Самал Жумина Орынбасарқызы Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының мұғалімі Батыс Қазақстан облысы


I.«Жасымнан атым аян Жамбыл едім»



бет2/6
Дата11.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#67024
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ әдебиеті Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығы

I.«Жасымнан атым аян Жамбыл едім» Жамбылдың шыққан ортасы.
Ұстазы Сүйінбай.
Жетісу өңіріне ғана емес, бүкіл қазаққа аты мәшһүр жыр жампозы Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауының баурайында, Ұлы жүздің ішіндегі шапыраштының екей руынан шыққан Жапа Ыстыбайұлының отбасында дүниеге келген.
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан. – деп өзі айтқандай, ақын жаугершілік заманында туған. Деректерге сүйенсек, ол кезде Қазақстанның оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған өлкесі – Жетісу өңірі Қоқан ханына бағынған. Қоқан ханы Құдияр мен оның атарман-шабармандары қазақ ауылына көп салық салып, адам төзгісіз зорлықтар жасалған. Қалың бұқараны қайыршылыққа ұшыратып, тентіретуге дейін барған. Ел қоқандықтарға қарсы майдан ашқанда Жамбылдың атасы Ыстыбай да Қазыбай, Жапа, Жадыра, Мәйке деген төрт ұлын бастап, көтерлісшілер сапына қосылған.Жауды өкшелей қуып соғысып, аттың жалы, түйенің қомында күн кешіп жүрген сәттердің бірінде Жапаның әйелі – Ұлдан ана Жамбылды дүниеге әкелген. Әкесінің аты Жапа болғанымен, ел Жабай деп атап кеткен. Бұның себебін жамбылтанушылар «Ертеректе Жабай деген ержүрек батыр өткен. Жапаның қоқандықтармен соғыстағы ерлігіне тәнті болған ел-жұрт «Тура Жабай сияқтысоғысады екен» деп, содан Жабай атанып кеткен деп түсіндеріреді.
Арғы аталары дәулетті кісілер болғанымен, Жамбылдың әкесі Жапа «шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған».
Он үш жасында байдың қойын бағып жүрген кезінде ұйықтап қалып, түсінен ақын болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты Жамбылға да ақындық түсінде аян беріп қонса керек. Ол туралы ақын: «Бір күні Жетісай жайлауында жылқы бағып жүріп, түс көріппін. Түсімде ақсақалды қария келіп: «Өлең аласың ба, көген аласың ба?» - деген. Мен: «Өлең!» - деппін. Оянып кетсем, түсім екен, көкірегімді бір толқын кернеп, алқымыма тығылғандай, дереу үйге жетіп, домбыраны ала салдым да, оңды-солды төгіп-төгіп жіберіп едім, кеудем ашылып, орта түскендей болды», - деп еске алған.
Жүрегіне өлең ұялаған дарынды жас он төрт-он бес жасынан бастап бір жолата ақындық жолына түседі. Естелігінде: «Он беске толғанда мен атақы ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып: «Сенің ақындық дарының бар екен, дауысың да жақсы, ұнайсың, жігітім», - деді. Қарт ақынның тілеуі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. ...Сүйінбай түні бойы ақындық шеберлік жайында әңгімеледі. Сөйтіп, мен оның шәкірті болдым, оның өлеңдерін жұртқа тараттым», - дейді ақын өнер әлеміндегі алғашқы баспалдақтарын еске ала оырып.
Сөз өнеріне мейлінше жетік, шыншыл да өткір Жамбылдың өнеріне риза болған Сүйінбай: «Өлеңді тыңдаушының көкейінен кетпейтіндей етіп айт. Сенің өлеңдерін жеке адамдардың емес, бүкіл халқымыздың игілігіне айналатын болсын. Көмеймен емес, жүрекпен жырла. Әрқашан әділ сөйлеп, адал бол». – деп оған ықыласпен бата берген. Жамбыл Сүйінбайды өмір бойы пір тұтып, одан үлгі алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет