Аденокарцинома (грек. aden – без, karkіnoma — ісік) –
аденокарцинома; безді мүшелерде (желінде, қарында
т.б.) өрбитін қатерлі ісік
Аденома – аденома; бездерде безді эпителий ұлпасынан
қалптасатын қатерсіз ісік.
Аденоматоз – аденоматоз; мүше ұлпаларының без
тәрізді шоғырланып өсуі, мысалы, өкпе аденомато-
зы. Аденоидты Аденоидный (грек. aden – без; eіdos
— түр) – аденоидты; түр сипаты мен құрылысы без-
ге немесе лимфоидты ұлпаға ұқсаған гистологиялық
құрылым.
Адецидуаты (грек. а — жоқ; лат. decіduus — түсіп қалу,
бөліну) — адецидуаттар; буаздық кезеңінде, жатырдың
ішкі кілегейлі қабығында (эндометрийінде) төл туғаннан
соң арнайы бөлініп түсетін қабықша түзілмейтін жану-
арлар. Адецидуаттарға барлық тұяқты үй жануарлары
жатады.
Адинамия (грек. a – жоқ, dynamіa – күш) – адинамия,
күшсіздік; организмнің (ашығу мен түрлі ауруларға
байланысты) қозғалыс белсенділігінің төмендеуі,
қозғалуға қабілетсіздік.
15
Адонизид – адонизид; угүлжапырақтан алынатын
жүрек дәрісі.
Адонис весений – угүлжапырақ (жүрек гликозидтері
алынады).
Адреналин (лат. adrenalіnum; лат. ad – маңында,
қасында; ren — бүйрек) – адреналин; бүйрекүсті
безінің бозғылт затын құрайтын хромаффинді жа-
сушалар тобының адреноциттері бөлетін гормон.
Адреналовая система – адреналдық жүйе; хромаф-
фин жасушалары топтарынан құралған ірілі—уақ
құрылымдар жүйесі.
Адренокортикотропный гормон – адренокор
тико-
троптық гормон; бүйрекүсті безі қыртысты затының
қызметін күшейтетін гипофиздің алдыңғы бөлігінің
гормоны (АКТГ).
Адренэргическая нервная система — адренэргиялық
жүйке жүйесі; вегетативтік жүйке жүйесінің
жүйке түйіндерінен (ганглийлерінен) кейін
орналасқан (постганглионды) симпатикалық жүйке
талшықтарынан құралады. Олардың жүйке ұштары
адреналин және норадреналин олигопептидті нейро-
гормондарын бөледі.
Адсорбент – адсорбент, тұтқыш зат; өзімен жанасқан
улы заттарды бойына сіңіріп, денеге дарытпай ұстап
тұратын, суда ерімейтін, химиялық реакцияларға
түспейтін қатты зат (белсендітілген көмір, тальк, ақ
балшық т.б.).
Адсорбция (лат. adsorbtіa; ad — үсті, беті; sorbeo — сіңі-
ру, тұту) — адсорбция, тұту; қоймалжың жасу-
ша цитоплазмасының сыртқы бетіндегі коллоидты
бөлшектер – мицеллдер кешенінің, беткейлік қуат тың
(энергияның) әсерінен еріткіш (дисперстік) ор
та
дағы
электролит иондарын не басқа ертінді құрамындағы,
немесе газдардағы бөлшектік заттарды тұтып сіңіруі.
Адъюванты – адъюванттар; вакцинаның әсерін
күшейтетін қоспалар.
|