Самал Жумина Орынбасарқызы Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының мұғалімі Батыс Қазақстан облысы


– Қазақ КСРЖоғары Кеңесіне депутат болып сайланады. 1939



бет4/6
Дата11.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#67024
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ әдебиеті Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығы

1938 – Қазақ КСРЖоғары Кеңесіне депутат болып сайланады.
1939 – «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.
1941 – Көркем әдебиет саласындағы аса үздік еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атақ беріледі.
1941 – «Ленинградтық өренім» деген жалынды өлеңі жарық көреді.
1943 – Халық ақындарының Республикалық айтысы өтіп, оны Жамбыл ашады.
1945 – 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта жүрегі соғуын тоқтатады.
1946 – 8 шілдеде Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылады.
III.«Жамбылдың маржан жырлары.»Шығармашылығының кезеңдері.
1/15жастан-1916жыл аралығы.
2/1917-1940жылдар аралығы.
3/1941-1945 жылдар аралығы
1.15 жастан 1916 жыл аралығында діни оқуды өткір сынауы, би-болыстардың озбырлығын, кедей шаруалардың ауыр тұрмысын жырлауы,1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын жырлауы , қуғындалуы. Айтыстары.
2. 1917-1940 жылдар аралығында Ұлы Қазан революциясының жеңісін, ұлы өзгерістерді ,Кеңес дәуірін шабыттана жырлады.
3. 1941-1945 жылдар арасы Ұлы Отан соғысына арнаған қаhармандық рухтағы жырлары.


IY. «Өлшеусіз ақындық күш»
а/Сатиралық өлеңдері.
Жамбыл туындыларының мазмұны бай,тақырыбы сан алуан. Соның ішінде ақын дарындылығының ерекше бір қырын танытқан қомақты да көркем саласы – сатиралық өлеңдері.
Ондай өлеңдері адам мінез-құлқындағы, қоғамдағы ұнамсыздықты, жағымсыз әрекеттерді мінеген ащы сын, өткір мысқылға толы, ақынның бізге жеткен алғашқы өлеңінен («Шағым») бастап өмірінің соңында шығарған әзіл-сықақ, ажуаларына («Әке әзілі») дейінгі аралықтағы шығармашылығында сатиралық күш бәсеңсіп көрген емес. Ақын назарына іліккен ұнамсыздықтар күлкілі өлеңге айналмай қалмаған.
Жамбылдың үлкен сатирашы ақын екенін оның «Кәдірбайдың төбеті», «Кәкімге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Есенәлі мешкейге» сияқты өлеңдерінен-ақ айқын сезіледі.
«Кәдірбайдың төбеті» - сюжетке құрылған, композициялық құрылымы бар өлең. Ақын жолаушылап келе жатып, бір жігітке жолығып қалады. Жөн сұраса келе, әлгі жігіт: «Ақын болсаңыз, мына төбенің арғы жағындағы Кәдірбай байдың ауылына барып, байдың итін мақтаған өлең жарысына қатыспайсыз ба?» дейді.Мұндай естіп-көрмеген қызыққа сол маңайдағы ақын біткен тегіс жиналған екен.
Жамбыл олардың өлеңдерін тыңдап қараса, байдың бір жақсы иті қарақұрт шағып өліп, ақындар ит иесі байды жер-көкке сыйғызбай мақтап, жұбата алмай әуреге түсіп жатыр екен. Ақыры кезек Жамбылға жетеді.
Жамбыл алдымен байдың және оның итінің мақтауын жеткізе алмай шұрылдаған ақындарды мінеп, «Өлеңін сатқан ақын – ақын емес, олда бір – су жүрек қоян, қоқыс пен тәттіге үймелеген шыбында бір» дейді. Содан соң Кәдірбайдың өзіне шүйлігіп састырады:
Ал, Кәдірбай, құлақ сал,
Жамбыл сөзін тыңдап қал,
Итіңді жаман демеймін,
Күзетіп жүр малыңды.
Көпшілікті бүлдіріп,
Ұрлап алғандарыңды...
Өлеңдегі күлкінің шарықтаған жері тіптен қызық әдіспен берілген. Иттің қадірі ел үшін Кәдірбайдан артық екенін, ит өлгенше, байдың өзі өлуі дұрыс еді деген ақындық шешім итті мақтау арқылы оның иесі Кәдірбайды келемеж етіп, жанама сықақтау әдістің нағыз үлгісі болып шыққан.
Ауылды торлап аңдыған,
Қасқырды талап қан қылған,
Сенен жұртқа ит жақсы -
Күзеткен қотан ауылды.
Қайнатып құдай сорыңды,
Ит өлмей-ақ сен өлсең,
Болар ед тым-ақ орынды, - деп дәулетіне мастанып, асып-тасыған байды масқара етеді.
«Кәдірбайдың төбеті» өлеңі – сатираның түрлі әдістері шебер қолданылған, ақынның да, қазақ сатирасының да биік деңгейін көрсете алатын үздік туынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет