Салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттаудың жұмыс



Дата03.05.2023
өлшемі16,96 Kb.
#89624
Байланысты:
Салауатты өмір салты


Салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттаудың жұмыс
Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұғымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.
Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі – балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген. Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.
Өмір сүру салты дегеніміз – әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның туа біткен функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты біркелкі болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына салауаттану білімі жөнінде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негізін жасау болып табылады. Бұл мақсат мына төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:

  • білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған білім бағдарламасын ендірудегі дүниежүзілік тәрбиені зерттеу;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған қазіргі бағдарламаларды таңдау;

Салауаттану – жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. 
Олардың біріншісі – жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.
Екінші кемшілік – қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.
Үшінші кемшілік – қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.
Денсаулық – ауруларға қарама қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен-күнге нашарлап, соңғы кезде аурусырқаулардың саны көбеюде.  Міне, осындай түсінбеушілікті жойып, сана-сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағдайдан өзін алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге "валеология-денсаулықты қалай сақтауға болады" бағдарламасы енгізілді.
Ал бұл жұмыстардың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады. Соның арқасында:

  • оқушылардың денсаулық топтары анықталды, оқу үрдісінде әр балаға қалай көңіл бөлу керектігі ескертілді;

  • жас жеткіншек қыз балаларды микроэлементтер, әсіресе Р.Р.-витаминдік жетіспеушілік анықталды.

Бүгінгі оқушы ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.
Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қоюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін». Шынында да денсаулық – адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық зор байлық» – дейді қазақ.
1 Салауатты өмір сүру деңгейі. 2 Салауатты өмір сүру сапасы. 3 Салауатты өмір сүру стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория.

  1. Дене шынықтыру.

  2. Жеке бас гигиенасы. 

  3. Жағымды эмоциялар.

қоғам білім беру жүйесіне мектепті сауықтыруға, балалардың денсаулығын нығайтуға және оларда салауатты өмір салтын дамытуға әлеуметтік тапсырыс береді. Осы мәселе бойынша зерттеулерге талдау жасау бырысуында мынадай қағидаларды ескеру қажеттілігі жайлы тұжырымға келдік: денсаулықты «біртұтас феномен» ретінде қабылдау және жеке тұлғаның өмір сүру салтына байланыстылығын түсіну; салауатты өмір сүру салтын биологиялық және әлеуметтік факторлар арқылы анықтап, мұнда отбасы мен мектептің маңызды орын алатынын ұғыну; сондықтан мектептің денсаулықты сақтау бойынша іс-әрекетін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет