Сал серілер



бет3/3
Дата10.12.2022
өлшемі2,35 Mb.
#56265
1   2   3
Байланысты:
Презентация сал сері

Ақан сері
Ақанның сұлулықты сүйіп, сөз маржанын тере білген, оқушысының сезімін тербету арқылы ойын қозғауды мақсат еткен ақын . композитор екенін әр бейнесі дәлелденгендей. Ақан әндерінде туған жерге, табиғатқа, сүйікті сәйгүлікке деген сүйіспеншілік, махаббат тақырыптары жан . жақты ашылып, негізгі арқау болған. Ақанда қыз . келіншектер бейнесіне арналған лирикалық әндер тобы біршама баршылық. Бұл әндерге «Ақтоты», «Үш тоты құс», «Балқадиша», «Сырымбет», «Терқатқан» және басқа көптеген туындыоары жатады. Бұл аталған әндер өзінің мазмұнына қарай өмірбаяндық сипатта шыққан. Шынында, Ақан мен Ақтотының махаббат тарихы халыққа кең тарап, үлкен драмаға толы оқиғасымен белгілі. Бұл жайында А.Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдары» кітабында жазып кеткен.
Оның өлеңдерінде араб, парсы сөздері де аз емес. Ол дін мектебінде өте жақсы оқып, өзінің қабілеті, зеректігініңарқасында аз жылда көп нәрсе біліп, мектептен кеткеннен кейін де өз бетімен оқу үйренуден қол үзбеген. Өйткені оның «Тағырипың» атты ұзақ өлеңінде шағатай тілі, осман, түрік тілдерінде шыққан сүйіспеншілік, ғашықтық жырлары: «Жүсіп . Злиха», «Ләйлі . Мәжнүн», «Сейпіл . Мәлік . Жамал», «Фархад . Шырын» тағы басқалары Шығыстың лиро . эпостарымен жақсы таныстығын және олардан үлгі алып, творчестволық жолмен үйренгендігін аңғартады.
Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.
Оның халық арасына кеңінен тараған әндері — «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет