Тақырып 4. Кәсіпорынның еңбек қорларын дамыту (1 сағат)
Дәріс жоспары:
Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы
Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері
Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері
Практикалық сабақ (1 сағат)
Есеп жинағы бойынша берілген тақырыптың 3.1., 3.3 тапсырмаларын орындау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
Әдебиет
Дәрістер
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 220-230 б.
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 203-218 б
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 208-223 б.
5. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 36-44 б
6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер
жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 33-35 б
Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3), сұрақтарға жауап беру.
1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы
Кәсіпорынның барлық жұмыскерлері өнеркәсіпті-өндірістік персоналға (ӨӨП) – өндірісте істейтін және оған қызмет көрсететін адамдарға және өнеркәсіптік емес персоналға– өнім өңдіруге қатыспайтын адамдарға бөлінеді. Кәсіпорынның адам санын және еңбек өнімділігін есептеуде тек ӨӨП көрсеткіші қолданылады. ӨӨП-ның жалпы саны келесі бөліктерден тұрады:
Жұмысшылар – еңбек затына тікелей әсер ететіндер – негізгі және көмекші болып бөлінеді.
ИТЖ – инженерлі-техникалық жұмыскерлер –кәсіпорынға ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық басқарумен айналысатын адамдар.
Қызметкерлер – Құжаттармен айналысатын, есепті, есеп жүргізу, талдау жұмыстармен жұмыскерлер.
КҚП – кіші қызмет көрсетуші персонал.
Оқушылар – Кәсіпорында оқитын және оның тізімінде тіркелген адамдар.
Қорғау бөлімі – қорғаудың барлық түрлері.
Қазіргі кезде ӨӨП саны келесі формула бойынша табылады:
ӨӨП құрылымы деп жұмыскерлердің белгілі бір категориясының жалпы санындағы пайыздық үлестерін айтады.
, мұндағы чi –i-й топ жұмыскерлер саны.
Жұмыскерлер сондай-ақ, мамандығына, кәсіби мамандығына және біліктілігіне қарай бөлінеді. Нарықтық жағдайларда жаңа пайда болған мамандықтар: мысалы, брокер, дилер, маклер, дистрибьютор, коммивояжер, т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |