Салқынбай А. Б. Көккөзова М. Б



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата06.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#7715
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

 
 
 
 
 
 
 
Салқынбай А.Б. 
Көккөзова М.Б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛШІ-ӘДІСКЕР 
ТҰЛҒАЛАРЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
2006 

 

 
ББК 81.2 қаз я 7 
С 18 
 
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-дың филология факультетінің  
Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған 
 
 
Пікір жазғандар
 
филология ғылымдарының докторы,  профессор – Сағындықұлы Б. 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Дәрменқұлова Р.Н. 
 
 
 
Салқынбай А. Б., Көккөзова М. Б. 
С 18 Қазақтың тілші-әдіскер тұлғалары.
 Алматы: Нұр-пресс.  
2006. – 137 бет. 
 
ISBN 9965-9576-5-7                         
 
 
Ұсынылып  отырған  ғылыми  зерттеу  Қазақстандағы  алғашқы 
мектептер мен қазақ тілі әдістемесінің негізін салған ғалымдардың 
еңбектері  мен  шығармашылығын  жинақтап,  талдауға  арналған. 
Қазақстандағы  мектептердің  сипаты  мен  олардың  жалпы 
ерекшеліктері, оқыту жүйесі әңгімеленіп, Ы. Алтынсарин, А. Бай-
турсынұлы, М. Жұмабаев сынды қазақ зиялыларының оқыту ісіне 
арналған зерттеушілері мен еңбектері сараланады. 
Қазақ  әдістемесінің  жеке  ғылым  саласы  ретінде  дамуына 
үлес  қосқан  ғалымдардың  еңбектері  жүйеленіп,  олардың  қазақ 
тілін оқытудағы әдістемелік кеңестері зерделенеді. 
Кітап әдіскер-ғалымдарға, мектеп мұғалімдеріне, филология, 
педагогика  факультеттерінің  студенттеріне,  жалпы  көпшілік 
қауымға арналған. 
 
ББК 81.2 қаз я 7 
 
С  4602020400 
00(05)-06 
 
 © Авторлық ұжым, 2006. 
 
ISBN 9965-9576-5-7                          © Нұр-пресс, 2006. 

 

 
 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
“Қазақ  тiлiн  оқыту  әдiстемесi” – университеттiң  филология 
факультеттерiнде  орта  мектеп  үшiн  қазақ  тiлiнен  мұғалiм 
даярлайтын,  осы  мақсатта  студенттерге  теориялық  бiлiм  мен 
практикалық дағды, iскерлiк қалыптастыратын негiзгi пән.  
Пәннiң  негiзгi  мақсаты – студенттердiң  алған  ғылыми 
бiлiмдерiн  мектеп  грамматикасы  негiзiнде  жүйелi  түрде 
оқушыларға  тиiмдi  жеткiзудiң  жолдары  мен  тәсiлдерiн  таныту. 
Оқушыларға  тiлдiк  категориялар  мен  оның  заңдылықтарын, 
оқытудың  жолдарын,  әдiстеменiң  педагогикалық  қыр-сырын, 
пәндi тиiмдi оқытудың тәсiлдерiн, өз мамандығын құрметтеудiң 
маңызын үйретедi. Мектеп мұғалiмiнiң шығармашылық тұрғыда 
жұмыс  iстеуiне  бағыт  беру,  сабақ  бере  бiлудiң  тиiмдi  әдiстерiн 
меңгерту 
сияқты 
әдiстемелiк 
жұмыстардың 
сырымен 
таныстырады.  
Қазақ  тiлiнiң  оқыту  әдiстемесi  пәнi – ХХ  ғасырдың  басында 
Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерi негiзiнде қалыптаса бастады да, 
кейiн 
оқытудың 
негiзгi 
теориялық 
және 
тәжiрибелiк 
мәселелерiмен С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев, Х. Басымов, Ш. Сарыбаев 
т.б.  ғалымдар  айналысты.  Көп  уақыт  бойы  қазақ  тiлiнiң 
әдiстемесi  пән  ретiнде  толық  таныла  алмай  келгенiмен,  қазiргi 
таңда  оның  теориялық  базасы  тереңдеп,  жан-жақты  саралана 
түстi.  Бiз  әдiстеме  пәнiн  қалыптастырып,  дамытқан  ғалымдар 
еңбегiн саралап, жүйелi түрде беруге талаптандық.  
Өмірден өткен әдіскер ғалымдардың есімдері мен еңбектерін 
атау  үшін    олар  туралы  өмірбаяндық    деректер  “Қазақ  тілі” 
энциклопедиясынан,  И.Қ.Ұйықбаевтың  “Қазақ  тілі  методика-
сының  библиографиялық  көрсеткіші” (Алматы,  1961)  атты 
еңбегінен,  Х.  Басымов  туралы  деректер  Исатай  Кенжеғалиев 
еңбектерінен  алынды.   

 

КІРІСПЕ 
 
Қазақ тiлi – сан ғасырдан берi ата-бабадан мирас болып келе 
жатқан киелi дүние. Ол – халықтың алтыннан қымбат кенi. Тiл – 
адам  баласының  әлем  бейнесiн  тану  жолындағы  түсiнiгiнiң, 
ойының, сезiмiнiң, идеясының, дүниетанымының көрiнiсi.  
Тiл – халық  тарихы.  Тiлде  халық  жасаған  мәдениет  пен 
өркениеттiң  даму  жолы  жатады.  Қазақ  халқының  барлық 
құнарлы  ойы,  құнды  қиялы  көркем  сөзбен  кестеленген. 
Сондықтан  да  тiлдiң  болашағын  бағамдау  үшiн,  оның  кешегi 
өткен тарихын бiлу – қажеттiлiк. Тiл бар жерде ұлт бар. Ұлттың 
өзгеден ерекшеленетiн ең негiзгi де тұғырлы белгiсi - тiлi. Тiлдiң 
қасиетiн түйсiну – ұрпаққа парыз. 
Әрбiр ұлт тiлi өзiнше ұлы, өз нақышымен қымбат. Қазақ тiлi 
– ең бай әрi дамыған тiл. Әлемдегi санаулы әдеби тiлдердiң бiрi.         
Қазақ  тiлiнiң  кешегi  мәйектi  қалпын,  терең  философиялық 
тұжырымды екi ауыз сөзге сыйғыза бiлген, мiрдiң оғындай өткiр 
қалпын  терең  меңгеру,  меңгерту – парыз.  Әрi  бұл  меңгеру  мен 
меңгерту – ғылыми  бағытта  парасаттылықпен  дұрыс  жолға 
қойылса орынды.  Кез келген тiлдiң сипаты мен өзiндiк тарихы 
бар,  оларды  бiрiнен-бiрi  артық  не  кем  деуге  ғылыми  негiз  жоқ. 
Мәселе  сол  тiл  иеленетiн  әлеуметтiк  құндылыққа,  ұлттық 
мәдениеттiң басымдылығына, мемлекет жүзеге асыратын тiлдiк 
саясатқа,  ақыр  аяғы  отбасына  келiп  тiреледi.  Тiлдiң  әлеуметтiк 
құндылығын асыру не кемiту қоғамның өз қолында.  
Ұлттың  болашағын  ойлаған  жас!  Сен  ертеңгi  елдiң  келелi 
келешегiн 
қолыңмен 
жасар 
азаматсың. 
Бiлiмдiлiк 
пен 
зиялылықтың  ең  басты  шегi,  критерийi – ана  тiлiнде  сөйлеу, 
ойлау,  оны  сыйлау,  ешкiмнiң  тiл  тигiзуiне,  менсiнбеуiне  жол 
бермеу.  Өз  iшiңнен  шыққан  ана  тiлiн  бiлгiсi  келмейтiн  өгейдiң  
жолын бөге.  
Қазiргi таңда ана тiлiмiз ғылыми ойдың, ғұламалықтың тiлiне 
айналуда.  Барлық  ғылым  салалары  бойынша  терминдер  жасалу 

 

үстiнде.  Бұл  жолы  ауырлау  болса  да,  жасампаздардың  жасап 
жатқан жақсы жолы.  
Шешен  сөйлей  бiлу – қазақ  халқының  маңдайына  жазылған 
бағы. Ал оның түп мақсаты – тыңдаушысын иландыру, сендiру. 
Шешен  сөйлеу  тек  бай  тiлге  ғана  тән  қасиет  болу  керек.  Қазақ 
халқының  шешендiгi – тiлiнiң  байлығы.  Бұл  байлық  бiр  күнде 
жинала  салған  дүние  емес.  Онда  заманалар  iзi,  ғасырлар  демi 
жатыр. Тiл мен ой тарихи тұрғыдан бiрдей пайда болды дегенге 
құлақ  қойсақ,  онда  қазақ  тiлiнiң  терең  тарихи  даму  жолы  көз 
алдымызға келуi керек. 
Туған елдiң болашағы саналатын жас ұрпақты ұлттық дәстүрi 
мен  салт-санасының  негiзiнде  тәрбиелеп,  туған  топырақта 
тамырлаған  алтын  тарихтың  бесiгiнде  тербетiп,  қазақтың  бай 
мәдениетiнде  жүздiру – баға  жетпес  өлшеусiз  рухани  қызмет. 
Ұрпақ  тәрбиесiнiң  маңызына  қазақ  баласы  зер  салып,  оған 
ерекше мән берген.   
Тал  бесiктен  басталған  тәрбиенiң  сыры  мен  сипаты  да  сан 
салалы. Ана әлдиiмен басталатын ұлы iстi ата ақылы тереңдетсе, 
мектеп табалдырығын аттаған сәбиге ұстаздың да берер ұлағаты 
мол. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ҚАЗАҚ ТIЛIН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСIНIҢ 
ҚАЙНАР КӨЗДЕРI МЕН 
НЕГIЗГI БАСТАУЛАРЫ 
 
Адамзат баласының мәдени, рухани кеңістігіне назар аударар 
болсақ,  олардың  биікке  көтерілуінің,  бойын    түзеуінің,  жоғары 
өрлеуінің  басты  шарты  өнер  мен  білім  екенін  аңғарасыз.  Елдің 
рухани  өркендеуі,  мәдениетінің  биіктігі,  ең  алдымен,  көкірек 
көзінің  ашықтығымен,  санасының  саулығымен,  білімділігімен 
де  байланысты.  Бүтін  халық  мәдениетінің  биік  деңгейі,  тек  ел 
арасынан шыққан ұлылардың үлкен тізімімен ғана анықталмасы 
анық.  Сондай-ақ,  жалпы  халықтың  сауаттылығы,  таным-
түсінігінің  кеңдігімен  де  сипатталады.  Осы  орайда  қазақ 
жұртының  жалпы  сауаттылығының  деңгейін  анықтайтын 
мектеп-медреселердің  болуы,  олардың  ерекшелігі  мен  басты 
бағытын анықтаудың өзектілігі айқын.  
ХІХ  ғасырға  дейінгі  Қазақ  даласында  оқу-ағарту  ісінің 
қалыптасқан белгілі жүйесі болғаны туралы  нақты тарихи дерек 
жоқтың  қасы.  Дегенмен,  қалалы  жерлерде  оқу  ісінің  белгілі 
сипаты  болғанын  ешкім  жоққа  шығара  алмасы  анық.  Басқасын 
былай  қойғанда,  Әбу  Насыр  әл-Фараби  мен  Әбу  Әли  ибн 
Синалардың,  М.  Қашқари  мен  Ж.  Баласағунидың,  А.Югнеки 
мен  А.  Яссауидың  алғашқы  білім  алған  жерлері  осы  түркілік 
топырақ  екені  баршаға  белгілі.  Тақыр  жерге  шөп  шықпайды 
дегендей,  бұл  ғұламалардың  өнген,  өскен  ортасында  білім 
ошақтары  болғаны  рас.  Мұның  үлкен  айғағы  А.  Яссауидың 
даналық  мектебінің  болуы,  оның  шәкірттерінің  даналық жолды 
жалғастыруы дер едік.  
Дей  тұрғанмен,  ХІХ  ғасырға  дейінгі  болған  бірлі-жарым 
білім беретін орындар жалпы оқу-ағарту жүйесінің құрылымын 
құрай 
алған 
жоқ. 
Бәлкім 
бұл 
халықтың 
әлеуметтік-
экономикалық,  мәдени  өмірінің  кешеуілдеп  қалуымен  де, 
көшпелілік  өмір  салтымен  де  байланысты  болар.  Көшпелілік 
тұрмыс  оқытудың  көпшілікке  арналған  түрінің  қалыптасып 

 

дамуына  жағдай  жасай  алмады.  Есесіне  халық  ауыз  әдебиеті, 
ауызша  шығаратын  ақындық  өнер,  айтыс  өнері,  шешендік  өнер 
т.б. барынша дамыды.    
Қазақстанда мектептердің жүйелі түрде ашыла бастауы, орыс 
үкіметінің ықпалымен байланысты.      
ХҮІІІ  ғасырда  Ресей  империясының  күшейгені,  саяси 
үстемдікке  қол  жеткізу  үшін,  жан-жақты  ықпалды  қимылдар 
жүргізгені  тарихтан  белгілі.  Қазақ  елін,  өзге  де  түркі  тектес 
мемлекеттерді  отарлық  елге  айналдыру  мақсатында  саяси, 
мәдени, 
экономикалық 
жағынан 
жан-жақты 
құрылған 
бағдарламаның  негізінде  көптеген  іргелі  әрекеттерді  іске 
асырғаны  да  жасырын  емес.  Бұл  туралы  профессор    Мекемтас 
Мырзахметов “Әріптер неге өзгерген” деген мақаласында былай 
деп  жазады: “Ұлы  дала  төсін  жайлаған  қазақ  елі  мен  Түркістан 
өлкесіндегі  түркі  тілді  халықтарды  отарға  айналдыру  және 
оларды  рухани  құлдықта  ұстау  үшін,  біртіндеп  ретіне  қарай 
шоқындырып,  орыстандыру  арқылы  бүтіндей  бір  саяси 
организмге  айналдыру  саясаты  қолға  алынып,  жолға  қойыла 
бастады” /Түркістанда  туған  ойлар,  1998, 47 б./.  Ғалым 
патшалық  Ресейдің  қазақ  арасында  қазақ-орыс  мектептерін 
ашуының,  қазақ  қыздарын  орысша  оқытуды  алдымен  қолға 
алуының  басты  себептерін  нақты  ашып  көрсетеді. “Өйткені 
заман жағдайына байланысты тез арада арасын ажыратып бөлек 
ұстау  үшін,  алдымен  қазақтарды  орыс  жазуына  көшіру  арқылы 
бір-екі  ұрпағы  алмасса-ақ  болады,  оларды  көршілерінің  діни, 
мәдени  әсерінен  аулақтатып,  тезірек  орыстандыра  аламыз  деп 
ой түйді” /сонда, 51 б./. 
Осылайша, ХVIII ғасырдың аяғында, яғни 1786 жылы Омбы 
қаласында  ең  алғаш    тiлмаштар  даярлайтын  мектеп  ашылды. 
Бұл  мектептiң  ашылуының  өзiндiк  iшкi  қажеттiлiктерi  болғаны 
да  белгiлi.  Мұның  өзi,  түптеп  келгенде,  сол  кезеңдегi  орыс 
үкiметiнiң  жүргiзген  саяси  бағыттарымен  байланыстырылады. 
1789  жылы  дәл  осындай  тiлмаштар  мектебi  Орынборда 
ашылады.  

 

ХIХ  ғасырдың  бiрiншi  жартысынан  бастап  қазақ  бай-
манаптарының, 
ауқатты 
адамдарының 
балалары 
Кадет 
корпустарына  қабылдана  бастайды.  Ал  1867  жылы  Түркiстан 
өлкесi  құрылғаннан  кейiн  орыс  үкiметi  мен  жергiлiктi  өкiмет 
орындары да ұлт мектептерiнiң ашылуына көңiл бөле бастайды.  
 1870  жылы 26 наурыз  айында  орыстың  оқу  Министрлiгi 
Россиядағы  орыс  емес  халықтарды  оқыту  жөнiнде  қарар 
қабылдайды.  Осы  қарар  негiзiнде  қазақ  арасында  көптеген  оқу 
орындары  дүниеге  келедi.  Заң  жолының  ырқымен  ашылған 
мектептердiң  жалпы  басқарылуы  мен  бағыты  әр  түрлі  бағытта 
болған.   
 
Миссионерлiк бағыттағы ағарту жүйесi
 
 
Бұл  мектептер,  негiзiнен,  орыс  тiлiнде  дәрiс  берiп,  жалпы 
бiлiм  негiздерiн  үйретумен  айналысты,  тiлмаштық  iс  жүйесiн 
үйреттi.  ХIХ  ғасырдың  екiншi  жартысында  Ақмола  мен  Семей 
өңiрiнде  мектеп-интернаттар  ашылды.  Кейiн  көп  ұзамай  олар 
ауыл  шаруашылығы  училищелерi  болып  қайта  құрылды. 
Осындай мектептер кейiн Орал мен Торғай аймақтарында, одан 
кейiн Жетiсу, Сырдария облыстарында ашылады. Жер-жерде екi 
кластық  орыс-қазақ  училищелерiнде  дәрiс  берiле  бастайды. 
Ресми  мәлiметтерге  қарағанда,  1911  жылы  Қазақстанда 350 
орыс-қазақ  училищесi  жұмыс  iстейдi  де,  онда  барлығы 6756 
қазақ  баласы  оқиды.  Орыс-қазақ  мектептерiнде  бiрiншi  жылы 
ана  тiлi,  орыс  тiлi,  арифметика,  ән-күй,  дiн  сабағы  жүрген.  Ал 
екiншi  жылы  тарих,  география,  жаратылыс  тану  пәндерi 
оқытылған.  
ХIХ  ғасырдың 70-80 жылдары  оқу  жүйесiнде  К.Д.  Ушин-
скийдiң,  Л.Н.  Толстойдың,  Н.Ф.  Бунаковтың,  В.И.Водовозов-
тың,  И.Д.  Тихомировтың,  А.Я.  Гердттың,  Ы.  Алтынсарин  және 
И.Я.  Яковлевтiң  оқулықтары  кеңiнен  пайдаланылды.  ХIХ 
ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасыр  басында    А.В.Васильевтiң 
“Букварь  для  киргиз” – “Қырғыздар  үшiн  әлiппе”,  А.Е.  Алек-

 

торовтың “Русско-киргизская азбука” - “Орыс-қырғыз әлiппесi”, 
“Киргизская 
хрестоматия”, “К 
мудрости 
ступенька”, 
С.Н.Граменицкийдiң  “Книга  для  чтения”  т.б.  оқу  құралдары 
пайдаланылды.     
 
Ислам дiнiн уағыздаушы ауыл молдалары  
ашқан мектептер 
 
Мұндай  мектептердiң  де  өзiндiк  ролi  мен  орны,  маңызы 
ерекше  болды.  Халықтың  қолдауының  арқасында  бұл  оқыту 
жүйесi ауыл-ауылда кеңiнен тарады. ХХ ғасыр басындағы қазақ 
зиялыларының  үлкен  тобының  қалыптасуының  негiзi  осы 
мектеп  үлгiсi  десек  қателеспеген  болар  едiк.  Қазақ  мәдениетi 
мен 
әдебиетiнiң 
қазiргi 
аяулы 
тұлғалары, 
мәдениет 
корифейлерiнiң  әуелгi  ұстазы  осы  ауыл  молда-мұғалiмдерi 
болған.  Әптиектен  бастап  оқытып,  олардың  мұсылманша 
сауатын ашуына ықпал жасады. 
Абай Құнанбаев – жас кезінде ауыл молдасынан сабақ алған 
соң,  Ғабул-Жаппардың,  кейін  Ахмет  Ризаның  медресесінде 
оқиды; Сәбит Дөнентаев - 1911-1912 жылдары Қасым қожаның 
медресесінде  оқыған;  Сұлтанмахмұт  Торайғыров – алдымен 
ауылда  Әлі,  Тортай,  Мұқан  есімді  молдалардан,  кейін - 
Әбдірахман  молданың  медресесінде  екі-үш  жылдай  оқиды; 
Бейімбет  Майлин – алғаш  Әбдірахман  Сатыбалдин  деген  татар 
мұғалімінен  сабақ  алған,  кейін  Арғынбаев  деген  кісінің 
медресесінде екі жылдай оқыған; Мұхаметжан Қаратаев – алғаш 
Әбіласан,  Әбдікәрім  деген  кісілерден  сабақ  алған.  Әбіласан - 
заманындағы  өте  білімді  мұғалімдердің  бірі  болса  керек. 
Жаратылыс  тану  мен  әдебиеттен,  мәдениеттен  көп  тағылым 
бере  алған.  Кешеге  дейін  Қорғасын  атты  мекендегі  мектеп 
Әбіласан атында болып келген.     
Ауыл  молдаларының  негiзгi  бiлiм  тiрегi – Құран  Кәрiм 
болғаны  аян.  Жалпы  адамзаттық  дамуда  ерекше  маңызға  ие 
болған ұлы Құран Кәрiмнiң негiзгi аяттары мен сүрелерiнiң мән-

 
10 
мағынасының  түсiнiгiн  ел  iшiнде  таратудың,  оның  халық 
өмiрiндегi  маңызын  айтудың,  түсiндiрудiң  жеңiл  iс  еместiгiн 
атап  айту  қажет.  Қай  заманда  болса  да  адам  баласы  өмiрдiң 
мәнiн  түсiнуге,  оның  жұмбақ  кiлтiн  iздеуге,  тануға  талап 
қылған. Өмiрдiң мәнiн iздеуде бiреулер философияға ден қойса, 
ендi  бiреулердiң  бағы  өнерде  жанған.  Өмiрдiң  өз  болмысының 
күрделi ғажайыптары мен жұмбақ әлемiн алдына жайып салмаса 
да, дала баласының ойына ойлану нұрын сеуiп, Алланың бiрлiгi 
мен  барлығы  туралы  ұлы  тұжырымдарды  түсiндiруi,  Құранның 
түсiнiгiн  пайымдатуы  ауыл  молдасының  ағартушылық  еңбегi 
екендiгiн атап өту қажет.  
Дала  заңының  өзiндiк  ұстанымдары  болды,  тәңiрiлiк  дiннiң 
ерекшелiгi  мен  айырмашылығы  бола  тұра,  дүниетанымдық 
ерекшелiктерiн  ислам  дiнi  ұстанған  парыздармен  ұштастыра 
бiлдi.  Осындай  екi  түрлi  дүниетанымның  сабақтаса,  ұштаса, 
бiрлесе  қимыл-бағдар  жасауына  ауыл  молдаларының  қосқан 
үлесi мол.   
 
Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер 
 
Мұндай  мектептерде  бiлiм  салалары  толық  оқытылып, 
халықтың  дәстүрi  мен  салты  негiзiнде  бiлiктi  кәсiби  мамандар 
сабақ  бердi.  Жәңгiр  мектебi,  Айғаным  медресесi,  Мамания 
мектебi  және  Ы.Алтынсарин  ашқан  мектептерде  тарих, 
география, есеп, қазақ тiлi, ескiше оқу, дiн сабағы сияқты iргелi, 
негiзгi пәндерден дәрiстер берiлгенi белгiлi. 
Бөкей ордасының атақты ханы Жәңгiрдiң бастамасымен 1841 
жылы қазақ жерiнде тұңғыш зиялы мектеп ашылады. Басқа да 
мектептер  сияқты  мұнда  да  жергiлiктi  халыққа  бiлiм  нәрiн 
берумен  саналы  түрде  айналыса  бастайды.  Ғылымның  негiзгi 
салаларынан  дәрiстер  оқытылады.  Оқытушылар  әр  жерден 
шақырылып, таңдап алынады. 
Дарынды  деп  танылған  мектеп  бiтiрушiлер  өз  бiлiмдерiн 
Ташкент пен Бұхара қалаларында жалғастыруға мүмкiндiк алады.  

 
11 
Қазақ  даласындағы  рухани  ойдың  оянуына  өз  үлесiн  қосып, 
далаға  өркениеттiң  дүбiрiн  жеткiзуге  себепшi  болған  мектеп-
ұяның  бiрi – Мамания  мектебi.  Жетiсудың  тектi  руларының 
бiрiнен шыққан атақты Маман бай өз қаржысына мектеп ашып, 
ел  балаларына  тегiн  бiлiм  беру  деңгейiне көтерiлген.  Оқу  орны 
1899 жылы Қарағашта ашылып, негiзiн қалаушы Маман байдың 
есiмiмен аталады. Зерттеушiлер Мамания мектебiнде сол кездiң 
алдыңғы 
қатарлы 
қоғам 
қайраткерлерiнен 
құрылған 
оқытушылар  сабақ  бергенiн  жазады.  Мәселен,  Ғ.Мұсабаев, 
М.Малдыбаевтар  осы  мектепте  дәрiс  бередi.  Атақты  ғалым 
М.Тынышбаев 
пен 
Петербор 
университетiнiң 
түлегi 
Б.Сырттанов мектеппен iскерлiк қарым-қатынаста болған.  
Мектептiң салыну жобасы, оқу бағдарламасы, iшкi ережелерi 
Уфадағы  “Ғалия”  медресесi  үлгiсiнде  құрылған.  Сабақтар  ана 
тiлiнде  жүрген.  Математика,  физика,  география,  табиғаттану, 
тарих,  ана  тiлi,  араб  және  орыс  тiлдерi,  қүран  оқытылады. 
Мектеп  түлектерiне  тек  негiзгi  пәндерден  бiлiм  берiлiп  қана 
қоймай,  мәдениет  пен  өнер  түрлерiнен  де  сабақтар  өткiзiледi. 
Қазақ  ақыны  Iлияс  Жансүгiров  өз  бiлiмiнiң  бастауын  осы 
мектептен алады. Осындағы театрлық қойылымдарға қатысады. 
Өз заманының iрi қоғам қайраткерi, тұңғыш педагог-жазушы, 
қазақ  балалары  үшiн  дүниетанымдық  ғылымдар  негiзiн 
оқытатын  алғашқы  бiлiм  ордасын  ашушылардың  бiрегейi – 
Ыбырай  Алтынсарин 
екенi  белгiлi  жайт.  Қазақ  елiн 
қараңғылықтан  алып  шығып,  көкiрек  көзiн  ашқан,  халық 
рухының  қамқоршысы  болған  Ыбырай  Алтынсарин  еңбегiнiң 
жалпы  қазақ  мәдениетiнде  алатын  орны  ерекше.  Ал  педагогика 
тарихы  мен  оқыту  жүйесiнiң  шежiресiнде  бұл  есiм  алтын 
әрiптермен  жазылады.  Жастарға  өмiрлiк  оқудың  есiгiн  ашып, 
өнер-бiлiмнiң  алғашқы  бастаушысы  бола  бiлген  Ыбырай 
Алтынсаринның  алғашқы  қадамы  1861  жылы  Торғай  даласына 
келiп,  мектеп  ашудан  басталады.  Жергiлiктi  орындардағы 
жадағай  әкiмшiлiктiң  қарсылығына  ұшыраған  алғашқы  бастама 
сәтсiздеу  болады.  Бiрақ  Ыбырай  ел  iшiнде  жүрiп  мектептiң 

 
12 
пайдасы  мен  болашағын  түсiндiре  жүрiп,  өз  үйiнде 4-5 баланы 
оқытып,  жаңа  мектеп  iсiнiң  әуелгi  кiрпiшiн  қалайды,  негiзiн 
салады.  Алғашқы  мектеп  Торғайда  1964  жылы  ашылады.  Онда 
он  төрт  қазақ  баласы  оқуға  келедi.  Мектеп  бағдарламалары 
уездiк 
училищелердiң 
оқу 
жоспары 
және 
оқу 
бағдарламаларымен  жұмыс  iстеуге  тиiс  болды.  1879  жылы 
Ыбырай  Торғай  облысы  мектептерiнiң  инспекторы  қызметiне 
тағайындалады.  Бұның  өзi  ұстаз-ақынның  барлық  қайрат-
жiгерiмен  қызмет  iстеуiне  мол  мүмкiндiк  бередi.  1879-1883 
жылдар  аралығында  Торғай  облысының  төрт  уезiнде – 
Торғайда,  Ырғызда,  Троицкiде,  Ақтөбеде  жаңа  мектептер  өз 
оқушыларын қабылдайды. 1883 жылы Торғай қаласының өзiнде 
қолөнер  мектебi  жұмысын  бастайды.  Бұл  мектеп    қазақ 
даласындағы  техникалық  бiлiм  беретiн  тұңғыш  оқу  орны 
болады.  1886  жылы  Ы.Алтынсаринның  тiкелей  қатысуымен 
Орынборда  қазақ  мұғалiмдер  мектебi  ашылды.  Ол  орыс-қазақ 
мектептерiне  мұғалiмдер  даярлаудың  нағыз  орталығына 
айналады.  
Ыбырай  Алтынсаринның  негiзгi  прогресшiл  оқытушылық 
көзқарасының  қалыптасуына  К.Д.Ушинскийдiң  педагогикалық 
идеялары көп әсер еткенi туралы зерттеушiлер талай рет жазған 
едi.  Оның  ұйымдастырған    орыс-қазақ  мектептерiнiң  түрi  қазақ 
халқының  әлеуметтiк  тұрмыс  жағдайына  сәйкестендiрiледi. 
Сондықтан да мұндай мектептер ХХ ғасырдың бас кезiнде Қазақ 
даласының  көпшiлiк  аймақтарында  ашылды.  Бiрақ  сол  кездегi 
патша  өкiметiнiң  саясаты  мектептiң  кең  тынысты  жұмыс  iстеп, 
халық  ағарту  iсiмен  айналысуына  толық  мүмкiндiк  бере 
қоймайды.  
Қазақ даласында ашылған мектептерде Ыбырай Алтынсарин 
қаламынан  1879  жылы  шыққан  “Қазақ  хрестоматиясының” 
маңызы  мен  рөлi  ерекше  болды.  Еңбектiң  алғы  сөзiнде  ұлы  ұстаз 
былай деп жазады: “Бұл кiтапты құрастырғанда мен, бiрiншiден, 
осы  бiздiң  ана  тiлiмiзде  тұңғыш  шыққалы  отырған  жалғыз 
кiтаптың  мектепте  тәрбиеленiп  жүрген  қазақ  балаларына  оқу 

 
13 
кiтабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына 
жарайтын кiтап бола алу жағын көздедiм”. 
Ел  өмiрiмен  жете  таныс,  қазақ  өмiрiнiң  күнделiктi  тiршiлiк 
тұрқын  жақсы  бiлетiн  Ыбырай  үшiн  кез  келген  тәрбиелiк  мәнi 
бар  нәрсе  қалтарыста  қалмады.  Сондықтан  да  ол  былай  деп 
жазады: “Мен  қазақ  балаларын  ұқыптылыққа,  тазалыққа, 
отырықшылық  тұрмыстың  артықшылығына,  мысалы  құрғақ 
жылы  бөлмелерде  тұруға  үйретудiң  өзi  қазақ  даласында 
тәрбиелiк мәнi бар жұмыс деп бiлем”. 
Арқаның  Қарқаралы  өлкесiндегi  Құнанбай  қажы  мешiтiнде 
үлкен  медресе  жұмыс  iстегенi  белгiлi.  Онда  сабақ  берген 
ұстаздардың көпшiлiгi Уфадағы “Ғалия” медресесiнiң түлектерi 
болған. Өз кезiнiң нәзирагөй ақындарының бiрi, қазақтың мақал-
мәтелдерiн  алғашқылардың  бiрi  болып  жинап  бастырушы 
Кашафуддин  Шахмарданұлы  осы  медреседе  ұзақ  жылдар  бойы 
дәрiс  берген.  Қазақ  тiлiнде  көптеген  кiтаптар  шығарған.  Қазақ 
балаларына  арнап  Ыбырай  Алтынсарин  жазған  “Кел,  балалар, 
оқылық”  өлеңiн  өзiнше  толғап,  ұзақ  өлең  шығарады.  Халықты 
өнер-бiлiмге,  ислам  дiнiне  насихаттауда  көп  еңбек  сiңiредi. 
1897-1898  жылдары  Кашафуддин  Шахмарданұлы 20-дан  астам 
кiтап  бастырып  шығарып,  халық  арасына  таратады. “Махулат”, 
“Манзурат”, “Әдептi  бала”, “Ахуал”  сияқты  жинақтарының 
халық  арасында  ағартушылық  идеяны  жүзеге  асырудағы 
маңызы ерекше болады. 
Ғасыр  басындағы  қазақ  халқының  оқуға,  бiлiмге  деген 
сұранысына сәйкес көптеген оқулықтар орыс тiлiнен аударылып 
та басылып жатты. Орыс тiлiндегi әдебиеттердiң үлгiсiмен қазақ 
халқының  өз  арасынан  педагогикалық  жинақтар,  оқулықтар 
жарық  көрдi.  Айталық,  1907  жылы  Қазан  қаласында 
А.Жандыбаевтың  “Жас  ғұмырым”,  А.Мәметұлының  “Әбрият”, 
К.Ғ.Сырғалинның  “Өнеге”  атты  шығармалары  қазақ  тiлiнде 
шыққан 
тұңғыш 
оқу 
құралдарының 
үлгiсi 
саналады. 
Зерттеушiлердiң  пiкiрiнше,  осындай  еңбектердiң  iшiнде  қазақ 
тiлiнде шыққан тұңғыш оқу құралы ретiндегi “Әбрияттың” ролi 

 
14 
мен  маңызы  ерекше. 30 беттен  тұратын  шағын  еңбекте  сабақ 
оқытудың  жолдары  көрсетiледi.  К.Сырғалиннiң  “Өнегесiнде” 
ата-анаға көзқарас, ауыл-аймақ, көршi-қолаңмен қарым-қатынас 
жасаудың  ретi  туралы  айтылып,  тәрбиенiң  педагогикалық, 
дидактикалық  қырлары  қамтылады.  Мұғалiмнiң  ролi,  әлiппенi 
оқудың,  оқытудың  жайы  туралы,  төте  оқудың  мазмұны  сияқты 
әлеуметтiк-педагогикалық пiкiрлер келтiрiледi.  
Қ.Сырғалинның  “Қазақ  балаларына  жәрдем”  деген  оқулығы 
1913  жылы  Қазан қаласынан  басылып  шығады.  Бұл  оқулықтың 
маңызы  балаларға  әрiптердi  талдап  көрсетiп,  әрiптердiң 
жазылуы  мен  мағынасына  толық  түсiнiк  бередi.  Әрiптердi  бiр-
бiрлеп  оқығанда,  сөздiң  басында,  аяғында  жазылғанда  қандай 
мағына  беретiндiгiн  анықтайды.  Оқытудың  дидактикалық 
талаптарына  сәйкес,  сөз  мағынасын  оқушыға  жақсы  түсiндiрiп 
беруге назар аударады. Оқулықтың негiзгi принципi – балаларға 
таныс  заттарды  көрсете  отырып,  ол  заттың  таныс  емес 
қасиеттерiн  айту,  көрнекiлiк  әдiсi  арқылы  бiрте-бiрте  табиғатта 
бар нақтылы заттарды таныту.  
М.Қашимовтың  ”Әдеб”, “Ақыл  кiтабы”  атты  оқулықтары  да 
қазақ балаларын сауаттандыру iсiнде елеулi рөл атқарды.  
Осылайша ұлы далада оқу-ағарту iсi баяулап болса да дамып 
келе  жатты.  Ресми  мәлiметтерге  қарағанда  1916  жылы  қазақ 
училищелерiнiң  саны 600-ге  жеттi,  онда  барлығы  19  мың  бала 
оқыды.  Алдыңғы  қатарлы  мұғалiмдер  қатарында  Спандияр 
Көбеев,  ағартушы  Ахмет  және  Әбуғали  Балғынбаевтар, 
С.Меңдешов,  Е.Бабин,  А.Құдайбергенов  т.б.  халық  ағарту  iсiне 
өз үлестерiн қосты. 
Орыс-қазақ  мектептерiнiң  саны  аз  болса  да,  қазақ  халқының 
мәдениетi  мен  оқу-ағарту  iсiнiң  дамуында  айтарлықтай  үлкен 
үлесi  болғанын  айту  парыз.  Мұндай  мектептерде  болашақ 
дәрiгерлер  мен  оқытушылар,  жазушылар  мен  ақындар,  жалпы 
қазақ  қоғамының  алғашқы  зиялы  азаматтары  бiлiм  алып, 
тәрбиеленiп  жетiлдi.  1914-1915  оқу  жылында  жалпы  бiлiм 

 
15 
беретiн 2006 мектеп  болды,  онда  барлығы  105,1  мың  оқушы 
оқып, бiлiм алды. 
Қазақстанда  оқу-ағарту  iсiнiң  шындап  дамуы,  алға  басуы 
кеңес өкiметi кезеңiнде басталғаны анық. Қалай десек те, Қазан 
революциясы Ұлы Далаға ұлы дүбiр, толағай табыстар әкелгенiн 
айту парыз. Кеңес өкiметiнiң алғашқы күндерiнде РСФСР халық 
комиссарлар  кеңесi  мен  халық  ағарту  комиссариаты  жаңа 
мектеп  құру  жөнiнде  бiрнеше  құжаттар  қабылдайды.  Соның 
iшiнде аз ұлттардың тiлiнде мектеп ашу жөнiнде арнаулы қаулы 
қабылданады.  1918  жылы  21  қаңтарда  “Шiркеудi  мемлекеттен, 
мектептi  шiркеуден  бөлу”  жөнiндегi  декрет  қабылданады.  Ал 
осы  жылдың  16  қазанында  “Бiрыңғай  еңбек  мектебi  туралы 
ереже”  шығады.  Бұл  құжаттардың  сол  кезеңдегi  оқу-ағарту 
орындарын  құру  және  оның  бағыттарын  белгiлеудегi  маңызы 
мен ролi ерекше болған. 
1919 
жылғы 26 желтоқсанда 
“РСФСР 
халқының 
сауатсыздығын  жою”  туралы  декрет  шығады.  Бұдан  соң  елде 
түгелдей  сауатсыздықты  жою  күресi  басталып  кетедi  де,  жер-
жерде  “Қызыл  отау”, “Қызыл  бұрыштар”  құру  iсi  басталады. 
Қазақстанда  бұл  жағдай  1921  жылы  “Сауатсыздықты  жою 
жөнiндегi  арнаулы  төтенше  комиссия”  құрылғаннан  кейiн 
жүзеге  аса  бастайды.  Қызу  да  қарқынды  жүргiзiлген  жаппай 
сауаттандыру  iсiнiң  нәтижесi  ресми  түрдегi  мәлiметтерде 
былайша  сараланады.  1930  жылғы  мағлұматтар  бойынша 
ерлердiң 95,2%-i, әйелдердiң 66,3% хат  таныған  (Қазақ  Совет 
энциклопедиясы.  Энциклопедиялық  анықтама,  Алматы,  1980, 
396-бет). 
Алғашқы кездегi мектептiң жалпы сипаты екi сатыдан тұрды. 
Бiрiншi  сатыдағы  мектептер  бiр  жылдық,  екi  жылдық,  үш 
жылдық  және  төрт  жылдық  болып  бөлiндi.  Екiншi  сатыдағы 
мектептер  жетi  жылдықтан  жоғары  болды.  1920-1921  оқу 
жылдарында мектепте барлығы 144 мың бала оқыды. 
1931-1940  жылдары  Қазақстанда  мектепте  бiлiм  беру  iсi 
ерекше  қарқынмен  жүргiзiледi.  1930  жылы  “Жаппай  мiндеттi 

 
16 
бастауыш  бiлiм  беру“,  1931  жылы  “Бастауыш  және  орта  бiлiм 
туралы”  қаулылар  шығады.  Бұл  қаулылар  мектеп  санының 
өсуiне,  ондағы  оқу  сапасының  жоғарылауына  ерекше  ықпал 
етедi.  Ендi  екi-үш  жылдық  мектептер  төрт  жылдық  бастауыш 
мектеп  болып  қайта  құрылады.  Егер  1930  жылы  мектеп 
жасындағы  балалардың  тек 22% ғана  мектепке  барып 
сауаттарын 
ашса, 
1937 
жылы 
олардың 96% мектеп 
табалдырығын аттайды. Заман ағымында күрделi де қасiретi мол 
оқиғалар  болып  жатты,  дегенмен  мектепте  қазақ  жастарын 
оқыту  iсi  осылайша  iлгерi  қадам  басты.  Кеңес  мектептерiндегi 
оқыту iсiнде жүргiзiлген саяси бағыт пен көзқарас туралы әңгiме 
өзiнше  бөлек  тақырып.  Қалай  болғанда  да,  мектептiң  саны  мен 
сапасының өсiп-өркендегенi тарихи факт.  
Аталған кезеңде мектеп үйлерiн салу мен оның материалдық 
базасын  жақсартуға  да  көп  көңiл  бөлiнедi.  1933  жыл  мен  1939 
жылдар  арасында 280 мың  орындық 2614  мектеп  үйi 
мемлекеттiң  қаржысының  есебiнен  салынады.  Мектептегi 
оқулар негiзiнен ана тiлiнде жүргiзiледi. 30-жылдары мектептегi 
барлық  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламалары  бекiтiледi. 
Көптеген  оқулықтар  жазылып,  жарық  көредi.  Орыс  тiлiнiң  пән 
ретiнде оқытылуына ерекше мән берiледi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
17 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет