көтерілісін басушы Азия елі деп көрсету үшін әскердің идея басшылығына қазақ
халқының уәкілдері ретінде бірнеше аға сұлтандар, билер шақырған, олардың ішінде
Ақмоланың аға сұлтаны Ыбырай Жайқыбаев, Көкшенің сұлтаны Ғапар Манадаев,
Баянауладан Секербай Малгелдин, Қызылжардан штабс-капитан Ахатов. Поляк
көтерілісін басуда бұлар ерекше белсенділік көрсеткен соң, патша үкіметі бұлардың
бәріне қымбат сый тартады. Өздеріне жоғарғы шен береді
16
. «За отличие в подавлений
польских мятежников производятся в следушие чины Ибрагим Жайыкбаев, Секербай
Малгелдин, Гапар Манадаев (Тактамышев), штабс-капитан Акатов». Бұл кезде Шоқан
Омбыда болатын. Бірақ бұл пасық іске ол әрине қатынаспаған. Патша үкіметінің бір елді
бір елге жендет етіп салатынын бұрыннан жақсы білетін Шоқан бұған жирене қараған.
Оның үстіне Поляк революционерлерінің қазақ бұқарасының мүддесі туралы ашық
жазатынына ерекше мән беретін. Сондықтан оның аты оқиғамен байланысты ешбір
деректе кездеспейді. Патша үкіметінің поляк көтерілісін басуға қазақтарды шақыруының
екінші бір саясаты поляк жазушыларының көзіне бұл елді құбыжық етіп көрсетіп,
олардың бұл елге деген махаббатын суыту еді.
Сөйтіп ұлт қосынын басқарушы Сұлтанғазы бір топ әскермен Литваға барып Вильно
қаласын салық етіп, көтеріліс шығарушыларға осы арадан қимыл жасайды. Бұл әскерімен
бірге жүрген Жаяу Мұса әскердің қай жерде болғанын, қай қалада тоқтағанын күнделік
дәптеріне жазып отырады. Бір көңіл қоятын нәрсе Жаяу Мұса қара сөзбен жазбай барлық
дәптерлерін өлеңмен жазған. Өзі туралы жазғанында ол былай дейді:
Мекен жай оның жүрген Омбы болды
Тоболды тауық жылы барып көрді
Орынбор арқылы Қазанда бір ай жатып
От арба Нижний де міне енді
Мәскеуді, Владимир басып өтті
Петербор апрельде барып жетті
Стамбулдың патшасы Мамедәлі
Таныс боп Петерборда қылған кепті
16
Русский - Инвалид, 1864, №155, стр.
58
Ол жерде көп адамның көзін көрген
Петерборда не барын, бәрін білген
Әртүрлі мемлекетті көремін деп
Құданың құдіретімен жаһан кезген
Вильно, Варшау, Литва, Поляктардың
Соғысын гвардиямен жүріп көрген.
Жаяу Мұсаның бұл жазулары ол туралы жазылған бұрынғы ойлардан бүтіндей басқа.
Әншіні зерттеушілер әдетте оны Тоболға каторгаға айдатып кейін оны әскерлік міндетпен
(солдачина) өзгертті деп нандырады. Жаяудың өмірі, өз жазулары бұған бүтіндей қиғаш
жатыр. Оның үстіне Жаяуды каторгаға айдалғаны туралы архивте ешбір дерек жоқ. Егер
Мұсаны Тобол қаласына жер аударса ол туралы Алматы мен Тобол архивтері мәліметке
сыңсып тұрған болар еді. Сібірге айдалған Торайғыр, Ғұбайдулла туралы мәліметтер том-
томымен сақталып тұрған жоқ па?
Жаяу Мұсаның өз жазуы бойынша әскери жұмысқа ол еш уақытта зорлаумен бармаған.
Ол өзінің тілегі бойына әрбір мемлекетті көріп, қызық көру үшін, және өзінің андасы
әскер бастығы Сұлтанғазы Уәлихановтың шақыруымен барған. Оның үстіне әскерде
жүргенде жазалы кісілердей еріксіз болмаған. Қай жерде жүрсе де ол өз еркімен жүріп көп
нәрсені білуді өзіне мақсат еткен. Әскер Қазанда бір ай тұрғанда Жаяу Мұса Қазан
қаласын емін-еркін аралап Қазан қыздарымен танысып олар туралы әдемі ән шығарады.
Татар музыкасына ерекше ой бөледі. Ойынан көп заман кетпейтін естеліктер сақтайды.
Мәскеу, Петербор, Литваға барғанда да осыны істейді. Литва қыздарының билеу
тактикасына қосылып секірме ырғақпен келетін әндер шығарады. Міне мұның барлығы
1875 жылға дейін Жаяу Мұсаның жастық дәурені ешбір қыспақсыз еркін өз тілегінше
болғанын көрсетеді.
Поляк жерінен әскер қайтқанда Жаяу Мұса әскери міндетпен Тобол қаласында қалып
қоймаған. Одан келісімін Сұлтанғазы, Жаяу Мұса да Омбыда ұйымдасып жатқан Черняев
әскеріне қосылады. Бұл әскердің құрамында да өз тілегімен жиналған қазақ милициясы
болады. 1863 жылдың қараша айында бұл әскер Семейден өтіп қысты Алматыда өткізеді.
Жаз шыға жорыққа аттанып Пішпек, Тоқмақ қалаларын жаңадан басады. Содан кейін
Черняев әскері бірнеше уақыт Меркені салық етіп май айының соңында Әулиеатаны алуға
шығады. Міне бұл оқиға қысқа түрде болса да Мұсаның дәптерінде ашық көрсетілген.
Қыс қыстап майда бардық Әулиеата
Надандық қылықтардың бәрі қате
Халқы әулие ата қараған соң
Шымкентті көп талады бек шулата.
Бұдан кейін офицерлердің көбі Черняевтің келешек соғысына қатынаспай осы арадан
кейін қайтады. Шоқан мен оның інісі Сұлтанғазы М. Знаменскиймен бірігіп Алматыға
келеді. Солармен бірге Жаяу Мұса да еліне қайтып, содан кейін әскер жорыққа
қатынаспайды. Баянауладағы туған жеріне барып азаматтық борышын атқару ісіне
кіріседі.
Жылында 64-ші қайттым бері
Сонан соң Қаржас еліне болдым телі
Ел аман Қаржас пенен дұшпан екен
Қараған Шормановқа әммалары.
59
Жаяу Мұса жас шағының көбін қалада, жорық үстінде, қызық көру мен өткізіп, еліне
қайтып келген соң, неше түрлі қиын кезеңдерге жолығып, өз басының трагедиясы енді
осыдан былай басталады.
Жаяу Мұса еліне 10-12 жылдар өткен соң, көп жаңалық, көп біліммен қайтады. Қалада,
әскери жорықта жүргенде ол көп ғажайып нәрселерді көреді. Черняев экспедициясына
қатынасқанда Шоқанның, тағы өзге прогресшіл офицерлердің өз заманын сынап айтқан
еркін сөздерін тыңдайды. Оның тағы хамаша жері, бұл кез Россияда революцияда
толқыны ақ көбік шашып, қара шаруалар үшін реформа жүргізіліп жатқан кезі еді. Жаяу
Мұса Қазанда, Нижнийде, Мәскеуде, Петерборда, Варшауда болғанда оны өз көзімен
көреді. Осындай болашақтағы жаңа заманның күшті лебін өз көзімен көріп қайтқан Жаяу
Мұса, еліне келген соң бір ғана әділетсіздікті зұлымдықты, алдауды, күш жұмсауды
көреді, оған оның жаны күйіп, от болып жанады.
Шоқанның, М. Знаменскийдің зұлымдыққа қарсы айтқан сөздері оның көз алдынан еш
уақыт кетпейді. Сондықтан бұл әділетсіздік пен жалғыз жүріп күресуді ол өзіне міндет
етіп қояды. Жаяу Мұсаның бұл өмірін әдемі суреттейтін енді жалғыз ғана оның дәптерлері
емес, толып жатқан архив деректері, патша үкіметінің орындарына жазған оның көп
хаттары, арыздары. 1875- 1900 жылдар арасында Жаяу Мұса жылына кемінен бір арыз
жазып, ояз бен болыстардың сойқанды істерін, ел тонағыштығын көрсетіп, соның
салдарынан халықтың азғындап, кедей бола бастағанын сипаттайды. Егер бұл мәліметтер
бүгінге дейін сақталып келмесе, Жаяу Мұсаның басынан кешірген азаматтық борышын,
оның жарқын өмірін, жеткізе айту қиынға соққан болар еді. Бір бақытты жері мәселе олай
емес, Жаяу Мұса туралы архив мәліметтері орасан көп. Біз енді сол мәліметтердің
көрсетуі бойынша оның өмірін, ерлік істерін шолып көрейік. Жаяу Мұса еліне қайтқан
кезі патша үкіметінің қазақ даласында жаңа саясат («жаңа заң») жүргізіп жатқан кезіне
орай болатын. Бұл кез патша үкіметіне қарсылық көрсеткен күштердің көбін жойып,
Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосып жатқан кез болатын. Оны қосуға Жаяу Мұсаның өзі
де қатынасады. Бірақ әскердің бет алысына сын көзімен қарап, өз еркімен қосылып жатқан
елге күш көрсетіп кетеді. Бұл пікір жалғыз Мұсаның пікірі емес, ол жорыққа қатынасқан
озық офицерлердің көбінің пікірі болатын. Аз уақыттың ішінде алыста жатқан А.Н.
Герценге жетіп, ол кісі де бұған аса түңіле қараған.
17
Жаяу Мұса еліне келген соң жергілікті әкімшілік орындарының көзіне тез түседі. Оған
үңіле қараған әсіресе ояз басқарушылары. Олар Жаяу Мұсаға екі түрлі көзбен қарайды.
Бұл өзі көзі ашық не қылған кісі?
Екінші ондай пысық, орысша білетін кісіні жергілікті орындарға пайдаланып болмас па? -
деп. Бұл кез ояз бен болыстардың жаңадан құрылып оларды барлық империяға бір
тәртіпке түсіріп жатқан кез. Сондықтан, жергілікті әкімдерге де орыс тілін, әдетін білетін
кісілер жерден тапқан алтын мен бірдей болып көрінеді. Осы тұрғыдан қарап, болысты
басқаруға орысша жақсы білетін сенімді кісілерді кейде қаладан жіберіп отырады. Ондай
кісілер әдетте ояз бен губернаторлардың ығын табатын, олардың айтқанын бұлжытпай
орындайтын, олардың көмейіне ақша мен дүниені құйып отыратын, парақор, жебір болып
келеді. Жаяу Мұсаны да алғашқыда осындай болса – деп Айдабол-Қаржас еліне ауыл
басқару ісіне қояды.
18
Бірақ Жаяу Мұса олардай болып шықпайды, жергілікті орындарда
істеп жүріп ол жоғарыда айтқандай толып жатқан әділетсіздік, озбырлықты көрген соң,
17
"Колокол. Прибавочный лист. 1 августа, 1867, стр 6.
18
ГАО. Ф.з, оп 3, д. 12778.
60
әкімшілік ісіне жирене қарайды, болыстарды әшкерелей бастайды. Баянаула төңірегіндегі
әділетсіз зұлымдықтың түбі үш кісі де деп біледі. Олар Нұрым Теміров, Құсайын
Боштаев, Мұстафа Шорманов. Бұлардың ішінде Нұрым Теміров Түменнің саудагері,
генерал Полтарацкийдің ерекше сенген адамының бірі. Нұрым Полтарацкий кезінде
Семейге келіп орналасады. Қазақ ортасындағы оның даңқты аты «сарт Нұрым». «Жаңа
заң» жүргізетін кезде Полтарацкий ең сенімді кісі деп Нұрымды Баянаула дуанын
басқаруға жібереді. Мұнда келген соң Нұрымның істеген ісі Омбы мен Семейдің
ұлықтарына ақшаны ағылтып жинау кімде жақсы нәрсе болса, оны зорлықпен,
қорқытумен, күштеп алу. Нұрым өзі саудагер кісі болған соң, қандай нәрсе алудың жәйін
теріс білмеген. Жаяу Мұсаның арызы бойынша оның елді қорқытып алған бұйымдарының
ішінде «бәт құндыз, бұшпақ ішік, масаты кілем, қымбат сәукеле, халық шеберлері жасаған
әдемі бұйымдар». Бұл соңғыларды тегін алуды Полторацкий мен оның бәйбішесі де жек
көрмеген. Өйткені ол кісі «суретші» болғандықтан халық өнерінің кейбір өрнектерінің өз
үйінде тұрғанын қатты ұнатқан. Дала уәләятын басқарушы генерал-губернатор Г.А.
Колпаковскийдің атына кейінірек жазған бір арызында Жаяу Мұса Нұрым, Темір ұлының
қыр қазақтарына істеген озбырлығын төндіре айта келіп, ең соңында былай деген: «әдемі
қымбат, мүлікті қорқытып алумен осы күнде Нұрым Темірұлы барлық кедейлердің, тағы
өзге қазақтардың тынышын кетіріп болды... бұл іске өзіңіз рахым қылып бір жақсылық
істемесеңіз ақыл таусылып бітті».
19
Жаяу Мұсаның ойынша, қаланың саудагері Нұрым -
елді бұзушының басы (кейбір хаттарында Жаяу Мұса оны мазақтап «Саудагеров» - деп
отырады). Нұрым халық бұқарасын өзі қанап қоймайды, қасына еріп жүрген Құсайын мен
Мұстафа сияқты болыстарды халықты қалай соруға дәндетеді. Бұл ретте Жаяу Мұсаның
Нұрымды ұялас қасқырдың жыртқыш көкжалы етіп сипаттайды.
20
Жаяу Мұсаның айтуынша, Нұрымның ең сойқанды ісі шаруалардың бас еркіндігіне қол
сұғу, оларды топтап айдап, ояздың, губернатордың, өзінің үйінде еріксіз қара жұмысқа
салу. Колпаковксийге жазған арызында Жаяу Мұса бұл туралы тағы былай деген:
«шілденің 22 күні (Теміров) екі мыңнан артық үйді әскери губернатордың жарлығы
бойынша стражник пен қанша (сайдауыт) жігіттер қосып, қыстау түбінде пішен шауып
жатқан елді жетпіс шақырым жердегі өз үйінің қасына көшіріп апарады».
21
Мақсат оларға
тегін пішен шаптырып, егін ордыру, тағы басқа түрлі қиян жұмыстарға салу.
Ұлықтардың өзі қойған сенімді кісілеріне Жаяу Мұса осылай ауыз салған соң, әскери
губернатор бұған құлағын түріп, Жаяу Мұсаның сенімділігін тексеру үшін оязға
тапсырмалар береді. Ояз бұл істі, әрине, әділет жүзімен жүргізбейді, бұзақылық негізінде
бастайды. Ол үшін Жаяу Мұсаны арандату мақсатымен қылмыспен байланысты істерге
жұмсайды. Соның бірі патша үкіметіне қарсылық көрсетіп, Ақмола мен Қарқаралы
уездерінің арасында тығылып жүрген Бектеміс, Бәйіт дейтін атақты екі қашқынды тауып
кел деп жібереді. Жаяу Мұса бұл істі орындайды. Бірақ ояз бастығы Фарафонтов пен
екеуінің арасы ұшыға береді. Осы ретте Фарафонтов, Нұрым үшеуі қосылып Жаяу
Мұсаны құртудың соңына түседі, оған Мұстафа болыс та қосылады. Бұлар Жаяу Мұсаны
қашқын ұстайды, барымтаға қатынасады, жақын арада Ақпеттеу елінің қазағы Тіленші
Бекжановты өлтіреді деп өтірік жала жауып, Жаяу Мұсаны қалайда құрту керек екенін
айтып, оязға ұсыныс жасайды. Өзінің тілегені істеліп отырған соң Фарафонтов дереу
Семейдің әскери губернаторына ұсыныс түсіріп, «үлкен қылмысты болған» Жаяу Мұсаны
19
ЦГА, Ф. 64, oп. I, д. 4025, л. 51.
20
Ф. 64, on. 14025, л. 52-52 об
21
Ф. 64, oп. I, д. 4025, л. 5
61
тез абақтыға алуды сұрайды. Ондағы айтқаны «волостной» управитель не имея
возможности арестовать Байжанова просил содействия уездного начальника».
22
Мұса
Байжановқа көптен азуын басып жүрген губернаторға ояздың ұсынысы қатты ұнап кетеді.
Ол ешбір бөгелместен Жаяуды ұстап абақтыға жабуды керек етеді.
Бұдан кейін, 1875 жылы, қыркүйек айының басында Павлодар уезін басқарушы
Фарафонтов Жаяу Мұсаны ұстауға қаладан екі атты қазақ шығарады. Оларға берген
бұйрығында: «Мұса Байжановты ұстасымен оның аяқ-қолы кісенделіп қалаға жеткізілсін,
қалаға келісімен абақтыға жабылсын» дейді. Халық қадірлейтін әнші "көпшіліктің
тілегімен ұстадық" деп айту үшін, полиция кісілерінің барлығы ояз бен болыстардың
табанын жалайтын, олардың атарман-шабармандары, Мұсаны құртуға көмектескен оның
жаулары болады, соның бірі архивте аты жүрген Көбеев.
Мұсаның үйіне келген соң, олар қожаңдап ойына алғандарын істейді. Оның жылқысын
матап, қойын сойысқа жұмсап, бірнеше күн ішіп-жеп жатады. Бірақ Мұсаны таба
алмайды. Бұлардың келе жатқанын Мұса күні бұрын біліп Баянаула облысының беделді
адамы, өзінің досы Құдайберген Шормановтың ауылына барып тығылады. Бұл оқиға
«Шөкең ұлына» деген өлеңінде ашық сипатталған.
Мұсаны іздеп келген полиция адамы Поспелов Жаяу Мұсаны үйінен таба алмаған соң –
оны тауып бер, не жатқан жерін айт – деп, інілерін қысады. Інілерінің ішінен ер жүрек өзі
орысша Омбыда оқыған, еш нәрседен қорықпайтын кіші інісі Уәли қысымға шыдай алмай
Поспеловке бірнеше соққы береді. Жұмыс бұрынғыдан көрі насырға айнала бастайды.
Бұған ызаланған ояз – «Байжановтар, полицияға қарсылық көрсетті» - деп, дереу Семейдің
губернаторына хабар береді, екінші жағынан Жаяу мен оның інісі Уәлиді ұстауға қырға
бір топ полиция кісілерін шығарады. Жаяудың соңына түскен Павлодар мен Баянауланың
полициясы Жаяу мен оның інісі Уәлиді Баянаула жерінен іздеп таба алмайды. Жаяу
Қарқаралы, ҚУУ төңірегінде жүргенде оларды Семейден шыққан губернатордың өз
кісілері ұстайды. Олар Жаяудың қол аяғын кісендеп, Баянаулаға алып келе жатқанда, оны
көрген Жаяудың достары қатты толқып, полициямен соғысып, олардың қолынан Жаяуды
босатып алады. Бірақ жанжал үстіне олардың біреуі полиция бастығын ұрып, оның бетін
жаралайды, іс ушығып, қиындай түседі.
23
Ел аузында сақталған естелік бойынша, Жаяу
Мұсаны полиция қолынан босатып алған достары Шоқаманның Әбділдасы, Байдалының
Мұстафасы, Құдайберген Шөкенұлы. Бірақ Семей губернаторыныц Казанковке жазған
хатындағы сияқты бұлар полициямен соғыспаған. Олар тамаққа тойып, түнде ұйықтап
жатқан кезінде Жаяу Мұсаның аяқ-қолын кісенін босатып, сәйгүлік мықты аттарымен
інісі Уәли екеуін Омбыға қашырып жібереді. Архив деректері бойынша, іс насырға
айналған соң Жаяу Мұса Баян мен Қарқаралы төңірегінде тыныштықпен жүре алмай, енді
Ақмола - Атбасар жағына ауысып, 1875-1878 жылдар арасында «Қашқын болып» жүреді.
1941 жылы, Ұлытау Терісаққан өзеннің бойында болғанымда, ол жердің сексенге келген
қариялары Арыстан, Тұрсын, ақын Нияз Ожанов олардың он-он бес жастарында Жаяу
Мұсаның ол жердегі бағаналылар ортасында болып, тамаша ән салып жүргенін әңгіме етіп
отырады.
Алайда, Семейдің губернаторы (Полторацкий) Жаяуды ұстау мақсатымен Баянаула
аймағына үшінші рет полиция отрядын шығарады. Оның ішінде офицерлер, 30-40 қазақ
22
ГАО. Ф. 3, оп. 8, д. 12778.
23
ГАО, ф. з, оп. 8, 12778
62
сайдауыттары болады.
24
Олар Баянаула жерін көп уақыт сүзіп, Мұсаның ізін еш жерден
кездестіре алмайды. Ең соңында Дала уалаятының генерал-губернаторы Семей мен
Ақмола облысының халқына «боблық» жәйіп, «кімде-кім Жаяу Мұсаны көрсе қолма қол
ұстап оязға тапсырсын, не тұрған жерін айтсын» деп жарлық етеді. Бірақ Жаяу Мұсаның
тұрған жерін ешкім айтпайды. Ол екі үш жыл бойы қолға түспей, бір жерден екінші жерге
ауысып жүреді. Полиция кісілері оның Ақмола мен Омбы уездеріне жасырынып жүргенін
сырттан білсе де, нақтылы қай жерде жүргенін біле алмайды.
25
Жаяу Мұса осылай «қашқын» болып жүргенде патша үкіметінің жергілікті орындары
оның қорғансыз қалған ата-анасын, туысқандарын ойран-топыр қылып, олардың мал-
мүлкін талауға түсіреді. Мұсаға ең жақын деген сегіз үйді Семейдің губернаторы өзінің
ата қонысынан қуып, қыстың суық айларында Күлке-қаржас елін басқаратын Мұстафа
болыстың қарауына тапсырады. Бұл істердің аялғысы Мұстафа болысқа сенгендік, және
кейін Далба аталған болыстың бұл болысқа бірде кіріп, бірде бөлініп жүруінен болған.
Бірақ олардың қосылып бір болыс болғанына Жаяу Мұса бүтіндей қарсы болған. Оның
дәптерінде: «1864 жылы келдім бері, сонан соң қаржас еліне болдым телі» деп наразылық
білдіру – осы қарым-қатынастан туған.
Семей губернаторының Жаяу Мұсаның туысқандарын өз елінен бөліп Мұстафа болысқа
кірме етіп беруі – әдемі кек мақсатымен істелген.
Туысқандарының жәбірлік көргені бірнеше уақыт өткен соң Ұлытау даласына жүрген
Жаяу Мұсаға жетеді. Оған қапа болған Жаяу Мұса, басқа дәрмен болмаған соң, 1876
жылы, 10 мартта: Дала уәләятын басқаратын генерал-губернатор Казанковқа арыз жазып,
барлық жәбірлікті бастан аяқ суреттеп айтады.
26
Туысқандарын кім, қалай талағанын өз
көзімен көрмей, ұзақ жерде жатып естіген соң, нақты талаушыларды бастап келген ауыл
билеуші Жафек Көбеев – деген. Жафектің өзі, әрине, талауға қосылмаған болу керек, ол
тек жергілікті ресми қызметкер болғандықтан айғақ ретінде қатынасуы мүмкін: Өзінің
таланған туысқандарынан Жаяу Мұса арызында мына кісілерді көрсетеді:
Шекей Жымыров (Көкшенің інісі)
Саттыбай Шекеев
Бөке Доғалақов
Көке Шымыров (Қызылжардағы Көкшенің інісі)
Елеусіз Бекеев
Тайжан Төбетов
Байжан Төбетов
Қали Байжанов (Мәліктің әкесі)
Бұл арызда саяси әдіс қолданып, өзін хат білмейтін қараңғы қазақ етіп көрсеткісі келген
(«Хат білмейтін Мұса Байжанов үшін оның сұрауы бойынша Жұман Жабық ұлы қолым
қойдым»), Мұндай әдіс қолданудың негізі, ол кезде оқыған кісіден оқымаған қараңғы
кісіге босаңдау қарайтын. Бірақ Дала уалаятын басқаратын ұлықтар, оның ішінде
Семейдің әскери губернаторы Мұса Байжановтың «хат білмеймін» дегеніне нанбайды.
24
ГАО, Ф. 3, оп. 8, д. 12778.
25
Ф. 64, оп. Д. 4025, л. 47-47 об.
26
Дело о жалобе киргиза Муса Байжанова. ГАО, Ф. 3. оп. 8, д. 12778.
63
Оның генерал-губернаторта жазған анықтамасында «Байжановтың қазақша сауаттылығы
былай тұрсын, орысша жақсы біледі. Оның үстіне Жұман Жабяқов деген жоқ» дейді.
Жаяу Мұса ұшқыр ойдың адамы. Басқа елдің ортасында қаздай қалып әнін шырқап жүрсе
де көп уақыт «қашқын» болып жүруден қажиды. Соңғы жылдары ол тағы да Қызылжар
қаласына келіп Көкшенің үйінде жасырынып жатады. Бірақ оның «Омбы уезіне» келгені
полиция орындарына еміс-еміс біліне бастайды. Осы кезде Жаяу Мұса жасырынып
жүруін қойып, Омбыдағы әкімшілік орындарына өзі келіп кешірім сұрайды.
Жаяу Мұса Омбыға 1877 жылы, январь айының 30 күні келіп генерал губернатордың
кеңесін басқаратын Тычинскийге жолығады. Келіп – мен Мұса Байжановпын дегенде,
оның атын күн сайын қағаз бетінен жолықтыратын кеңес бастығы елең етіп, бірнеше
уақыт оның бетіне қарап, таң қалып отырып қалады. Содан кейін ол Мұсаның не істегенін
қайда болғанын, бұл кездесуді суреттейтін ол кезде журналист болса әрине, оның майын
тамызып жазған болар еді. Бірақ бұл жазу кеңесінің шала сауатты, тұрпайы, кібіртік
болып жүрген Жаяу Мұса әбден қажып, жетім-жесір қалған ата анасын ойлап, енді
соларды көргісі келіп, басынан кешірген оқиғасын тегіс жайып салады. Тычинскийдің
жазуынан алатын болсақ, ол бұрынғы арызынан бас тартып, олардың көбін «жалған
жазған едім» деп жалтарады. Бұл тегіне жазадан құтылу үшін қолданған әдіс болу керек.
Олай болмаса, арыздардың мазмұнында жалғыз айтқанның ешбір сілемі жоқ, оның
бәрінде шындықтың, болған әділетсіздіктің суреті ашық көрініп тұр. Және ол әділетсіз бен
жәбірліктің тарихы жалғыз ғана Жаяу Мұсаның арыздарында емес, халық ойында да
сақталған. Мұнда ескеретін тағы бір жағдай «Мұса айтты» деп, Тычинскийдің өзі жалған
жазу мүмкін. Ондай өтірік жазу ол кездегі қағазда екінің бірінде жолығып отырады. Жаяу
Достарыңызбен бөлісу: |