Салаларының бірі ауыл шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет12/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   240
Аккомодация (лат. accomodatіo — бейімделу) – аккомо-
дация, көндігу, бейімделу. 
Аккомодация глаза – көз аккомодациясы; мысалы, 
көздің әр түрлі қашықтан көруге бейімделуі. 
Аккумулирование (лат. accumulatіo – жинақтау) – 
жинақтау; дәрі әсерінің организмде жинақталуы.
Аконит – уқорғасын; күшәла шөп.
Аконитин – аконитин; уқорғасындағы органикалық 
азотты зат. 
Акробустит – акробустит; күпектің қабынуы. 
Акромегалия (akromegalіa; грек. akron — аяқ, қол; 
megas — үлкен) – акромегалия; гипофиз адено-
масы (аденогипофиздің ісігі) кезінде өсу гормоны 
— соматотропиннің шамадан тыс көп мөлшерде 
бөлінуіне байланысты жануарлар бас сүйектері (жақ 
және қабақ сүйектері) және аяқтар сүйектерінің, 
сондай—ақ ішкі мүшелердің шектен тыс дамып өсуі.
Акромион (грек. acros — ұшы, шеткі; omos — иық) – акро-
мион, жауырын өсіндісі; жауырын қырының төменгі 
ұшындағы өсінді. Акромион — жұп тұяқты жануар-
лар (сиыр, қой, ешкі және т.б.) мен жыртқыштардың 
жауырындарында болады, ал тақ тұяқты жануарлар 
(жылқы, құлан, есек) мен талғаусыздар (шошқа) жа-
уырындарында болмайды.
Акроподий (acropodіum; грек. acros — ұшы, шеткі; лат. 
podіum — аяқ, негіз) – акроподий; аяқтардың еркін 
қозғалатын бөлімінің соңғы бөлігі — аяқ бастарының 
(автоподийлердің) ұшындағы бақайлар. 
Акросома (acrosoma; грек. acros – ұшы, шеткі; soma — 
дене) – акросома; сперматозоид басының алдыңғы 
бөлігінде орналасқан оймақ тәрізді құрылым. Ол 
— құрылысы күрделі өзгерістерден өткен Гольдж” 
кешенінің туындысы. 


18
Акросомная реакция — акросомалық реакция; 
ұрықтану кезеңінде сперматозоид басының 
жұмыртқа жасушасына жанасуы кезінде акросо-
ма қабықшасының еріп, акросомалық жіпшелердің 
жұмыртқа жасушасы қабықшаларына ену реакци-
ясы. Электронды микроскопиялық зерттеуге дейін, 
акросома ұрықтану процесі кезінде жұмыртқа жа-
сушасы қабықшаларын қандауыр тәрізді тесіп өтеді 
деген жаңсақ ұғым болған. Шын мәнінде, жұмыртқа 
жасушасындағы ұрықтану төмпегінің пайда болуы 
осы акросомалық реакцияға байланысты. 
Аксон (грек. axon – білік, ось) – аксон, нейрит; цито-
плазмасында нәруыз түзуші органеллалары болмай-
тын нейроциттің жіп тәрізді ұзын өсіндісі. Аксон — 
жүйке толқынын нейроцит денесінен, яғни перика-
рионнан (нейроциттің ядро орналасқан бөлігі) басқа 
нейроциттерге немесе орындаушы мүшелер жасуша-
ларына өткізеді. Аксонды “нейрит” — деп те атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет