Салтанатты жиын 2022-2023 оқу жылы



бет3/4
Дата09.11.2022
өлшемі26,7 Kb.
#48852
1   2   3   4
І жүргізуші: (екінші жүргізуші микрафон беріп тұрады)



  1. Келесі сөз кезегі Аудандық білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сауле Мұратбековнаға беріледі.




  1. Келесі құттықтау сөз кезегі Ақарал ауылдық округінің әкімі Бекасилов Ерлан Толғанбайұлына беріледі.




  1. Келесі құттықтау сөз кезегі Ақарал ауылдық округінің ақсақалдар төрағасы Омаров Асқар Нұрқалиұлы

ІІ жүргізуші: Биылғы жылдың Балалар жылы деп жариялануы тегіннен тегін емес. Шығыстың ғұлама ғалымы әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» дейді. Сол айтпақшы, жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Кез келген халық ұрпақ тәрбиесін – ұлттың тағдыры, болашағы деп біледі.


II жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
І-жүргізуші:
Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – дей келе келесі әсем би мектеп табалдырығын аттағалы жатқан бүлдіршіндерге арналады. «Ай-Шолпан» бишілер тобының «Шаттық» биін қарсы алыңыздар!


ІI Жүргізуші:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды – дей келе 10 а сынып оқушысы Әбілмажин Ералының орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.


І-жүргізуші:
Қалықтаған көгершіні көгінде
Мұңаймасын ешбір бала елімде
Ата берген батаменен көркейсін
Ұлты отаным тілегім сол менің де
4 а сынып оқушыларының «Балдәурен» әнін қабыл алыңыздар.
II жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.


I жүргізуші:
Салтанатты қоңырау соғу рәсімі 11а, 11ә сынып оқушылары, оқу үздігі, аудандық пән олимпиадасының жеңімпаздары ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
және 1-ші сынып білім алушылары Айдосұлы Алихан, Аханқызы Раяна, Нұрзатұлы Мұхамеджан, Болатбек Ұлжан, Жаңабай Абуқожа, Бақытжан Айбібі, Бекұзақ Бексұлтан, Қыдырбек Айлі тапсырылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет