/Жамбыл мен Құлманбеттің айтысынан үзінді.Оқушылар жаттап айтысады/
в/Шығармашылық өрлеу жылдары.
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған тұста Жамбыл жетпістен асқан қарт еді. Еңбекші елімен бірге өмірдің азапты жолынан өткен ақын сол мезетте «теңдік заманы туды» деп ұқты, байлар мен билеушілерді тежеп, кедейлерді алға ұстаған саясатты мақұлдады. Сондықтан ол революция тудырған өзгерістерді ықыласпен қабылдап, оны жырлауға дайын екендігін білдірді. Негізі, Жамбылдың шығармашылық өрлеу жылдары – 30-жылдар іші. Бұл кезде біздің елімізде жаңа қоғамдық құрылыс – социализм жеңді деп жарияланды, жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан автономиялы республикадан одақтық республикаға айналды.. Өнер адамдарын идеологияны нығайтуға пайдаланды, оларды жаңа қоғамдық құрылыстың артықтығын суреттеуге, осындай заман орнатқан партия, ел басшыларын жырлауға бағыттады. 1934 жылғы КСРО жазушыларының бірінші съезі осындай ұранмен өтті. Онда ауыз әдебиетін жинау, одан үйрену, халық поэзиясына көңіл бөлу мәселесі де сөз болды. Ақын 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, орден алды. Мәскеуді, Ленин мавзолейін аралады. Осындай жағдайлар қарт ақынның көңіл-күйін көтеріп, оны заманын көтеріңкі пафоспен жырлауға итермеледі. Ол социалистік қоғамды, партияны, оның көсемдерін, халықтар достығын мадақтайтын жырлар шығарды. «Қазақстан тойына», «Замана ағымы», «Халықтың сәлемі», «Дастархан жыры», «Өмір жыры»өлеңдерін шығарды./Өлеңдері мәнерлеп жатқа оқылады./
г/Лиро-эпостық жырларды өзіндік мазмұнмен жырлауы.
Ұлы ақын Ж.Жабаев «Садыр патша мен Жамбыл патша», «Көрұғлы», «Манас», «Өтеген», «Сұраншы батыр», «Мұңлық-Зарлық», «Шахнама», «Ерназар-Бекет», «Қыз Жібек»секілді лиро-эпостық дастандарды апталап, айлап айтқан.Айтқанда бір-біріне ұқсатпай, төтенше ізбен ,соны соқпақ өлеңмен салтанатты сарайлар тұрғызған.
/Оқушылар дастандардан үзінділер оқиды./
Y. «Жүз жасаған емен» Естеліктер.
Жамбыл – ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны.
Мұхтар Әуезов, жазушы
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Сәкен Сейфуллин, жазушы
Жамбыл өз халқының ар-намысы, үні, жүрегі және ақиқат шындығы болды. Ол халық пен поэзия сықылды мәңгі жасай береді.
Николай Тихонов, орыс ақыны
Жамбыл өмірге жымия қарап, сынай өскен ақын еді. Оның ойлы көздерінің түбінде қашан да бір сықақ ұшқыны тұратын.
Ғабит Мүсірепов, жазушы
Көшпелі сөз зергері, жыр айтудың көшпелі академиясы Жамбыл туған жерінің тауы мен даласын ұзақ жылдар талмастан кезумен өткізді.
Марк Тарловский, орыс ақыны
Жамбыл – жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.
Сәбит Мұқанов, жазушы
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын көк жайлауға шыққандай әсер аласың.
Ілияс Жансүгіров, ақын
Жамбыл жырлары арқылы қазақ халқы өзі сөйледі. Сондықтан да оның творчествосы мәңгі жасайды.
Василий Лебедев-Кумач, орыс ақыны
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен.
Мұхтар Әуезов, жазушы.
YI.Қорытынды.Мұғалім:
Ж.Жабаев М.Әуезов бастағанМосква өнер делегациясын өзінің үйінде қабылдап отырып,сөздің реті келгенде :
-Менің түлкі ішегімнің астарына шейін толған өлең, сілкісем өлең түседі,-депті.Рас сөз, Жамбыл 15 жасынан бастап , бір ғасырлық ғұмырында ұшан- теңіз өлең айтқан жыр-дастан! Жыр-ғұмыр 170 жаста!
Оқушылардың ғылыми ізденіс жұмыстарына алғыс айту.
Достарыңызбен бөлісу: |