9
өзім, өздігінен; лат. radіo — сәуле; грек. grapho —
жазамын) – авторадиография; зерттеу нысанындағы
(жануарлар жасушалары, ұлпалары, мүшелері)
белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу
мөлшерін талдауға арналған цитологиялық әдіс. Ав-
торадиография әдісі — биологияда, медицинада, ве-
теринарияда қолданылады.
Автосиндез (грек. autos — өзім, өздігінен; syn — қосылу)
– автосиндез; біртекті геномдар (мысалы аталық ге-
ном – А—ның А—мен немесе аналық геном – В—ның
В—мен) хромосомаларының тек өзара қосылу (конъ-
югация) құбылысы.
Автотрофы (грек. autos – және trophe — қорек,
қоректену) — автотрофтар; бейорганикалық заттар-
дан (көмірқышқыл газ, су, азоттың бейорганикалық
қосылыстары) фотосинтез (жасыл өсімдіктер) және хе-
мосинтез (кейбір бактериялар — хемотрофтар) арқылы
күрделі органикалық заттарды (нәруыздар, майлар,
көмірсулар) түзетін организмдер.
Автофагия (грек. autos — өзім, өздігінен; phageіn
— жеу, жою, жемірлік) – автофагия; жасуша ци-
топлазмасында түзілген артық заттарды, мыса-
лы қалыптан артық мөлшерде түзілген гормон
дәншелерін (түйіршіктерін), жасушадағы өзінің
лизосомаларының көмегімен жою құбылысы. Өзінде
түзілген заттарды ерітіп жоятын лизосомаларды
ав-
Достарыңызбен бөлісу: