32
- география сабақтарында
электрондық тақтаны,
мультимедиа-
проекторды пайдалану;
- үлгілеу;
- зерттеу жүргізу, бұл кезде білім алушы ұсынылған нұсқаулардың
ішінен ӛзінің шешімін дәлелдей отырып таңдайды;
Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау тӛмендегі мүмкіндіктерді
қарастырады:
білім алушының шығармашылық бағытта ӛз бетімен жұмыс істеуіне;
білім алушылардың ӛзін-ӛзі бақылауына және ӛз жұмыс әрекетіне ӛзі
түзету енгізе білуіне үйретеді;
басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге кӛмектеседі;
жалпы танымдық қабілетінің дамуына әсер етеді;
материалды тез меңгеруге;
табиғи жағдайда кӛзге кӛрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда
кӛре білуге.
Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану оқыту үрдісін
толық ӛзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған үлгісін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары әртүрлі оқыту формаларын
жетілдіруге мүмкіндік береді және білім алушылардың ӛзіндік жұмыстарын
орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы
ӛте зор.
Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер
мен орталарды кең қолдану кезінде оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері,
сондай-ақ, білім беру үрдістерінің мазмұны да маңызды ӛзгерістерге
ұшырайды.
Сондықтан, мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге
асыруға
бағытталған
оқыту
тиімділігін
арттыруға
компьютерлік
технологияны қолдану, оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін
тигізеді:
білім алушылардың ӛзіндік жұмысын арттыру;
ақпараттың түрлі кӛздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;
ақпаратты беру, ӛңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне
білім алушыларды үйрету;
олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
ӛмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын
қалыптастыру [54, б.140].
Қазіргі дидактика бойынша «шарт» оқу ісіндегі жетістікті қамтамасыз
ететін оқу үрдісінің факторлары мен компоненттерінің жиынтығы ретінде
тұжырымдалады. «Шарт» ұғымының негізгі ерекшеліктері мен белгілері
әртүрлі
аспектіде қарастырып, талдаймыз. Сӛздіктерде «шарт» ұғымы бір
құбылыстың жағдайға тәуелділігі, іс-әркет пен ӛмірдің бір саласында бекіген
ережелер деп түсіндіріледі [103]. «Шарт» түсінігіне әр түрлі әдебиеттерде әр
түрлі анықтама береді.
33
А.Я. Найн «
шарт» - бұл «басқалармен тығыз байланыста болатынның
барлығы» деп жазады [104]. Е.И. Машбиц «шарт - бұл әдіспен ӛз ара тығыз
байланыста болатын және оның салыстырмалы нәтижесіне әсер ететін
түрлендіруге болмайтын кӛп нұсқалы факторлардың жиынтығы» деген
анықтама берді [105].
«Дидактикалық жағдай» оқыту үрдісінің барлық элементтерін
қамтиды. В.И. Андреевтің пікірі бойынша дидактикалық шарт – бұл
белгілі
бір дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған оқытуды
ұйымдастыру формаларын, әдістері мен мазмұнының элементтерін іріктеу,
конструкциялау және оны іс жүзінде пайдалану нәтижесіненде туындайтын
оқыту үрдісінің жағдайы [106].
Достарыңызбен бөлісу: