ШАМҒАЛИ САРЫБАЕВ
Шамғали Сарыбаев – ХХ ғасырдың 20 жылдарында
А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ тiл бiлiмi корифейлерiнiң iзiн
баса келген ғалымдардың бiрi.
Ш.Х.Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күнi Батыс
Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл
деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады.
46
1913 жылы Шамғали Орынбордағы мұғалiмдер даярлайтын
Құсайния татар мектебiне оқуға қабылданады. Сонда өздiгiнен
орыс тiлiн үйренiп, татар әдебиетiн бiлiп шығады. Мектептi
1916 жылы бiтiрiп, Қазалы қаласына келiп бала оқытумен
айналысады.
1918 жылы Шымкентте уездiк халық ағарту мекемесiне
басшылық
жасайды.
Кеңес
өкiметi
орнаған
жылдары
Ташкенттегi Педагогика институтында қазақ тiлi пәнiнен
оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы
ретiнде Ш.Х. Сарыбаев өзiнiң мұғалiмдiк тәжiрибелерiнен
түйген келелi ойларын сол кездегi “Жаңа мектеп”, “Еңбекшi
қазақ”, “Еңбек” т.б. сияқты баспасөз беттерiнде жариялап
отырады. Оның “Сауатсыздықпен күресу жолдары”, “Тiл
құралды оқытудағы тәжiрибелер”, “Қазақ мектептерiндегi орыс
тiлiн оқыту жайы“ тәрiздi мақалалары жарияланады.
Ұстаз-ғалым елдi сауаттандыру үшiн қазақ тiлiнiң қадiрiн
арттыру қажеттiлiгiне ерекше назар аударады.
Шамғали Сарыбаев 1923-34 жылдары Ташкентте Орта Азия
коммунистiк университетiнде ұстаздық қызмет атқарады. Ал
1934 жылы Қазақстанға қайтып оралып, Алматыдағы сол кездегi
Журналистика институтында 1937-жылға дейiн дәрiс бередi.
Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның
қаламынан қазақ тiлi мен оның оқыту әдiстемесiнiң әртүрлi
мәселелерiне байланысты ғылыми мақалалары жазылып,
жарияланады. Ғалым кейiн 1954 жылға дейiн Абай атындағы
КазПИ-де қызмет iстейдi.
Ш.Сарыбаевтың алғашқы еңбектерiнiң бiрi Е.Қожантаев пен
Е.Табынбаевпен бiрiгiп жазған “Үлкендер үшiн әлiппе” 1921
жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. ХХ ғасырдың 20-
жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл
әлiппенiң қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше
болған. Кейiн 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-
мәтелдерiн жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұр-
манжановпен бiрге “Бiрiншi басқыш мектепке арналған әлiппе
47
кiтабы”, 1932 жылы Қ.Оспанұлымен бiрге “Екпiндi күш. 1-класс
үшiн әлiппе кiтабы”, 1933 жылы А .Әлiбайұлы, М. Долайұлымен
бiрге жазған “Ана тiлi /бастауыш политехника мектептерiнiң 3-4
кластары үшiн/” атты оқу құралдары басылады.
Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделi
iстердi iстеу қажеттiлiгi туып тұрған заманда, соның үдесiнен
шығуды көздеп, ғылымдағы негiзгi тырнақ алды туындыларын
арнаған ғалым кейiн iргелi ғылыми мәселелермен де
айналысады.
Қазақстанға келгеннен кейiн ғалым қаламынан туған
“Түрлiше жазылатын бiр мәндi сөздер туралы”, “Емле
жүйелерi”, “Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер
арасында жазылатын орындары”, “Грамматикалық мағына деген
не?”, “Табыс жалғауының тасалануы” т.б. сияқты тiл бiлiмiнiң
өз кезеңiндегi өзектi мәселелерiне арналған ғылыми мақалалары
жарыққа шыға бастайды.
А.Байтұрсынұлының “Тiл танытқышынан” сусындап өскен
бұл кездегi ғалымдар түркi тiл бiлiмi үшiн ең маңызды
саналатын күрделi теориялық мәселелердi көтере алғандығымен
де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан
“Грамматикалық мағына деген не?”, “Төрт етiстiк (отыр, тұр,
жатыр,
жүр)”, “Қосылып
жазылмайтын
сөздер”
атты
мақалалардың көтерген жүгi жеңiл емес едi.
1920-1940 жылдар мектеп iсi үшiн, жалпы ағарту саласы
үшiн аса ауыр жылдар болғанын атап өту парыз. Бұл заман
салған ауыртпалықтармен қатар, жазу таңбасының қайта-қайта
өзгеруiмен де байланысты болды. Ахмет Байтұрсынұлының
реформаланған әлiппесiмен сауатын ашып қалған қазақ
жастарына аз жылдың iшiнде латын қарiпiн, одан да көп ұзамай
Кирилл жазуын меңгеру қажеттiлiгi туындады. Осы ретте
мектепке арнап оқулық, оқу құралдарын жазу, емленi реттеу,
оның негiзгi принциптерiн белгiлеу сияқты күрделi мәселелер
ғалымдар алдында тұрған келелi мiндеттер болды. Ш.Х. Сарыбаев
та мұндай күрделi мәселелерден шет қала алмады. “Емле
48
жүйелерi”, “Ы, i-нiң жазылуы туралы, “Қосымшалардың
өзгеруiндегi қайшылық” т.б. сияқты мақалаларын ғалым осы
мәселеге арнаған.
Ғалым 1944 жылы “Орыс мектептерiнде қазақ тiлiн оқыту
методикасы”
атты
тақырыпта
кандидаттық
диссертация
қорғайды. Бұл жұмыс қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнен арнайы
қорғалған тұңғыш ғылыми жұмыс едi. Кейiннен “Жоғары
мектептер программаларын“ (Т.Қордабаевпен бiрге), “Қазақ тiлi
методикасының программасын” жазады.
Жоғары оқу орындарында қызмет етiп жүрген жылдарда
әдiстемелiк негiздегi өзiнiң негiзгi туындыларын жазады. “Қазақ
тiлi методикасының кейбiр мәселелерi” атты еңбегi соның куәсi.
1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың “Қазақ тiлi әдiстемесiнi?
кейбiр мәселелерi” деген кiтабы шықты. Бұл еңбектің қазақ
тілінің әдістемесін дамытуда өзіндік үлесі болғаны анық.
Ш.Сарыбаевтың негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері:
Үлкендер үшін әліппе. Таш., 1921. (авт.бірі).
Жаздырып үйретудің әдістері. Таш., 1952.
Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы. “С.Қ.”, 1935. 14
январь, № 12
Қазақ сөйлемінде үтірдің жазылатын орындары. // “Тіл
мәселелері”. Алматы, 1936.
Бұл не деген бақыт тіл! “Ауыл мұғалімі” 1936. №7. 28-35 бб.
Үйірлі мүше және оны оқытудың методикасы. “Қазақ
мұғалімі” 1955. №5.
Грамматикалық тақырыптарды оқытқанда, орфографияны
қатыстырып отырудың жолдары. “Халық мұғалімі”, 1953 №1.
ҒАЛИ БЕГАЛИЕВ
Әдiстеме ғылымының дамуына өзiндiк үлес қосқан
ғалымдардың бiрi – Ғали Бегалиев.
49
Ғали Бегалиев 1887 жылы Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданында дүниеге келген. 1907 жылы Қазандағы
Мұхамедия медресесiнде оқиды. 1907-1909 жылдары Торғай
облысында мұғалiмдiк қызметте болады. 1910-1912 жылдары
Орынборда орысша курсты бiтiрiп, Батыс Қазақстан облысының
Ақбұлақ стансасындағы қазақ мектебiнде мұғалiм болып жұмыс
iстейдi.
1918
жылы
Орал
қаласында
бiрыңғай
еңбек
мектептерiне мұғалiмдер даярлайтын курс ұйымдастыруға
қатысып, онда негiзгi пәндерден дәрiстер оқиды. 1922-1924
жылдары Орда қаласындағы педагогикалық техникумда
мұғалiмдiк қызметте болады. Ал 1924-1930 жылдары Орал
қаласындағы “Қызыл Ту” газетiнде, Алматыдағы “Еңбекшi
қазақ” газеттерiнде iстейдi. Осы жылдары КазПИ-де қазақ
тiлiнен және қазақ тiлiнiң оқыту әдiстемесi пәндерiнен сабақ
бередi. Қазақ ССР оқу министрлiгiнде инспектор болып жұмыс
та iстейдi. 1931-1933 жылдары ол Мәскеудiң әдiскер-тiлшiлер
даярлайтын педагогикалық ғылыми зерттеу институтының
аспирантурасында оқып, филология ғылымының кандидаты
атағын алады.
Ғали Бегалиевтiң әдiстеме жөнiндегi алғашқы мақалалары
1930 жылдары жарық көредi де, онда негiзiнен өзi жақсы
меңгерген бастауыш мектептердегi қазақ тiлiн оқытудың қыр-
сырын ашуға талаптанады. Ауыл мектептерiнде сабақ берiп
жүрген мұғалiм-ұстаздарға көмек болатын әдiстемелiк кеңестер
жазады. Әдiскер-ғалымның “Бастауыш мектептегi қазақ тiлiнiң
методикасы” (1940), “Әрiп, дыбыс, буын”, “Бастауыш мектепке
бiрнеше класты бiр уақытта оқыту туралы” (1950), “Грамматика
таблицаларына нұсқау. Қазақ мектептерiнiң 4 класы үшiн
мұғалiмдерге көмекшi құрал” (1959) сияқты әдiстемелiк
еңбектерiнiң өз кезеңiндегi қазақ тiлiн оқыту жүйесi үшiн
маңызы зор болғанын атап өту қажет.
Өзге де замандас қаламдастары сияқты Ғ.Бегалиев қазақ
мектептерiнде орыс тiлiн оқыту мәселесiне, алфавиттiк жүйе
мен емлеге байланысты өз пiкiрiн бiлдiрiп отырған. Әдiскер
50
ғалымның “Бастауыш мектепте қазақ тiлiнiң методикасының
мәселелерi“ мен “Бастауыш мектепте бiрнеше класты бiр
уақытта оқыту туралы” деген еңбектерi 1950 жылы жарық
көредi. Бастауыш мектеп пен орта мектептерде қазақ тiлi
сабағын оқытудың тиiмдi жолдарын ұсынып, құнды ойлар
айтады. Бастауыш мектептерде қазақ тiлi бойынша өтiлетiн әр
сабақтың әдiстемесiн жасап, әрбiр тақырыпты қалай оқыту, әдiс-
тәсiлдi қалай дұрыс қолданудың өзi дұрыс деп таныған жолдары
мен тәсiлдерiн ұсынады. Сабақтың өту процесiн терең
меңгерген ғалым тақырыпты оқыту барысында мұғалiмнiң
алдынан шығатын қиындықтарды алдын-ала шамалап, одан
шығудың жолдарын да көрсетiп бередi.
Әдiстемелiк еңбектерiнде бастауыш сыныпта өтiлетiн негiзгi
тақырыптарды қарапайым да терең талдай отырып, мұғалiм
ұстануға
тиiстi
негiзгi
тәсiлдердi
белгiлеп
бередi.
Грамматикалық жеке тақырыптарды оқытудың әдiстемесiн
жасайды. Әрбiр жеке тақырыптың әдiстемесiн жазудағы
мақсатын ғалымның өзi былайша түсiндiредi: “Бұлайша
жазуымыздың себебi мектеп мұғалiмдерi тiлден өткiзетiн
сабақтарға оқулық бойынша әзiрленгенде, сол сабақты оқыту
методикасына да қоса әзiрленсiн дегендiк. Тiл мұғалiмi әрi
грамматикалық тақырыпты, әрi оны оқытудың методикасын бiр
уақытта әзiрлесе, оқыту жұмысы сапалы болып шықпақ”
(Бегалиев Ғ. “Бастауыш мектепте қазақ тiлiнiң методикасы”
Алматы, 1940, 57-бет).
Ғ. Бегалиев есiмi қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi пәнiнiң
дамуына, әсiресе бастауыш мектептердегi қазақ тiлiн оқытудың
сапалы өтуiне өз үлесiн қосқан әдiскер ғалым ретiнде банылады.
Ғ.Бегалиевтің негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері:
Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы. Алматы, 1940.
Құрмалас сөйлем. Алматы, 1941.
51
Қазақ тілінің грамматикасы. Педучилище оқушылары мен
бастауыш мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы.
Алматы, 1944.
Әріп, дыбыс, буын. Алматы, 1935.
Қазақ тілі грамматикасы. ІІ бөлім. Синтаксис. Орта мектептің
6-7 кластарына арналған оқу құралы. Алматы, 1948.
Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері.
Алматы. 1950.
Қазақ тілі. Орыс мектептерінің 5-7 кластарында оқитын қазақ
оқушыларына арналған оқулық. Алматы, 1957.
ИМАНБЕК ҰЙЫҚБАЕВ
Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi ғылымының негiзiн салушылар
А.Байтұрсынұлы, С.Жиенбаев, Ш.Х.Сарыбаев, Ғ.Бегалиев,
Х.Басымовтардың iзiмен оқыту iсiнiң қыр-сырын терең
меңгерiп, ендi оның тек жалпы бағыттарын ғана емес, тiл
бiлiмiнiң белгiлi саласы бойынша теориялық бiлiм мен
тәжiрибелiк дағдыны беру мақсатында зерттеулерiн жазған
ғалымдар легi жалғасын тапты. Әдiстеме ғылымының пән
ретiнде дамуына үлес қосқан И.Ұйықбаев, Х.Арғынов,
Ы.Маманов, Ж. Шәкенов, Б.Кәтембаева т.б. сынды ғалымдар
әдiстеме ғылымын теориялық тұрғыдан байытты.
Ұйықбаев Иманбай Қабышұлы 1922 жылы Павлодар облысы,
Қашыр ауданында туған. 1948 жылы ҚазПИ-дi бiтiрiп, 1952
жылы аспирантураны тәмамдайды. 1952-1954 жылдары осы
институттың оқытушысы болып қызмет iстейдi де, 1954-1970
жылдары Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-
зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс
iстейдi. 1954 жылы “Қазiргi қазақ тiлiндегi етiстiктердiң
көрiнiстерi”
атты
тақырыпта
кандидаттық
диссертация
қорғайды. Автордың “Мектепте қазақ тiлiн оқыту мәселелерi”,
“Қазақ тiлi методикасының очерктерi” әдiстемелiк еңбектерi мен
орта мектептiң 8, 9 сыныптарына арналған оқулықтары бар.
52
Әдiскер-ғалымның еңбектерiнде әр сөздiң ұғымы мен
мағынасын оқушыларға түсiндiрудiң қыры мен сыры ашылады.
Мектеп грамматикаларында сөздердiң мағыналары олардың
лексика-семантикалық сипаты арқылы емес, грамматикалық
жүйедегi қай сөз табына жататынына байланысты анықталады.
И.Ұйықбаев еңбектерiнде де негiзгi мәселелер осы құрылымдық
бағытта жазылды. Сондықтан да автор былай деп ой түйiндейдi:
“Сөз таптарының морфологиялық белгiсi – әр сөз табының сөз
тудыру тәсiлi мен түрленуiне, ол формалардың грамматикалық
ерекшелiгiне қатысты” (Мектепте қазақ тiлiн оқыту мәселелерi,
Алматы, 1957).
Автор мектеп мұғалiмдерiнiң бағдарламаны қалай жасауға
болатынын, оны пайдаланудың жолдарын саралап көрсетедi. 3,
4, 5 сыныптарда сөз табына қатысты мәселенi балаға жеткiзудiң
жолдарын анықтайды. Есiм және етiстiк сөз таптарын мектепте
қалай өтуге болатынын жiктеп талдайды. Әрбiр сабақтың
өзiндiк ерекшелiгiне, теориялық бiлiмдi меңгертуде жаттығудың
маңызды орны бар екенiне жақсы тоқталады. Бастауыш
сыныптарда қазақ тiлiн оқыту барысында түсiндiрмелi
диктанттар мен бақылау диктанттарын жиi алып отыру
қажеттiгiн ескертедi.
Әдiскер-ғалым бастауыш мектептерде грамматикалық талдау
жұмыстарын жүргiзуге де ерекше көңiл бөледi. Мұның өзi
балалардың сауаттылығын күшейтуге көмектеседi деп ой
түйiндейдi.
Грамматикалық талдау грамматика мен емленi меңгеруге
көмекшi құрал болатындықтан, оны өтiлген тақырыпқа сәйкес
үнемi жүргiзiп отыру қажет. Грамматикалық талдау үшiн
алынған сөйлемдер жеңiл, түсiнiктi болуы керек деп жазады.
Лексика саласын оқыту да оқушылардың тiлiн дамытуға мол
мүмкiндiк барын айта келiп, автор синоним, антоним, омоним,
термин сөздер, көнерген сөздердi т.б. оқытуда иек артуға
болатын негiзгi тәсiлдер мен жолдарды көрсетiп бередi.
53
И.Ұйықбаев
диктанттың
түсiндiрмелi,
терме,
өздiк,
шығармашылық, сөздiк және бақылау сияқты түрлерiн ұсынған.
И.Ұйықбаев құрастырған “Қазақ тілі методикасының
библиографиялық көрсеткіші” атты еңбектің де әдістеме
ғылымы үшін берері мол. Құрастырушы бұл шағын кітапшада
Қ. Басымов, С. Жиенбаев, Ш.Х. Сарыбаевтардың өмірі мен
шығармашылық жолы туралы құнды деректер бере отырып,
олардың шығарған, жазған зерттеу жұмыстарының тізбесін
берген. Автордың көрсетілген үш ғалым жөнінде айтқан
пікірлері аса құнды.
Мұның
өзінің
кейінгі
ғылыми
ізденіспен
жүрген
ізденушілерге тигізер пайдасы орасан.
Сонымен
қазақ
тiлiн
оқыту
әдiстемесi
тарихында
И.Ұйықбаев есiмiнiң де өзiндiк орны бар. Автордың қаламынан
шыққан қазақ тiлiн оқыту жүйесiне байланысты еңбектердiң
маңызы күнi бүгiн де жойылған жоқ.
И. Ұйықбаевтың негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері:
Категория глагольного вида в современном казахском языке.
АКД, Алматы, 1954.
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері. Алматы, 1958.
Қазақ тілі методикасының очерктері. Алматы, 1962.
Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. Алматы, 1969.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттарының проблемасы.
Алматы, 1976.
Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші.
Алматы, 1961.
Қазақ тілі. 8 сыныпқа арналған оқулық.1997.
Қазақ тілі. 9-сыныпқа арналған оқулық. 1997.
54
ХАСЕН АРҒЫНОВ
Әдiстеме ғылымының теориялық тереңдiкке бой ұрып, оның
жеке
сала
бойынша
өркендеп
дамуына
үлес
қосқан
ғалымдарның бiрi – Хасен Қуандықұлы Арғынов.
Арғынов Х.Қ. – 1926 жылы Павлодар облысы, Бесқарағай
ауданында туған. 1951 жылы Семей Педагогикалық институтын
бiтiрiп, бiраз жыл мектептерде оқытушылық қызметте болады.
1961-1963 жылдар аралығында “Қазақ тiлi мен әдебиетi”,
“Қазақстан мектебi” басылымдарында қызметкер болады да,
Абай
атындағы
ҚазПИ-ге
аспирантураға
қабылданады.
Аспирантурада негiзiнен қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiмен, оның
негiзгi теориялық мәселелерiмен айналысады. Бiрнеше ғылыми
мақалалар жариялап, кейiн “Қазақ тiлiнiң күрделi сөйлем
синтаксисiн
оқыту
методикасы”
атты
кандидаттық
диссертациясын қорғайды. 1971 жылы “Қазақ тiлiнiң синтаксисi
мен пунктуациясы әдiстемесiнiң негiздерi” деген тақырыпта
докторлық дисссертациясын жазып бiтiредi.
Ғалым еңбегi негiзiнен қазақ тiлiнiң синтаксисiн орта
мектептерде оқыту жүйесiне арналады. Оқушыларға қазақ тiлi
синтаксисiнiң және тыныс белгiлерiнiң негiзгi заңдылықтарын
ашып, олардың дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу машығын
дағдыландыруға басты назар аударады. Автордың ойынша,
мұғалiм синтаксистiң негiзгi заңдылықтарын саналы түрде
меңгерiп, бiлiп, соларға сүйенсе ғана, оқушыларына әрбiр
синтаксистiк тұлға мен тыныс белгiсiнен сапалы да терең
теориялық бiлiм бере алады. Теориялық бiлiм берудегi негiзгi 15
түрлi ортақ заңдылықты ұсынады. Бұл ұсынылған заңдылықтар
тек синтаксистi оқытуға ғана қатысты емес, ғылымның өзге де
салаларын меңгертуде қолданыла алады.
Ғалым, ең алдымен, оқушыларға берiлетiн теориялық бiлiм
мұғалiмнiң түсiндiруiмен әңгiме, байқау әдiстерi, ойлаудың
анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсiлдерi мен
ойша қорытудың индукция, дедукция түрлерi негiзiнде iске
55
асырылатынын атап көрсетедi. Яғни мұғалiмнiң бiлiмдiлiгiне
ерекше мән берiледi. Сыныптағы оқушылардың бiлiм өрiсi мен
алғырлығына, жұмыс iстеу қабiлетiне байланысты өтiлетiн
тiлдiк материалды әртүрлi деңгейде түсiндiруге болатындығына
көңiл аударады. Бiр ғана теориялық мәселенi әртүрлi дәрежеде
ұғындыруға болар едi. Ұғымтал, алғыр оқушыға көбiрек ақпарат
беруге, теориялық сипатын баса айта беруге болса, қабылдауы
орташа немесе нашар балаға өз дәрежесiне лайықтап қана
түсiндiру абзал. Қай сабақта қай оқыту әдiсi тиiмдi екенiн, әрi
сабақ мазмұны қай дәрежеде болуы қажеттiгiн мұғалiм өзi
таңдайды. Мұның өзiнде де мұғалiмге үлкен сауаттылық,
жауаптылық керек деп тұжырымдайды ғалым. Өткiзiлетiн
материал жеңiл де тиiмдi меңгерiлу үшiн, бұрын өткен
материалдар үнемi қайталанып, өзара байланыстырылып
отырылуы қажет. Әсiресе тiл бiлiмiнiң салалары, айталық,
морфология
мен
синтаксистiң
байланыстылығы
үнемi
ескерiлгенi мақұл.
Х.Арғынов қазақ тiлiн оқыту барысында орындалатын
жаттығуларға, олардың тәрбиелiк мәнiне ерекше назар
аударады. Оқушыны дағдыландыруға берiлетiн жаттығу
мәтiндерiнiң тәрбиелiк маңызының болуы, оқушының ойлау
қабiлетiн, ой-өрiсiн жетiлдiруге, тiлiн байытуға қызмет ету
мүмкiндiгiне көңiл бөледi. Жаттығулар жеңiлден ауырға,
белгiлiден белгiсiзге көшу ұстанымына негiзделу қажеттiгiн
айтады.
Ғалымның “Қазақ тiлi методикасы. Синтаксис. Пунктуация”
атты еңбегi қазақ тiлiнiң әдiстемесiнде жеке сала бойынша
жүйелi курс жасаудағы iргелi зерттеу болып саналады. Еңбек
негiзгi үш тараудан тұрады. Бiрiншi тарауы “Сөз тiркесiнiң
синтаксисi” деп аталады да, мұғалiмнiң сөз тiркесiнiң әрбiр
бөлiгiн қалай өткiзуге болатыны туралы егжей-тегжейлi
талданады. Жаңа сабақты өту үшiн балаларды дайындау,
олардың бұрынғы өткен материалдарын естерiне түсiру үшiн
жұмыстар жүргiзу, жаңа сабақтың маңызды жақтарын
56
ұғындырудың жолдары, көрнекi құралдарды пайдалана бiлу
сияқты мәселелердiң ешқайсысы да қалтарыста қалмайды.
Екiншi және үшiншi тараулар жай сөйлем синтаксисi мен
құрмалас сөйлем синтаксисiне арналған. Мектептегi оқулық
бойынша барлық тақырыптарға тиiстi талдаулар жасалып, нақты
әдiстемелiк нұсқаулар мен кеңестер берiледi.
Көрнекi құралдар жасаудың үлгiлерi, сызбалар мен кестелер
келтiрiледi.
Х.Арғыновтың зерттеулерi қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiн пән
ретiнде жаңа сатыға көтере алды. Оның зерттеу көкжиегiн
кеңейттi. Әдiстеменiң негiзгi теориялық тұжырымдары ғана
жасалып қойған жоқ, сонымен бiрге, тек синтаксис пен тыныс
белгiлер бойынша сабақты жүргiзудiң ғылыми негiзiн жасады.
Қазiргi таңда қазақ тiлiнен мектепте дәрiс беретiн мұғалiмдердiң
басты сүйенер оқу құралы болуға тиiс бұл еңбектiң ғылыми
деңгейi де, теориялық бiлiктiлiгi де жоғары.
Х. Арғыновтың негізгі ғылыми-әдістемелік еңбектері:
Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту методикасы.
АКД., Алматы, 1964.
Қазақ тілі. 9-класс оқулығы. Алматы, 1971-1978.
Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің
негіздері. ДДА., 1971.
Дидактикалық материалдар. Алматы, 1980.
ҚАЖЫМ БАСЫМОВ
Қазақ тілі грамматикасын оқытудың әдістемесі туралы терең
ғылыми
пікір
айтқан,
зерттеу
жұмыстарын
жүргізген
ғалымдардың бірі - Қажым Басымов. Мәдениет қайраткерi,
қажырлы педагог, профессор Қажым Аманғалиұлы Басымов
қазақ мектептерi мен институттарын өркендетушiлердiң бiрi
болды. Қазан төңкерiсiнен кейiн профессор Қажым Аманғалиұлы
57
Басымовтың
ғылыми-педагогикалық
шығармашылығының
дамуына орасан зор мүмкiндiк туды.
Қажым 1896 жылы 6-желтоқсан күнi қазiргi Орал облысы,
Бөрлi ауданында дүниеге келген. Әкесi Басым өз еңбегiмен
күнелткен кедей шаруа болады. Басым 1899 жылы қайтыс
болады. Қажым үш жасында әкесiнен жетiм қалады. Басымның
iнiсi Аманғали Қажымды өз қолына бала қылып асырып алады.
Қажымның шешесi Айдай баласын жастайынан оқуға бередi.
Қажым жетi жастан, он төрт жасқа шейiн ауыл мектептерiнде
оқиды.
1910 жылдан, 1916 жылға шейiн Орынбордағы мұғалiмдер
даярлайтын татар медресесiнде, “Медресе Құсайынияда” алты
жыл оқиды. 1916 жылы мектеп үйiн, патша әскерлерi казармаға
алғандықтан оқу тоқтатылады. Содан кейiн Уфа қаласындағы
мұғалiмдер даярлайтын “Медресе Ғалия” атты татар мектебiне
кiрiп оқиды. Бұл мектептi 1917-1918 жылы оқу жылында бiтiрдi.
1920 жылы Орынборда татар тiлiнде ашылған екi жылдық
өлкелiк педагогикалық курста оқып, оны бiтiрiп шығады.
1913 жылдан бастап, оқуымен қатар үзбей, ұдайы мұғалiмдiк
қызметiн атқарады. Қажым Басымов 1920 жылдан берi
оқытушылық
қызметiмен
бiрге
мәдени,
тiл,
әдебиет
саласындағы жұмыстарға араласады. Тiл және әдебиет
майданына белсендi түрде қатынасып, әртүрлi еңбектер жазып,
оларды баспа бетiнде жариялайды.
1913-1918
жылдары
Торғай,
Орал,
Астрахань
губернияларыны” ауылдық бiрiншi басқыш мектептерiнде
мұғалiм болып iстейдi. 1922-1929 жылдары Алматыдағы оқу
орындарында оқытушы болады.
1921 жылы 11-қыркүйек айында Алматы қаласында
педучилище облыстық педагогикалық курстардың негiзiнде
құралған едi. Осы педучилищенi ұйымдастырып, оны басқару
iсiне Қажым Басымов пен Шамғали Сарыбаев белсене
қатынасады. 1922 жылы қазан айында бұл училище Жетiсудың
облыстық педучилищесi деп аталды.
58
1922 жылы 14-желтоқсанда осы педучилище ағарту
институтына айналады. Бұл институттың өркендеуiне Қажым
Басымов пен Шамғали Сарыбаев көп еңбек сiңiрдi. 1924 жылы
бiрiншi майда Алматы облыстық атқару комитетi мен
кәсiпшiлер комитетi және еңбек бөлiмi Қажым Басымовқа
“Жұмыс қайраткерi” деген құрметтi атақ бередi.
1929-1930 жылдары Қапалдағы педтехникумда оқытушы
болып
жұмыс
iстейдi.
1930-1934
жылы
Қостанайдағы
педагогикалық институтта оқытушы болады. 1934-1937
жылдары Ақтөбедегi жоғарғы дәрежелi ауылшаруашылық
мектепте оқытушылық қызметiн атқарады. 1937 жылы
Ақтөбедегi мұғалiмдер даярлайтын екi жылдық институттың
қазақ тiлi мен әдебиетi кафедрасының меңгерушiсi болып
тағайындалып, тiл мен әдебиеттен сабақ бередi.
Қажым Аманғалиұлының ғылыми еңбектерi 1920 жылдардың
iшiнде жариялана бастайды. Ол өзiнiң барлық өмiрiн жастарды
тәрбиелеуге арнады. 1917 жылдан бастап оқытушы болды.
Ғылыми-педагогикалық қызметiмен қатар профессор Қажым
Аманғалиұлы Басымов әдебиет майданына да белсене
қатынасты.
Автор 1938 жылы “Грамматика оқыту жөнiнде” деген
мақаласында оқыту әдiстерiне тоқталады.
Қажым ағарту жолында көп еңбек сiңiрдi, жүздеген
педагогикалық кадрларды әзiрлеуге барлық күш-жiгерiн, бiлiмiн
жұмсады. Ол оқытқан оқушылар кейiн өмiрдiң алуан түрлi
саласында қызмет атқарды. Кейбiреуi докторлық диссертация
қорғап, академик те болды. Академик Н.Сауранбаев Басымовтан
оқып, 1928 жылы ағарту институтын бiтiрген, оның көп
шәкiрттерiнiң бiрi.
Смағұл Төребаевтың айтуынша, “Қажекең – нағыз педагог
адам едi, тiлге өте шебер болатын. Ол әрбiр сабаққа бiр жаңалық
әкелетiн жұрнақтарды көп зерттеушi едi, сабақ сайын жаңа
тапқан жұрнақтарын айта отыратын” деп өз пiкiрiн бiлдiрдi.
59
Қажым
Аманғалиұлының
мақалалары
республикалық
баспасөз беттерiнде жарияланды. Солардың iшiнде Жетiсуда
шыққан “Тiлшi” деген газетте “Социалдық жол” деп аталған
Ақтөбе облыстық газетiнде де бiрсыпыра мақалалары басылып
шықты. Сол кезде “Тiлшi” газетiнi” жауапты редакторы болып,
қызмет iстеген Сара Есованың айтуынша Басымовтың
бүркеншек аттары болатын “Сарыалжын, Бөкейше” деген
бүркеншек атпен мақала, өлеңдерiн бастыра алатын.
1933 жылы Қажым Басымовқа доцент деген ғылыми атақ
берiлдi. Қажым Аманғалиұлы 1934 жылы 13-желтоқсаннан
бастап профессор деген атаққа ие болады. Оған профессор атағы
берiлгенi жөнiнде архив документтерi сақталғанын зерттеушілер
көрсеткен. Осы архив материалдардың iшiнде оның профессор
атағын алғандығын дәлелдейтiн үш документ бар екені
жазылған.
1) Қажым Басымовтың 1936 жылы 15-ақпанда өз қолымен
толтырған анкетада профессор атағын алғаны көрсетiлген.
2) Мамандық комиссиясының 1934 жылы он үшiншi
желтоқсан күнi жазылған хаттамасы бар. Онда Басымовқа
профессор атағын беру жөнiнде айтылған.
3) 1937 жылы 29-маусымда Басымовқа жасаған еңбек
шартында Ақтөбелiк мұғалiмдер институтының директоры
профессорлық ставка бойынша еңбекақы төленетiнi жазылған.
Профессор Қ.Басымов қазақ тiлiмен туыстас тiлдермен қатар
орыс, араб тiлдерiн бiлген. Оның бiзге белгiлi елуден аса еңбегi
жалпы тiл бiлiмi, орфография, грамматика, пунктуация және
әдебиет мәселелерiне арналған.
Қажым әсiресе орфография жөнiнде көп жазды. Отыз шақты
еңбегi орфография туралы жазылған. Ол орфография мәселелерi
жайында 1932 жылы “Жаңа әрiп пен жаңа емле және
дыбыстарымыздың жiктерi” деген кiтапшаны да бастырып
шығады.
Профессор Қажым Басымов – қазақ тiлi орфографиясын
жазуға
белсене
қатынасқан
ғалымдардың
бiрi.
Оның
60
орфография жөнiнде жазған “Емле сөздiгiне негiздi тиянақ
керек”, “Қысқарған сөздердi дұрыс жаза бiлейiк”, “Түрлi-түстi
сөздердi” жазылуы туралы” деген мақалаларының қазiргi кезде
зор маңызы бар.
Қажым “Емле сөздiгiне негiздi тиянақ керек” деген 1930
жылы жазған мақаласында “Жазудың тезi – емле сөздiгi” екенiн
айта келiп, қазақ тiлiнде диалектiнi” бар екенiн нақты
мысалдармен дәлелдейдi. Мысалы: Мәстемiр – шымшуыр, сым
– шалбар, дәндеу – үлкен, сырғауыл, пешене – тағдыр тағы
басқа осы диалектiлерге байланысты профессор Қажым
Басымов былай деп жазды:
Бiр ұғымды сөздердiң бұдан да көп бiрнеше түрлiсiн талай
жүзеге толтыруға болады. Әр ауданда әртүрлi айтылатын нәрсе
аттары өте жиi ұшырайды. Тергеп, терiп отырсақ аяғыңды
басқан сайын кездесе бередi. Мұндай кең өрiс алған бiр ұғымды
әртүрлi сөздiң өзгелерiн сылып тастап, бiреуiн ғана алуға болар
ма? Бiзше болмайды. Егер басқаларын тастап, бiреуiн ғана
аламыз десек, тiлiмiздiң жанды тамырына балта шапқанмен тең
түсер едi. Бұлар жазу тiлiн шұбарламайды. Ұғымға өрнектi түр
кiргiзгеннен басқа зияны жоқ.
Басымов этимология мен стилистика мәселелерiмен де
шұғылданды. Ол “Түрлi-түстi сөздердiң жазылуы туралы” деген
мақаласында күн аттарының парсы тiлiнен алғанын айтады.
Мысалы: шәнбә – сенбi, иак – шәнбә – жексенбi, ду – шәнбә –
дүйсенбi, сей-шәнбә – сәйсенбi, шаhар – шәнбә – сәрсенбi. Осы
мақаласында “Мана, бағана” деген сөздердi салыстыра келiп, ол
былай дейдi:
“Мана – бағана” екеуiнiң қайсысын жазу мәселесiне
келгенде, әрине қысқасы “мана” сөзi қолайлы болады. “Бағана”
сөзi, бiрден ұзын, екiншiден басқа заттың аты.
Қажым грамматика мен пунктуация мәселелерiне де көңiл
бөлдi. Қазақ тiлiнiң педтехникумдар мен институттарға
арналған бағдарламаларын жазды. Қажымның “Грамматиканы
оқыту жөнiнде”, “Қазақ тiлiнiң жалғау – жұрнақтары”, “Сөйлем
61
мүшелерi туралы”, “Сөйлемнiң тұрлаусыз мүшелерi” деген
еңбектерiнiң, бұлардан басқа да мақалаларының грамматикамен
пунктуацияны терең түсiнуге көп көмегi тиедi.
“Қазақ тiлiнiң жалғау – жұрнақтары” деп аталатын
мақаласында
Басымов
былай
дейдi:
Жалғау–жұрнақтар
тiлiмiздiң өрнекшi ұстасы. Түбiр сөздерiмiздiң жанды тамыры.
Тiлiмiздiң заңына толық бағынып жүретiн әуеншiсi. Жұрнақтар
тiлiмiзде өте көп. Әзiрге тексерiп тапқанымыз, өзгерiс
түрлерiмен қоса санағанда барлығы екi жүз алпыс төрт болып
отыр. Жұрнақтарды түбiрдiң мағынасын өзгертедi, өзгертпейдi
деп екiге бөлу қате. Жұрнақтың бәрi мағынаны өзгертедi. Ныкы
– нiкi – дыкы – дiкi жұрнақтары басқа сөз таптарын сын есiмге
аударады делiнген. Бұл қате пiкiр. Әр сөз табын сын есiмге
айналдырмайды, сол сөз табында қалып, меншiктеудi бiлдiредi.
Мысалы: менiкi, үлкендiкi, баланiкi тағы басқа.
“Белгiсiздiк есiмдiгiне жатқызылған ешқандай, ешқашан
сөздерi затты кесiп бiлдiредi. Бұлар белгiсiз емес, белгiлi.
Сондықтан бұларды өзiне бөлек атау керек. Белгiсiздiк есiмдiкке
кейбiр, қайсыбiр, әлдекiм сияқты сөздер жатады.
Сiлтеу есiмдiгi “ана” сөзi көмектес жалғауда “анамен”
түрiнде өзгередi деу қате. “Анаумен” түрiнде айтылады.
Сiлтеу есiмдiгiнiң “бұл” сөзi септелгенде ылғи “б”
дыбысымен басталатындары көрсетiлген. Мысалы: бұны” –
мұны”, бұны – мұны, бұнда – мұнда болуы керек.
Есiмдiк “Ол” сөзiнiң табыс жалғауының үстiне тәуелдiк
жалғау “сы” жалғанады деп айту қате. I,II жақ мен, сен сөздерi
де осылай. Мысалы: менiң, сенiң, оның, оным, онысы тағы басқа
“ң”,сы” тәуелдiктерiнiң алдындағы “i, ы” табыс жалғаулы деп
тануға болмайды. Ал менi, сенi, оны дегенде табыс жалғау
болатыны дұрыс, бұл өзiне басқа.
“Мен колхоздан келдiм – бұл сөйлемдегi “колхоздан” сөзiнiң
аяғына шығыс септiк жалғауы жалғанғанмен, “неден?” сұрауына
жауап болып тұрған жоқ, “қайдан?” сұрауына жауап болып,
баяндауышты пысықтап тұр. Сондықтан “колхоздан” сөзi –
62
толықтауыш емес, “пысықтауыш” болып тұр- деген ойлар
айтады ғалым.
Қажым
Басымовтың
1938
жылы
“Ауыл
мұғалiмi”
журналында басылған мақаласы “Сөйлем мүшелерi туралы”
едi.
Бұл мақалада қазақ тiлiндегi сөйлем мүшелерiне, оның
түрлерiне
тоқталды. “Осы
күнге
шейiн
қазақ
грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген мәселенiң бiрi осы
сөйлем мүшелерi болып келдi. Мұғалiмдерiмiздiң көбi сөйлем
мүшелерiнiң соңғы кездегi дұрыс топтастырылуын бiр-бiрiнен
айырмашылықтарын ұғына алмай жүр. Сондықтан осы мәселе
жөнiнен бiраз тоқталып өтуiмiз өте керектi болып отыр” – дей
келіп, төмендегідей талдау береді:
Осы күнге шейiн сөйлем мүшелерi не? дегенде, берiлiп
келген жауаптың түрлерi мынадай болып келдi:
а) Сөйлемдегi сөздi сөйлем мүшесi деймiз.
б) Сөйлемде қанша сөз болса, соларды” бәрiн сөйлем мүшесi
деймiз.
в) Сөйлемдегi мағыналы сөздi сөйлем мүшесi деймiз.
д) Сөйлемдегi әр түрлi сұрауға жауап болған сөздi сөйлем
мүшесi деймiз.
Мiне, сөйлем мүшесiн анықтауда берiлген бұл жауаптардың
бiрде-бiрiн дұрыс деуге болмайды.
Бiрiншi жауапта: “Сөйлемдегi сөздi сөйлем мүшесi” дейдi
екенбiз, бұған қарағанда қандай сөздер болса да сөйлем мүшесi
бола бередi. Өйткенi, сөйлемдегi сөздердiң барлығы бiрдей
сөйлем мүшесi бола бермейдi. Сөйлем iшiнде келгенмен сөйлем
мүшесi болмайтын сөздер де болады.
Ендi, сөйлемдегi әртүрлi сұрауға жауап болған сөздi сөйлем
мүшесi дейтiн төртiншi жауаптың қаталдығына келейiк.
Бұл жауаптың қаталдығы, бiрiншiден, әртүрлi сұрауға жауап
болатын сөздердiң барлығы бiрдей сөйлем мүшесi бола
бермейдi.
63
Екiншiден, әртүрлi сұрауға жауап бермей-ақ, бiрыңғай
сұрауға жауап беретiн сөздер сөйлем мүшесi бола бередi.
Ендi қандай жеке сөздер сөйлем мүшесi болатындығын,
қандай жеке сөздер сөйлем мүшесi болмайтындығын қорытсақ.
1) Сөйлемдегi айтайын деген ойды бiлдiруге керектi
көмекшiсiз жаңа топталмаған негiзгi мағына шығаратын сөздер
жеке-жеке де сөйлем мүшесi бола алады. Мысалы: Мен кеше
мектебiмiздi бiтiрдiм. Мұндағы төрт сөздiң төртеуi де жеке
сөйлем мүшесi болып тұр.
2) Сөйлемдегi айтайын деген ойды бiлдiруге керектi негiзгi
мағына шығаратын сөздерге басқа көмекшi сөздер қосақтасып
сөйлем мүшесi болады. Мысалы: Ол қарай қалды, мылтық тарс
еттi, найзағай сарт еттi.
3) Мiне, сөйлем мүшелерi осындай өзгешелiктерiне қарай
алдымен екi салаға бөлiнедi. Оның бiрi – тұрлаулы мүшелер деп
аталса, екiншiсi – тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Тұрлаулы
мүшелер сөйлемдегi негiзгi мағына шығаратын сөйлемдi
құрайтын тиянақты ой негiзi есебiнде саналады. Өйткенi,
тұрлаулы мүшелердi сөйлем iшiнен түсiрiп тастағанда орны
үңiрейiп көрiнiп тұрады. Ол екi мүшесiз сөйлем болмайды.
Сондықтан, тұрлаулы мүшелер сөйлемнiң бас мүшелерi
саналады.
Мысалы: “Кеше келдi” деген сөйлемнiң iшiнен бiреудiң
келгенi, сол келген адамның атының айтылмауы анық көрiнiп
тұр.
Тұрлаусыз мүшелер, тұрлаулы мүшелердей негiзгi мағына
шығарылмайды, тұрлаулы мүшелердей сөйлеудi құрайтын
тиянақты мүше де бола алмайды. Өйткенi, тұрлаусыз мүшелердi
сөйлем iшiнен түсiрiп тастағанда, тұрлаулы мүшелердей
орындары үңiрейiп көрiнiп тұрмайды. Сондықтан, мұндай
тұрлаусыз мүшелер сөйлемнiң жай мүшелерi саналады.
Тұрлаулы мүшелердiң бөлiнiстерi. Тұрлаулы мүшелер
сөйлемдегi шығатын негiзгi мағыналары жаңа сөйлемдi құрауда
алатын орындарына қарай екiге бөлiнедi.
64
1) Бастауыш
2) Баяндауыш
Бастауыш болатын сөз, мағынасы жағынан сөйлемдегi ойдың
иесi болады. Сондықтан басқа сөздердiң барлығы осы бастауыш
болатын сөздiң iсiн, жайын, сипатын бiлдiредi. Мысалы:
“Еркiнбек кеше үш кiтап алды” деген сөйлемдегi сөздердi өзара
байланысы жағынан қарамай, таза мағынасы жағынан қарасақ,
қалған төрт сөздiң “Еркiнбек” сөзiнiң мағынасын кеңейтiп
тұрғанын көремiз. Басқа сөздер мағына жағынан “Еркiнбек”
сөзiне оралып, “Еркiнбек” сөзiнiң дiңгек қазық сөз болып
тұрғанын сеземiз.
2) Бастауыш болатын сөздiң өзiне тән қойылатын сұраулары
болады. Сұраулардың негiзгiсi екеу: кiм? не? Осы екi сұрауға
көптiк жалғау жалғанса, бастауыштың сұрауы болады. Кiмдер,
нелер? I–II–III-жақ
тәуелдiк
жалғаулары
қосылса
да
бастауыштың сұрауы болады.
Бастауыштың сөз таптарынан келуiне мысалдар:
а) Олар сабағын бiлдi – бұл сөйлемдегi бастауыш болып
тұрған “Олар” сөзi зат есiм. Сұрауы – кiм?
б) Қызыл жақсы түс – бұл сөйлемдегi бастауыш болып
тұрған “қызыл” сөзi сын есiм.
в) Мың көп сан – бұл сөйлемдегi бастауыш болып тұрған
“мың’’ сөзi сан есiм.
г) Мен озат оқимын – бұл сөйлемдегi бастауыш болып тұрған
“мен” сөзi есiмдiк.
д) Оқыған озар – бұл сөйлемдегi бастауыш болып тұрған
“оқыған” сөзi есiмше.
з) Бастауыш болатын сөздер зат есiмдер, болмаса заттанған
басқа сөз таптары болады. Зат есiмге, болмаса заттанған сөз
таптарына көптiк жалғау жаңа тәуелдiк жалғаулар жалғанса да,
сөйлемнiң бастауыш мүшесi бола алады. Жекеше, көпше жаңа
тәуелдiк жалғаулы сөздердiң бастауыш болғандығын жоғарғы
мысалдардан көрдiк.
65
4) Бастауыштың сөз таптарынан келгенi сияқты, сол сөз
таптары қандай тұлғада болса да бастауыш бола алады.
Бастауыш сөз таптарына қарай зат есiм, сын есiм, сан есiм,
есiмдiк, есiмшелерден келсе, сөз тұлғаларына қарай негiзгi
түбiр, бiрiккен түбiр, қос түбiр, қосарланған түбiр, туынды
сөздерден де келе алады. Бастауыш сөз таптарына қарай зат
есiм, сын есiм, сан есiм, есiмдiк, есiмшелерден келсе, сөз
тұлғаларына қарай негiзгi түбiр, бiрiккен түбiр, қос түбiр,
қысқарған түбiр, туынды сөздерден де келе алады. Бастауыштың
сөз тұлғаларынан келуiне мысалдар.
а) Олар сабағын бiлдi – бұл сөйлемдегi бастауыш болып
тұрған “Олар” сөз тұлғасының негiзгi түбiрi, сөз табының зат
есiмi.
б) Оқушы мектепке келдi – бұл сөйлемдегi бастауыш болып
тұрған, “оқушы” сөз тұлғасыны” туындысы, сөз табыны” есiмге
айналған етiстiгi.
в) Ақтөбе облыстық қала – бұл сөйлемдегi бастауыш болып
тұрған “Ақтөбе” сөз тұлғасының бiрiккен түбiрi, сөз табының
зат есiмi. Сөйлемдегi бастауыштың құралуы. Сөйлемдегi
бастауыштың құралуы түрлi-түрлi болады. Кейбiр бастауыш
жалғау сөзден тұрса, кейбiр бастауыш екi болмаса бiрнеше
сөзден құралады.
Мiне, бастауыштың сөйлем iшiнде осындай құралып кездесуi
үш түрлi болады.
1) Дара бастауыш
2) Күрделi бастауыш
3) Бiрыңғай бастауыш
Ғалым бұдан әрі бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі
келу сипатына тоқталады:
Баяндауыш та бастауыш сияқты сөйлемде үш түрлi
құрылады
1) Дара баяндауыш
2) Күрделi баяндауыш
3) Бiрыңғай баяндауыш
66
Күрделi баяндауыш болатын сөз таптары:
1. Күрделi баяндауыш көбiнесе екi етiстiктiң қатарласа
айтылуымен болады. Мұндай етiстiктердiң алдыңғылары а, i,
ыр, қалы дәнекерлерiне бiткен көсемше сөздер болады да,
соңғылары жақ-жақпен өзгерiп жүретiн көмекшi сөздер болады.
2. Күрделi баяндауыш есiмше сөздердiң аяғына екен, емес
сөздерiнiң шешiлген түрлерi жаңа “болар, шығар” сияқты
сөздердiң көмекшi болып айтылуымен болады.
3. Күрделi баяндауыш одағай сөздердiң аяғына “етпек”
сөзiнiң шешiмiн қосарлануымен болады.
4. Екi болмаса көп есiмдер топталып та күрделi баяндауыш
болуы мүмкiн.
“Бастауыш пен баяндауышты” қиысуы. Сөйлемде бастауыш
пен баяндауыш өзара жақ – жағынан қиысып, жүйеленiп келедi.
1. Бастауыш пен баяндауыш жағына қарай қиысады.
Бастауыш 1-жақ болса, баяндауыш та 1-жақ болады.
2. Бастауыш пен баяндауыштың жағына қарай қиысуымен
қатар анайы-сыпайылығына қарай да қиысады. Бастауыш
сыпайы болса, баяндауыш та сыпайы болады.
3. Бастауыш пен баяндауыш жекеше, көпше түрiне қарай да
қиысады.
4. Бастауыш пен баяндауыш сөйлем iшiнде жалғаусыз болып
та, бiрi тәуелденбей, екiншiсi тәуелденiп те, не екеуi де
тәуелденiп қиысады.
Бастауыш
пен
баяндауыштың
сызықшамен
бөлiнiп
жазылатын орны.
Кейбiр бастауыш пен баяндауыштың ортасына сызықша
қойылады. Мұндай сызықша қойылатын бастауыш пен
баяндауыштың өзгешелiгi болады.
а) Мағына жағынан баяндауыш, бастауышты айыра анықтап
көрсетедi.
б) құрылысы жағынан екеуi де атаулы сөздерден, не
тәуелденулi сөздерден, не бiрi атаулы, бiрi тәуелдеулi сөздерден
келедi.
67
в) Айтылуы жағынан анықталып бастауыш көтерiңкi
дауыспен оқылады. Осындай “бастауыш пен баяндауыштың”
арасына сызықша қойылып жазылады.
Басымовтың “Сөйлем мүшелерi туралы” жазған мақаласы
осындай мәселелердi сөз етедi.
Басымов “Грамматиканы оқыту жөнiнде” деген мақаласында
грамматиканы оқытудың маңызына тоқталып, оны өту әдiсiн
баяндайды.
Грамматиканы
оқыту
үстiнде
оқушының
шығармашылық талантына да көмек берiлiп баулып отырылады.
Оқушылардың сөйлеу тiлi де, жазу тiлi де қабаттасып,
грамматиканың
әр
тарауына
iлесе
өз
уақытында
жаттықтырылып отырады.
Орта, орталау мектептi бiтiрген кейбiр оқушының осы күнге
шейiн не өз ойын түсiнiктi етiп сөйлеп бере алмауы, не
дөңгелетiп ойын қағаз бетiне түсiре алмауы, грамматикадан
оқытқан
мұғалiмнiң
кемшiлiгiнен
деп
бiлуiмiз
керек.
Грамматика
көркем
әдебиетпен
байланыспай
тұрмайды.
Грамматикамен көркем шығарма бiрiгiп бiр-бiрiне көмек етедi.
Грамматиканы сабақ үстiнде өткiзудiң жалпы тәртiбi қалай
болуы керек? деген сұраққа Басымов он пунктте сипаттап
көрсетедi:
1) Грамматикадан оқылатын күнделiктi сабақтң материалдары
сатылы, жүйелi жолмен өтiледi. Берiлетiн сағат мөлшерiне қарай
өтiлетiн бiлiм көлемi дәл пiшiледi.
2) Грамматиканың
өтiлетiн
материалдары
бiр-бiрiне
жалғасып, бiрiн-бiрi толықтырып дамып отырады. Сабақтың
мазмұны күрделене, жеңiлден, ауырға көшiледi.
3) Жоспар
бойынша
өтiлетiн
әр
сабақтың
мақсаты
түсiндiрiлiп айқындалады.
4) Грамматиканың әр өтiлетiн материалы тек түсiнiкпен,
болмаса қисындарын бiлумен шектелмейдi. Сол бiлiмi қолма-
қол iс-жүзiнде практикада жаттықтырылады. Өтiлген сабаққа
қарай оқушыға жұмыс тапсырылады.
68
5) Грамматикадан өтiлген материалдарынан бiрте-бiрте
тiлдiң заңды құбылыс екендiгi ашыла бастайды.
6) Грамматиканың қандай бөлiмi, оның қандай элементтерi
оқылса да, түрi, мазмұны бiрдей байланысып жүргiзiледi.
7) Бұрыңғы, қазiргi мағынасы.
8) Осы күнге шейiнгi ала-құла болып келген атауларды бiр-
бiрiнен бөлiп алып кетпей байланыстырып, араларындағы
жақын қатынастарын аша отыру.
9) Бiрiнен-бiрi таралып, бiрiнен-бiрi құралып, белгiлi
мағыналы түрге келетiндiгiн әбден мұқияттау.
10) Грамматика мен көркем шығарманы бiрiн-бiрi пысықтауға
көмекшi ете бiлу. Көркем шығарма арқылы оқуын, сөйлеуiн
өркендету. Дұрыс, таза жазуға, ойын еркiн түрде қағаз бетiне
түсiрiп бере алатын халге жеткiзуде.
Басымов
“Қазақ
тiлi
грамматикасы
туралы
жазған
рецензиясында мынандай әдiстемелiк пiкiр айтады. Кiтаптағы
көптiк жалғау (зат есiмнiң көпше түрi) тәуелдiк, септiк
жалғаудан соң үйретуi, әдiс жағынан өте қолайсыз шыққан.
Көптiк жалғау зат есiмнiң көпшесiн үйретпей тұрып, көпше зат
есiмге тәуелдiк, септiк жалғауын жалғатып көрсету қате” деген
пiкiрiн бiлдiредi.
Қажым Басымовтың “Орталау және орта мектептерге
арналған қазақ тiлiнiң жаңа бағдарламасындағы кейбiр
жаңалықтар” туралы мақаласына тоқталып өтейiк.
Осы күнге шейiнгi бағдарлама жасаушылардың мықты бiр
кемшiлiгi көптiң пiкiрiмен есептесiп, кеңесiп жазбайтын едi. Тек
бiрер адам өзiнше өзiнiң көзқарасынша жазатын едi де,
бастырып, таратып жiберетiн едi. Әрине, бiрер адам қанша
бiлемiн дегенiмен, көптiң бiлгенiндей барлық жағдаймен
есептесiп қамти алмайды.
1936 жылғы орталау мектепке арналған қазақ тiлi
бағдарламасы осындай жекеленiп, көпшiлiк пiкiрiнен қалың
халық оқытушыларының тәжiрибесiнен алыстап, олармен
есептесу жағдайында шыққандығы белгiлi. Мiне, осы себептен
69
бағдарламаның бiр талай кемшiлiктерi болғандықтан, осы күнге
шейiн оқытуда талай қиындықтарын тигiзiп келдi.
Осы шығып отырған тiл бағдарламасы сол талқыланып,
кемшiлiкпен шешiлген сызба негiзiнде жазылып отыр. Осы
сызба бойынша жаңа бағдарлама жасалған соң да бiрнеше рет
қаладағы тiл мамандарының қатысқан мәселесiнде сыналып,
мiнелiп, түзетiлдi. Сонда да әлi де болса түк кемшiлiк жоқ
деуден аулақпыз. Көш жүре бара түзеледi. Қалың оқытушы
жұмыс үстiнде ұшырайтын кейбiр мiндерiн тапса, – бiлiмiн хат
арқылы бiлдiрулерi керек. Келесi басылуында мiнсiз болып
шығуына көпшiлiк пiкiрi үлкен көмек болады деп есептеймiз.
Ендi бұл бағдарламаның көзге түсер қандай жаңалықтары
бар. Бұрынғы ескi бағдарламадан қандай өзгешелiгi бар? Осыған
келейiк: Бiрiншi негiзгi кемшiлiгi – берiлетiн тiл бөлiмi
тарауларының барлығы белгiлi жүйеде өткiзiлiп жақсы қаралды.
Бұрынғы бағдарламада әр бөлiмде өтiлетiн материалдар
бөлшектенiп, былығып кетсе, оның ұшын тауып, бiр-бiрiне
ұшталып, бiрiн-бiрi кеңейтiп жүйеленiп отырылады. Сондықтан
бұл бағдарламада бес жылдыққа негiзiнен қазақ тiлiнiң
морфологиясы алынды. VII бөлiмiнде негiзiнен қазақ тiлiнiң
синтаксисi алынды. Бұлар алынғанда үшеуi бiр-бiрiн жымдаспай
өзара байланысы айтылмайды. Қай сыныпта болсын үшеуiнiң
басы құралып, араларындағы байланыс қатыстары ашыла
отырылады. Сол себептi бес жылға негiзiнен фонетика
алынғанмен оған жанама жүйелi түрде морфология жаңа
синтаксистен де тиiстi элемент кiрiп отырады. Басқа сыныпта да
осындай.
Екiншi, бұрынғы бағдарламада тiптi орта мектепте тiлден не
өтiлетiнi айтылмай келген болатын. Бұл бағдарламада не
өтiлетiнi анықталып, көрсетiлiп отыр. Орталау мектепте өтiлген
орфография, грамматика материалдарын пысықтап толтырудың
үстiне тiл ғылымынан жаңа жазу белгiлерi пунктуациядан көп
бiлiм берiлiп отыр. Осы күнге шейiнгi тiл оқытудағы мықты
кемшiлiктiң бiрi жазу белгiлерiн тиянақты қолға түсiре алмай
70
келiп едi. Осы жаңа бағдарламада бұл кемшiлiк жазылып,
пунктуациядан көңiлдегiдей бiлiп берiлiп отыр.
Үшiншi, “Құрғақ қасық ауыз жыртар” дегендей бұрынғы екi
бағдарламада жалаң тiл – тiл үшiн деген қисық жолға түсiп
кеткендiк бар едi. Қай сипатта болсын оқылатын тiлдiң
элементтерi құрғақ айтылып, жалпы қоғам қатынасына
байланыстырылмай өте шығатын едi де, таптың сыры бүктемеде
қалатын едi. Бұл кемшiлiк жаңа бағдарламада қойылып отыр.
Шынында грамматика тiлден бiлiм берудiң үстiне дүниенi
танытатын, қоғамның өсу жағдайын тiл арқылы беретiн бiлiм
ғой.
Мiне, осы жағы көмескi қалмау үшiн тiлдiң элементi өтiлерде
оның шығуы, бұдан еңбектiң қоғам қатынастарының әсерi,
тiлдiң
таптық
рөлi
көрсетiлiп
отырылды.
Әсiресе,
бағдарламаның алдыңғы түсiнiк бiлiмiнде көбiрек тоқталынды.
Төртiншi – бұрынғы ескi бағдарламада оқылатын тiл
элементтерiнiң атауларының көбi түсiнiксiз едi. Көптен берi
қалың оқытушыларда түсiнiктi атауларға қисынсыз шабуыл
жасап, атауларды тыңнан қойып былықтырып едi. Мысалы:
бұрыннан аты жаттығып кеткен “жұрнақ” сөзiн “үстеу” жаңа
түбiр дегендi “түп негiз” деп атағаны мысал болады. Жаңа
бағдарламада
оқытушыларды
мұндай
қиындықтардан
құтылдыру жағы қаралды. Кейбiр жаңа қосылған атауларға
тыңнан алынғаны болмаса, бұрынғы жаттыққан атауларды сол
күйiнше өзгертпей қалдыру жағы қаралды.
Бесiншi – 1936 жылы шыққан бағдарламада бiрден орта
мектепке өтiлетiн материал айтылмай қалса, екiншiден әр
бөлiмше арналған тiл дамыту жөнiндегi жұмыстарды түрi де
көрсетiлмеген едi.
Бұл жаңа бағдарламада 5-сыныптан тартып Х-сыныпқа шейiн
әр жылда тiл дамыту жөнiндегi жұмыстың қандай түрлерi
болатыны айтылып едi. Оқушылардың тiл қорын байыту үшiн
сөздiк жұмысы қалмай кiрiп отыр. Грамматика көркем
әдебиетпен байланыспай тұрмайды.
71
Алтыншы – бұл бағдарламада бұрынғы бағдарламаға
кiрмеген жаңа орфографиямыздың тиiстi ережелерi кiргiзiлдi.
Бiрiккен сөздер, қос сөздер де, үстеу, шылаулардың дұрыс
жазылуы айқын көрсетiлдi. Жетiншi – грамматиканың, фонетика
бөлiмiне көп өзгерiс кiргiзiлдi. Бұрынғы әрiптерiмiздi” үстiне
жа”а х,ф,в әрiптерi қосылды. Әрiптердiң тәртiбi, жiгi өзгеруi.
Сегiзiншi – грамматиканың морфология бөлiмiнде көп
өзгерiс енгiзiлдi. Бұрынғы бағдарламада сөздiң тұлға бөлiнгiсi
мен мағына мүше бөлiнiсi жүйелi түрде топтастырылмаса, бұл
бағдарламада анық көрсетiлдi.
Тоғызыншы – грамматиканың синтаксис бөлiмiне де бiраз
жаңалық кiргiзiлдi. Әсiресе, салалас сөйлемдер мен құрмалас
сөйлемдерге көп жаңалық кiрдi. Салалас сөйлем мен құрмалас
сөйлемдер тек бiр жақты алынбай, мағынасы жағынан бiрдей
қаралып алынды.
Оныншы – бұл жаңа бағдарлама, бұрынғы бағдарламаға
қарағанда анағұрлым кең түрде анықталып жазылды. Әсiресе
бағдарламаны
түсiну
жағы
оқытушыларға
бағдарлама
материалдарын дұрыс өтуге көмекшi бола алады деп ойлаймыз.
Бұл
бағдарламамен
барлық
педучилищелер,
педагогика
институттарын даярлау бөлiмiнде толық пайдалануға болады.
Осы бағдарлама негiзiнде қазақ тiлiнiң грамматикасы жазылып
жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |