Волейбол ойыны арқылы, бұлшық еттердің барлық топтарының, секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігін үйлесімді дамуына көмектеседі.
Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдылығы, орындалатын қимыл-қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болды. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болды.
Волейбол ойынының пайда болғанына 100 жылдай уақыт өтті. Волейбол ойыны бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Волейболды әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды. Бір команданың ойыншылары алаңның ортасына тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекараларынның ішінне түсетіндей немесе қарсыласы ойын ережелерін бұзып қабылдап,қарайтындай ретте бағыттайды. Алаңның ұзындығы -18, ені 9 метр болып тор арқылы екі тең бөлікке бөлінеді. Жарыс үш немесе бес кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді. Оқушылар жарыстары көп жағдайда 3 партиядан тұрады. Дұрыс тұра білу-жаңа бастаған волейболшылар үшін шарт. Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей,шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді.. Оған себет-доп алақанға көбірек кідіріп қалуы мүмкін. Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін кідірік қалуы. Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады.Ұшып келе жатқан допты кейін, қолдарын алға кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсылады. Соққы допты күшті тиюі үшін қолдын ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс. Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.
Түсіну:
Волейболда допты берудің екі тәсілі болады. Допты жоғарыдан беру.
-Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады.
-Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.
-Допты төменнен беру.
-бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды.
- бірінші ойыншы лақтырып береді,әріптесі жоғарыдан қабылдайды:
-екі-екіден бір-біріне қарама-қарсы тұрып 1-ші оқушы жоғарыдан береді, 2-ші оқушы төменнен қабылдайды.
Допты жоғарыдан қабылдау тек саусақпен орындалады.
Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын қайталау.
Әріптесімен төменнен берудегі орындалатын жаттығулар жоғарыдан тура берудегі жаттығулар сияқты орындалады, тек төменнен қабылдау арқылы орындайды. Осылай ойыншы допты жоғары алға, жоғары жанына лақтырады, ойыншы допқа жүгіріп шығып допты төменен қабылдап, қайта береді.Допты енкейген қалыпта блекпен қабылдайды, және кеудемен құлап қабылдауға болады.
Допты қабылдау әдістері:
1-жаттығу Волейбол добын төменнен қабылдау әдісі.
(Қолды төменнен қою арқылы, алақанды бір-біріне жинау бағытымен допты
қабылдау кезі)
2-жаттығу Допты қабылдаудағы негізгі әдіс.
(Допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрысын орындайды)
3-жаттығу Допты қайтару әдісі, соғу.
(Допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек)
4-жаттығу Допты төменнен қабылдау кезіндегі жоғары көтере отырып шығарып жіберу әдісі.
(Бұл жерде допты келесі жаққа шығарып жібереді)
5-жаттығу Допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі. Келесі кезекте: Сынып екіге бөліу арқылы волейбол ойынын жаңа сабақпен
байланыстыра отырып жеңілдетілген түрін көрсетеді.
-Ойыншыларды қарама-қарсы сапқа тұрғызып алақандарын біріктіріп ұстату, -допты төменнен қабылдау әдістерін көрсетіп ойыншыларға бірнеше рет қайталату.
-Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
-Допты төменнен қабылдауды меңгерту.
Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.
- Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.
-Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.
-Допты дұрыс қабылдауын қадағалау
Қолдану: Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен төменнен қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін оң жақтан және сол жақтан допты екі қолмен төменнен беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды:
Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен төменнен қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін оң жақтан және сол жақтан допты екі қолмен төменнен беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды.
1-ші ойыншылар допты екі қолмен төменнен әріптесіне оң жағына және сол жағына лақтырады, ал 2-ші ойыншылар оң жақтан және сол жақтан допты төменнен екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден қайтаруға тырысады. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен қабылдау және қайтару техникасы бойынша қағып алғандары мен лақтырулары, қабылдау мен қайтарулары қадағаланады. Допты лақтыру, қағып алу және қабылдау, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгілу, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қағып алған кезде шынтағын бүкпейді. Допты лақтырған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі ескертіледі.
Талдау:
Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
1 Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама - қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру. 10-12 р Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері слайдтармен көрсетіледі.
2 Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. 10-12 р Допты қарсыласының қолына дәл беру слайдтармен көрсетіледі
3 Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді. 12-14 р Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру слайдтармен көрсетіледі
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
4 Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету 2′-3′ Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға слайдтармен көрсетіледі
5 Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді. 10-12 р Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
6 Арақашықтық 8-10 м оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.