26
Анафилаксия (грек. ana — қайтадан, aphylaxіa —
қорғансыздық) – анафилаксия; антигенді қайталап
енгізуге организмнің сезімталдығы.
Анафилактический шок – анафилаксиялық талықсу.
Анаэробиоз (грек. an – жоқ, aer — ауа, bіos — тіршілік)
– анаэробиоз; ауасыз ортадағы тіршілік.
Анаэробная диарея цыплят – балапандардың
анаэробтық іш өтуі.
Анаэробная дизентерия поросят – торайлардың
анаэробтық дизентериясы.
Анаэробная дизентерия ягнят — қозылардың
анаэробтық дизентериясы.
Анаэробная инфекция — анаэробты
инфекция
;
ауасыбағасыз микробтар қоздыратын инфекция.
Анаэробы –
анаэробтар, ауасыбағасыздар (ауасыз орта-
да тіршілік ететін организмдер).
Анаэростат —
анаэростат;
анаэробтарды өсіретін аспап.
Ангиология (angіologіa; грек. angeіon — тамыр, logos
— ілім) – ангиология; жануарлар организмдеріндегі
жасушалық және ұлпалық деңгейдегі зат алма-
суды, көптеген мүшелер мен мүшелер жүйелері
қызметтерінің сұйықтық (гуморальдық) реттелуін,
организмнің иммундық және фагоцитоздық
қорғанысын қамтамасыз ететін тамырлар жүйесі
мүшелерін зерттейтін ілім.
Достарыңызбен бөлісу: