22. БАЗАР БАТЫР
...Жол тартып қалмақ келеді,
Көздегені қалмақтың—
Базардай сабаз ер еді.
Әйелі Базар—Құлқайша
Сонда бір түс көреді.
Түсінде келіп бір адам,
Қолындағы шырағын
Сөндірмек болып төнеді.
Үрлегенге сөнбесе,
Саулатып су себеді.
Сонда да сөнбей шырағы,
Қайта-қайта кебеді.
Біраздан соң шырақтың
Білмеді қайда кеткенін.
244
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Сепкен сайын шыжылдап,
Қалайша судың кепкенін.
Қараңғы үйде жалғыз қап,
Біраз мезгіл өткенін.
Үрейі ұшып, қалтырап,
Ұйқыда селк-селк еткенін—
Зарлап жатып, оянды,
«Сондай болам» деп пе еді?
Ояна келсе, түсі екен,
Таң сарғайып қалыпты,
Ұйқысы әбден қаныпты.
Көрген түсін ұйқыдан
Салмақтап ойға салыпты.
Ойлай-ойлай торықты,
Әуре-сарсаң болыпты.
Шыдай алмай жүрегі,
Енесіне жорытты.
Қайшаның түсін енесі
Жақсылыққа жорыпты.
Құлқайша бұған сенбейді,
Қайғыға іші толыпты.
Ойына салып толғайды,
Бұйрығы болса Құдайдың,
Айтқаныменен болмайды.
Жан жолдасы Базарды
Жамандыққа жоруға
Көңілі тағы бармайды.
Базар жүрмек сол күні,
Сарыжайлаудың төріне.
Белес-белес құздардың
Адам баспас өріне.
Алтайдың асқар белесі,
Құзтаудың биік шегіне.
Аюдан басқа алмайтын
244
245
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Қыран еді Базар да
Тоят үшін жеміне.
Құлқайша түсті айта алмай,
Барма деуге бата алмай,
Көзінің жасы домалап,
Парлап түсті қатарлай.
Құлқайшаның бұл ісі
Көргендерге таң болды,
Базарға үлкен шам болды.
Іштегі мұңды айта алмай,
Көкірегі қан болды.
Батырға «қош!» деп айтуға
Кемсеңдеді иегі,
Балқып кетті сүйегі.
Бір тізерлеп отырған
Тізесіне батырдың
Маңдайын келіп сүйеді.
Жылап тұрып Құлқайша,
Базардың қарап бетіне:
«Жау келді ме, білмеймін,
Бұл қазақтың шетіне.
Жарағыңды сайлап ал,
Қаратпа жанды бетіңе.
Сақтанып жүр әрқашан,
Іс өткен соң өкінбе.
Сақтанып ұйықтап, сергек жүр,
Елсіз жердің шетінде».
Құшақтап сүйді аузынан,
Бетін төсеп бетіне.
«Сау бол»,—деді батырға,
Жүретін жолын тартпады.
Көңілін қиып Базардың,
Көрген түсін айтпады...
246
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
23. АРҚАЛЫҚ БАТЫР
(Ержан Ахметов нұсқасы)
...Жөнелді Жұбай сөйтіп, аңша жосып,
Мен жалғыз жатып қалдым ұйқы басып.
Түс көріп, түнде шошып ояныппын,
Дүрбітпен жатыр екем жағаласып.
Көрген түсім—жайғаппын оңды-солды,
Жан болмас дүниеде біздей сорлы.
Шошынып оянғанда көрген түсім,
Төменгім белуардан отқа күйді.
Аттанған сейсенбі күн жаман жолым,
Маңдайдан арылмаған қалың сорым.
Асып-сасып мен қорқып түрегелдім,
Қан екен шынтағымнан екі қолым.
Көкжал тұр жерді қазып алас атып,
Дүбір көрген секілді жанталасып.
Мініп ала жөнелдім желқомды ерттеп,
Жылқының сүртегімен тызылдатып.
Төртеуі де жатыпты көп ұзамай,
Өзен еді Құмдыбұлақ орман, тоғай.
Мен барсам, төртеуі де жатыр жайрап,
Ұялас ит сықылды құрбым қимай.
Ояттым Жұбайды мен:—Түрегел,—деп,—
Неге жаттың бұл жерге ұзамай?—деп.
Әй, Жұбай, мен түс көріп шошып келдім,
Түсімді мен айтайын жорып бер,—деп.
Жайғаппын ақ жаныша оңды-солды,
Әруағы ер Жанекем берген жолды.
Сондағы көрген түсім мынау екен,
Төменгім белуардан отқа күйді.
246
247
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Аттанған сейсенбі күн жаман жолым,
Маңдайдан арылмаған қалың сорым.
Таң шолпаны туғанда ояныппын,
Қан екен шынтағымнан екі қолым.
Жұбай айтты:—Осы түс жаман түс пе,
Қауіп қып мұны шошып, жүргенің не!
«Түсінде қорыққан өңінде қуанатын»,
Бұрынғы қазақ атаң ескі сөзде.
Арқалық, бір жақсылық жеткен шығар,
Басыңнан талай бейнет өткен шығар.
Төменің белуардан отқа күйсе,
Өртеніп пәле-жалаң кеткен шығар.
Сейсенбің бейсенбіге ауған шығар,
Сәрсенбіде сәт болып тұрған шығар.
Қан болса шынтағыңнан екі қолың,
Әжі төрең айтқанына бие сояр.
Ат ерттеп, мен мінейін, жылқыны айда,
Ана үшеуін тез оят, келтір мұнда.
Қауіп қып ол үшеуі шошып кетер,
Оларға мұнандай деп түгіңді айтпа...
24. МЫРЗАШ БАТЫР
...Бір түні түс көреді бала Мырзаш,
Төсегінде жатады ол жалаңаш.
«Тұр, ұлым, киім кигіз, көзіңді аш»,
Дейді бір ақсақал қарт түрі оғаш.
Төсекте жатқан екен ұйқылы-ояу,
Әлгі адам таяп келді жақын, таяу.
Бастан-аяқ денесі түгел аппақ,
Іздесең, таба алмассың титтеу қаяу.
248
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
—Ей, ұлым, бата берем қолыңды жай,
Жұртқа жолың болат, болмайсың жәй.
Батырлық, ел қорғайтын жүрек берем,
Басқа дәулет саған жоқ, болмайсың бай.
Және де мынаны ұқ тағы, балам,
Баяны жоқ дәулетке болма алаң.
Қорғасаң елді жаудан, мәңгі өлмейсің,
Есіңе қатты сақта, болсын санаң.
Ей, балам, сені таныр оң менен сол,
Саған төтеп бере алмас жасанды қол.
Үш рет дұшманыңнан кек аласың,
Тағдырдың соңғысына разы бол.
Осыны айтып әлгі адам ғайып болды,
Баланың да бұл түске көңілі толды.
Не де болса айтайын атама деп,
Жүгіріп Алдиярға жетіп келді.
Жүгіріп атасына келді сонда,
Сәлемін тағзым етіп берді сонда.
—Ей, ата, таңғажайып бір түс көрдім,
Жоруын сіз айтыңыз,—деді сонда.
Мырзаш айтты;—Ей, ата, мұны тыңда,
Таң болдым, бұл қалай түс, құдауанда.
Төсекте ұйқылы-ояу жатыр едім,
Біреу келді көрмеген бұл жиһанда.
Ықыласпен, ей, ата, тыңда мұны,
Өтірік сөзімде жоқ, анық шыны.
Бастан-аяқ көргенін айтып берді,
Ақтарылып ақ ниет бала сыры.
Тыңдады ер Алдияр мына сөзді,
Баланың болатынын іштей сезді.
248
249
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
«Өзімнің мұрамды осы ұстады-ау»,—деп,
Сипады қос алақан кесек жүзді.
«Әумин!» деп қол жайып жүзін сипап,
Бір қуаныш белгісі жүзінде ойнап.
Аз ойланып қарады жалғыз ұлға,
Қарады да жекелеп айтты сарап.
Сонда Алдияр былай деді:
—Түсіндім бұл түсіңді тамам,—деді,
Жетілер ақыл қайрат, санаң,—деді.
Елге істеген сапарың оңға басып,
Ылайық жолың болар, балам,—деді.
Еліңе қорған болар ер боларсың,
Дұшманыңа айдынды шер боларсың.
Ел басына күн туса екіталай,
Мен бар деп қару-жарақ қолға аларсың.
Атағың кетер өрлеп оң мен солға,
Жабай бабаң туы болар берік қолда.
Елің үшін істеген еңбегінен,
Абырой, атақ аларсың әрбір жолда.
Беріпті саған аян Қызыр бабам,
Енді оңғарар ісіңді Хақ тағалам.
Атың өлмей мәңгіге қалады екен,
Жоруы бұл түсіңнің осы, балам.
Тағы да бастайтұғын түлкің болар,
Бай болмайсың, тек қару мүлкің болар.
Саған қарсы дұшманның сағы сынып,
Мәртабаң жоғарылап, көңлің толар.
Қызықпа дүнияға, балам,—деді,
Қолдар сені ер Жабай бабаң,—деді.
250
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Шешуші бұл түсіңнің түйіні осы,
Мен де берем ақ бата саған,—деді.
Әумин деп Алдияр жайды қолын:
—Жалғыздың оңғара көр Алла жолын.
Нақақ тиіскен дұшманға мұқтаж қылма,
Ел үшін өмірінің қидым соңын.
Атасы да осылай бата берді,
Көзбен шолды келешек болар ерді.
«Ниетімді Жаратқан қабыл айла,
Бісмілла, Аллаһу акбар»,—деді...
25. АЙДОС БАТЫР
...Айдос:
—Кертөбел Нарын бидің керіледі,
Жалқаулар олжа алуға ерінеді.
Бал ашып, бақсы болып, түс көріпсің,
Көзіңе қандай сәуле көрінеді?
Қарашаш:
—Суынан Нарын деген су ап жүрмін,
Көл қылып көзім жасым бұлап жүрмін.
Бармашы, тілімді алып, осы жолға.
«Мырзам» деп бетім жыртып, жылап жүрмін.
Айдос:
—Бұл түстің, маған емес, кәуір жағы,
Малының бәрін алам, шабам дағы.
Соғыста күйеуі мен бауыры өлген
Орыстың бетін жыртқан қызы дағы.
Қарашаш:
—Қайда?—деп, сізді жоқтап, сұрап жүрмін,
Күйініп қатты қорқып жылап жүрмін.
250
251
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Бармашы, тілімді алып, сорлы жалғыз,
Қызыл қан он саусағым қынап жүрмін.
Айдос:
—Кертөбел арықтаса, тай болғаны,
Қазылып, сан етінің сай болғаны.
Кәуір жылқы әкеліп, бие сойып,
Саусағың қазы кесіп май болғаны.
Қарашаш:
—Түймесі кіреукенің шешіліңкі,
Аяғың құбылаға көсіліңкі.
Бармаңыз, тілімді алып, осы жолға,
Құйрығы Кертөбелдің кесіліңкі.
Айдос:
—Жібекке ақ меруерт тізіліңкі,
Жеткенде шіреуіне, үзіліңкі.
Майданда кәуірменен соғысқанда,
Құйрығы Кертөбелдің сүзіліңкі.
Қарашаш:
—Мойныңа берен мылтық асылыңқы,
Кертөбел бөтен атқа қасыныңқы.
Бармаңыз, тілімді алып, батыр, жолға,
Ақ жүзің топыраққа жасырыңқы.
Айдос:
—Жерлерде арқар деген аң болғаны,
Ұрысты көрген адам таң қалғаны.
Майданда кәуірменен соғысқанда,
Тұтығып ақша бетім шаң болғаны.
Қарашаш:
—Кертөбел Нарын бидің қос тартулы,
Жортуыл сізден өзге жырғатулы.
Бармаңыз, тілімді алып, батыр, жолға,
Құралың сауыт-сайман босқа артулы.
252
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Айдос:
—Шабармын бұл барғанда кәуір елін,
Жылқы алсам—жетегімде Кертөбелім.
Олжа алып, көңлім толып, аман қайтып,
Шешініп, құралымды бөктергенім.
Қарашаш:
—Барып қайт, батыр Айдос, есен-аман,
Өлгенге сонда түсер ақыр заман.
Сөзімді «Барма десем» бір алмайсыз,
Көңілің, батыр Айдос, неден қалған?
Айдос:
—Қара адыр Ертіс басы болар қабан,
Айдосты шалсын қабан онан жаман.
Біреудің өлсе өледі жат баласы,
Қарашаш, үйде отырсың, басың аман.
Қарашаш:
—Ер Айдос, біле алмадым ақылыңды,
Тоздырдың Кертөбелде тақымыңды.
Артыңнан жылап барып ақыл айтар
Қылыштап қырғаным жоқ жақыныңды.
Айдос:
—Білмейді ешкім менің ақылымды,
Тауып бер дедім қашан жақынымды.
Әйелдер төмен етек үйде отырар,
Жүр екен жолға бастап қатын кімді?..
26. ҚИССА МҰХАММЕД РАСУЛ АЛЛАНЫҢ
ДӘРУЛ ПӘНИДЕН ДӘРУЛ БАҚИҒА
РИХЛАТ ЕТКЕН МӘСЕЛЕСІ
...Пайғамбар кетпек болды бұ дүниеден,
Шапағат несіп қылсын о дүниеден.
252
253
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Хақ Расул мұны естіп жатқан түні
Түс көрді сегіз кісі Мәдинеден.
Түс көріп ертең ерте Сыдық
*
келді,
Әдеппен Хақ Расулға сәлем берді.
—Үстімде киген жейдем жерге түсті,
Тақсыр-ау, бұ не түс?—деп сұрайды енді.
Сол түсін Хақ Пайғамбар жорыды енді,
Қаратып бір өзіне жори берді.
—Үстіңде киген жейдең жерге түссе,
Сапары бізге ақырет жақын,—дейді.
Онан соң хазірет Омар жетіп келді,
—Мен дағы бір түс көрдім, Расул,—дейді.
Қолымдағы мөрім екі айырылып,
Мөрім жерге түсіп, ғайып болды,—[дейді].
Онан соң бір түс көріп Оспан келді,
Нәбиге қол қусырып сәлем берді.
—Құраным қолымдағы жерге түсіп,
Қағазы пара-пара болды,—дейді.
—Оспаным, бізге ажал келер екен,
Сахабаға көп қайғы толар екен.
Мен көшіп, бұ дүниеде сіздер қалып,
Асхабым бөлек-бөлек болар екен.
Онан соң Әли келді сәлем беріп,
Таң қалды жылағанын көзі көріп:
—Тақсырлар, не себептен жыладыңыз,
Бізге дағы білдірші хабар беріп?
—Ғажайып әрқайсымыз көрдік түсті,
Құдайым бізге салды қиын істі.
∗
Сыдық /
а/—шыншыл, шындықты айтушы. Мұхаммед пайғамбардан кейін
бірінші халифа болып сайланған Әбубәкірдің теңеуі, лақабы.
254
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Баршасы—Расул көшпек нышанасы,
Онан соң бәрі жылап қайғы жесті.
Қайғырды Пайғамбардың шаhариары,
«Сіз кетсеңіз, қайтеміз» деп қылды зары.
«Құданың бұйрығына амал жоқ» деп,
Күңіренісіп отырды баршалары.
Әли айтты:—Мен де бір түс көріп едім,
Боларын бір сұмдықтың біліп едім.
Сауытым өзім шешпей жерге түсті,
Мәнісін сізден сұрай келіп едім.
—Әли балам, бұл дәурен өтер,—деді,
Бізден өтіп Сыдыққа жетер,—деді.
Сауытың киіп тұрған жерге түссе,
Бабаңыз бұл дүниеден кетер,—деді.
Мұны естіп батыр Әли жылайды енді,
Көл қылып көзі жасын бұлайды енді.
—Күшім, халім, қуатым, иә, жан баба,
Сіз кетсеңіз, не лаж қылам,—деді.
—Бұл дүние баяны жоқ, бекер екен,
Бұл ажал һәркімдерге жетер екен.
Күш-қуатың менде еді, Әли балам,
Мен кеткен соң қуатың кетер екен.
Бұлар мұны естіп жылайды енді,
Бір түс көріп Расулға Айша келді.
—Басыма қара шадыр салыппын,—деп,
Тағбирін Хақ Расулдан сұрайды енді.
Расул айтты:—Мағшұғым, мейірбаным,
Тәнімнен сапар қылар ғазиз жаным.
Біз өлсек, қара күндер түсер екен—
Басыңа қара шадыр салынғаның.
254
255
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Сол уақытта Фатима келді және,
Бір түс көріп ішіне болған сәна.
—Түс көріп сізге айта келіп едім,
Рұқсат болар ма екен, тақсыр баба.
Расул айтты:—Айтыңыз, жаным балам,
Фатима айтты:—Тыңдаңыз, жаным бабам,
Түсімде киген күртем дал-дал болып,
Жағасынан айырылып кетті тамам.
—Бәрімізді жаратқан Жаппар Құда,
Ғазизім, көзім нұры, жаным пида.
Жағасы күртеңіздің айырылғаны—
Ғаріп болып бабаңнан, болдың жүдә.
Хасен келді:—Мен бір түс көріппін,—деп,
Тамаша, ғажайып іс көріппін,—деп.
Баста—бөркім, аяқта кебісім жоқ,
Табаныма тас батып жүріппін,—деп.
Мұны естіп Пайғамбар жылады зар:
—Мен өтіп көп дұшпандар зорлық қылар,
Қабырғасы қайысып басын сипап,—
Қайтемін, жәрдем болсын Пәруардигар.
Хұсайын айтты:—Түс көрдім, бабам,—дейді,
Бір тақыт зейнеттеген тамам,—дейді.
Сол тақытқа сіз мініп ғайып болдың,
Келмеді бір ұстауға шамам,—дейді.
—Бұл дүние енді бізден қалады екен,
Біздегі жан аманатын алады екен.
Түсіңде таққа мініп көкке ұшсам,
Бабаңыз енді дүние салады екен...
256
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
27. СЕЙІТБАТТАЛ
...Бір күні Қайтұр патша түс көріпті,
Түсінде қиямет-қайым күн болыпты.
Мұхаммед Мұстафаны ол көріпті,
Жұмла пайғамбар-әулиелерді һәм көріпті.
Жұмласы Мұхаммед пайғамбарға жиылыпты,
Жұмласы шапағат тілеп, зар қылыпты.
Жұмласына шапағат ол қылыпты,
Шапағат қылған адамлары жол тауыпты.
Қайтұр сонда:—Мен де бардым оған,—депті,
Шапағат мен де сұрадым онан,—депті.
Сол уақытта ол Мұхаммед маған айтты:
—Әуелі мұсылман болғыл өзің,—депті.
Уа және шүкір күшам Сейітбатталды,
Шығарғыл ол зынданнан қазір,—депті.
Уа және құрмет қылсаң оған,—депті,
Сонда шапағат қылармын саған,—депті.
Бұ түсті көріп, Қайтұр тұра келді,
Қараса, үйінің іші нұрға толды.
Андан соңыра иман айтып, иқрар қылды,
Мансұрға көрген түсін баян қылды.
Мансұр айтты:—Мен көрдім үшбу түсті,
Жығылалы аяғына қазір,—деді.
Қайтұр сонда:—Алай болса барғыл,—деді,
Зынданнан алып келгіл мұнда,—деді.
Мансұр енді Сейітке жүгіріп барды,
Сейіттің аяғына басын қойды.
—Кінаһімды ғафу қыл,—деп ғұзыр қылды,
Басымыздан білместік өтті,—деді.
256
257
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Падишаға ол Сейітті алып келді,
Сейіттің қолын сүйіп, басын қойды.
Жұмлатән көрген түсін баян қылды,
«Хақ расулы—Мұхаммед» деп иқрар қылды.
Қайтұр, Мансұр сол жерде мүмін болды,
Қасым және жан-тәнімен тәсілім болды.
Сейіт сонда:—Қуат жоқ һеш менім,—деді,
Жұмла қуат Алладан хүкім болар,—деді.
Мұхаммед Мұстафа бабамның мұғжизасы,
Заһир бірлән ықылас қылса һәр пәндесі.
Құданың тауфиқ таппас шермендесі,
Ғафалдар қияметте армандасы...
28. ҚИССА ХАЗІРЕТ ЖҮСІП
АЛӘЙҺИССАЛАМ ИЛӘН ЗЫЛИХАНЫҢ
МӘСЕЛЕСІ
...Келгенде он бір жасқа Жүсіп нәби,
Жақып сушы қасында ұйықтап еді.
Ғажайып ұйқысында бір түс көріп,
Тағбирын атасынан сұрай келді.
Натаким Құранда бұйырды қаулаһу Тағала: Инни раай-
ту ахада ашара каукабан уашшамса уал қамара раайтуһум ли
сәжидина
*
—Әй, ата, түсімде толған ай мен бір күн көрдім,
Он бір жұлдыз қасында бірге көрдім.
Он бір жұлдыз ол айға сәжде қылды,
Тағбирін, ата, сізден сұрай келдім.
∗
Құранда Алла Тағала былай деп бұйырыпты: Расында да мен (түсімде) он бір
жұлдыздың, күн мен айдың маған сәжде етіп жатқандарын көрдім.
17-0185
258
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Қаулаһу Тағала қала:—Йа, бунаййа, лә тақсус руйака ала
ихуатика файакиду ләка кайдан
*
.
—Әй, ұғылым, бұл түсіңіз—мүбәрак түс,
Құдайым берер сізге нығмет уа күш.
Саған ғиззат уа рифғат қылар Сұбхан,
Һешкімге бұ түсіңді айтпағыл һеш.
Күншығыс, күнбатысқа кетер атың,
Алланың көрерсіңіз ғинаятын.
Ғаламға сенің атың мәшһүр болар,
Көрерсіз пайғамбарлық рисалатын.
Менім айтқан тілімді алғын, балам,
Сұбханыңа хамд, сәна айтқыл, балам.
Естісе ағаларың күндер сені,
Хорлық көріп жүрерсің, нанғыл, балам.
Басыңа бақыт, дәулет қонар екен,
Он бір ағаң қызметкер болар екен.
Патшалық, пайғамбарлық бәрі сізге,
Құдайым нәсіп қылып, келер екен...
Фаслу
**
Мәлік бин Дұғар түс көргені
Мысырда болған екен бір саудагер,
Үлкен бай, аты оның—Мәлік Дұғар.
Ғажайып ұйқысында бір түс көріп,
Тағбирін жорушыға қылды хабар.
Дұғар айтты:—Ұйқымда бір түс көрдім,
Түсімде саудаменен Кінған бардым.
Аспаннан күн түсіп бір жерлерге,
Жағалап ғад қиусын жүріп едім.
∗
Алла Тағала сөзін айтты: Әй, балам, түсіңді бауырларыңа айтпа, олар саған
жамандық қылады.
∗∗
Фаслу /а/—бөлім, тарау
258
259
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Аспаннан ол күн келіп жерге түсті,
Етегімнің астына ол жабысты.
Етегімнің астынан өрлеп келіп,
Қойнымнан жоғары өрлеп, көкке ұшты.
Інжу-маржан жаңбырдай жауды көктен,
Кезек-кезек мен тердім екі етекпен.
Теріп-теріп сандыққа салып едім,
Сандық толып, үйіме сыймай кеткен.
Тағбиршы, осы түсті көрдім анық,
Қуанғаннан барамын ішім жанып.
Бұ түсім, қалайша түс, жорып берші,
Тағбиршы, естиін құлақ салып.
Тағбиршы жори берді түсін оның:
—Дәулетің өседі екен енді сенің.
Ғад қиусын жағалап жүрген болсаң,
Үстіне бір шығарсыз барша елдің.
Және сатып аларсыз бір жақсы құл,
Аузыңа бір қарайды оң менен сол.
Патшалардан дәрежең артық болар,
Қазынасынан Құдайым ашады жол.
Және иман Құдайың нәсіп қылар,
Қанша шаһар атыңды жұмла білер.
Дінді нәсіп қылады Тәңірім қалап,
Көңіліңе иман, шамғ нұры келер.
Пайғамбар болар, сатып алған құлың,
Мұныңнан мың хәсса өсер малың, пұлың.
Кәпірліктен құтылып, иман тауып,
Екі дүния рақатын бірдей алың.
* * *
...Сақи жатып бір күні түс көріпті,
—Жорушы бар ма?—деді хабар салып.
260
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Жүсіп айтты:—Түсіңді жориын мен,
Не деген түс көріпсің, айтып көр сен.
Сақи сонда Жүсіпке түсін айтты:
—Жорытып білсең, әгар, ақылы кең.
Сақи айтты:—Ұйқымда бір түс көрдім,
Түсімде үш бау жүзім сығып тұрдым.
Қызыл алтын кесеге суын құйып,
Ішіп қойды Риянға беріп едім.
Хабаз тағы:—Бір түсті көрдім,—депті,
Төбеме нан көтеріп жүрдім,—депті.
Нанымды алып Риянға беріп едім,
Құстар келіп, басымнан талап кетті.
Екеуінің жорыды Жүсіп түсін,
—Сақидың оңғарады Құдай ісін.
Мәлік Риян—қылады сізді уәзір,
Беріңіз, бұ түсіңнің сүйіншісін.
Хабазға айтты:—Қатерлі сенің түсің,
Оңалмас мұнан былай қылған ісің.
Кешікпей-ақ өлтірер Риян сені,
Құстар жеп, ада қылар тәннен басың...
* * *
...Бар құдай жарылқады Жүсіпті енді,
Мәлік Риян патша бір түс көрді.
һеш адам біле алмады түс тағбирін,
Падишаһ жұртты жиып айтып еді.
Құранда бұйырды қаулаһу Тағала:
*
уа қалал малику инни
әра сабға бақаратин симанин йакулуһунна сабғун ижаф уа сабға
сунбулатин худрин уа ухара йа бисати йа аййуһа әл-Малау аф-
туни фи руйайа ин кунтум лил руйа тағбурун
**
∗
Құранда Алла Тағала сөзімен былай бұйырды.
∗∗
Патша айтты:—Расында мен (түсімде) жеті семіз сиырды жеті арық сиыр
жеп жатқанын және жеті жасыл масақпен басқа да қураған масақтар көрдім.
Әй, жамағат, (патша төңірегіндегілер) түсті жори білсеңдер, түсімді жорыңдар.
260
261
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Түсімде жеті семіз сиыр көрдім,
Бәрін де алдыма салып айдап жүрдім.
Бірінен соң бірін міндім жетеуін де,
Онан соң жеті арық сиыр көрдім.
Тіпті арық жеті сиыр түрі жаман,
Ілініп өлгелі тұр, бәрі һаман.
Жеті семіз сиырды жеті арығы
Жеп бітірді түк қоймай, бәрін тамам.
Және тұр жеті астау толы бидай,
Жеті астау және де тұр құрыдай.
Үш түйір бидай сонда жерде қалды,
Өзге бидай көкке ұшты бәрі бірдей.
Һеш адам түс мәнісін біле алмады,
Алдында бұрынғыдай күле алмады.
Жұрттың бәрі сандалды жори алмай,
Сәлемге уәзірлер де келе алмады.
Жұртына патша сонда ашу қылды,
Сол уақытта Сақи жүгіріп жетіп келді.
—Падишаһ, қаһарыңды қайтарыңыз,
Түс жорушы адамды білдім,—деді.
Мұны айтып ол Сақи көп өкінді,
Патша айтты:—Ойладың сонша кімді?
Басың шайқап осынша неге өкіндің?
Бұ ісіңнің мәнісін айтшы,—деді.
Сақи айтты:—Тыңлаңыз, шаһ жиһан,
Зынданда көріп едім ғабри ұғлан.
Бұ түсіңнің мәнісін сол біледі,
Данышпан жаратып-дүр Қадір Сұбхан.
Патша айтты:—Оны сен нағып көрдің?
Оның түс жоритынын қайдан білдің?
262
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Сақи айтты:—Зынданда жатқанымда
Түсімді жорып еді, сонан білдім.
Айтқанының айнымай келді бәрі,
Періште сипатындай нұр дидары.
Өзі—ғалым, мінезі—жаннан артық,
Мақтай берсе, таусылмас онан әрі.
Сақи айтты:—Тәңірі тағдыр жаман,
Он екі жыл зынданда ғұмыр кешті.
Патша айтты:—Ендеше, баршы жылдам,
Менім түсім мәнісін сұрашы жылдам.
Қызмет қылып алдына тіке тұрып,
Мәнісін әбден сұрап келші жылдам.
Сақи айтты:—Баруға бата алмаймын,
Жүзім шыдап, жауапты қата алмаймын.
Сізге арызын айтпаққа уағда қып ем,
Енді жүзін көрерге бата алмаймын.
Сонда патша Сақиға айтады сөз:
—Сіз менім жауабымды есітіңіз.
Жақсы болса Тәңірден, біледі ол,
Ұялмай-ақ алдына барыңыз тез.
Сонда Сақи зынданға келіп жетіп,
Жүсіпке сәлем берді тағзым етіп.
Ұялып тұр бейшара төмен қарап,
—Қор болдым,—деді,—тақсыр, ұмытып кетіп.
Сонда Жүсіп Сақиға ғиззат қылды,
Ұялып тұрғанын анық білді.
—Не қылсам, маған Тәңірім өз құдіреті,
Сізде қате емес,—деп жауап қылды.
Жүсіпке айтты сонда Сақи тұрып:
—Патшамыз жаман састы бір түс көріп.
262
263
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Жұрт жиылып, тағбирін біле алмады,
Мен айттым сонда сізді хабар беріп.
Қаулаһу Тағала Йусуф аййуһас сиддиқ афтина фи сабғи
бақаратин симанин йакулуһунна сабғун ижаф уа сабғи сунбула-
тин худрин уа уахара йа бисатин
*
.
Жүсіп айтты:—Жеті жыл тоқтық болар,
Арзан болып, астыққа жаһан толар.
Онан кейін артынан жеті жылдай,
Дүнияға жаһан қатты тарлық келер.
Онан кейін берекет қайтып келер,
Дүнияға Рахман ием рахмат қылар.
Жесір қатын, жетім ұғыл мың қой айдап,
Уаллаһи ағлам арзандық, тоқтық болар...
Достарыңызбен бөлісу: |