сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды (көрнекі құралдар, мәтіндер, жаттығуға арналған сұрақтар мен мысалдар, дидактикалық материалдарды дайындайды),
сабақ жоспарын жасайды
сабақтағы әр түрлі жұмыстар қандай ретпен өтілетіндігін анықтайды.
Соңынан жазылған сабақ жоспарын тексеріп алу қажет.
ШЖМ сабақ түрлері
бір пәндік Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана пәннен сабақ өткізу.
әр пәндік Әр пәндік сабақтар дегеніміз біріктірілген сыныптарда әр түрлі пәндерді біріктіріп өткізуге болатын сабақтар.
бір тақырыптық Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыру бірпәндік оқыту принциптері негізінде құрылып, пәнішілік кіріктіре оқыту жүзеге асырылады.
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыру бірпәндік оқыту принциптері негізінде құрылып, пәнішілік кіріктіре оқыту жүзеге асырылады.
Бірпәндік оқыту принциптері – белгілі бір пән мазмұнындағы тақырыптарды (мазмұны ұқсас немесе мазмұны әр тектес) кіріктіре оқыту.
Бірпәндік оқыту принциптері бірпәндік сабақтарды ұйымдастыруда қолданылады.
Ал бірпәндік сабақ дегеніміз – біріктірілген сыныптарда бір ғана пән бойынша (мысалы, екі сыныпта да қазақ тілі сабағы) өткізілетін сабақ. Бір саладағы сабақты өткізетіндіктен, мұғалім назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай аударады.