46
Сұлба 6 - География сабағында ақпараттық технологияларды
қолданудың әдіс-тәсілдері
Білім алушылардың географияны толықтай түсіну үшін ақпараттық
мәліметтер, суреттер, анимациялар, бейнероликтер бейнеленген слайдтар
білім алушылардың орта болмысының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда географияны оқытуда ақпараттық технологиялардың
кӛптеген әдістері қолданылады. Олардың арасынан, келесілерге назар аудару
қажет:
1.
Мәліметтерді қолдану. Карталарды, үлкен және кӛркем суреттерді,
телехабар үзінділерін және оқу фильмдерін қолдану география сабағында
үйреніп жатқан нысандар туралы нақты түсініктеме алуға кӛмектеседі.
Презентация кӛмегімен әрбір сабақ барысын тым ақпаратты және кӛрнекі
жасауға болады, бірақ, презентацияны тым артық қолдану білім
алушылардың қызығушылығы мен сабақтың жалпы тиімділігін тӛмендетуі
мүмкін.
2.
Білім алушыларға географиялық үрдістерді кӛрсету. Жер бетіндегі
заттар мен судың айналымы, құрлықтардың пайда болуы, жанартау
атқылауының реті, таулардың пайда болу процестері мен литосфералық
тақталардың әрекеттесуі, мұхит ағымын, атмосфералы құйындарды,
кәсіпорындардың жұмысын, кӛмір, газ және мұнайды ӛндіру әдістерін,
электрстанциялардың жұмыс істеу қағидаларын – осының барлығы сабақ
барысына арқау болып, білім алушылармен жақсы қабылданады.
3.
Білімді қадағалау. Сабақ бойынша білімді қадағалау үшін ӛткен
тақырыптарға сай практикалық электронды модульдер немесе тесттер және
т.б. қолданылуы мүмкін. Интерактивті компьютерлік бағдарламалар адамның
әртүрлі әрекеттерінің белсенділігіне алып келеді: ойлау, сӛйлеу бұл білім
алушыларға берілген мәліметтердің тез қабылдануына ықпалын тигізеді.
Компьютерлік жаттығушы білім алушыларға практикалық қабілет алуға
мүмкіндік береді. Интерактивті тестілеу жүйесі білім алушылардың білім
сапасын
анықтау
үшін
қажет.
Бақылаушы-бағдарламалар
және
жаттықтырушылар ӛткен тақырыптарды қаншалықты қабылданғанын
бақылауға
мүмкіндік
береді.
Әлбетте
мұндай
бағдарламалардың
артықшылықтары, тӛмен баға алған немесе қателік жіберген білім алушылар
қайтадан тапсырмаға қайтып келу мүмкіндігі бар. Бұндай жағдайда білім
алушы, оның табиғатпен берілген қабілетіне сай жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: