3. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын, данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту. Әрбір дананы немесе үсақ беріліс партиясын шикізат пен жартылай фабрикаттың барлық партиясын өңдеу аяқталмастан, алдыңғы операция аяқталған кейін келесі операцияға жібереді. Жартылай фабрикаттар операциялар арасында біраз уақыт ішінде запаста болуы мүмкін. Запаста емес еңбек заттарын басқаларымен паралелльді береді және өңдейді. Әрбір операцияны процесс тактысы мен басқа операциялар тактыларына тәуелсіз өз тактысымен орындайды. Операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запасы болса және операцияның орындалуы процесс тактысына тәуелсіз болса, өнімділігі бойынша жабдықты толық пайдалануға қолайлы жағдай туады.
Шикізат партиясын өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады:
k е в
Тпп = tm ( N - 1 ) + å tpi + å ti + ( N – 1 )å (tб – tm ) ; k + e = m ;
і=1 і=1 і=1
tm - соңғы операция такты,мин; в - өзінен кейін кіші такты бар операция, операциялар саны; tб ; tm- шектес екі операцияның , сәйкес үлкен немесе кіші тактысы,мин
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Еңбек заттарының қозғалысының түрлері деген не?
2. Еңбек заттарының қозғалыс түрлері қандай?
3. Ең ұзақ қозғалыс түрі
4. Қай қозғалыс түрлерінде запас жиналады?
5. Параллель қозғалыс түрінде үзілістерді қалай анықтайды?
6. Процесті синхронизациялау деген не?
Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 13. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. (1 сағат) Дәріс жоспары: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. 2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу.
3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу.
Дәріс: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. Негізгі өндірісті ұйымдастыруда жеке, партиялық және тасқынды әдістер қолданылады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісі жеке өндірісте шығарылатын ерекше стандартты емес, қайталанбайтын өнімдерді шығарудың өндіріс процесін құру. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісінің мәні бастапқы материалдарды, жабдықты, жұмыс күшін, техникалық және экономикалық құжаттарды мұқият дайындау. Өндіріс процесін алдымен барлық құраушы бөліктерін дайындап алып, оларды дайын өнімге біріктіріп ұйымдастырады.
Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдісі өнім партиясын дайындауға өндіріс процесін құру. Еңбек заттарының барлық партиясы процесс операциялары бойынша жүйелі өңделіп, жұмыс орындарына данаға бөлінбей беріледі.
Негізгі өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде шикізат пен материалдар технологиялық жүйелілікпен, бекітілген ритмде, үздіксіз және барлық операцияларда бір уақытта дайын өнімге өңделетін өндіріс процесін құру. Кең жұмыс аумағы мен параллелдік принципін қолдану тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырудың басты шарты. Тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырғанда технологиялық процесті бірдей тактілері бар операцияларға бөледі. Операция тактілерін теңестіру процесс пропорциональды болу үшін және операциялар ортасындағы запастарды жою, азайту үшін қажет. Процестің пропорциональды болуы жабдықты толық пайдаланудың және эксплуатациялық шығындарды азайтудың басты шарты. Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісін жаппай өндірісте қолданады.
Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде еңбек заттарының параллельді немесе аралас қозғалысын қолданады. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрінде операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрінде
жартылай фабрикаттардың запастары пайда болады және ол ауысымдық жоспарлы тапсырманы орындау соңында толық өңделеді.