«Құраннан бір сүрені үйреткендей»
дегені де
– истихара дұғасының маңыздылығын байқатады
16
.
13
Тирмизи
14
Тирмизи
15
Әл-Айни. Умдатул Қари
16
Әл-Қари. Мирқатул Мафатих
10
ИСТИХАРА НАМАЗЫНЫҢ ҮКІМІ
Истихара намазы төрт мазхабта, соның ішінде ханафи
мазхабында – сүннет болып табылады. Басқаша
айтқанда, нәпіл намаздардың санатына жатады.
ИСТИХАРА НАМАЗЫ ҚАЛАЙ ОҚЫЛАДЫ?
Жоғарыдағы Жәбир ибн Абдулладан
жеткен
хадистің жалғасында былай дейді:
«... және екі ракағат нәпіл намаз оқып, артынша
былай дұға етуді үйрететін еді: «Я, Алла, мен Сенің
білімің арқылы Сенен жақсылықты сұраймын,
Сенің құдіретің арқылы Сенен күш-қуат сұраймын,
ұлы кеңшілігіңнен маған кеңшілік көрсетуіңді
сұраймын. Расында Сенің күш-құдіретің барлық
нәрсеге жетеді, ал менікі болса жетпейді. Сен барлық
нәрсені білесің, ал мен болсам білмеймін. Сондай-ақ
Сен ғайыптарды білушісің! Я, Алла, егер Сенің
біліміңде осы ісім дінім үшін, дүнием үшін және
ақиретім үшін қазір де, болашақта да қайырлы
болса, онда оны маған нәсіп ет, жеңіл ет және
берекелі ет. Ал егер Сенің біліміңде осы ісім дінім
үшін, дүнием үшін және ақиретім үшін қазір де,
болашақта да жаман болса, онда оны менен алыс ет,
ал мені одан алыс ет. Мен үшін жақсылық қайсы
болса, соны нәсіп ет. Сосын мені соға разы ет»».
11
Екі ракағат намаз оқып, мүмкін болса бірінші ракағатта
«Фатиха» сүресінен кейін «Кафирун» сүресін, екінші
ракағатта «Ықылас» сүресін оқып, сәлем бергеннен кейін
жоғарыдағы дұғаны оқиды. Кейбір ғалымдар шаруасын
дұғаның соңында айтады десе, кейбірі «осы ісім»
дегеннен кейін шаруасын айтады дейді. Екеуі де бола
береді. Сол сияқты жоғарыдағы сүрелердің орнына
басқа сүрелерді оқуға да болады
17
.
17
https://www.muftyat.kz/kk/qa/namaz/2022-03-15/38941-
istikhara-namazy-kalai-okylady/
|