 



түседі. Көп уақытын шеберлік жұмысына арнайды, шеберханасында отырып зергерлерге 

көмектеседі. Соңынан өзі шеберхана ашып, зергерлік өнерімен шұғылданады, неше түрлі 

сұлу дүниелер шығарады. Олардың ішінде өзіне ерекше ұнайтыны өрнектелген күміс кісе, 

сұлу  ертоқым,  әйелдерді  көркейтетін  әсем  алқа,  өңіржиек,  алтыннан,  күмістен  құйып 

жасаған  сұлу  сырға,  толқынды  білезіктер,  топ-тобымен  жасаған  алтын  жүзіктер, 

сақиналар. Бұлардың барлығын сұлу қызға тарту үшін істеген. Осындай сұлу дүниелерді 

қасына  жүктеп,  ел-елді  аралауға  шығады.  Алдымен  Торғай  өлкесіне,  Жайық  бойына, 

Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз бойын аралайды. Осы арада жүріп «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», 

«Қыз Жібек» жырларын айтып жүреді. Оның бір ғажайып жері, Сегіз сері жазған «Қозы 

Көрпеш – Баян сұлу» жырының бір нұсқасы Ахмет Жантуриннің ауылында сақталып, ол 

кейінірек  Н.И.  Ильминскийдің  қолына  түседі.  Бүгінде  ол  жыр  Татар  Республикасының 

архивінде сақтаулы тұр. Ол қолжазба Сегіз серінің қолы болу керек. Ол Қазанда он шақты 

рет басылып шықты. Жыр былай деп басталады: 

Жасым бар жиырмада жылым мешін,  

Өлімнің кім біледі ерте-кешін,  

Айтайын бес-алты ауыз құлағың сал,  

Қозы Көрпеш Баянның әңгімесін.  

 

Демек,  Сегіз  сері  бұл  жырды  Омбыда  оқып  жүрген  кезінде,  жиырма  жасында  жазған. 



Туған жылы мешін, 1803 жыл екенін көрсетеді, жиырма жасы 1832 жылды білдіреді. Сол 

жырды  кейін  өзімен  бірге  алып  жүріп,  жырды,  шежірені  көп  жинаушы  Ахмет 

Жантуриннің үйінде қалдырады. 

Сегіз  серінің  жан  күйіне  толғау  берген  әсіресе  атақты  Мақпал  қызға  ғашық  болуы.  Бұл 

қыз  да  Біржан  сал  ғашық  болған  Сара  қыз  сияқты  өте  көркем  ойдың  иесі.  Қаратауды 

қоныстаған  бағаналы  елінің  ақылды  қариясы,  Бақтияр  деген  кісінің  сұлу  қызы.  Ол  өзі 

асқан  дарынды,  әрі  әнші,  ақын,  әрі  шебер  болған  өнерлі  қыз.  Сегіз серімен  бұл  екеуінің 

біріне-бірі  бәйек  болуы  «Ләйлә  мен  Мәжнүннің»  ғашықтығы  сияқты  болған.  Ол  ардың 

бірін  бірі  әдемі  сүйгені  туралы  халық  ортасында  ғажайып  аңыздар  көп  кездеседі  және 

«Мақпал мен Сегіз сері» деген белгілі поэма айтылады.  

Бағаналы елі айтатын бір аңызда:  

Үш ай тоқсан болғанда мұз қатады,  

Бикешті күзді күні ұзатады,  

Бикешті ұзатат деп естіген соң  

Арқадан Сегіз серің түн қатады.  


30 

 

 



Бұл  аңыз  Мақпалды  бір  мықты  әкім  күшпен  алмақшы  болғанда,  Сегіз  сері  оған  жаны 

күйіп, Арқадан түн қатып шығады. 

Сегіз  серіні  асқақтата  жырлаған  Арыстан  ақын  мен  Жанқиса  ақын.  «Мақпал  сұлу» 

жырында олар Сегіз серіні қандай серпілте айтқаны мынадан көрінеді.  

Сөйлесең сөз шығады лебізінен  

Телегей тең болмайды теңізбенен.  

Қыста Сыр, жазда Арқаның бойын жайлап  

Өтіпті әсем жігіт Сегіз деген.  

Сал Сегіз Мәжнүндей ғашық болып,  

Бір қызды Ләйлі көріп Мақпал деген.  

 

Ол  ақындардың  суреттеуінше,  Сегіз  сері  сұңғақ  бойлы,  өрімдей  сымбатты,  топ  ішінде 



ерекше көрінетін әсем кісі болған. Ол әрі құйма ақын, әрі әнші, әрі қобызшы, әрі мерген, 

әрі өрнек жасағыш шебер. Оның үстіне ол әлеуметтік қайраткер.  

Үш жүзге атым шыққан Сегіз сері,  

Атандым он жетімде қазақ ері,  

Еp Сегіз ел қорғаған батыры – деп,  

Үш жүздің ардақтады барлық елі. 

  

Бір  жылы  Сегіз  сері  ұлы  салтанатпен  ұлы  жүзде  болған  Төбеттің  жойқын  асына 



қатынасып,  онда  неше  түрлі  бүгінде  ұмытылған  ғажайып  ойындар  көрсетеді.  Ол  асқа 

Қаратау мен Шу бойынан бағаналы Бақтиярда келіп жетеді. 

Сегіз  серінің  таңсық  өнері  оған  үлкен  әсер  етеді,  оған  тамсана  қарайды.  Қасында  еріп 

жүрген  көп  серілермен,  Сегізді  қонаққа  шақырады.  Қаратау  мен  Шy  өзенінің  төменгі 

алабын  ескі  дәуірден  қоныстап  отырған  көп  елдер  қалың  қоңырат,  балталы,  бағаналы, 

оның  ішінде  Қарабала,  Шағыр,  Омбының  ескі  мектебінде  оқыған  Толысбайдың 

ұрпақтары.  Бәрі  Сегіз  серіге  өте  жақын  елдер.  Сегіз  сері  оларды  тегіс  аралап,  салдық 

құрып  жүреді.  Әсіресе  Бақтиярдың  сұлу  қызы  Мақпалға  бәйек  болып,  оны  жан-тәнімен 

сүйеді. 1836 жылдың қысын Бақтиярдың үйінде өткізіп, жаз шыға қасындағы көп жігітін 

ертіп  Кіші  жүзге  аттанады  ол  жерде  он  екі  ата  Байұлы  болысын  тегіс  аралап,  атақты 

күйшілер Дәулеткерей, Шеге мен кездеседі, олардың тамаша күйлерін тыңдап қызығына 

батады. Жоғарыда көрсетілгендей Исатайдың толқуына қатынасады, 1898 жылы Арқадағы 

еліне қайтады. Осы арада серілік құрып, Мақпалға барайын деп жүргенде, қызды Жабол 

деген  біреу  тартып  алып  кеткені  құлағына  тиеді.  Сегіз  сері  Бетпақтың  даласынан  көп 

жігітпен өтіп, Бақтиярдың еліне келсе қыз жоқ. Оған Сегіз сері қатты өксіп, күңіренеді: 

Құндағы білтелінің қу қарағай,  

Үстіме сауыт кидім шыдай алмай  

Достасқан үш жыл бұрын есіл Мақпал  

Өзгеге кеткенің бе бір қарамай?!  

 

Сегіз  сері  көп  жігітін  ертіп,  Жабының  үйін  шаппақшы  болады.  Алдымен  абайлық  істеп, 



бір  қу  жігітіне  бақсының  киімін  кигізіп,  Мақпалмен  жолығуға  жібереді.  Мақпал  оны 

жақсылап  танып,  жан-күйінің  Сегіз  серіде  екенін  білдіреді.  «Бақсыдан»  Сегіз  серінің 

жақын  жерге  келіп,  жатқанын  естіп  біледі.  Ертеңіне  көп  қыз  ертіп,  пәлен  жерге  жидек 

теруге баратынын уәде етіп айтты. Бақсы дала кезіп екінші ауылға кеткендей болады. Күні 

бойы жүріп кешке қарай Сегіз серіге жетіп, Мақпалдың  уәдесін айтады. Ертеңінде Сегіз 


31 

 

сері  жидек  теріп  жүрген  Мақпалды  табады.  Оның  қасында  күзетші  болып  жүрген  төрт 



жігітті  қиратып  түсіреді.  Мақпал  он  бес  қызды  ертіп,  Бақтиярдың  үйіне  бет  алады. 

Артынан Жабының кісілері қуып жетіп атысқанда, оқ Мақпалға тиеді. Алайда Сегіз сері 

оларды  тегісімен  қиратып,  Мақпал  мен  он  бес  қызды  ертіп,  Бақтиярдың  үйіне  келеді. 

Аянышты  жері  Мақпал  қансырап  қалған,  жазылмайды,  өледі.  Он  бес  қызды  Сегіз  сері 

еліне  қайтарады.  Бәйек  болған  Мақпалы  көзінен  тайған  соң,  Бақтиярдың  үйінде  жата 

алмай  көп  өксіген  Сегіз  сері  Арқадағы  еліне  келеді.  Оның  аман-есен  келгеніне  қыр  елі 

қатты қуанып, үлкен той жасап, Сегіз серіні қызыққа батырады.  

Сегіз сері  тағы да  салдық  өміріне жаңа қуанышпен түседі, елден сұлу  қыздар таңдайды. 

Мақпал сияқты бір ақылды қыз тағы сол бағаналы елінде Елғұн деген бір абыройлы кісіде 

бар екен. Ол Сегіз серіні сондай жақсы көргендіктен, оны шақырып алып, - «Мынау менің 

сүйікті  қызым.  Осыны  қалың  малсыз  саған  қосамын»  -  дейді.  Сегіз  сері  оны  құп  алады. 

Екеуі  қосылып  бір  көркем  үй  болады.  Екеуінен  үш  бала  туады  –  Мұстафа,  Мұсабек, 

Мұсайын. Серінің барлық қолжазба мұраларын сақтап келген баласы Мұстафа (1840-1899 

жж.) Мұстафадан ол қолжазба Мырзай Тұяқовқа түседі  (1872-1954 жж.), кейін әр кімнің 

қолынa тарап кетеді. Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында сақталып 

тұрған. Сегіз серінің өмірбаянын қадағалап жинаған кісі Қаратай Биғожин. 

Оның бір данасын Қаратай маған да әкеліп тапсырды. 

Осы жарқын мәліметтерді еске алып отырсақ, Сегіз сері де аса саңлақ, жарқын ойлы, өзі 

оқыған,  терең  сезгіш,  сұлулықты  сүйген,  халыққа  жарқын  үлгі  берген  кісінің  бір.  Мұны 

«Ұлпан»  әңгімесінде Ғабит  Мүсірепов те солай суреттейді  («атақтының атақтысы»). Бұл 

кісі  тегінен  Ғабитке  өте  жақын  болғандықтан  ол  туралы  айтылатын  аңыздарды  есінде 

берік  ұстаған.  Сол  аңыз  бойынша  Сегіз  серінің  жүйрік  ұстаздары  Шәрке  сал  мен  Нияз 

сері. Жас кезінде үлгіні осылардан алған. 

Сегіз серіні аса ардақтаған кісінің бірі Біржан сал. 

Ол оны өзінің үлгі алған ұстазым деп таныған. Біржан: 

Сегіздей асыл адам табылмайды  

Халқына сыйлы еткен аса жәйлі  

Керейден жүз мың әйел ұл тапса да  

Еш бірі Сегіздейін бола алмайды.  

 

Біржан  сал  жетпістің  ішіне  кіріп,  ойын  күңіренуге  салғанда  Сегіз  серіні  тағы  да  есіне 



түсіріп былай дейді: 

Жалғанда мұратына кімдер жеткен  

Көп жақсы бізден бұрын өтіп кеткен.  

Адамның асылдары сондай болар,  

Дүниеден Сегіз сері, Нияз да өткен.  

Ұстазы ол Сегіздің Нияз сері  

Жетпіс үш мүшелінде келген жылы  

Дүниені теріс айналып кетті әрі.  

 

Сегіз серіні аса қадірлеп ардақтаған қыр қазақтары, кейде оны сәуегей әнші деп түсінген. 



Ол  туралы  аңыздар  Арқада  орасан  көп,  оны Обағанда,  Көкшетауда,  Баянаулада,  Ұлытау 

жерінде, Қарқаралыда жиі кездеседі. Ең қызығы Баянаула аңызы «Обаған» дейтін сұлу ән. 



32 

 

Ол  енді  соңғы  кезге  дейін  жақсылап  айтып  келген  Қаныш  марқұм  еді.  Оны  шығарушы 



Баянаула серілері, атақты күйші Өтебай, баласы Әубәкір, Сұр Омар, Ашубайдың Әбжаны, 

Сегіз серіні ардақтаған асқан әншілер. Олардың тарихы былай еді. XIX ғасырдың 40-шы 

жылдарына  дейін  Баянаула  төңірегін  қоныстайтын  елдер  жаз  айларында  Көкшетауға, 

Домбыралы,  Моншақтыға  дейін  жайлап  баратын.  Айдабол  олардың  арғы  атасы  (XIII  ғ.) 

Бұл  ел  музыканы,  күй  тартуды  орасан  жақсы  көрген  елдің  бірі.  Жайлауда  «ерулік»  жеу 

үшін  Обағанға  барып,  ондағы  серілердің  жарқын  күйлерін  тыңдап  жүрген.  Соның  бір 

Сегіз сері, оның алдына барып бас иетін. «Обаған» әнін соған арнап шығарған. Сегіз сері 

оларды зор сыпайылықпен қарсы алып, өзінің асқақтатып, айтатын сұлу әндерін олардың 

алдына  тартады.  Бұл  аңыз  Обаған  мен  Баянаула  жерінде  көп  заман  ұмытылмай  жүрді. 

Қаныш марқұм жас кезінде оған арнап, бір әңгіме жазып шығарды. XIX ғасырдың 40-шы 

жылдары Сегіз сері Баянаула жерін көруге келіп, Шідерті, Ақкөл, Жайылма жерін аралап, 

жайлауды аралап көреді. Жазды күні талай әсем қыздарды көріп оларға арнап  «Қарғаш» 

деген  күй  шығарады.  Исатай  мен  Махамбетті  есіне  түсіріп,  оларға  арнап  «Қос  қыран» 

күйін  тартады.  Ерте  кезде  атақты  Өтеболат  күйші  тартқан  «Тарғыл  бұқа»  (ескі  күй), 

«Қызыл  қайың»  күйлерін  тартады.  Бұл  күйлерді  бірінші  тұңғыш  рет  жазып  қалдырған 

ғалым Шоқан Уәлиханов. 

Сегіз  сері  атақты  мерген,  аңқұмар  кісі  болған,  оның  үстіне  ат-сайыс,  құсбегі.  Бұл  тек 

серілерде болған әдет. 1847 жылы атақты сері қыран, бүркітке құмар болып, өр алтайдағы 

наймандар арасына іздеп барады. Ол жерде «алтайдың ақиығы» деп аталған алғыр бүркіт 

ел  арасында  көптен  бері  мәлім,  ойы  соны  алып  қайту.  Бір  атақты  құсбегі  ақиықтың  бір 

жойқын түрін тауып, оны Серіге әкеп тартады. Сері оны Обағанға әкеліп, қанша қасқыр, 

қанша бұғы, қанша елік алдырғанын ел аузының суы құрығанша айтып отырады. 

Демек,  Сегіз  серіні  Алтай  елі,  Ертіс  бойы,  Шыңғыстау,  Қарқаралы  елі  де  жүйрік  білген. 

Мәселен Құнанбай мен Абайдың емеурінде болған Ағаш-Аяқ, Мұхаммеджан, Әлмағамбет 

жақсы  білген,  сол  сияқты  Қарқаралы  әншілері  Қожамсүгір,  Қожамжар,  Тәттімбет,  Сегіз 

серімен  Омбыда  күйді  бірге  ойнасқан.  Терісқанның  әншісі  Сәтмағамбет  «Әупілдек»  пен 

«Еділбайды»  шығарған,  өзін  Сегіз  серінің  мұрагері  деп  атаған.  Сегіз  серінің  өз  ұлы 

Мұсайын (1845- I'' Ю жж.) – ол да атақты домбырашы, ескі күйлерді әдемі тартқан өнер 

иесі,  әкесінің  толық  мұрагері.  Ол  бір  ғана  күй  тартуды  мұра  етіп  қалдырмай,  әкесінен 

үйренген ұсталықты, зергерлікті толық мұра етіп сақтайды. 

Сегіз сері Бағаналының екінші ақылды қызын алған соң, әлеуметтік іске қатынаспай, бар 

жігерін  еңбек  жұмысына,  шеберлікке,  өрнек  жұмысын  байытуға  арнайды.  Оның  күй 

тартатын  салалы  саусақтары  сұлу  дүние  шығаруға  да  бейім  болады,  қаншама  әдемі 

өрнектер жасап, ол Омбының қаласында көрсетіліп, кейбіреуі  кейінірек  музейге де мұра 

болып  қалады.  Талай  әдемі  дүниелерді  ол  Құсмұрынның  аға  сұлтаны  Шыңғыс 

Уәлихановқа,  оның  баласы  Шоқанға  да  тартты.  Құсмұрын  қаласындағы  әдемі  ағаш 

үйлерді де өз қолымен тұрғызған аяулы Сегіз сері. 

Демек,  халықтың  тарихына,  мәдениетіне,  өнеріне  кіргізген  Сегіздің  үлесі  айта  берсе 

таусылмайтын бір ғажайып іс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет