19
Александрийский лист (сенна) – ешкісабақ; іш айдағыш
дәрі.
Алеутская болезнь норок – күзеннің Алеут ауруы.
Алиментарный – алиментарлық; азық арқылы беріледі,
жұғады деген мағына береді:
-
алиментарная анемия молодняка – төлдің
алиментарлық қаназдығы;
-
алиментарная инфекция – алиментарлық инфекция;
-
алиментарное истощение – алиментарлық жүдеу,
көтерем болу.
Алкалоз (лат. alcalі – сілті) – алкалоз; жануарлар
организмінде қышқыл—сілті теңдігінің бұзылуы
нәтижесінде қан құрамында сілті катиондарының
қалыптан тыс көбеюі.
Алкалоиды (лат. alcalі – сілті, грек. eіdos — түр) – ал-
калоидтар; органикалық азотты сілтілі заттар.
Өсімдіктерден алкалоидтардың 10000 астам түрлері
алынады. Олар негізінен жүйке жүйесіне әсер етеді.
Сондықтан, олардың өкілдері (кофеин, морфин, эфе-
дрин, стрихнин, атропин, пилокарпин, ареколин
т.б.) медицина мен ветеринарияда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: