Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,84 Mb.
#7989
1   2   3   4   5   6   7   8   9

жүргенде  кесірім  осыларға  тие  ме  деп  көп  ойлаушы  едім.  Патша  ұлықтары  оларды  мен 

үшін  қысып,  әуре  қылмасын  деп,  жазған  арыздарымда  оларды  да  жауымның  қатарына 

қосып  қоятын  едім.  Бірақ  кімнің  қас,  кімнің  дос  екенін  ішіміз  жақсы  білетін.  Жаяу 

Мұсаның  қамыққан  көңілін  сергітуге  болысқан  кісілердің  екінші  тобы  әнші-серілер, 

саятшылар,  олардың  ішінде  атақты  Айдарбек  сал  оның  баласы  жас  балуан  Ысмақ, 

Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев,  тағы  басқалар.  Айдарбек  әрі  сал-әнші,  әрі  балуан,  әрі  ойыншы. 

Айдарбекті Қажымұқаннан бұрынғы қазақтың бірінші рет қырдың бес дуан елі бас қосқан 

Мұсаның асында, 1885 жыл айқындайды. Айдарбек осы аста өзінің қара құлақ деген атын 

ойнатып,  ән  салып,  балуан  күреске  түсіп  бірінші  бәйге  алады.  Бұл  асқа  қатынасып, 

Айдарбекке  разы  болған  Саққұлақ  би:  қан  майданда  халыққа  абырой  әперген,  сені 

туғызған  апаңнан  айналайын  деген.  Өйткені,  бұл  асқа  Омбының  бес  уезінің  ұлықтары 

тегіс  қатынасып,  қазақ  халқында  неше  түрлі  мәдениетті  ойындар  оның  ішінде  атпен 

ойнайтын  ойындар  бар  екенін  өз  көздерімен  көріп,  тамаша  қылған.  Сол  Айдарбек  кейін 

Жаяу  Мұсаның  ең  жақын  достарынан  болған.  Оның  баласы  Ысмақ,  о  да  әрі  әнші,  әрі 

балуан,  әкесінің  ізін  қуып,  Жаяу  Мұсаның  жас  достарының  және  шәкірттерінің  бірі 

болады. Жаяу Мұсаның әндерін, өлеңдерін тегіс жатқа біліп, өзіндей тапжылтпай айтатын 

кісінің бірі болған. 

Жаяу Мұсаның жас күндегі бунтарлық, ерлік ісіне еліктеп, оның әндерін халыққа таратқан 

әнші-серілердің  ең  атақтыларының  бірі  Ермағамбет  Игібаев  екеуі  де  ескі  Ақкелін 

болысына  қараған  Қаржас,  мұның  екеуі  де  Мәди  мен  Балуан  Шолақ  сияқты  әлеуметтік 

қиғаштықтың  күшейген  кезінде,  Столыпин  реакциясының  лаулап  жанып  тұрған  кезінде 

шыққан бунтарлар. Бұлардың ұстасқан кісілері бір жағынан ескі керауыз болыстар болса, 

екінші жаңадан құрылып жатқан поселкелердің кулактары. Ермағамбет – ол кездегі ірі бай 

Бақтыбайдың  немересі.  Қыстауы  Сайтанды  өткелсіз  Шилі  деген  өзеннің  жағасында, 

Ботақара  дейтін  жаңадан  құрылған  қонысқа  таяу  тұратын.  Жас  әншінің  тағдырына  осы 

поселкемен байланысты оқиғалар себеп болып, сол үшін көп заман оның өмірі қыспақта 

өтеді.  Балуан  Шолақ  сияқты,  Ермағамбетті  де  қоныстың  малын  ұрлады  деп,  бес  жылға 

Атбасар  даласына  жер  аударады.

61

  Атбасар  даласына  барған  соң,  Ермағамбет  Есіл 



бойындағы  елді  аралап,  өзінің  тамаша  әндерімен  халықтың  көңілін  тартады.  Баянаулада 

айтылатын  Жарылғапбердінің,  Жаяу  Мұсаның  әндерін  ол  жерге  кеңінен  таратып, 

Атбасардың атақты әншісі Сәтмағамбетпен танысады. 

Одан  «Әупілдек»  әнін  үйреніп,  кейін  оны  Баянаулаға  әкеліп  таратады.  Бірақ  бұл  әннің 

текстін  Ермағамбет  өзінше  шығарып  алады.  Әупілдек  әнін  Сәтмағамбет  ерте  кезде  «Ит 

                                                           

61

 

Дело о высылке Ермагамбета Игибаева, ф.64, оп.1, д.2632.



 

77 

 

жеккенге» айдалған жас жігітке арнап, оның қарындасы Дәмеш қыздың атынан шығарған. 



Оның Сәтмағамбет айтатын тексті былай:  

«Біз жүрдік Әупілдекті қоныс етіп,  

Тәңірінің бергендерін несіп етіп.  

Күнде той, күнде жиын, қайран елім,  

Қалды әне, қара көзден бір-бір ұшып.  

Әупілдек айдын шалқар көл болады,  

Жағалай әупілдекті ел қонады.  

Ежелден ата-баба қоныс еткен,  

Суы бал, шөбі тәтті жер болады.  

Қар басты Әупілдектің қамыстарын  

Айтады әркім көрген қасірет зарын,  

Көңілі қайғылының қара туман  

Кім білер қашан оның ашыларын  

 

Бұл әннің сөзін үзінді түрде революция кезінде бірінші рет жазып алған Бимбоэс. 



 

«Әупілдек»  айдауда  жүрген  Ермағамбет  әншінің  жан  күйіне  өте  ұйқас  болып  көрінген. 

Ермағамбет  бұл  әннің әуенін бұлжытпастан алып, тек  оның сөзін өз күйіне жақындатып 

айтқан Ермағамбет тексті:  

Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,  

Сарғайдым мен Есілдің суын іше,  

Жез қанат құсқа біткен маған бітсе,  

Барар ем Сайтандыға әлденеше.  

 

Бұл ән қай әншінің сөзімен айтылса да патша үкіметіне қарсылық түрінде айтылған. Оның 



негізін жасаушы одан бұрын әрине Жаяу Мұса болған. 

Жаяу Мұсаға жан күйі аса жақын болып, оның өмірін, әндерін әуес еткен әнші-серілердің 

бірі Арап қашқын. Бұл аса алғыр, дарынды бетінен қайтпайтын ер кісі болған соң, Жаяу 

Мұса оған арнап «Арап батыр» деген белгілі өлең-әнін шығарады. Араптың әлеуметтік ісі 

Мади,  Балуан  Шолақ,  Ермағамбет  сияқты  өзге  бунтарлардың  ісімен  бірдей.  Оның  өзіне 

қойған міндеті, халықты аяусыз жәбірлейтін болыстармен ұстасу, не күш көрсететін көрші 

кулактармен  айқасу.  Осының  зардабынан  Арап  ояз  тарапынан  қатты  қуғынға  ұшырап, 

Баянауыл төңірегінде тұра алмайды. Ығысып Қарқаралы жеріне ауысып, атақты Бөденің 

қолына  барып  тұрады.  Бөде  Серікұлы  ол  кездегі  Қояныштағай  елінің  болысы,  белгілі 

беделді адамдардың бірі. Бірақ Бөде өзге болыстардай патша үкіметіне артық бас имеген, 

оның  айтқандарын  кейде  орындамаған.  Патша  үкіметі  оның  халық  ортасындағы  күшті 

беделін  пайдалану  мақсатымен  оған  қанша  сый-сияпат  көрсетсе  де,  Бөде  олардың 

әділетсіз  істеріне  жирене  қарап,  кейде  күш  көрсеткен  ұлықтарды  суға  салып  сабатып 

отырған. Бөде осындай ерлік істерімен аз уақыт бунтарлардың мықты көсеміне айналады. 

Өзінің  бунтарлық  ісімен  ояздан,  залым  болыстардан  жәбірлік  көрген  жас  әнші,  сері 

жігіттер  Бөденің  қасына  жиналып,  ойын-сауық  құрып,  онда  келген  ұлықтарды 

мазақтайтын  болады.  Соның  бірі  «Қырық  жігіттің  басшысы»  деп  саналған  Арап  батыр. 

Бірақ  бұлардың  бөденің  үйінде  жатып  істеген  бунтарлық  ісі  ұзаққа  созылмайды. 

Болыстардың,  Қарқаралы  уез  басқармасының  көрсетуі  бойынша,  Дала  уалаятының 

өлейетінің  генерал-губернаторы  Бөденің  үйін  түбінен  күйретіп,  оны  үрім-бұтағы  мен 



78 

 

Зайсан  уезіне  жер  аударуға  бұйырады.



62

  Бөденің  үйінде  Сұрша  қыз  деп  аталған  әрі 

ақылды, әрі көркем сұлу қызы болған. Арап әнші келісімен ол қыздан көзін айырмайды, 

екеуінің махаббаты күн-түн сайын арта береді. Бірақ олардың тілегі оразды бола ма, жоқ 

па,  албырт  жүрек  оны  керек  қылмайды.  Әлден  уақытта  Бөденің  көп  баласын  ұстауға 

Қарқаралыдан  полиция  шықты  деген  хабар  сап  ете  түседі.  Оны  естіген  Арап,  ешбір 

бөгелместен  сол күні  түсетін түнде Сұрша қызды алып Көкшетауға  тартады. Бірақ,  үміт 

пен  сескенудің  арасында  келген  Арап  бұл  жерде  Сұрша  қызбен  бақытты  болып  тұра 

алмайды. Өйткені бұл жердің болыстарының арамзалығы өзге жердің болыстарынан кем 

түспейді.  Зайсанның  болысы  Араптың  атақты  қашқын  екенін  сұрастырып  біледі,  оның 

қасындағы  Сұрша  қызға  құмартады.  Қорғаусыз,  тегін  дүниеге  қызыққан  залым  болыс, 

бойы шіміркенбестен «Қашқын ұстадым» деп Арапты абақтыға отырғызып, Сұрша қызды 

тоқалдыққа  өзі  алады.  Сұрша  қыздан  айрылған  Арап,  Көкшетаудан  Омбы  абақтысына 

«этаппен» бара жатып, отан арнап өзінің атақты «Сұрша қыз» деген әнін шығарады. Бұл 

әннің  бірінші  куплеті  ғашық  жарынан  айырған  ар,  әділетті  білмеген,  арамза  болыстың 

қабан жүректігін әшкерелеуге арналған. Бұл куплеттің Арап шығарған түрі былай: 

Шын жүрек тура алмайды ғашық жарсыз  

Ер жігіт кейде малды, кейда малсыз.  

Дарияның жазға соққан толқынындай  

Көз салған көрінгенге көңіл арсыз. 

  

Бұл  соңғы  сөзбен  Арап  Зайсан  болысқа  тиіскен.  Екінші  куплеті  Сұрша  қыздың  артында 



қалып қойғанын өкініш ету «Ғашық болған Сұрша қыз, Көкшетауда қалдың-ай». Үшінші 

куплеті үмітті, үміттенуді асқар бел етіп ұстаған Арап, ілгергі өміріне зор үмітпен қарап, 

бұдан да босанармын, Сұрша қыз сенімен тағы қосылармын деп көңілін көтереді. 

Неше жыл жүрсем-дағы бұл айдауда 

Шыдармын, қажымаспын денім сауда. 

Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам 

Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда... 

 

Қазіргі  музыка  зерттеушілер  бұл  әнді  Жаяу  Мұсаға  қосып  жүр.  Бірақ  бұған  шындық 



көзімен  қарап,  бұл  әннің  мазмұны  тегісімен  Арап  пен  Сұрша  қыздың  махаббатын 

суреттеуге  арналғанын  айту  керек  еді.  Арап  Жаяу  Мұсаға  өте  жақын  кісі  болған. 

Сондықтан бұл әнді ол кісі Арап атынан жазуы да таң қаларлық нәрсе емес. Қазақ тілінде 

«Дала уалаяты» газеті шыға бастағаннан былай, Жаяу Мұсаның ой жұмысына көңіл бөлуі 

бұрынғыдан  көрі  де  күшейе  түседі,  Жәкең  газет  оқумен  шұғылданады,  газеттерде 

басылған  қызық  мақалаларға  ерекше  көңіл  аударып,  олардың  қысқаша  мазмұндарын 

өзінің  дәптеріне  жазып  отыруды  әдет  етеді.  1905  жылдан  кейін  және  октябрь 

революциясының алдында шыққан газеттерден Жаяу Мұсаны оқығаны  «Жұлдыз»  (татар 

тілінде),  «Уақыт»  (Ода),  «Қазақ»,  «Сары  арқа»  газеттері.  Дәптері  бойынша  онда қараған 

мәселелері  саясат,  соғыс  туралы,  шаруашылық  мәселесі,  жұмысшы  кедей-жарлылардың 

өмірі,  диқаншылық,  соғыстың  зияны,  1916  жылғы  қазақ  көтерілісі  кезіндегі  оқиғалар, 

патша  үкіметінің  19  кісіні  тұтқынға  алғанына  ой  болу,  азық-түлік  мәселесі.  «Русияны 

астықпен асырайтын 80 миллион шаруалардың қарулы жастары тегісімен соғысқа кетіп, 

тек  қатын,  бала  мен  кәрілері  ғана  қалды.  Егер  бұларды  алатын  болса  Русия  мұқым 

астықсыз  қалатын  болу  керек.  Қазір  шаруа  күйзеліп,  мұжықтар  тобымен  жарлы  бола 

                                                           

62

 Ф.64. oп. I, д. 2707 



79 

 

бастады. Олардың ағаш дүйірмендері қаусап біткелі тұр» дейді.



63

  1914-1916 жылдардағы 

соғыс  пен  саясат  мәселесіне  тоқталып,  «қазір  дұшпан  бұлты  қалыңдап,  күннен-күнге 

түнеріңкі болып барады... 

Патша  мен  жұрт  арасы  сондай  ашылып  болды.  Патша  қанша  сірескенмен  айналдырған 

ауру  алмай  қоймайтын  шығар».

64

  Жаяу  Мұсаның  осындай  саяси  терең  ойларға  көңіл 



қоюы,  оның  көзі  ашық  дүниені  бірталай  таныған,  саңлақ  кісі  болғанын  сипаттайтын 

дәлелдің  бірі.  Екінші  жағынан  Жаяу  Мұсаның  толық  жазылмай  қалған  бұл  ой 

толқындары.  А.Н.  Белослюдовтың  Г.Н.  Потанинге  жазған  ойларымен  өте  үндес  болып 

шыққан. А.Н. Белослюдов Г.Н. Потанинге жазған хатында не деген еді? «У киргиз взгляд 

на вещи шире, чем я думал. К мировым событиям интерес большой. Гонцы по всей степи 

разносят  новости,  в  степи  толкуют  о  Петрограде,  о  начинающих...  (революционных 

событиях).

65

  Революция  толығымен  қазақ  халқының  ашық  оянғанын  Г.Н.  Потанинде 



Петроградқа жеткізіп отырған. Ол өзінің С.Ф. Ольденбургке жазған хатында былай деген: 

«Русское освободительное движение расшевелило киргиз, татар, бурят и якутов, остались 

не  затронутыми  остяки  и  тунгусы».

66

  Бұл  келтірілген  мысалдар  бойынша  революция 



қарсаңында  қазақ  халқы  жәй  ұйықтап  жатпаған,  олар  күндіз-түні  құлағын  революция 

дабысына тігіп, оның тез болуын күткен. Бұл ұлы оқиғаға ойын көп жұмсап оның болуын 

жан-тәнімен  күткен  кісінің  бірі  халық  композиторы  Жаяу  Мұса  болған.  Оның  бұл 

ойларын оның дәптерлері жарқын әдемі көрсетіп бере алады. 

Жаны  сергек,  сезімі  толқынды  Жаяу  Мұса  қартайған  шағының  өзінде  жаңалықсыз, 

думансыз,  халықсыз  отыра  алмаған.  Жаны  күйлеп,  шабыты  тасығанда  ол  өзінен-өзі  гөй-

гөй тартып, әфсана оқығандай, көз ашып жұмғанша халықты өзіне тартып алған күндері 

болған.  Бір  жерде  отыру  мезі  қылғанда  ол  басқа  елді  аралап,  өзінің  шырқап  салған 

құйылма әндерімен оларды үлкен қуанышқа  келтірген.  Оның әнді  көп шырқап, сауықты 

көп  құрған  жері  Қоянды  жәрмеңкесі,  Баян  қаласы,  Ақмола  дуаны.  Көп  барған,  жақсы 

көрген жері өзінің туып өскен ортасы Қаракесек елі. 1916 жылы, 81-ге келген Жаяу Мұса 

бүгін,  «2-ші  июльде  Қаракесек  еліне  жолаушы  шықтым»  деп  жазады  өзінің  дәптеріне.

67

 

Өзіне  жақын,  жерлес  елді  Жаяу  Мұса  әрқашан  жаз  шыға,  ел  Шідерті  өзенін  жайлап 



отырғанда аралап көреді. Бұрынғы серілердің тәртібінше ол қашанда қасына бір-екі әнші 

жас  жігіт  ертіп,  қолына  не  лашын,  не  қаршыға  ұстап,  өзен  бойында  құс  салып,  қызық 

көріп жүреді. Жаяу Мұса келгенде халық тобымен жиналып, оның желіге айтатын сөзін, 

шырқап салған әндерін мүлги тыңдап, бір жасап қалатын. 

Менің  он  жасар  бала  кезімде  Мұсаны  оның  ескі  досы  Имекең  шақырып,  көп  сыймен 

қайтарғаны әлі есімде. Ол кез менің ауылдағы мектепте оқып жүрген кезім болатын. Жаяу 

Мұса  күн  сайын  біздің  мектепке  келіп,  бізді  оқытатын  татар  мұғаліммен  бақас 

таластыратын. 

                                                           

63

 Алматы дәптері, л. 115-117. 



64

 Алматы дәптері л. 124. 

65

 Библиотека Томского университета. Архив Г.Н. Потанина, письмо №33. 



66

 Архив АН СССР, ф. 208, оп.2, л. 23. Алматы дәптері 96-6.

 

67

 



Алматы дәптері 96-б.

 


80 

 

Жаяу Мұса тапал бойлы, ашаң келген, көзі өткір, сопаң бетті, ақсұр кісі болатын. Ол кезде 



оның  киетіні  қызыл-күрең  кәрістен  тіккен  қызыл  камзол,  қызыл  шалбар,  аяғында  жеңіл 

кебіс-мәсі, басында әдемі пұшпақ бөрік (совет дәуірінде ол бөрікпен фотоға түсті). 

Кешке  жақын  адам  тобы  ауылдың  сыртында  алқа  қотан  отырып  киіммен,  ойнақы  жеңіл 

денесімен,  төпеп  айтатын  сөзімен  ерекше  көзге  түсетін.  Мұндай  бас  қосуда  Жаяу 

Мұсаның  еліне  айтатын  өзінің  басынан  кешірген  оқиғасы,  оязбен  болыстармен  қалай 

ұстасқанның  суреті,  қашқын  болып  жүргенде  көрген-білгендері,  Кенесары,  Сейтен, 

Тайжан  оқиғалары,  тағы  басқалар.  Бұл  оқиғаларда  Жаяу  Мұса  толқынды  қара  сөзбен 

бастап,  қызған  кезде  домбыраға  қосып  әнмен  шырқайтын.  Оның  «Жөкеңе», 

«Шұғайыпқа»,  «Арапқа»,  «Бәшерденге»  деген  әндерінің  адамның  жан  күйін,  жүрегін 

толқытуы сонша, отырған қариялардың «тағы айтшы» деп сұрап отырғанын көрдік. 

Жаяу Мұсаны мен соңғы рет 1924 жылы көрдім. Маусым айының соңғы кезі еді, Қоянды 

жәрмеңкесінен  шығып,  ол  ауылға  жете  қонуды  ойласа  да,  жолшыбай  Ертісбайдың 

Адхамы  жібермей,  сонда  қонып  шықтым.  Ертеңінде  Адхам  басшы  болып,  мені  Жаяу 

Мұсаның аулына апарды. Қарағайлы бұлақ деген жерді жәйлап отыр екен. Келсем әдемі 

бие бауда он шақты күмістей ақ үйлер тігулі  тұр.  Оның алты қанат  ең үлкені,  сол кезде 

Далба  елін  билейтін,  Жаяу  Мұсаның  немере  баласы  Мәлік  Қалиевтың  үйі  екен.  Ауылда 

жөн  білетін  еркектен  ешкім  жоқ  екен.  Адхам  аттан  түсіп,  сыбырлап  Мәліктің  шешесіне 

менің  келгенімді  айтты.  Ол  кісі  адуындау  кісі  екен,  жүгіріп  келіп  менің  мандайымнан 

сүйіп,  қолымнан  жетелеп  үйіне  ала  жөнелді.  Сол  арада  Әмірдің  бәйбішесі  Жанкүміс 

килігіп: 

- Апа-ау, атам тұрғанда қайда апарасың? - деді. Оған Адхам қосылып: 

-  Әуелі  қартқа  сәлем  берсін,  сіздің  үй  қашпайды  ғой  деді.  Мәліктің  шешесі  (атын 

ұмыттым) жерден жеті қоян тапқандай, мені дедектетіп, енді Жаяудың үйіне ала жүгірді. 

Ол екі ортада Жанкүміс қартқа барып хабар береді. Мен есікке таянғанда қарт есікті шала 

жауып, ар жағынан сығалап тұр екен. Біз босағаға жеткенде: 

- Пропуск. Без пропуска не допущу - деді. 

Содан кейін көзінен жасы мөлдіреп құшағын жайып: 

-  Кел,  қарағым,  амансың  ба?  Мәкемнің  көзісің  ғой  -  деп  мені  аймалап,  иіскеп,  сүйе 

бастады. 

Бұл  кезеңдердің  көңілге  мықты  орнауы  сонша,  әлі  күнге  ұмытылған  жоқ.  Әлі  де  көз 

алдымда  суреттелетін  жеңілтектеу  мінезі  бар,  ақылды,  сүйкімді,  қаршығадай, 

құйқылжыған сұлу қарттың бейнесі. Мен көргенде Жаяу Мұса тоқсанды қусырып жүрген, 

қадірлі  жастағы  адам  болатын.  Бірақ  әлі  тың,  сөйлегенде  құлшына  сөйлеп,  жас  күнінде 

қай жерде болғанын толқыған күшті сезіммен айтып отырды. Оның сақал-мұрты, шашы 

да мен көргенде толық ағарып болмаған, көз жанары әлі өткір, қарағанда тұңғиық кішкене 

көзімен  адамға  ой  түсіре  терең  қарайтын.  Өткен  замандағы  басынан  кешірген  ауыр 

азаптарды  көрсететін  бір  ғана  бетіндегі  әжім.  Бірақ  соның  өзінде  оның  сымбатты  дене 

құрылысы, сүйкімді бет әлпеті жақсы сақталған. Жаяу Мұса қыр мұрынды, ат жақты, кең 

маңдайлы  кісі  еді.  Ерні  үрпектеу,  иегі  сопақ,  сақал  мұрты  өте  сирек  болатын.  Жалпы 

айтқанда баласы Салыққа өте ұқсас, бірақ одан ақшылдау бет ажары сыпайырақ болатын. 

Мен көргенде ол жас күніндегі әдемілікті сүйетін салдың мінезін әлі тастамаған. Кіршіксіз 

ақ жағалы көйлек, одан шығып тұрған қоңыр-қызыл мойын орамал, әдемі тігілген қамзол, 

оның  үстінен  жамылған  сұр  шапан.  Осы  қалпында  бір-екі  жылдан  кейін  ол  фотоға  да 


81 

 

түсті. Салдық мінез оның жүріс-тұрысында да, жасаған қимылдарында да әдемі сақталған. 



Жүргенде  оның  жүрісі  аса  кербез,  аяғын  көсілте  ырғала  басып,  қойқаңдап  «сал  бөксе» 

түрде  жүреді.  Келе  жатып  біреуге  қарағанда  көзін  төңкере  қарайды.  Кейінірек  тап 

осындай  жүрісті  Шыңғыстауда,  Мұхтардың  үйінде  болғанда,  Өтегелді  серінің  жүрісінен 

көрдім. Мұндай жүрісті оқыған кісілерден жақсы көрген А.Ермеков еді. 

Демек,  салдардың  жүрісі  көп  ғасыр  ішінде  қалыптасқан  тұрпайылыққа  қарсы  рухани 

тіршіліктің  әдемі  бір  көрінісі.  Адамды  сыпайылыққа,  сұлулыққа  тәрбиелеу  үшін 

салдардың  бұл  тіршілігінің  әлеуметтік  маңызы  өте  зор  болған.  Сол  рухани  азықты 

қартайған шағына дейін тапжылтпай ұстаған атақты серілердің бірі Жаяу Мұса еді. 

Революциядан  кейін  Жаяу  Мұсаның  өзінің,  туысқандарының  тұрмысы  бірталай 

шарықтап, жоғары көтеріле бастаған. Ол олардың әдемі  киінуінен, көптеген ақбоз үйден 

ашық  көрінетін.  Тұрмысы  сәл  оңала  бастаса  ақбоз  үй  жасап  алу  қазаққа  артық  қиын 

болмаған. 

Мен Жаяу Мұсаны таза жиылған бес қанат шымқай ақбоз үйдің ішінде көрдім. Қарт әнші 

қалыңдығы  жарты  метрдей  жұмсақ  төсектің  үстінде,  үйге  кірерде  оң  жақ  іргесінде 

отырады  екен.  Одан  төмен,  шидің  ішіне  таяу  кішкене  қара  саба  тұр.  Сол  жақ  босағада, 

тұғырдың  үстінде  қылмыңдап  әдемі  қаршыға  отыр.  Ол  анда-санда  шықылдап  әншіден 

көзін айырмайды. Түрі не жем керек етіп, не далаға алып шықса деген тілегі бары сезіледі. 

Жаяумен  әңгімелесіп  отырғанда  байқағаным,  бұл  үйге  жанын  салып,  оның  шаруасын 

басқаратын  үлкен  келіні  Жанкүміс  екенін  көрдім.  Ол  немере  баласы  Әмірдің  бәйбішесі 

болатын.  Баласы  Салық  үйде  жоқ  екен.  Кісі  күтуге  төселген  Жанкүміс  оның  бар-жоғын 

білдірген  жоқ.  Шәй  ішіп  отырғанда  Жаяу  Мұсаның  айтқаны:  Бүгін  еш  қайда  кетпейсің, 

біздікінде  қонақ  болып  жатасың.  Күн  ауып  салқын  түссе  үшеуміз  қаршыға  салуға 

шығамыз – деді. 

Біраз отырып: - Әлде атаңа тартпаған шығарсың? Орыс болып кеткен кісі қаршыға салуды 

жек көретін шығарсың? - деп тағы түйреп алды. 

Шәйді бір ұрттап алып: 

- Атаңның қалай өлгенін білесің бе? 

-  Ауылда естідім. 

-  Естісең,  ол  кісі  аса  аңқұмар  болатын,  жас  күнінде  Бәйтен  салға  еріп,  атаның  дәулетін 

біраз шашты. Кейін Құсайынмен алысты. Бір жылы би балаларымен бірігіп, Құсайынның 

орнына  Бүркітбай  Тойбазар  ұлын  отырғызды.  Бүркітбайды  қасастықпен  өлтірген  соң, 

Боқшалды  қоямыз  деп  деп  күш  салған  ояз  отан  көнбеген,  Құсайынның  өзін  қайтадан 

отырғызды.  Сонда  сайлауда  болыс  барған  Құсайын  шүйдесін  жоғары  көтере  Мәкеңе 

қарап: 


-  Уа, Мәке қалай болды? - дегенде, бабаң жұлып алғандай: 

-  Құсайынжан, несін айтасың, Құсайынға ерген құстай ұшып, Боқшалға ерген боқ болды 

той - дегенде жұрт қарық болып күлген еді. Сол Мәкем Дауылбай шатында түлкіге бүркіт 

қосып  жүргенде  аты  тастап  құлап  содан  қайтыс  болды.  Алдында  бір  түлкі  алдырып, 

насыбайын атып тұрған еді. Ойдағы қағушылар тағы да қиқу салып айғай көтергенде аты 

да  бүркіті  де  елегізи  бастайды.  Тасты  айнала  қашып  жүрген  түлкіні  көрген  соң  бүркіт 

қолынан  жұла  жөнеледі,  ат  та  одан  қалғысы  келмейді.  Содан  аты  ойға  қарай  домалап 

кетеді.  Мұның  бәрін  өз  көзіммен  көрдім.  Көргенім  былай  тұрсын,  бала  күнімде 



82 

 

домбыраны  да  сол  кісіден  үйрендім,  құс  салуды,  Құсайынмен  ұстасуды  да  сол  кісіден 



көріп істедім дейтін. 

Жаяу  Мұсаның  жаңадан  табылған  бір  топ  өлеңдері  1959  жылы,  Шоқан  Уәлихановтың 

әдебиет мұраларын зерттеу үстінде, Одақтық география қоғамының Омбыдағы бөлімінен 

сақталған  екен.  Бұл  шығармаларын  Жаяу  Мұса  1901  жылдың  соңында  Семей  облыстық 

Санақ  басқармасының  хатшысы  Николай  Яковлевич  Коншиннің  өтініші  бойынша 

құрастырып,  сол  кісіге  жіберген  екен,  Коншин  оны  география  қоғамының  Омбыдағы 

Күнбағыс-Сібір  бөліміне  жолдайды.  Жаяу-Мұса  өлеңдерінің  қолжазбасы  бүгінде  сол 

география  қоғамының  қасындағы  Омбы  музейінің  кітапханасында,  Коншин  архивінде 

сақталып  тұр.  Бірақ  өкінішті  нәрсе,  бұл  архив  бүгінге  дейін  ғылыми  түрде  реттеліп 

тіркелмеген, оның аты-жөні,  шыққан нөмірі әлі  күнге жоқ. Ол тек  болжаусызда, қырағы 

көздің  кенеттен  түсуімен  кездеспесе,  оның  бар-жоғын  ешкім  білмейді.  Омбы  архивінде 

Жаяу  Мұса  өлеңдері  барын  өткен  алпыс  жылдың  ішінде  ешкім  білмеген,  ол  көп  заман 

белгісіз болып шаң басып жата берген. 

Коншинге тапсырған өлендерін Жаяу Мұса бір дәптерге топтап, отан «Шытырман Ғибрат 

өлең  кітабы»  деп  ат  берген  және  қолжазбада  ардақты  әншінің  өз  қолымен  түзеткен 

жерлері де аз емес. Бұл дәптерге кірген өлеңдері: 

1.  Секретарға өлең. 

2.  (Баянаула дуанында) жиылыста айтылған үгіт. 

3.  Данышпан қызы (поэма, негізі араб әдебиетінен алынған). 

4.  Қазақ сыйлары 

5.  Жұлдыз (Қазақ календары) 

6.  Мола (Мұсаның қатынының моласында айтқан сөзі - жалғыз баласы Салықпен). 

Сөйтіп,  Жаяу-Мұсаның  бұл  дәптері  «Секретарға  өлең»  деген  арнаумен  басталады.  Бұл 

өлеңін Жаяу-Мұса сол кездегі белгілі орыс ғалымы, әрі қоғам қайраткері, Н.Я. Коншинге 

арнап, ол кісінің хатына жауап ретінде жазған. Өлеңнің аңқып тұрған ароматы, көркемдік 

поэзиялық  қасиеті  кем  болса  да,  оның  мазмұны  сол  кездегі  прогресшіл  орыс 

оқымыстылары  мен  Жаяу  Мұса  сияқты  қазақтың  алдыңғы,  көзі  ашық  адамдарының  ой-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет