атаулы сөздердi” iшiнде
туынды түбiр сөздер өте көп кездеседi. Оларды лексикалық
мағынасы сақталып түрлi формаға енген сөздер (адамдар,
адамдармыз) бөле бiлмей тұрып, лексиканың лингвистикалық
негiзiн де толық түсiну қиын болады. Сондықтан оқушыларға
лексикалық мағына дегенде әртүрлi мысалдармен саналы
түсiндiру арқылы ғана, оны грамматикалық мағынадан
ажырататын болады.
Мысалы, дейiн, шейiн, гөрi т.б. Шылаулар мен кiтап, қар, аяқ
сияқты сөздердi салыстырып, оқушылардың өзiне мағыналарын
түсiндiр десек, тек кiтап, қар, аяз деген сөздердiң ғана
лексикалық
мағынасын
түсiндiредi
де,
шылаулардың
лексикалық мағынасыны жоқ екенiне көздерi жетедi. Сөз
мағынасын ашып түсiну оқушылардың лексикалық ұғым туралы
кеңеюiмен стилистикадан хабардар болуға мүмкiндiк бередi.
Сөздердiң мағынасына кей жағдайда жеке тұрып ашыла бермей,
олар кейде мәтiн сөйлемде ашылуы мүмкiн. Мысалы, ақиық
сөзiнiң оқушы бүркiт тұқымдас құс маржасын аңғартатын
мәтiнсiз түсiнсе де, ауыспалы мағынада шаршамайтын,
шалдықпайтын адам деген мәнiн ұға бермейдi. Көл сөзiнiң
теңiзден кiшi суды аңғармашының бiлгенмен, көп, мол дегендi
бiлдiруi тек текст iшiнде ғана ашылады. Сойдай-ақ сөз кейде өз
мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданылмай екi не
одан да көп сөздердiң тiркесуi арқылы басқа мағына беретiн кезi
болады. Мұндай тiркестер айтушы немесе жазған кiсiнiң
құрастыруымен емес, дайын, бұрыннан тiркесiп, қалыптасқан
108
күйiнде жеке сөз орнына пайдаланылады. Мысалы, ашық ауыз,
төбе шашы тiк тұрды сияқты тiркестер жеке бiр ғана атауыш сөз
мағынасын бередi. Әрине, мұның бәрiн лексикалық мағынаны
түсiндiргенде үйiп-төгiп оқушыға түсiндiрем деу әурешiлiк”, –
дейдi А.Айғабылов, дегенмен мұғалiм өзi есте ұстаса, мәтiн
iшiнде кездесе қалғанда оқушыға ұқтыруына қажет болады деп
жас мамандарға кеңес бередi /3.6/.
Әдiскер ғалым А.Айғабылов лексиканы оқытуда, яғни
лексика бөлiмiнен саналы бiлiм беру үшiн жоспарға енген
тақырыптарды теориялық және практикалық жағынан мәнi
анықталуы керек дей келiп, лексика бiлiмiн оқытуда есте
сақталуы қажет үш ұғым бар екенiн бiлуiмiз керек дейдi.
Сонымен әдiскердiң үш ұғымына мән берсек, бiрiншiсi – сөздiң
мағыналық топтары. Бұған сөз және оның мағыналары (тура,
ауыспалы, көп мағыналық), синоним, омоним, антоним.
Екiншiсi – әртүрлi қолданылу аясына қарай бөлiнетiн жалпыға
бiрдей, белгiлi аяда қолданылатын сөздер (терминдер, диалект
және кәсiби сөздер), көнерген сөздер мен неологизмдер.
Үшiншiсi – шығу тегiне қарай қазақтың байырғы сөздерi мен
басқа тiлден енген сөздер. Осы үш топқа бөлiнген тақырыптар
бүкiл лексика бөлiмiн қамтиды да, олардың әрқайсысы
мұғалiмдерге материалды түсiндiруге белгiлi мiндет жүктейдi.
Бiрiншi ұғым деп алып отырған сөздiң мағыналық топтары 4
сыныпта оқылатыны белгiлi. 5 сынып оқушылары сөз
мағыналарының әртүрлi қолданыс жолдарын (тура, ауыспалы),
синонимдердiң,
омонимдердiң,
антонимдердiң
тiлiмiздегi
көркемдiк, стильдiк мәнiн түсiнiп, текстерден ажыратуға, тiл
ұстарту жоспары бойынша ресми iс-қағаздар стилiнде, ауызекi
сөйлеу стилiнде, көркем әдебиет стилiнде қолдану жолынан
хабардар болды. Олардың түсiндiрме сөздiкте берiлу тәртiбiмен
танысып, сан түрлi сырын ұғады. Сөйтiп, оқушылар сөйлеу,
жазу нормаларына жаттығады.
Ал, екiншi және үшiншi топқа жататын ұғымдар 5 сыныпта
оқытылады да тiлiмiздегi сөздердiң даму, қалыптасу жолымен
109
және олардың әдеби тiлдiң стилдiк тармақтарында қолданылу
аясын аңғартады. Мысалы, қазақтың байырғы сөздерi мен басқа
тiлден енген сөздердi оқу арқылы тiлдiң баю, даму жолын
түсiнсе, терминдер мен диалект, кәсiби сөздердiң, көнерген
сөздер мен неологизмдердiң мәнiн бiлу арқылы тiлдiң сан-
саласы стильдiк тармақтары болатынын, әрқайсысы да қажетiне
қарай тiлiмде қызмет ететiнiн ұғады. Сондықтан лексика
бөлiмiнiң материалдарын өту барысында да, кейiн пысықтау
үшiн де айтылған ұғымдарды еске сақтаудың, оқушыларға оны
анықтап ескертудiң зияны жоқ. Оқушыларға анық бөлу үшiн
кестенi жасап, iлiп қоюға да болады.
Ал фразеологизмдер мағынасы жағынан өзара синонимге де
(жүрегiнiң түгi бар, жүрек жұтқан, он саусағынан өнер тамған,
ағаштан түйiн түйген т.б.) көп мағыналылыққа (аузын ашты
деген фразеологизмдi сөйлей бастады деп те, таң қалды деп те
түсiндiруге болады) да жатады.
Ал шығу тегiне қарай алсақ фразеологиязмдердi тiлiмiздегi
сөздер сияқты байырғы фразеологизмдер, басқа тiлден енген
фразеологизмдер деп бөлуге болады. Мысалы, көрмес түйенi де
көрмес, тасбақа аяң сияқты тұрақты тiркестердiң бiрiншiсi
байырғы фразеологизм болса, екiншiсi – шрепаший шаг
дегеннен алынған.
Қысқасы фразеологизмдер жеке сөздiң болмысы ретiнде
қолданылатындықтан, сөздiң аясында қарастырылады.
“Мектепте лексиканы оқытуды”, яғни оқытуда оның
тиiмдiлiгiн арттыру үшiн алға қойылатын негiзгi принциптердi
саралап алудың үлкен мәнi бар. Ғалымның пайымдауынша,
лексиканы оқыту әдiстемесiнде негiзiнен төрт принцип бар:
Оның бiрiншiсi – сөз мағынасын оның (сөздiң) аңғартатын
болмысымен (зат, сын, сапа, сан, қимыл, т.б.) салыстыру;
екiншiсi – лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны
салыстыру: үшiншiсi – семантикалық-мағыналық принцип;
төртiншiсi – диахрониялық принцип.
110
Бұл төрт принципке жеке-жеке тоқталған А.Айғабылов,
бiрiншi принциптi – сөздi болмыспен салыстыруды былайша
түсiндiредi. Қазақ тiлiнiң сөз байлығын үйрену өмiрдегi сан
алуан құбылыстың өзiн, оның сын сипатын ұғумен қатар
жүретiнi белгiлi. Өйткенi нендей жаңа зат, жаңа ұғым пайда
болукына қарай, жаңа сөз пайда болатыны белгiлi, оның тiптi
қолданылуы не қолданбауы да сол зат немесе ұғымның өзiне
байланысты. Адамның өзiне таныс емес ұғымды тануы мен өсуi
сияқты лексиканы да оқытқанда да сөз мағынасын өмiрмен
тiкелей ұштастырылып отырумен талап етiледi.
Айталық, 5 сыныпта сөздiң мағыналық топтарын оқытуда
сөздiң мағынасын заттың суретiмен салыстыру лексиканың көп
мағыналы
сөздер,
синоним,
омоним,
антоним
сияқты
категорияларын топтауға үлкен септiгiн тигiзедi. Бiр заттың
атауы екi не одан да көп сөзбен аталса, ондай сөздердi синоним
болатынын (шолақ, қысқа, келте, т.б.) немесе бiрнеше зат бiр бiр
сөзбен аталса, омоним болатынын, бiр-бiрiне ұқсас бiрнеше
затты бiр сөз аңғартса, көп мағыналы сөз болатынын түсiндiру
үшiн өте қажет әдiс болып табылады. Мектеп оқулығында
бұлайша салыстыру әдiсiне негiзделген суреттер берiлген. Оны
мұғалiм көбейтiп қолданылуына болады.
Тiлдегi сөздердi оқушы қолданып тұрғанымен, оның iшкi
сырын, мағыналық қатпарларын, стильдiк өңiн анық тани
бермейдi. Екiншi принцип жайын яғни лексикалық мағына мен
грамматикалық
мағынаны
салыстыруды
профессор
А.Айғабылов: “Бұл принцип лексикалық құбылысты нақтылап,
анықтап, дәлелдеп тануға, сөйлеу, жазу кезiнде лексикалық
қателердi
болдырмауға
көмектеседi.
Мысалы,
антоним,
синоним, омоним немесе көпмағыналы сөздердi оқытқанда,
олардың
лексикалық
мағыналарына
көңiл
бөлемiз
де
грамматикалық мағынасына көңiл аудармаймыз. Шындығында
омонимдердiң грамматикалық мағынасына көңiл аударып,
олардың бiр сөз табына да, әр түрлi сөз табынан да (түс –зат
есiм, түс-етiстiк т.б.) бола беретiнiн салыстыра түсiндiрсек,
111
тақырыптың мазмұны ашылуы да, лексикалық мағынаны жақсы
түсiндiруге мүмкiндiк туады /17.3.10/.
Лексиканы оқытуда әрбiр лексикалық категорияларды
түсiндiру лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны
қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды болады.
Былайша түсiндiру – лексикалық мағынаны ашуға көмектесумен
бiрге, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды да бойына
сiңiре беруiне, сөздердiң қолдану аясын тереңдей бiлуiне
мүмкiндiк жасайды.
Үшiншi принцип – семантикалық принцип. Бұл принциптi
әдiскер әр түрлi сөздермен мағыналық байланысына қарай
лексикалық парадигма жасау қабiлетiмен байланыстырады.
Лексикалық парадигма дегенiмiз айналадағы заттар мен
құбылыстардың бiр-бiрiне қатысты қандай болса, оларды
аңғартатын сөздердiң де бiр-бiрiне қатысы сондай болады.
Мысалы, өзара қатыстылығы арқылы бiр атауға топталатын
сөздер болады. Айталық, таңертең, сәске, түс, намаздыгер,
намазшам, кешқұрым сөздерi бiр күн iшiнде болатын мезгiл
атаулары; тал, терек, қарағаш, қараған, сәмбi, өрiк, алма т.б.
сөздер ағаш сөзiнiң мағынасына енедi; қол, аяқ, иық, тiзе, арқа,
құлақ, көз, мұрын т.б. сөздер дене мүшесiне жатады.
Сондай-ақ синоним, антоним, көп мағыналы сөздер де өз
iшiнде белгiлi бiр мағыналық қатынасқа ие. Сөйтiп, лексикалық
парадигма дегенде осындай өзара мағыналық байланысы бар
сөздердi” тобын айтамыз. Сондықтан, семантикалық принцип
көп мағыналы сөздер мен омонимдердi, көп мағыналы сөздер
мен антонимдердi, синонимдер мен түбiрлес сөздердi үйренуде
қолданылады. Сондай-ақ өзара бiр атау топтарға бөлiнетiн
сөздерге көңiл аудару да лексикалық мағынаны аша түсетiн
тәсiл екенiн есте сақтаған жөн. Мысалы, шабуылшы, қорғаушы,
қақпақшы сөздерiн спорттың футбол атты түрiмен ғана
түсiндiрiп, мағынасын аша аламыз. Сондықтан тiлiмiздегi
көптеген сөздердiң лексикалық мағынасын тек семантикалық
принцип арқылы түсiндiруге болады. Қандай сөз болмасын
112
ешқашан тiлде жеке өмiр сүре алмайды, қандай да бiр басқа
байланыста қолданылып, қажетке жарайды /3.12/.
Төртiншi принцип – диахрониялық принцип. Бұл принцип
тiлiмiздегi сөз байлығының пайда болу, жасалу қалыптасу
тарихын халық өмiрiмен салыстыра түсiндiруге негiзделген,
ол көбiнесе 6-сыныптағы басқа тiлден енген сөздер, көнерген
сөздер, неологизмдер мен кәсiби сөздер туралы ұғымды
оқушыларға түсiндiруде қолданылады. Сөйтiп, диахрониялық
принцип – оқушыларға сөздiң тарихын, шығу тегiн не пайда
болу себебiн ашып түсiндiру жолымен лексикалық мағынаны
анықтау үшiн тым күрделi көрiнуi де мүмкiн. Мәселен онда
емес. Бiз бұл жерде сөздiң этимологиясын ашу үшiн жасалатын
күрделi талдауға бармаймыз, тек 6-сынып оқушыларының өз
ұғымына сай, оқулық материалы көлемiнде ғана жүргiзiледi.
Жаңа сөздер, неологизмдер мен көнерген сөздердi халық
тарихымен салыстырып, би, хан, уәзiр сияқты сөздердi қазiр
халық неге қолданбайды? дегендей сұрақтар төңiрегiнде әңгiме
жүргiзген өте пайдалы.
Лексика бойынша жүргiзiлетiн жаттығу жұмыстары жөнiнде
профессор А.Айғабылов: лексикалық жаттығулар қазақ тiлi
лексика жүйесiн белгiлi бiр ұғымдық мәлiметтермен танысуға,
сөздердi қолдана бiлуге дағдылануға бағытталады. Сондай-ақ
лексикалық жаттығу оқушылардың сөз байлығын арттырады,
сөздi қолдануға бейiмдiктерiн дамытады, оқушыларды әрбiр
сөзге көңiл бөлуге, мағынасын анық аңғартуға жетелеп,
логикалық ойлау жүйесiне кеңейтедi /3.14/.
Лексика саласы бойынша берiлетiн жаттығулардың өзiндiк
ерекшелiктерiне қарай классификациялап алған жөн. Берiлетiн
жаттығу жұмыстарының бiрiншi тобы, сөз жоқ лексикалық
жаттығу болып табылады. Мұнда негiзiнен оқушылардың
лексикадан алған теориялық мәлiметтерi пысықталып, сөз
қолданысқа үйретiп, дағдыландыру, сөздiктердi пайдалану iсi
игерiлуi керек. Дұрысында сөздiктермен танысу, оларды
пайдалану жұмысы әрбiр тиiстi лексикалық ұғымдармен бiрге
113
жүргiзiлуi керек. Мысалы, түсiндiрме сөздiкпен танысу, оны
пайдалану сөз мағыналарын өткенде қажет болады. Оқушылар
сөздiң лексикалық мағынасын сөздiкте қалай түсiндiретiнiн
немесе өздерi мағынасын анық аша алмаған сөздердiң мәнiн ұғу
үшiн пайдаланылады, көп мағыналы сөздердiң, омомним
сөздердiң берiлу тәртiбiн үйретедi.
Көп мағыналы сөздердiң әр түрлi синонимi, әр түрлi
антонимi болатынын түсiндiрiп, оған сай жаттығу жұмысын
жасау – сөздi толық түсiндiруге, барлық мүмкiндiгiн ашып ұғуға
мүмкiндiк бередi. Мысалы, асау ат, асау өткел деген тiркестерде
асау сөзiне бiрде жуас, бiрде оңай сөзi антоним болады. Ал
синонимi де әртүрлi, айталық, бастықпаған ат, қиын өткел.
Ал, лексикалық жаттығулардың екiншi тобы тiлдi” басқа
салаларымен
байланыстырып
жүргiзiлетiн
синтетикалық
жаттығу болып есептеледi. Яғни лексикадан алған бiлiмiн одан
бұрын өткен тараулармен байланыстырылған жаттығу. Ол үшiн
мынадай жаттығулар жүргiзiлгенi абзал.
1. Берiлген сөздердiң лексикалық және грамматикалық
мағыналарын топтастыру: 1) адам, өсiмдiк, жануар, алтын, су; 2)
қызық, жазық, әдемi, үлкен; 3) ойлану, жүру, сөйлеу, кебу;
Оқушылар үшiн топқа бөлiнген сөздердiң лексикалық
мағынасын аша отырып, бiрiншi топтағы сөздердiң зат атауы
екенiн, екiншi топтағы сөздердiң заттың белгiсi, сынын
бiлдiретiн анықтап, зат есiм, сын есiм, етiстiкке жататынын
түсiндiру тиiс. Сол сияқты лексикалық мағынаны сөздiң жасалу
жолына, қалдырылуына, шығу тегiне қарай ажырату да
грамматикамен тығыз байланысты жүргiзiледi.
2. Мына түбiрлес сөздердiң қай сөз тобына жататынын
анықтату: 1) келiсiм, келiстi, келiншек; 2) орын, орынша,
орындық, орынды; 3) адам, адамдық, адамгершiлiк, адамды.
3. Грамматикамен байланысты жүргiзiлетiн жаттығудыңтағы
бiр түрi сөздiң түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы
айырмашылықтарын ажырату болып табылады. Мысалы, белгiлi
бiр сөзге септiк, тәуелдiк, жiктiк жалғауларын жалғау арқылы
114
лексикалық
мағыналарын
салыстырып
көруге
болады.
Оқушылар бұлайша түрленген сөздердiң лексикалық мағынасы
сақталып, грамматикалық мағынасында өзгерiстер пайда
болғанына көз жеткiздi.
Бұл айтылған жаттығу түрлерi оқушылардың лексикалық
мағынаны грамматикалық мағынадан ажыратуға көмектеседi,
сөйтiп, сөздiң қолданыс аясын жақсы меңгерiп, практикалық
дағдысы артады, жазу мәдениетi жетiледi.
Ал
стилистика
саласымен
байланысты
лексикалық
жаттығулар сөздi таңдап қолдануға, айтылатын ойға лайық
сөйлем құрауға үйретедi. Бұған байланысты жүргiзiлетiн
жаттығу жұмыстары:
1. Берiлген сөздер мен сөз тiркестерi қандай лексика-
семантикалық топтарға, қайсысы қандай стильдiк тармақтарға
жатады. Мысалы, балалар-балдар, қыз-нашар бала, тыныш-
тиыш, бала-балақай т.б.
2. Стилистика
туралы
ұғымды
оқушыларға
кеңiнен
түсiндiрiп, ғылыми, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерiмен
таныстыру.
V сынып жоспарында лексика материалдарына 10 сағат
берiлген. Оқушылар осы берiлген сағат көлемiнде сөздiң
лексикалық мәнiн, оның тiлiмiзде қолданылу орнын, қызметiн
түсiндiру мiндеттеледi. Ол үшiн сөздiң лексикалық мағынасы
мен грамматикалық мағынасын ашып, сөздердiң өзара
мағыналық байланыс жүйесiн түсiндiру, сөйтiп, олардың сөз
байлығын арттырады; сөздiң тiлдегi өзiндiк өзгешелiгiн, яғни
дыбыстық жағын, затты, сапаны, қимылды т.б. мағынаны
аңғартатынын түсiндiру V сынып оқушылары лексика
тақырыбын өту барысында лексикалық ұғымдардан хабардар
болумен қатар, олардың көркем әдебиетте қолданылуымен
танысып, өз беттерiмен оларды текстен табуға дағдыланады.
Сөз және оның мағынасы бойынша оқушылар тiлiмiздегi сөз
байлығы туралы түсiнiк алып, олардың мағыналары, қолдану
аясы бойынша дағдылануы мақсат етiледi. Сондай-ақ тiлдегi сөз
115
байлығының шексiз молдығын, ал олардың сан алуан мағынаға
ие екенiн түсiндiруi қажет.
Мұғалiм сабақты “Қазақ тiлi түсiндiрме сөздiгiнiң” бiр томын
көрсетуден бастап, тiлiмiздегi сөз байлығымыздың молдығын,
оның бiрсыпырасы көрсетiлген түсiндiрме сөздiкте берiлгенiн
айтып шығады. Сонан соң тiлiмiздегi сөздердiң әр түрлi
ұғымдарды (зат, сын, сапа, сан, қимыл т.б.) аңғартатындығын
ескертiп, көрсетiлген сөздiктен кез келген (әрине, оның
оқушыларға түсiнiктi болғаны жөн) бiр сөздi алып, мұғалiм
оқып шығады.
Арпа – зат. Бидайға ұқсас қалың қауызды, дәндi астық.
Бұндағы арпа сөзiнiңзат атауы екенiн және бидай секiлдi
дәндi астықтың бiр түрi екенiн бiлемiз.
Ал түсiндiрме сөздiкте сөздiң алфавитi тәртiбiмен берiлiп,
оларды” грамматикалық белгiсi (зат есiм, етiстiк т.б.), одан кейiн
түсiнiгi жазылатынын, қолданылуына қарай көркем әдебиеттен
мысал беретiнiн оқушылар түсiнедi. Бұлайша түсiндiрме сөздiк
арқылы сөзге түсiнiк беру – оқушылардың тiлiмiздегi әрбiр
сөздiң белгiлi бiр ұғымға берiлген атау екенiн нақты көзбен
көрiп, саналы түсiндiруiне мүмкiндiк бередi.
Ал сөздiң мағынасын түсiну не оны түсiндiру оңай жұмыс
емес. Кейде өзi айтып түсiнiп тұрған сөзiнiң лексикалық
мағынасын ашып беру оқушыға қиындық келтiредi. Сондықтан
мұғалiм сөз мағынасын ашып беру оқушыға қиындық келтiредi.
Сондықтан мұғалiм сөз мағынасын түсiндiруде мынадай
тәсiлдердi қолданған дұрыс: көрнекiлiк, мағыналық, мәтiндiк.
Көрнекiлiк тәсiл лексикалық мағынаны түсiндiруде оқушының
көрiп, ұстап жүрген, жақсы таныс, нақтылы заттарын мысалға
алуға болады. Мұндай таныс атаулар мыналар: қой, сиыр, ағаш,
т.б.
Мағыналық көрнекiлiк тәсiлден қарағанда кеңiрек. Оған
сөздердiң синонимдерiн табу, логикалық анықтамасын табу,
мағыналық құрылысына анықтама, талдау жасау жұмыстары
жатады. Мысалы, таяну-сүйену; тату-сыйлас, дос, тамыр т.б.
116
Контекстiк тәсiлдердiң сөз мағынасын ашуда үлкен маңызы
бар. Өйткенi қандай сөз болмасын оны” мағынасы тек сөйлем,
мәтiн құрамында ғана нақты ашылады. Әсiресе көп мағыналы
сөздердi” мағынасы мәтiнде ашық көрiнедi. Мысалы, Ақ үй
көрiнедi, Ақ көңiл адам келдi. Ақ iшiп жүрмiн. Мұндағы ақ
сөзiнiң үш түрлi мағынада берiлiп тұрғанын оқушыларға
түсiндiру, жеке сөздердi берiп, оқушылардың түсiндiрме сөздiк
арқылы мағынасын ашуына көбiрек көңiл бөлiнуi тиiс. Үйге де
осы тәсiлде тапсырма беруге болады.
Сөздiң тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын оқушыларға
нақтылы түсiндiру, әсiресе ауыспалы мағыналы сөздердi
түсiндiру қиындық келтiредi, өйткенi ауыспалы мағыналы
сөздер оқушылардың ой-өрiсiн, образды ойлау жүйелерiн қажет
етедi. Сондықтан мұғалiм оқушылардың текстен тура мағыналы
сөз бен ауыспалы сөздi ажырата алуын, ауыспалы мағыналы
сөздiң образды ойлау жүйесiмен айтылатын түсiнуiн негiзге алу
керек. Оқушылар тұтқа сөзiнiң тура мағынасы (есiктiң қолға
ұсталатын жерi) мен тiрек мағынасында қолданылған ауыспалы
мағынасын түсiнедi.
Мұғалiм тағы да басқа мысалдар арқылы кеңейте түсiндiрiп,
сөздiң бастапқы мағынасы тура делiнетiн, ал қолданылуына
қарай кейiн пайда болған мағынасын туынды немесе ауыспалы
мағына деп айтатыны ұқтырады. Ол үшiн оқушылар әуелi сөздiң
тура, ауыспалы мағынада қолданылуын түсiндiрме сөздiктерден
көрiп,
оның
берiлу
тәртiбiмен
танысады,
ауыспалы
мағыналарды тура мағынамен салыстырады.
Мұғалiм ол үшiн оқушылардың жақсы бiлетiн, күнделiктi
қолданылып жүрген сөзiн таңдап алғаны жөн. Мысалы, әл сөзiн
алайық. Әл – зат есiм. 1. Күш, қуат, шама. 2. Хал-ахуал, тұрмыс,
жағдай.
Сөздiң ауыспалы мағынасы тура мағынасының негiзiнде
пайда болып, бiрте-бiрте жаңа сөз жасалатынын түсiнедi.
Оқулықта берiлген жаттығу қара, қал, суық, қисық деген
сөздердiң қандай мағынада (тура немесе ауыспалы) қолданылып
117
тұрғанын айтып берiңiздер деп, ауызша түсiндiрудi тапсырған.
Осы жаттығудың мiндетiн оқушылар орындаған соң, мұғалiм
мынадай сызбаға түсiрiп, дәптерлерiне жазуын қадағаласа,
артық болмайды.
Бұл сызбаны жасап болған соң, оқушылардың өзi мұғалiмнiң
басшылығымен әр сөздiң бiрiншi мағынасы мен екiншi
мағынасын салыстырады. Сондай-ақ осы мысалдарға қарап
отырып, оқушылар оқулықтағы: “Сөздi ауыспалы мағынада
қолдану – ойды көркем етiп айтып берудiң құралы (тәсiлi)
болып саналады. Демек, сөздiң ауыспалы мағыналарын жете
бiлу тiлдi көркемдiк, бейнелiк қасиеттерiн тану және меңгеру
үшiн өте-мөте қажет деген соңғы абзацтың мәнiн ұғынуы керек.
Айталық, суық хабар дегендi қайғылы хабар, жаман хабар,
көңiлсiз хабар деп айтуға да болатынын, бiрақ суық сөзiнiң
қолдануы бұл аталғандардан әрi күштi, әрi әсерлi естiлуiне себеп
болып, бейнелiк күш берiп тұрғанын түсiндiру қажет. Әрине,
оқушылар бiрер мысалмен бұл күрделi тiлдiк құбылысты анық
түсiнуi қиын.
Көп мағыналы сөздердi түсiндiру өткен сабақта өтiлген
сөздiң тура және ауыспалы мағынасын қайталаумен тiкелей
байланысты. Өйткенi, әрбiр сөздiң ауыспалы мағынасы сол
сөздiң мағынасын дұрыс түсiнген оқушыға көп мағыналы сөздiң
мәнiн ұғу қиын болмайды. Дегенмен, көп мағыналы сөздердi
түсiндiрудiң де өзiндiк қиындықтары бар. Ол үшiн мұғалiм екi
мәселенi жақсы аңғартып алуы керек. Ол тiлiмiздегi сөздердiң
жалқы және көп мағыналы сөздердi омониммен ажырату белгiсi.
Оқушылар көп мағыналы сөздердiң табиғатын, тiлiмiздегi
молдығын түсiндiрме сөздiкпен анық көре алады. Сөйтiп, сөздiң
әр түрлi мағынасын ұғу арқылы оқушылардың ұғымы кеңейiп,
танымы артады, жазу, сөйлеу үстiнде әр сөздiң өзге сөзбен
тiркесу қабiлетiн игередi.
Омонимдердi түсiндiрудiң шет жағасы көп мағыналы
сөздердi түсiндiру үстiнде де қарастырылатынын жоғарыда
айттық. Сондықтан көп мағыналы сөздердi қайталау үстiнде
омоним туралы ұғым заңды түрде жалғасып, жаң ңа сабақты
бастауға ыңғайлы жағдай туады.
118
Оқулықта омоним сөздердi оқушыларға түсiндiру үшiн ара
(құрал және жәндiк), шабу (шөп шабу, атпен шабу) сияқты зат
және қимыл атауларының омонимдестiгiне көрнекi құрал
боларлықтай суреттер берiлген. Мұғалiм осы әдiстi өзiнше
басқа-басқа суреттермен жалғастыра түсiндiргенi дұрыс.
Мысалы, қыс суретi мен шегенi қысқашпен қысып, ұстау
бейнесiн, қаздың суретi мен қазу үрдiсiн бейнелеген, суреттi,
жазу (жыл мезгiлi), жаз (қаламмен жазу, шумақталған сымды
жазу) суреттерi сияқты көрнекi құралдарды көрсете отырып,
бұлардың бiр-бiрiне ұқсастық белгiсi жағынан көз жеткiзу керек.
Сонда оқушылар омоним сөздер бiр-бiрiне ұқсастық белгiсi жоқ
басқа-басқа мағынаны аңғартса, көп мағыналы сөз белгiсi
ұқсастыққа қарай айтылатынын өздерi қорытып, әрi омоним
сөздердi толық түсiнiп, көп мағыналы сөздердi пысықтау
мүмкiндiгiн
алады.
Суреттi
оқушылардың
қабылдау
мүмкiндiгiне орай алынады. Сол арқылы омонимдердi бiр сөз
табынан да әр сөз табынан да болатынын ескерген жөн.
Оқушылар барлық уақытта мәтiндегi сөз мағынасын толық
түсiне бермейдi, жалпылай түсiнсе де нақты лексикалық
мағынасын түсiнбей қалуы жиi кездеседi. Сондықтан суретпен
түсiндiру де барлық жағдайда мүмкiн емес. Сол себептi
оқушылар сөздiкпен жұмыс iстеуге дағдыланғаны жөн.
А.Айғабылов “сөздердi” көп мағыналы не омоним екенiн
ажыратуға түсiндiрме сөздiктiң оқушыларға үлкен көмегi бар,
өйткенi мұнда көп мағыналы сөздер бiр сөз аясында, әр
мағынасы цифр арқылы бөлiнiп түсiндiрiлсе, омоним басқа-
басқа сөз ретiнде жеке мәтiндермен берiледi.
I. Буын: 1. Адам я жануар сүйектерiнiң бiр-бiрiмен өзара байланысқан
арашығы.
2. Өсiмдiк сабағының буылтықталған жерi.
3. Тұтас бiр нәрсенiң жеке саласы.
4. Ауыспалы мағына. Жас жағынан шамалас адамдар тобы.
ІІ. Буын
1. Бу етiстiгiнен жасалған өзiндiк етiстiк.
2. Қылғыну, тұншығу мағынасында.
3. Ауыспалы мағына. Қатты ашуланғандықтан,
ызаланғандықтан, долданғандықтан сөйлей алмай қалу.
4. Белiн бекем буынды – бел байлады.
III. Буын 1. Сөздердi айту кезiндегi ауаның қарқынымен
кiлт үзiлiп шыққан бiр немесе бiрнеше дыбыстар тiзбегi.
119
Сөйтiп, бiз буын сөзiнiң үш омоним ретiнде берiлгенiн, ал
олардың әрқайсысы бiрнеше мағынаны (көп мағыналық)
аңғартатындығын көремiз. Сондай-ақ омонимдердi ажырата
бiлуде сөздiкпен жұмыс iстеу тәртiбiн игерумен қатар оқушылар
олардың тiлiмiзде қолданылу үлгiлерiн түсiну үшiн, әдебиет
сабақтарында мәтiннен тауып үйрену керек. Ол үшiн мұғалiм
әуелi әдебиеттiк оқу кiтабынан омоним жиi кездесетiн
үзiндiлердi нұсқап, белгiлi бiр тапсырма бередi. Ол тек
омонимдi қайталау үшiн ғана емес, әдебиет сабағына үлгiруге де
көмек болады” /3.23/.
Синонимдердi түсiну арқылы оқушы тек сөз байлығын
арттырып қана қоймайды, өз ойын әрi нақты, әрi образды
жеткiзуге үйренедi. Тiл мәдениетiн игеруде мүмкiндiк алады.
Сондықтан синоним туралы материалды екi сабаққа бөлiп өткен
жөн. Бiрiншi сабақта оқулықта берiлген синоним жөнiндегi
ереженi
жан-жақты
түсiндiрiп,
оқушылар
мәтiннен
синонимдердi
таба
алатындай
пысықтау
жұмыстарын
жүргiзуiмiз керек. Егер сынып оқушыларының синонимдi
түсiнуi қиын болатындай болса, синонимдердi де сурет арқылы,
айталық қой бағып жүрген кiсiнiң суретiн көрсетiп түсiндiру
керек. Бұл кiм? – деген сұрауға оқушылар шопан, бiрi бақташы,
бiрi қойшы деп, синоним сөздi өздерi табады, сөйтiп, оқушылар
шопан, бақташы, қойшы сөзiнiң мәндес мағыналы сөздер екенiн
өздерi айта алады.
Сондай-ақ мұғалiм оқушыларға бiр сөздi ұсынып, оның
синонимiн таптыру да тиiмдi әдiс. Мысалы, сәби деген сөздiң
синонимiн (нәресте, бөбек, бөпе, бала, шақалақ) оқушылардың
өздерiне таптыртып, сол сияқты ақылды – (естi); бұлқыну –
(жұлқыну, тыпыршу) сөздерiн тақтаға жазып, жақша iшiндегi
сөздердi оқушылар тауып айтса, синоним сөздердiң қандай сөз
екенiн бiлгенi, синонимдiк қашар жасай алғаны. Осы жерде
оқушылардың синонимдiк қатар дегеннiң не екенiне көзi жетедi.
Мысалы, жоғарыда оқушылардың өздерi тапқан синонимдiк
қатарлардан сәби, ақылды, бұлқыну сөздерiнiң бiрiншiсi – зат
120
есiм, екiншiсi – сын есiм, үшiншiсi – етiстiк екенiн, ал олардың
әрқайсысына табылған синонимдiк қатарлар да сол сөз табына
жататынын оқушыларға түсiндiру қиын емес. Оқушылар осыдан
кейiн әрбiр синонимдес қатарлар бiр ғана сөз табынан
жасалмайтынына көзi жетедi.
Екiншi сабақта синоним сөздердiң тiлiмiзде қолданылу
орнын, көркем әдебиеттегi ролiн түсiндiрудi мақсат еткен жөн
деген ұсынысты бiлдiрген әдiскер А.Айғабылов оқулықта
“синоним сөздер тiлдiң байлығын көрсетедi” деп басталатын
соңғы абзацта айтылған ой кеңейтiлiп түсiндiрiлуi керек.
Оқушылар синоним, синонимдiк қатар деген ұғымдарды еске
түсiрiп шыққаннан кейiн, мұғалiм бiр затты не сынды, қимылды
бiр сөзбен атамай, бiрнеше сөзбен айтатынымыздың себебiн
ашып, түсiндiредi. Бұлайша түсiндiру синонимдiк қатарлардың
тiлдегi орнын, қажеттiлiгiн түсiнуге себеп болады.
Синонимдiк қатарлар мағыналас, мәндес болғанмен, олардың
заттың, сын-сапаның, қимылдық белгiлерiн әр түрлi реңкте
аңғартатындығын, әр кез сөйлем iшiнде бiрiнiң орнына бiрi
ауысып қолдана бермейтiнiн түсiндiру қажет. Оқулықтағы
жаттығуларды орындау үстiнде оқушылар қысқа тон, қысқа
жiп, қысқа шаш, қысқа жең деп атауға болғанмен, қысқа мұрын
деуге болмайтынына көзi жетедi. Селдiр шаш десек те, селдiр
кездесу деп айтуға, кәрi қойды қой деуге болмайтынын түсiнедi.
Сондай-ақ сөйлеу не жазу үстiнде айтайын деген ойды жеткiзiп,
нақтылай
түсу
үшiн
синонимдес
сөздердiң
қатарынан
қолданылып, бiрыңғай мүше ретiнде келуiн де ескерткен жөн.
Мысалы, қалжың бас, әзiлқой/3.25/.
Антоним сөздердi оқушыға түсiндiру мұғалiмге онша қиынға
соқпайды. Оқулықта берiлген суреттер мен жаттығу жұмыстары
да оқушыларға лайықталып берiлген. Алайда, қарама-қарсы
мағынада
айтылатын
сөздердiң
лексика-грамматикалық
мағынасына көз жiбермей, олардың тiлiмiздегi орнын, рөлiн
түсiндiру қиын.
121
“Лексика мен фразеология” бөлiмiн өту алдында бұдан
бұрын оқылған лексикалық ұғымдар қайталанады, әсiресе
лексикалық мағына, көп мағыналы сөз, ауыспалы мағыналар,
синоним,
омоним,
антонимдердi
қайталау
оқушыларға
практикалық жағынан үлкен көмек бередi. Айталық 6-сынып
материалдары
сөздiң
қолдану
аясына
(жалпылама
қолданылатын сөздер мен терминдер, диалект сөздер. Кәсiби
сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер және шығу тегiне
(басқа тiлдерден енген сөздер) қарай құрастырылғанымен,
олардың көп мағыналылығы, дара мағыналылығы, синоним,
омоним, антонимдердiң бар не жоқтығын ескерiп отыру
көзделедi. Бұлайша қарастыру оқушылардың материалдарды
пәнiмен байланыста қабылдап, қазақ тiлi сөздiк құралыны” тiл
жүйесiндегi орнын, олардың көнеру, жаңару процесiн түсiнуге,
сөйтiп,
шәкiрттердiң
жалпы
дүиетанымының
артуына,
ойларының дамуына себепшi болады. Сондай-ақ V сыныптағы
лексикалық ұғымдар VI сыныпта морфологиядан оқытылатын
сөз құрамы мен сөз жасалуын, морфологияны өткенде де қажет
болады. Сондықтан жоспарда бөлiнген сағаттан 2 сағатты
қайталауға бөлген жөн.
1. Бiрiншi сабақтың мазмұны. Сөздердiң лексикалық
мағыналары, көп мағыналы сөздер, ауыспалы мағыналы сөздер
туралы қайталау, қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiмен жұмыс
iстеу. Қайталау сабағын жүргiзу тәрiбi сыныптың дайындығына
қарай әр түрлi өтуi мүмкiн. Егер сынып оқушылары өткен
материалды жақсы бiлетiндей дәрежеде екенiне мұғалiмнiң көзi
жетсе, әуелi бiрнеше сұрақтарды қойып, оқушылардың
оқулықтағы жаттығуларымен жұмыс iстеуiне басшылық етедi.
Кейде сынып оқушылары былайша қайталауға дайын болмауы
да мүмкiн. Ондай жағдайда мұғалiмнiң: “Неге ұмытты”? Кәне,
сен айтшы? Бәрiң де бiлмейсiңдер ме? Онда V сынып
материалдарын бiлмей тұрып, VI сыныпты қалай оқимыз?” –
деген сияқты оқушылардың жүйкесiн әлсiрететiн артық сөз
қолданылмауы керек.
122
2. Мұғалiм
ондай
жағдайда
қайталауды
жаттығу
жұмыстарынан
бастап,
өзi
түсiндiруге
кiрiскенi
абзал.
Оқушылар жаттығу үстiнде көп мағыналы сөздердi өзгелерiнен
ажыратумен
бiрге,
әр
түрлi
сөздермен
мағыналық
байланыстарын жақсы түсiну арқылы сөз байлығымыздың
молаюының бiр жолы екенiн аңғаруы тиiс. Мұның өзi VI
сыныпта қазақ тiлiнiң сөз байлығы туралы түсiнiк алуға
жетелейтiн қосымша материалмен танысуға мүмкiндiк бередi.
Мысалы, күю, етiстiгiнiң алғашқы мағынасы жану, бықсу болса,
қызу
(күн
күйiп
барады),
қайғыру
(күйiп
отырмын),
дегбiрсiздену (күйiп-пiсiп жүр) сияқты мағыналары да жеке-
жеке әрекет-құбылысты аңғартатынын, сөйтiп сөз байлығының
сан жағынан емес, сапа жағынан да байытып отыратынын
түсiнедi. Ал ауыспалы мағыналарын түсiндiргенде оқушы тек V
сыныпта өткен материалдарды ғана еске түсiрiп қана қоймай,
көбiнесе жеке адамның сөз қолдануына қарай ауыспалы
мағыналардың пайда болатынын, ал сөздердiң кейбiреуi
қолданыла келе тура мағынаға айналатынын аңғарған жөн.
3. Екiншi
сабақтың
мазмұны.
Антоним,
омоним,
синонимдердi қайталау. Түсiндiрме сөздiкпен жұмыс iстеу.
Антоним, синоним, омонимдердi еске түсiру сөздердiң көп
мағыналылығынан салыстырыла, жарыстырыла жүргiзiлгенi
дұрыс. Мысалы, бiр көп мағыналы сөздi алып, оған антоним,
синонимдерiн таптырудың үлкен мәнi бар. Егер ауыр етiстiгiнiң
синонимдерiн тапқызсақ, бiреулерi – салмақты, зiлдей десе,
екiншi бiреулерi – қиын, азапты; Ендi бiреулерi – қайғылы,
мұңды; тағы бiреулерi – қатал, төзiмсiз деп жауап бередi.
Шындығында осы сөздердi топтап, бiр-бiрiмен мағынасын
салыстырсақ,
синонимдес
болатынына
көзiмiз
жетедi.
Сондықтан оқушылардың өзi айтқан сөздердi жеке-жеке тақтаға
шығып оларды оқушылардың неге атағанын сұрау арқылы
анықтаған абзал.
Мұғалiмнiң қайталау кезiнде тағы бiр ескеретiн мәселесi
оқушыларды” V сыныпта жазған мазмұндама, шығармаларындағы
123
лексикалық қателердiң жиi кездесетiн түрлерiн тағы бiр
қайталаулардың артықтығы жоқ, демек, өзге мысалдармен
көрсетiлген қатеден гөрi оқушылардың өз қатесi оқушыларға
көбiрек әсер етедi, есте сақтауына мүмкiндiк бередi.
Қазақ тiлiнiң сөз байлығы туралы түсiнiк. Бұл тақырыпты
өтуде ең негiзгi мәселелер: оқушылардың сөз байлығы, оның
баю, даму жолдары түсiндiрiлумен бiрге сөздердiң халық
қазынасына жататын әрi қажеттi, әрi қадiрлi зор байлық екенiн
түсiндiру. Бұл ретте оқушылардың алдына Ғ.Мұстафиннiң
“Түрлi-түрлi байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тiл
байлығын атар едiм. Өйткенi тiл байлығы – бәрiнен де сенiмдi
байлық”. Ғ. Мүсреповтiң “Тiл – аса қадiрлеп ұстайтын
байлығымыз”. М.Әуезовтың “Қазақ халқының тiлi – әрi бай, әрi
көркем тiл” деген сөздерi арнайы көрнекiлiкпен жазылып, iлiнiп
қойылады. Осы айтылған пiкiрлердiң шындығына оқушылардың
көздерiн жеткiзу керек. Сондай-ақ тiлiмiздегi сөз байлығыны
молдығының қанша екенiне көз жеткiзудiң, қиын екенiн,
қазiрше 100 мыңдай сөз жиналып отырғанын ескерту артық
болмайды. Содан кейiн сөз байлығымыздың даму, баю, жасалу
жолдарын түсiндiру үшiн мынадай сызбаны пайдаланған жөн.
Түбiр
сөздер
Жұрнақ
арқылы
жасалған
сөздер
Бiрiккен
сөздер
Қосарланған
сөздер
Басқа сөздер
тiлден енген
ал
кел
жу
қой
ту
су
жу
малшы
еңбеккер
алым
сенiм
суат
жүздiк
жуын
өнеркәсiп
шекара
қолөнер
қолбасшы
өнертабыс
қолқап
үлкен-кiшi
ата-ана
ән-би
көл-көсiр
ауыл-аймақ
компьютер
автомат
таксафон
телефон
Мұғалiм сызба арқылы қазақ тiлiнiң күннен-күнге байып,
ғылым мен тiршiлiкте кездесетiн сан алуан ұғымдар мен
қимылды, сапаны, көңiл-күйдi толық жеткiзе, түсiндiре алатын
оралымды тiлге айналып келе жатқанын оқушыларға ұқтыруға
әрекет жасауы керек.
124
Басқа тiлдерден енген сөздердi оқытуда мұғалiм өткен
сабақтың жалғасы екенiн ескертудi ұмытпау керек. Өйткенi
қазақ тiлi сөз байлығының баю жолының бiрi-басқа тiлден сөз
ену екенi туралы оқушылар аздап болса да, өткен сабақта
есiткен.
Қай халықтың тiлi болмасын басқа тiлден сөз алмай, басқа
тiлге өз сөзiн бермей тұра алмайтындығы, оның әр түрлi
тiлдерде сөйлейтiн халықтардың бiр-бiрiмен қарым-қатынаста
болуы себеп болатыны оқулықта жақсы айтылған. Алайда
мұғалiм осы ұғымды оқушыларға барынша қызықты баяндап,
олардың есiнде қалатындай дәлелдеп, деректер тауып айтса,
толықтырып айтса ғана оқушыға жетедi.
Оқытуды тәрбие беруден бөлiп қарастыра алмаймыз. Бұл
ұғымдар оқу-тәрбие жұмысы деп тiркесiп қолданылады. Оқу-
тәрбие жұмысыны” бiрлiгi барынша шеберлiктi, мектеп
жұмысындағы iскерлiктi керек ететiн ұлы мiндет. Осы орайда
Айтбай
Айғабылов
бiрқатар
мақалалар
жазған.
Оның
“Лексиканы оқытудағы тәрбие жұмысы” атты мақаласында осы
мәселе кең қамтылады.
Ана тiлiнiң сөз байлығын үйрену, оның өзара мағыналық
қатынасын түсiну арқылы оқушыда ең бiрiншi тiл туралы
көзқарас қалыптасады. Әрбiр сөз – бейiм ұғымдар атауы.
Сондықтан сөз мағынасын түсiну арқылы оқушы өмiрдегi сан-
саналы құбылыс сырын, қолданылу аясын, әдеби тiл нормасын,
жазу мәдениетiн меңгередi; өз халқының тарихына терең үңiлiп,
Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелейдi.
Ал бұл айтқандар әрбiр тақырыппен жеке сабақтарда жүйелi
түрде орындалу үшiн мұғалiм қазақ тiлiнiң “Лексика” бөлiмiнде
нендей тәрбиелiк жұмыс жүргiзуге болады, оны қалай тиiмдi
өткiзу керек? деген мәселелердi мамандарының жоспар жасаған
кезден бастап ойластырады. Қай тақырыпта қандай мәселе
қарастырылуы алдын-ала жоспарлануды керек етедi.
Сонымен “Лексика” бөлiмiн оқыту барысында мына
мәселелердi еске алу керек. Ең әуелi, мұғалiм қазақтың сөз
125
байлығын жете бiлiп, оны аса зор сүйiспеншiлiкпен оқыта бiлуi
керек. “Оқушыны ғылымға баулығың келедi екен, – сол
ғылымды өзiң сүй, жақсы бiл, сонда оқушы ғылымды да, сенi де
сүйедi. Сен оларды тәрбиелеу мүмкiндiгiне ие боласың”, – деген
екен Л.Н.Толстой.
Мұғалiм қашанда өзi терең бiлетiн, сүйетiн мәселесiн
түсiндiргенде бар пейiлiмен құлай айтады да, оқушының зейiнiн
өзiне қаратады, баурап алатындай эмоция, сезiм табады. Сонда
ғана оқушының мұғалiмге, мұғалiм әңгiмелеген мәселеге деген
ықыласы, сүйiспеншiлiгi артады.
Сөз, тiлдiң адамзатқа қасиетi, қажеттiлiгi туралы халық
даналығы, ғалым-жазушылардың сөздерiн пайдаланудың да
үлкен мәнi бар.
Сабақ үстiнде тәрбие жұмыстары оқу материалдарының
мазмұнына сай жүргiзiледi. Мейлi, сөз мағыналарын өткенде,
мейлi басқа тiлден енген сөздi, кәсiби сөздi, т.б. лексикалық
ұғымдарды түсiндiргенде мәселенiң тарихы мен даму процесi
қазiргi өмiрмен байланыстырыла түсiндiрiледi. Мұның өзi
оқушылардың
пайым
шеңберiн
кеңейтiп,
өздiгiнен
ой
қорытындысын жасай алатын дәрежеге жетуi, онда жас
буынның қазақ тiлiнен алатын тәрбиесi аз болмайды.
Отан, туған жер, атамекен сияқты сөздердi бұрынғы өмiрдi
суреттейтiн әдебиеттердегi мағынасы мен бұйымы сөз
қолданысымыздағы мағынасын салыстыру арқылы түсiндiрсек,
оқушыларға патриоттық тәрбие берiп, олардың Отанға деген
сүйiспеншiлiгiн арттырамыз. Айталық, Отан сөзi бұрынғы үй-
iшi, семья, от басы деген ұғымда қолданылса, “туған жер”,
“атамекен” сөздерi белгiлi бiр мекендi, ауыл көлемiн, шағын
территорияны аңғартқан. Ол ұғымдарды бұл сөздердiң бүгiнгi
мағыналарымен салыстыруды” үлкен мәнi бар. Осы сияқты,
Отан соғысы, Отан сүйгiштiк, Отан байлығы, Отанымыздың
шекарасы сияқты сөз тiркестерi осы дәуiрдегi жаңа мағынасына
байланысты жаңа ұғымды бiлдiретiн тiркестер екенiне көз
жеткiземiз.
126
Сондай-ақ бұрын тiлiмiзде еңбек сөзi бейнет, михнат, азап,
жұмыс, қиыншылық, тауқымет сияқты сөздермен синонимдес
болатынын,
еңбек
ету
таптық
қоғамда
жиiркенiштiк
“мәдениеттi өмiрге” қарама-қайшы ұғымда қолданылатынын
түсiндiре отырып, қазiргi мағынасында ол сөздiң бейнет,
михнат, азап, тауқымет, қиыншылық сияқты сөздермен
мағыналастық ұғымы қойылған еңбекшi, жұмысшы сияқты
сөздер қазiргi кәсiп иелерiне айтылатын мысалдар арқылы
түсiндiрсе, сөз мағынасыны” өзгеруi қоғамдық өзгерiске сай
дамып отыратынын оқушы еркiн түсiнедi.
Екiншiден, еңбек, еңбеккер, жұмысшы сөзiнiң лексикалық
мағыналары арқылы оқушылар екбекқор, жұмысшы сөзiнiң
лексикалық мағыналары арқылы оқушылар еңбек сүюге
тәрбиеленедi. Бұнымен қатар қазiргi тiлiмiзде қолданылып
жүрген еңбек ету құқығы, еңбек ақы, дене еңбегi, еңбек қорғау
сияқты
тiркестердi
конституциядан
тауып,
олардың
әрқайсысына сөйлемдер құрастыру, шығарма жаздыру тәрiздi
жұмыс жүргiзуде де өтiлген тақырып мазмұнын өмiрмен тығыз
байланыстырып, ұжымды тәрбие беруге мүмкiндiк жасайды
дейді ғалым-үдіскер.
Айтбай Айғабылов Ы.Алтынсарин атындағы педагогика
ғылыми-зерттеу институтында жұмыс iстеп жүрген кезiнен
қазақ тiлiн оқыту методикасымен айналысып, қазақ тiлi
оқулықтарының олқы тұстарын түзеп, жетiлдiрген. Ұстазы
Кәкен Ахановпен бiрiгiп морфология курсын оқытуға арналған
методикалық нұсқау жасап, кейiннен осы кiтапқа авторлық
құқыққа ие болды.
Бұл еңбектерiнде қазақ тiлiн оқытудың тиiмдi жолдарын
қарастырып, қазақ тiлiн оқыту методикасының жетiстiктерiне
сүйене отырып жазылған. Қазақ тiлiн оқыту мақсатта ережелер
мен анықтамаларды жаттап айтып беру емес, мысал келтiрiп,
жаттығу мақсатын орындау ғана емес, сол теорияның бiлiммен
қарулану арқылы мәдениеттi сөйлеуге, сауатты жазуға
127
дағдылану. Сондықтан да бiлiм берумен бiрге, бiлiм алу
дағдысын үйрету де негiзгi мәселе болып есептеледi.
Қазақ тiлiн оқыту методикасында оқушылардың тiл
байлығын арттырып, сөйлеу эстетикасын жетiлдiре түсу, ана
тiлiндегi әуездiлiктi, мәнерлiлiктi, алуан мән-мағынаға бай
тiлдiк материалды игеру сөз болады. Ана тiлi дегенiмiз
анықтамалар мен ережелер жинағы емес, сан түрлi мән,
ажарымен ғана оқушының сүйiспеншiлiгiн арттырып, бiлiмiн
байытатын пән.
Қазақ тiлiн оқыту мақсатын iштей екiге саралауға болады.
Бiрiншiсi – ана тiлi туралы бiлiм негiзiн беру, ал екiншiсi –
“өмiрге түгел ортақ ой-сезiмдi дәлiрек те толығырақ бере алатын
тiл байлығын” (М.Әуезов) қолдана бiлуге дағдыландыру.
Бұл еңбек осы тектес ебектерден бiрнеше өзгешелiктерге ие.
Бiрiншi, жыл басында бiрден оқулықтың негiзгi материалына
кiрiспей, алдымен қазақ тiлi туралы мәлiмет бередi. Бұндағы
мақсат – оқушыларға тiл туралы алғашқы тәрбие сабағын
ұйымдастырып,
шәкiрттердiң
тiлге
деген
көзқарасын
қалыптастыру,
эстетикалық
талғамын
ояту.
Сондай-ақ
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Екiншi
өзгерiс – жетiлдiрген
бағдарлама
бойынша
морфология курсы VI сыныпта оқу жылының аяғына дейiн
оқытылатын болғандықтан V сыныптан VI сыныпқа бiрсыпыра
материал көшiрiлдi. Олар: етiстiктер, етiстiктiң мағынасы мен
құрамына қарай түрлерi, етiстiктiң шақтары. Бұларды VI
сыныпқа
ауыстырғанда
оқушының
жасына
лайықтап
күрделендiру, көлемiн ұлғайту мақсаты қойылған жоқ, басты
мақсат
теориялық
мәлiметтi
молайту
емес,
керiсiнше,
жеңiлдетiп беру көзделедi.
Үшiншi өзгерiс – тiлдiк анықтамалар мен түсiнiктердiң ң
оқушыларға барынша түсiнiктi берiлуi көзделiп, бiрсыпыра
материалдарды жеңiлдету мақсатымен жұмыс жүргiзiлдi.
Мысалы, бұрынғы оқулықта анықтамалардың көпшiлiгi жаттап
лайықталынып, бiрнеше ерекшелiк бiр сөйлемге сыйғызылып,
128
күрделенген сөйлеммен берiлген болатын. Оны оқушы бiрден
сыдыртып оқып шыққанда түсiне қоймайтын. Сондықтан ондай
анықтамаларды оқулықты өңдеуде бөлiмдерге бөлiп, әрбiр
ерекшелiк жеке-жеке сөйлеммен берiледi. Оқулықта бұлайша
ереженi бөлiп, жiктеп берудiң себебi, ерекшелiктер бiрден көзге
түседi, әрқайсысының мағынасы есте қалуға оқушының жаттап
әуре болмауына көмегi тиедi. Сондай-ақ оқушылардың
грамматикалық
тiл жүйесiн
дұрыс
түсiнуiне
оқулыққа
ұсынылатын материалдардың орналасу тәртiбiнiң де рөлi бар.
Өйткенi пәнаралық байланыс методикада айырықша маңызға ие.
Сондықтан кей материалдың орны ауыстырылып берiлдi.
Мысалы, бұрынғы оқулықта рай түрлерi бұйрық райдан
басталып, ашық раймен бiтетiн. Мұндағы мақсат – бұйрық
райлы сөздердiңетiстiктiң бастапқы формасы (бар, кел, шық,
көр) болып келетiнiн көрсету едi. Бұл ғылыми тұрғыдан дұрыс
та. Дегенмен, оқушыларға рай түрлерiн түсiндiру үшiн, ашық
райдан бастап түсiндiру методикалық жақтан тиiмдi екенi
тәжiрибеде байқалады. Мұның себебi, бiрiншiден, ашық райды
түсiндiру етiстiктiң шақ түрлерiн түсiндiрумен тiкелей
байланысты. Ал етiстiктiң рай түрлерiнен бұрын етiстiктiң шақ
түрлерi өтiлетiнiн ескерсек, рай түрлерiн ашық райдан бастаған
жөн екенi де түсiнiктi болады. Екiншiден, етiстiктiң рай түрi –
iс-әрекеттiң шындыққа қатысын көрсететiн қиын да күрделi
категория. Айталық, бұйрық рай, шартты рай, қалау райды
түсiндiру үшiн iс-әрекеттiң болып жатқанын, болатынын немесе
болып өткенiн ашып, айқын көрсетiп тұрған ашық раймен
салыстырмай болмайды. Сондықтан бұл жағынан да ашық
райдың бiрiншi оқылуы қажет-ақ.
Оқулықты жақсарту жолында әрбiр тiлдiк категориядан кейiн
қайталау үшiн бақылау сұрақтары мен тапсырмалар берiледi.
Бұл жаңа бағдарламада көрсетiлген бiлiм дағдыларына
қойылатын талапқа сай жасалған кезiндегi жаңалық. Қайталау
сабағында оқушылардың бiлiмiн жинақтау, бiр iзге түсiрiп
қорыту үшiн талдау жұмысының көп пайда беретiнi белгiлi. Ал
129
ондай талдау үнемi жүргiзiлiп отыруы үшiн оқулықта әр сөз
табының ауызша және жазбаша талдау үлгiлерi берiледi.
Төртiншi өзгерiс – бұрынғы оқулықтағы жаттығу санының
аздығына, оқушылардың түсiнуiне көмек болатын схема-
таблицалардың
жетiмсiздiгiн
толықтыруға
байланысты.
Бұрынғы оқулықтарда кейбiр тақырыптарға бiрден жаттығу
берiлмей,
оған
қатысты
жаттығулар
кейiнгi
тақырып
жаттығуларымен бiрге берiлген едi. Мысалы, ауыспалы осы шақ
және оның түрлерi, нақ осы шақ тақырыптарына жаттығу
берiлмей, ауыспалы осы шақты өтiп болған соң, барлық осы
шаққа бiрден жаттығу берiлген едi.
Бесiншi өзгерiс бұрынғы оқулыққа қарағанда оқулық
бiрсыпыра қосымша тапсырмалармен толықтырылды. Бұрын
оқу жылының жартысында морфология бөлiмiн аяқтап,
синтаксис бөлiмiн оқуды бастайтындықтан, өткен материалды
жинақтауға көңiл аз бөлiнетiн. Ендi жаңа бағдарламаға
байланысты жыл бойында бiр рет және жыл соңында бiр рет
сыныпта өткен материалдарды жинақтап, бiр iзге келтiретiндей
арнайы материалдар берiлдi.
Алтыншы өзгерiс – оқулыққа тiл ұстарту материалдарының
жүйелi орналастырылуы. Бұған дейiнгi бағдарламаларда тiл
ұстарту жұмысына қандай мәселелердiң енетiнi айтылғанмен, не
оқулықта, не нұсқауда оған берiлген материалдар болмай келдi.
Соның нәтижесiнде мұғалiмдердiң сабақ үлгiлерi әр жерде әр
түрлi болып бiр iзге түспей келдi. Сондықтан тiл ұстарту
сабақтарында өтiлуге тиiстi бағдарламалық материалдар
ыңғайына қарай теориялық тақырыптардың ара-арасына
енгiзiлiп, оқушылардың тiлден алған бiлiмiнiң тiл ұстарту
сабағында практикалық маңызға ие болуына мүмкiндiк
жасамайды.
Ұсынылған методикалық нұсқау мiндеттiң орындалуына
көмек болатындай ретте жасалып, оқулық және бағдарламада
айтылған тiл мәселелерiн мұғалiмге барынша анық жеткiзу
жолдары көзделедi.
130
Мұғалiм түбiр сөз, туынды сөз, қосымша (жалғау, жұрнақ),
сөз таптары туралы түсiнiк бергенде лексикалық және
грамматикалық мағынаны оқушы салыстыра түсiнедi.
Оқушыларға бiлiм беру мақсаты мен мiндетi тек оқыту
процесiмен iске асатындықтан, оқыту жүйесiн барынша тиiмдi
жолға қою – бiрден-бiр негiзгi мәселе. Осыған байланысты
Айтбай Айғабылов бiрқатар еңбектер жазып кеткен. Ол
мақалаларында тиiмдi әдiстердi де айтып өтедi. «Оқытуды
оптималдандырудың кейбiр мәселелерi» мақалаларында кеңiнен
морфология, қазақ тiлi сабағын қалай өткiзуге тиiмдi болатыны
жайлы айтады. Оқытуды оптималдандыру принциптерiн
қарастыру соңғы жылдары жиi әңгiме бола бастады.
Дидактикамен айналысушы ғалымдардың зерттеулерi толық
соңғы нүктесiне жеткен соң, дегенмен, бүгiнгi оқу-тәрбие
жұмысын жақсартуға пайдасыз еместiгi аңғарылады.
Оқытуды оптималдандыру принциптерiн қазақ тiлiн оқытуға
лайықтап қарастырса, оның мұғалiмге көмегi көп.
Ал,
оқуды
оптималдандыру
принциптерi
деген
не?
“Оптималды вариант iздеу мұғалiмнiң өз мүмкiндiгiнен,
шәкiрттердiң тақырып мазмұнының деңгейiмен таңдалып, оған
қойылған мақсат жетегiнде ғана iске алады. Қазiргi қазақ тiлiн
оқыту тәжiрибемiзге көз жүгiртсек, осылайша оқыту процесiн
творчестволық жолмен шешiп жүрген мұғалiмдер аз емес.
Айталық, қазiр программалап оқыту туралы айтылмаса да,
мұғалiмдер оқушылардың сабақтан алған түсiнiгiн аз уақыт
iшiнде байқап шығу перфокарталарды қажеттi жерiнде
пайдалану
үлгiсiн
көрсетуде.
Оқыту
принциптерiн
оптималдандыру жайы да осы сияқты тәжiрибемiзде қажеттiгi
анықталып, орныққан әдiс, тәсiлдi қолдап, оларды қай жерде
қалай қолдану керектiгiн шешу арқылы ғана жүзеге аспақ”
/8.28/.
“Сабақты оптималдандыру үшiн, әрине, мұғалiмнiң сол пәнге
тән әдiстердiң түрлерi мен ерекшелiктерiн толық бiлуi керек.
Көбiнесе, мұғалiм көп iзденбегендiктен, сырттай елiктейдi де,
131
оның қолданылу орнын, мөлшерiн дұрыс шеше алмайды.
Мәселен, сабақта техникалық құралдарды тиiмдi пайдалану,
пәнаралық байланысты күшейту, тәрбие жұмыстарын жүргiзуге
әуестенiп, 45 минуттың көпшiлiгiн негiзгi тақырыптан тыс
мәселелерге арнайтын мұғалiмдер де бар. Олардың ойынша,
сабақ сапалы өткен сияқты. Шындығында сырт қараса, бәрi
түгел, ал бiрақ негiзгi тақырыптың жайы көмескi. Себебi
бұлардың бәрi көбiнесе сабақты мақсатына қарай емес, керектi
дүниелердi түгендеп шығу ниетiмен, керектi-керексiз жерлерде
де пайдаланумен өтедi де, оқушының зейiнiн шашыратады,
сабақ мазмұны ашылмай қалады” /8.29/.
Сабақтың сапалы өтiлуiне негiз болатын түп қазық
мақсаттың жүзеге асуы десек, қазақ тiлiн оқытуда екi мақсат
көзделедi: бiрiншiсi – оқушыларға тiл туралы ғылымды
түсiндiру; екiншiсi – оқушыларды бүгiнгi қоғамдағы қажеттi
өтейтiндей мәдениеттi сөйлеуге, жазуға баулу.
Егер осы екеуiнің өзара салмағын салыстырсақ, әрине,
екiншiсi басым келедi. Себебi оқушыларға тiл туралы ғылымды
үйренудегi мақсаттың жүзеге асуына дайындық болып
есептеледi. Бiрақ бұл екеуi оқушыларға бөлек-бөлек жеткiзiлетiн
бiлiм, дағды емес, бiрiнсiз бiрi жоқ тұтас iлiм екенiн де ұмытпау
керек.
Мақалада А.Айғабылов тiлдiң салаларын өткенде қойылатын
талаптарға тоқталады. Мысалы, грамматиканы (морфология мен
синтаксистi) оқыту оқушының тiкелей сөйлем, текст жасауына
мүмкiндiктер туғызады. Сондықтан да қазақ тiлiнiң мектеп
курсында грамматикаға әлдеқайда көп уақыт бөлiнедi.
Оқушылар
сөйлемнiң
мәнi
сөз
бен
грамматикалық
категориялар мағынасына қарап жасалатынын түсiнiп, текст
құрау мүмкiндiктерiн игередi. Мысалы: Машина келдi және
машинамен келдi деген екi сөйлемнiң мағынасы бiрдей емес.
Бiрақ екi сөйлем де машина және келдi сөздерi арқылы
жасалған. Демек, бұл жерде сөздiң лексикалық мағынасы бiр
болғанымен, грамматиканың мағынасы бiр емес. Бiрiншi
132
сөйлемде көмектес септiк жалғауы жоқ та, екiншiсiнде бар.
Сөйтiп, бұл сөйлемдердiң өзгешелiгi жалғаудың грамматикалық
мағынасында. Сөз құрылысын мақсатқа сай пайдалану үшiн, дәл
осындай салыстыру басқа тақырыптарда да жүргiзiлуi тиiс
/8.31/.
Осылайша тiлдiк категорияларда тiл дамыту мақсатында
бағындырып оқыту – тiл ұстарту жұмысының алғы шарты.
Сондай-ақ оның оқушылар жазба жұмыстарындағы қатенiң түп
төркiнiн жоюға да үлкен көмегi болмақ. Оқушының алған
теориялық
бiлiмi
сауатты
жазу,
сөйлеу
мәдениетiне
бағытталғандықтан, ауызша “төрт”, “беске” жауап беретiндерi
жазуда көп қате жiбередi деп ойлайды автор. Мақалада тек
морфология мәселесiне ғана назар аудармай басқа да “жанды
жерлер” мәселесiн сөз етедi. Солардың бiрi – тiл ұстарту.
Стилистикалық қатенiң төркiнi – тiл ұстарту бағдарламасына
лайық шешiлетiн мәселе. Оқушының жазба жұмысында әр түрлi
стильдiң ерекшелiгiн дұрыс түсiнбей, араластырып пайдалану
(мысалы, iс қағаздарын жазуда көркем әдебиет немесе
публицистикалық стильдi араластыру), сөйлем мен сөйлемнiң,
абзац пен абзацтың байланысын бұзу, т.б. ой, пiкiрдi жеткiзуге
кедергi болатын пiкiрлердi стилистикалық қатеге жатқызған
орынды. Тiл ұстарту – қазақ тiлiн оқыту жұмысының ең жанды
жерi. Өйткенi оқушыларға тiл туралы теориялық мәлiмет беруде
дыбыс, сөз, сөйлем көлемiнде бiлiм берген, ол тек тiл ұстарту
үшiн оқушыларды дайындағанымыз. Ал, тiлдiң негiзгi
қажеттiлiгi – қатынас құралы екендiгiнде. Қатынас құралы болу
үшiн тiл дыбыс, сөз, сөйлем шеңберiнде емес, текст деңгейiнде
ғана iске асады.
А.Айғабылов морфология мәселесiне көп көңiл аударған
ғалым. Оның “Ережедегi дәлдiк – оқыту сапасының көрсеткiшi”
атты мақаласында кең тараған ережелердi мысалға алып, мiнiн
көрсетедi.
Мемлекеттiк тiлдiң дәрежесi зерттелу сапасы мен оқыту
әдiсiнiң жетiлуiне тiкелей байланысты екенiн дәлелдеудiң
133
қажетi жоқ. Осы тұрғыда ойланып, өзгелер айтпаса да, өзiмiз
оқулықтар мен оқу құралдарына талапты күшейтетiн кез келдi-
деп жазады ғалым.
Қазiргi оқулықтарымыз қазақ тiлiнiң бiлгiр мамандары
қолымен жазылғанын мақтан етемiз. Бiрақ ғылым дамитынын,
кешегi жетiстiктерiмiзден кемшiлiк шығып жататынын өмiрдiң
заңы деп түсiнген, ол оқулықтарға да өңдеу қажет сияқты. Бiз
бүгiн осындай кемшiлiктерге тоқталу арқылы мемлекеттiк тiлдi”
оқытылу аясын жақсарту жайлы ой айтады. Ол үшiн нақтылы
әңгiме қозғау үшiн фонетика саласы бойынша мектеп
оқушыларынан
бастап,
жоғарғы
оқу
орнына
арналған
оқулықтарға кең тараған кейбiр ережелерге тоқталған.
Бiздiңше, бiрiшiден, барлық сөз бойындағы өзгерiстiң себебi
артикуляцияға байланысты пайда болады деген ұғымның үстем
болып келуi. Тiл – тiлде эволюцияның даму барысында
ешқандай көршi дыбыстың ықпалынсыз-ақ жүзеге асатын түрлi
дыбыстың алмасу, дыбысты” артық қойылып айтылуы немесе
кейбiр дыбыстың (кей морфемалық) түсiрiлiп айтылуы сияқты
құбылысқа мән берiлмеуден туған жағдай деп есептеуге болады.
Екiншiден, жоғарыда келтiрiлген ережелерге берiлген
мысалдардың көпшiлiгi түбiр сөзге жалғану мен форма
тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы түсiндiрiлген.
Эволюциялық даму жолында ұяңдану қатаңдану т.б. дыбыс
алмасу процесi жиi қолданылатын жалғаулар мен форма
тудыратын жұрнақтарда алғаш iске асады да, сөз тудырушы
жұрнақтарда ең соңында (өзгерiстер тiлде дағдыға айналғанда)
барып iске асады. Сондықтан да жоғарыда ережеге қайшы
келетiн сөздер iшiндегi (морфема жiгiндегi) тiркесiмдер
негiзiнен сөз тудырушы жұрнаққа байланысты болып отыр.
Мысалы қырқа, буынтық, қолтық, тантай, ботақан т.б.
Үшiншiден, лексика-грамматикалық ерекшелiкке байла-
нысты ұғымдарды да фонетикаға қолданып түсiндiрiп келдiк.
Мәселен, елiктеуiш сөздерге ерекше қарап, олардың ережеге
134
бағынбайтын тұсын басқа норма деп қарау немесе танып-тауып
сияқты алмасуды фонетикалық өзгерiске жатқызу т.б.
А.Айғабылов 130-ға жуық ғылыми, методикалық мақала,
еңбектердiң авторы. А.Айғабылов және оның ғылыми мұрасы
туралы ой-пiкiр, ебек мұнымен бiтпейдi деген ойдамыз. Бiз
үдістемеге қатысты зерттеулерін ғана сөз еттiк. Сондағы
түйгенiмiз – А.Айғабылов мұрасы әлi де терең тануды, зерттеудi
қажетсiнедi.
Бiздiңше Айтбай Айғабылов өзiнiң еңбектерi арқылы қазақ
тiлi мен қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiне мол ықпал еткен ғалым.
Осы реттен алғанда оның ғылыми мұрасы: қазақ тiлiн оқыту
әдiстемесiне байланысты жазған еңбектер оның iшiнде лексика
мен морфологияны оқыту; Морфонология мәселелерiне арқау
еткен еңбектерi деп қарастыруға болады. Еңбектеріне жiтi
үңiлiп, жан-жақты зерттесек, Айтбай Айғабылов әлемiн де терең
түсiнемiз.
А.Айғабыловтың еңбектері мен ғалым туралы
жазылған мақалалар:
Қазақ тiлi лексикологиясы (методикалық нұсқау), Алматы,
1989. 35 бет
Мектепте ғылым негiздерiн оқыту методикасын жетiлдiру
проблемалары. Алматы, 1982. 232 бет.
Қазақ тiлi мен әдебиетiн оқыту мәселелерi (методикалық
жинақ). Алматы. Мектеп, 1982. 206 бет
Мектепте қазақ тiлiн оқыту проблемаларын жетiлдiру.
Алматы, 1984. 185 бет
Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазiргi қазақ
әдеби тiлi. Алматы. Ана тiлi, 1991. 213 бет
Айғабылұлы А. Морфонология мен морфологияның және
сөзжасамның
байланысы
және
өзгешелiгі // Қазақстан
Республикасы
Гуманитарлық
ғылымдар
Академиясының
хабаршысы. Ғылыми журнал, 1998, № 1
135
Айғабылов А. Қазақ тiлi сабағы және тәрбие жұмыстары //
Қазақстан мектебi. 1997 № 7
Айғабылов А. Факультативтiк курс//Қазақстан мектебi.1981
№ 10
Айғабылов А. Тiл ұстарту // Қазақстан мектебi. 1985 № 8
Айғабылов А. Қыстырма дыбыс туралы не бiлемiз?// Қазақ
тiлi мен әдебиетi. 1993. № 1
Айғабылов А. “Үрдiс” пе әлде “заңдылық па?” // Қазақстан
Республикасы Ғылым және Бiлiм министрлiгi мен ұлттық
Ғылым Академиясының хабарлары. Филология сериясы. 1999. № 4
Айғабылов А. Қазақ тiлiндегi дауыстылар редукциясы //
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының хабаршысы.
1992. № 6
Айғабылов
А.
Оқытуды
оптималдандырудың
кейбiр
мәселелерi // Қазақстан мектебi. 1983. № 8
Айғабылов А. Морфонология дегенiмiз не? // Қазақ тiлi мен
әдебиетi. 1992. № 10,11,12
Айғабылов А. Талапқа сай талпыну // Қазақстан мектебi.
1982. № 6
Айғабылов А. Лексиканы оқыту принциптерi // Қазақстан
мұғалiмi. 1981 № 52
Аханов К. Тiл бiлiмi негiздерi. Алматы
Аханов К., Айғабылов А. Қазақ тiлiн оқыту. Алматы. Мектеп,
1983. 93 бет
136
А.Б.Салқынбай.__Қазақ_тiлiн_оқытудың_ғылыми_жолдарының_саралануы...................................17_А.Б.Салқынбай.'>А.Б.Салқынбай.'>МАЗМҰНЫ
Кіріспе .............................................................................................. 4
А.Б.Салқынбай.
Қазақ тiлiн оқыту жүйесiнiң қайнар
көздерi мен негiзгi бастаулары........................ 6
А.Б.Салқынбай.
Қазақ тiлiн оқытудың ғылыми
жолдарының саралануы...................................17
А.Б.Салқынбай.
А. Байтұрсынұлы..............................................18
А.Б.Салқынбай.
М.Жұмабаев......................................................30
А.Б.Салқынбай
. Ж.Аймауытов....................................................35
А.Б.Салқынбай.
С.Жиенбаев.......................................................39
М.Көккөзова.__Ғ.Бегалиев..............................................................48_М.Көккөзова.'>М.Көккөзова.
Ш.Сарыбаев...........................................................45
М.Көккөзова.
Ғ.Бегалиев..............................................................48
М.Көккөзова.
И.Ұйықбаев............................................................51
А.Б. Салқынбай.
Х.Арғынов........................................................54
М.Көккөзова.
Қ.Басымов..............................................................56
М.Көккөзова.
Р.Әмір.....................................................................79
А.Б.Салқынбай.
Ы.Маманов........................................................95
М.Көккөзова.
Д.Әлімжанов..........................................................99
М.Көккөзова.
А.Айғабылұлы.................................................... 101
Салқынбай Анаркүл Бекмырзақызы
Көккөзова Мария Балмұханқызы
ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛШІ-ƏДІСКЕР
ТҰЛҒАЛАРЫ
ЖШС «Нұр-пресс» бас директоры
Жансеитов Н. Н.
Техникалық редакторлар: Омарқожаева Г.К., Төребаева Г.А.
Сарашысы: Оспанова Д. Н.
Беттеуші: Төребаева Г.А.
Дизайн: Жансеитов А.Н.
Оператор: Умурова Г. О.
Басуға 14.04.2006 қол қойылды. Офсеттiк басылыс.
Пiшiмi 60х90
1
/
16
. Қағазы офсеттiк. Қарiп түрi «Таймс».
Шартты баспа табағы 8,5.
Таралымы 500. Тапсырыс № 11.
«Нұр-пресс» баспасы
050057 Алматы қ.,
М. Өзтүрiк к-сi, 12 үй.
Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650.
Е-mail: law_literature@nursat.kz
ЖШС “Заң əдебиетi” баспаханасында басылған
Document Outline - index.pdf
- Microsoft Word Document (2).pdf
Достарыңызбен бөлісу: |