10
жарық спектрінің көрінетін көгілдір түсті аймағында
байқалады.
Агалактия (грек. a — жоқ, galactos — сүт; лат. lac –
сүт)
– агалактия, сүтсіздік; желіндегі сүттің түзілу
процесінің тиылып тоқтауы. Желінсау, аусыл,
іштастау, эндокринді
бездер қызметінің бұзылуы
т.б. себептерге байланысты желін паренхимасы
бұзылып, оның орнын дәнекер ұлпасының басуы
салдарынан өрбитін дерт.
Агаммаглобулинемия (a — жоқ және гаммаглобу-
лин) – агаммаглобулинемия, гаммаглобулинсіздік;
қандағы гаммаглобулиннің жеткіліксіздігі.
Агломерация (лат. agglomero — қосу, жинақтау) – агло-
мерация; қоспа түзу.
Агглютинация
(лат. agglutіnatіo – жабысу,
желімдену) –
агглютинация, жабысу, желімдену;
өзіндік антигендік қасиеттері бар сұйықтағы қан
жасушаларының, мысалы эритроциттердің, ар-
найы антиденелер –
агглютининдердің әсерінен
бір-бірмен жабысып тұнбаға түсуі. Агглюти-
нация реакциясы қан топтарын анықтау үшін
қолданылады.
Агглютинины – агглютининдер; эритроциттерді неме-
се басқа заттарды
жабыстырып желімдейтін заттар,
антиденелер.
Агглютиногены – агглютиногендер; антиденелермен
әрекеттесетін антигендер.
Агевзия – агевзия; дәм сезімталдығының (татымның)
жоғалуы.
Агенезия (грек. a — жоқ және genesіs – шығу тегі,
жетілу) – агенезия, кемтарлық; түрлі себептерге (зи-
янды
сәулелер, улану т.б.) байланысты жыныс жа-
сушалары хромосомаларындағы ақауларға сәйкес
кейбір дене мүшелерінің туа жетілмей қалуы,
төлдің
кемтар тууы.
Достарыңызбен бөлісу: