Сегіз сері Сегіз сері өз заманының беткеұстарлары Исатай, Махамбет, Құрманғазы, Шернияз, Сүйінбаймен төс қағысқан дос болған. Ол «Гауһартас», «Мақпал», «Қарлығаш», «Әйкен-ай» әндерін, «Қосқыран» (Исатай-Махамбет туралы), «Қызыл нар», «Ақ қайың», «Алмас қылыш», «Семсер», «Есіл» күйлерін шығарған. Ұлы суреткер Ғ.Мүсірепов Сегіз серіні «Атақтының атақтысы» деп бағаласа, «Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері, солардан үлгі алған мен Біржан сері» дейді ән сұңқары Біржан ақын. Сегіз сері көкірек көзі ояу өнерлі Жаяу Мұсаны өз тобына қабылдайды. Бұл кезде ол сыбызғы, сырнай, скрипка, қобыз аспаптарында ойнауды үйренген еді. Соның алдында Сейітжан салдан әншілік пен домбырашылықты меңгерген. Сегіз серінің көзін көрген, сөзін тыңдаған, үлгі-өнегесін бойына дарытқан Жаяу Мұсаның «Ер Сегіз» дастанында біртуар жанның өнерпаздық тұлғасы сыршылдықпен сипатталады. Мына жолдар соның бір айғағындай: «Жігіттер, өнер қусаң, Сегізге ұқса, Шәкірті ем Сегіз сері атым Мұса. Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой, Үш жүзде Ер Сегіздей көп ұл туса» деген жолдарда серінің бүкіл болмысы дәйектеледі. Ал Сегіз серінің «Толыбай» дейтін әнін Манарбек Ержанов Әміре Қашаубаевтың өз аузынан үйренген (З.Қоспақов, «Талайды тамсандырған Манарбек», «Қазақ әдебиеті», 1992 жылғы 17 шілде). Заманының сұңқары Сегіз сері шығармашылығында көркемдік құбылыстармен қатар арғы-бергі ғасырларда тарих сахнасына шыққан атақты абыз-билер, баһадүр батырлар, хандар, ділмарлар есімі молынан ұшырасады. Мысалы, «Сегіз серінің батасында» Асан қайғы, Әнет баба, Әз Жәнібек, Әз Тәуке сынды тарихи тұлғаларға сындарлы сипаттама беріледі. Өзінің табиғи қабілеті мен өнер . білімге деген құмарлылығы арқасында Ақан жас кезінен бастап . ақ сауатын ашып, Шығыс поэзиясының үлгілерімен танысып, өз жанынан да ән . өлең шығарып, болашағы бар дарынды ақын . әнші екендігін байқатады. Сөйтіп, «Ақын . Ақан» деген атқа өте ертеден . ақ ие болады. Ал Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әрнәрсеге әуестігімен көзге түседі. Он төрт жасынан бастап Ақан даңқы оның туған ауылынан алысқа тарап, кемеліне жеткен ақын, талантты сазгер ретінде танылады. Кәмелетке толған шағында сәнді қымбат киім киіп, жолдастарымен ауылдан ауылға қыдырып, сал . серілік өмірді өткізе бастайды. Көптеген сал . серілер тәрізді Ақан да аңшылыққа құмар болады. Құсбегі, тазшыл, атшыл Ақан жүйрік тазы, лашын, қыран ұстайды. Оның шығармашылық өнерінде өз өмірінің осы қырлары айқын бейнеленеді. Ақанның «Көкжендет», «Бозторғай», «Қараторғай» әндері аң аулайтын құстарға арналса, Алты Алашқа тараған «Құлагер», «Маңмаңгер» әндері өзінің сүйікті сәйгүлігі Құлагерге арналып шығарылды. Ақан сері әндерінің бірең . сараңы болмаса, көпшілігі асқан көркемдікпен жазылған. Ол . шебер лирик ақын. Оның әндерінде сезім дүниесі басым жатады. Ақын өз лирикаларына дәл келетін нәзік бейнелерді таңдай біледі. Ел ұғымындағы әрі көркем, әрі сұлу аяулы нәрселерді талғап ала біліп, соны айшық етеді. Көркем теңеу, метафора тағы басқа да көркемдік, нәзіктікті бейнелейтін сөздер мол болып келеді.