Тақырып 9. Өндірісті ұйымдастыру пәні ғылым ретінде.(1 сағат) Дәріс жоспары: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі
2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті
3. Негізгі өндіріс түрлері.
Дәріс: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі - өндірістің барлық элементтерінің уақытта және кеңістікте үйлесімді байланысын қамтамасыз ету. Негізгі өндірістің элемменттеріне еңбек, еңбек заттары және еңбек құралдары жатады.
Еңбек деп еңбек құралдарының көмегімен адамдар өздерінің мақсаттарына сәйкес іс - әрекеттерімен, өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін еңбек заттарын өзгерту процесін айтамыз. Еңбек өндіріс элементі ретінде үздіксіз дамиды, сапасы мен өнімділігі артады, нәтижесінде бүкіл өндірістің экономикалық көрсеткіштері жақсарады.
Еңбек заттары деп өндіріс процесінде еңбек құралдарының көмегімен өндірілетін шикізат және материалдарды айтады. Басты мақсаты тұтынуға жарайтын өнімді шығару.
Еңбек құралдары көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді. Еңбек құралдарының бірнеше түрі бар:
а) еңбек құралдары (аспаптар, машиналар)
б) өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар, бөшкелер)
в) жер, өндірістік үйлер, құрылыстар, темір жол және т.б.
г) электр қуаты, бу, химиялық, физикалық қосылыстар және т.б.
Олардың көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді.
Еңбек нәтижелілігі, тиімділігі және жұмыс сапасы кәсіпорындардың техникалық жабдықтау деңгейіне және берілген жұмыс жағдайларына байланысты.
2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті Негізгі өндіріс үздіксіз қозғалыста, дамуда болады. Негізгі өндірістің даму қарқыны оның барлық элементтерінің пропорционалды жетілдірілуіне байланысты. Егер осы элемменттердің біреуі қалғандардан қалып қойса, тепе-теңдік бұзылады. Ол шикізаттың, материалдардың және жұмыс уақытының босқа шығындалуына әкеледі. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті - өндіріс элементтерінің барлық байланыс тәсілдерін, олардың ерекшеліктерін, даму жағдайларын зерттеу; шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеп, жоғары сапалы дайын өнімнің жоспарланған көлемін шығару; кәсіпорынның еңбек, шикізат материал ресурстары, энергияның шығындарын ең аз қылып; жабдықтарды толық пайдалану.
Өндірісті ұйымдастыру - өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы өсіру мақсатында өндірістің заттық элементтерін және еңбекті біріктіру формасы мен тәртібін қамтамасыз ететін, ережелер, процестер мен әрекеттер жиынтығы.
Пәнде - кәсіпорынның өндіріс құрылымы және оны жетілдіру жолдары, өндіріс процестерін тиімді ұйымдастыру әдістері, көмекші өндірісті.шикізат пен материалдармен өндірісті қамтамасыз ететін бөлімді, өнім сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру әдісттері зерттеледі.
Өндірісті ұйымдастыру әдістерін дұрыс пайдалану үшін сол кәсіпорындағы техниканы және технологияны білу қажет. Бұл пән техникалық ғылымдармен тығыз байланысты.