сілікпейді. Бұлай істегенде ас сілкінеді, дәм-тұз атады
деп ұйғарылады.
178. Дастархан басында, кісі көп жерде керілмейді және
адамға қарсы қарап тұрып керілуге де болмайды. Бұл
қылық тосыннан болатын өлінің елесі саналады.
290
291
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
179. Дастархан оң бетімен жайылады. Дастархан қос қа-
батталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын
қонаққа қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Мұны «дас-
тархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» деп ырым-
дайды. Дастархан—береке-бірліктің, тірліктің бейнесі
ретінде қастерленеді.
180. Дастархан үстіне келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйт-
песе күйеуің немесе келіншегің тастап кетеді дейді.
181. Дастарханға нанды теріс қаратып, төңкеріп қоймай ды.
Оң қояды. Нанды жалғыз қолмен жерге басып тұрып
сындырмау керек. Оң қолмен алып, сол қолмен ұстап
тұрып, сындырып жейді. Саусағы тиген бір жапырақ
нанды тауысуы керек. Өйтпесе несібе шала қалады деп
жорылады.
182. Дәретке кетіп бара жатқан кісіге қол беріп амандас-
пайды. Бойында нәжісі бар деп ырымдайды.
183. Дәретке отырғанда сөйлесу—әдепсіздік. Сондай қалып-
та сәлем беруге де тыйым салынады. Тек түзге отырып
бол ған соң ғана қолын жуып барып сөйлеседі, сәлем
береді.
184. Дене мүшелерінің жыбырлауы да—ырымның арқауы.
Оң қабағы тартса, «қуанамын, бір игі хабар естимін»
деп жақсылыққа бейімдейді. Ал сол қабағы тартса, «бір
жайсыз жағдай болар» деп іштей үрейленеді. Қабағы-
на сілекей жағып: «Жамандықтан сақтай гөр!» деп ті-
лейді. Мүсәпірлерге садақа береді.
185. Дос, жекжат, құда, туысқан сыйлыққа ит алмайды.
186. Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп,
таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балта-
ны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер бала-
ның кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып
лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты бол-
сын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.
187. Егер бала кішкене кезінде ащы жеуге құмар болса, өмі-
рі соқпақты болады. Тәтті жеуге әуес болса, өмірі шат—
тұрмыста болады.
188. Егер баланың анасы балаға сұқтанып қараған адамды
көңіліне алып, әр түрлі жаман ойлап мазасызданса,
292
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
жанып жатқан отқа тұзды салып жатып «Құдай тілден,
көзден сақтасын» дейді. Бұдан бұрын баланың басы-
нан айналдырып балаға түкіртеді. Бұны тек балаларға
ғана емес, жаңа туған төлге де жасайды. Немесе тұзды
тіл тиеді деп қорыққанда жасауға болады. «Көздінің
көзінен, тілдінің тілінен» деп сұрықтайды. Егер жас ба-
ласы бар адам бала туралы сөз айтқанда мысалы: «ба-
ланың көзі баланың көңіліндей әп-әдемі жанып тұр»
деген сөздерді көңіліне алып қалса, ол жаңағы айтқан
адам есіктен шығар-шықпастан, соңынан іле-шала
тездетіп баланың маңдайынан сүйіп, босағаға қарай
«тіліңе шоқ түссін» деп үш түкіреді.
189. Егер баланың ерніне, болмаса саусақтарына сүйел
шықса, ақ жіп пен қара жіпті араластырып денеде қан-
ша сүйел болса, сонша рет түйіп, жерге көміп тастау ке-
рек. Сонда тез кетеді. Болмаса жаңа туған айға қара тып
тұрып: «Ай, ау, ай, сүйелімді ал да, қолымды бер!» деп
үш реттен үш күн қайталаса, сүйел кетіп қалады.
190. Егер баланың үлкен башпайы, шұлығын тесіп шыға
беретін болса, өскенде өткір мінезді, іске алғыр, жұрт
сүйсінген адам болады.
191. Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылады, ше-
тінен ыдыраса, жылынады.
192. Егер біреу байқамай, абайсызда адамның дайрағын ба-
сып кетсе, басқалар оны олжаға батады деп сенеді.
193. Егер біреуге түйреуіш сыйласаңыз, сол адаммен рен-
жісесіз.
194. Егер екі бетіңіз дуылдап қызарса, сізді сыртыңыздан
біреулер сөз етіп жатады.
195. Егер жазда сиыр жөтелсе, қыс ерте түседі.
196. Егер жазда күн ұясына қызыл мұнарлана барып батса,
қуаңшылық, болмаса соғыс болып, қан төгіледі.
197. Егер жаңа туған баланың кіндігінен төмен қарай жол,
сызық болса, оның артынан не інісі, не сіңлісі туады.
198. Егер жаңа туған нәресте туған кезінде жыламаса, қа ра
қазанның құлағына шөмішті соғып қатты дыбыс шы-
ғару керек, сол кезде бала жылайды.
199. Егер жаңбыр таңертең басталса—күні бойы жауады.
292
293
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
200. Егер жас бала еңбектеп жүргенінде, өзінің боғын жеп
қоятын болса, тапқыр болады.
201. Егер жас бала өзінің үйіне өзі сәлемдесіп кірсе, төрге
тұрып алып тоңқайып жол қараса, үйге қонақ келеді.
202. Егер жас нәресте туғанда арқасында жалы болса, не ба-
тыр, не бай, не бақытты адам болады.
203. Егер жас нәрестенің ауыздарынан сілекейі аға берсе,
немесе анасын еміп отырып қызыл иегімен омырауын
тартса, көп ұзамай тісі шығады.
204. Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жат-
қан аттың немесе түйенің басын кездестірсе, бұл жақ сы
ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.
205. Егер жолда келе жатып, аттың тағасын тауып алса ңыз,
үйде сәттілік болады.
206. Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді деп
жақсылыққа жориды.
207. Егер киіз үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл
үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды. Егер, ке-
рісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
208. Егер киіз үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп
құласа, үй иесі кенеттен мал-мүлікке ие болып, дәулеті
артады.
209. Егер көзінің ішінде меңі бар адам болса, ол адамның
көзі сұқты келеді.
210. Егер күйеуге шықпаған қыздың омырауы үлкен болса,
көп балалы болады.
211. Егер құмырсқалар илеуін биік жерге салса, судың
деңгейі көтеріліп, тасқын болады.
212. Егер нәресте жас кезінде аузын ашып ұйықтайтын бол-
са, сүйгені сұлу болады.
213. Егер сататын жағдай болып қалса, аттың жүгенін,
түйе мен сиырдың бұйдасын, бүркіт пен сұңқардың
томағасын, иттің қарғы бауын алып қалуы шарт.
Өйтпесе, бұлар сиқырмен басқа бейнеге айналып, жү-
генді, бұйданы, томағаны, қарғы бауды алып қалуды
талап етіп, маза бермейді деп ырымдалады.
214. Егер тауық ұясына ерте қонақтаса, ертеңіне жауын бо-
лады.
294
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
215. Егер тұзды байқаусызда төгіп алсаңыз, біреумен рен-
жісесіз.
216. Егіннің тұқымы үшін біреу қарызға дән сұраса, рен-
жімей берілуге тиіс. Өйткені дәнді адам емес, қара жер
тілеп жатыр деп ырымдалады. Тіпті, түк жоқ деген
күнде де бір уыс дән ұстатады. «Егін әлей болсын!» де-
ген тілек айтып, қарыз сұраушыны жылы шыраймен
шығарып салады. Мұнысы—үйден дән арылмасын, дән
тасып, елдің қажетіне өтелсін дегені.
217. Езуге ауыздық шықса, жүгеннің ауыздығымен ем дей-
ді.
218. Екі кісі қатар тұрып бір жерге дәрет сындырмайды.
Онда нәсіп, тұқым бұзылады, қан сескененді деп ырым-
далады.
219. Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жа-
рағын, шалбарын басына жастанып жатады. Ал қыз
тапқысы келсе—қызыл ала шыт, әйелдің көйлегі,
жүзік, сырға, алқа, маржан, білезік, моншақ жастана-
ды.
220. Екі қабат әйел керулі тұрған және шұбатылып жатқан
арқаннан аттамайды. Бұлай істесе—босанған кезде ба-
ланың кіндігі мойнына оралып, өміріне қауіп төнеді
деп ырымдалады.
221. Екі қолды артқа ұстап жүру де теріс. Себебі, бұл—қол-
ды артына байланған тұтқын пендені еске түсіреді. Сол
сияқты бүйір таяну да жаман ырым. Өйткені жұбайы-
нан айырылған қаралы әйел немесе талақ етілген
әйелдер ғана бүйірін таянып, аһылап-үһілеп қайғы
шегеді. Жайшылықта мұндай қылық көрсеткендерді
жұрт ұнатпайды.
222. Екі қолды төбеге қоймайды. Жамандық істеп, қолға
түскен тұтқындар ғана ант-су ішкенде екі қолын тө-
бесіне қойып, жүресінен отырады. Сондай жамандық
көрінбесін дегені.
223. Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық бо-
лып туады.
224. Екіқабат әйелге ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса, мер-
зімінен бұрын босанады.
294
295
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
225. Екіқабат әйелге түйе етін жеуге болмайды, әйтпесе ол
баланы он екі ай бойы көтереді. Егер ол он екі айда да
тумайтын болса, бураның мойнына ақ мата салып, со-
дан аттап өтуі керек.
226. Ел жайлауға шыққан соң желі тартып, алғаш бие
байлаған кезде үйірдің бастаушысы—айғырдың сауы-
рына май жағады. Бұл үйірдің төлі көбейсін деген
тілеудің ырымы.
227. Еліңнің патшасын, өз балаңды, өз жұбайыңды қарға-
саң, тіліңе күйе жағып қарға. Қарғысың күйеде қал-
сын. Патшаға, балаға, жұбайына жуымасын деп те
ырым далады.
228. Емшекте баласы бар әйел жалаңбас отырып, бала
еміз бейді, орамал салып алуға тиіс. Жалаңбас болса,
қайыз ғағын шайтан баланың ауызына салып жібере ді,
бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, басы на
шығып, аяқ асты етеді деп біледі.
229. Емшектегі баланың аузынан қалған тамақты әкесіне
жегізбейді. Себебі, бұл асқа емшек сүті араласады.
Баланың әкесі әйелінің сүтін емгендей болады деп жо-
риды.
230. Еркек әйелдің киімін кимейді, жаулығын салмайды.
Өйтсе, еркектігі сөнеді, рухы жасиды, өсекші болып
кетеді.
231. Еркек кісі әйелдің іш киімін жумайды. Бұлай істесе—
сағы сынады, кір суындай көңілін кір және нас басады
деп тыйым салады.
232. Еркек те, әйел де, бала-шаға да сыртқы киімдерін жел-
бегей жамылып жүрмей, жеңін киіп жүруі керек. Се-
бе бі әруақтар ғана жеңсіз кебінін желбегей жамылып
үйге кіреді деп, үрейлі ырымға жатқызады. Екі қолы
жоқ кемтар, мүгедек адамдар да сондай кейіпте болады
деп, жаман ырымға жатқызады.
233. Ерлі-зайыптының біреуі қайтыс болса, қалғаны жыл
толмай тұрып бас құрмайды.
234. Ерні тартса—жақсы дәм бұйырады, сарқыт жейміз деп
ойлайды. Иық тартса—жаңа шапан немесе киіт кию-
ге бағыттайды. Табан қышыса—алыс сапарға шығуға,
296
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
жолаушы жүруге ырымдайды. «Жолым оң, сәтті сапар
болғай» деп тілейді. Тақым тартса—ат мінуге неме-
се үйленуге жориды. Алақан қышыса—ақша болады,
байлық қонады деп нанады. Шеке тартса—басқа бақ
қонады, мәртебе өседі деседі. Мұрын жыбырласа—
иіскерлік көбейеді, той-томалақ, «ақ түйенің қарны
жарылғандай сый-сияпат болады» деп қуанысады.
235. Есіктің алдына кірдің суын төкпейді. Адам аяғы бас-
пайтын жерге төгеді.
236. Есіктің босағасын екі қолмен керіп тұрмайды. Та бал-
дырықты баспайды. Маңдайшаға артылмайды. Өлім
шыққан, жау шапқан, қаралы күнге ұшыраған үйлер де
ғана сондай көріністер болады. Сондай жаман ырым ды
істеуге тыйым салынады.
237. Есіктің тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бе тін,
екі қолының алақанын, екі аяғының табанын жуса, көз
сұғы қайтады деп жориды.
238. Есінегенде ауызды аңқайтып ашпай, оң қолдың сыр-
тымен қалқалап жабу керек. Аңқайған ашық ауызға
сайтан түкіреді деп жориды. Бұл қылық әдепсіздік бо-
лып саналады.
239. Ешкінің құйыршығын, сирағын, қойдың құйымша-
ғын ойнау үшін балаға бермейді. Бұл заттармен ойна ған
бала тұштақай, тұрақсыз болады деп жорылады.
240. Жаз аңызғақ, ыстық болса—қыс қатты аяз бола тын-
дығының белгісі.
241. Жазғытұрым мал төлдеген кезде бірінші сауыннан
алынған иіндіні асқа қолданбайды. Майды да жемейді.
Маймен есіктің жақтауы, маңдайша, қазан-ошақтың
құлағы мен сирағы майланады. Себебі, ол ақ мол бол-
сын, індет шалмасын, сауар көбейсін, ақ пен бақ қон-
сын, мал басы артсын деген ниеттен туған ырымның
жоралғысы.
242. Жазда құйын көп болса, қыс аязды болады.
243. Жазда найзағай көп жауса, қыс жайлы болады.
244. Жазда үйге құйын келе жатса, үлкен кісілер қолына
таяқ алып, оны «таздың үйіне бар, пәленше таздың
үйіне бар!» деп қуалайды.
296
297
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
245. Жазда, яғни жазғытұрым ақ жауын жауса, құт құйды,
құт құйды, жер иіп, егін мол өнім береді деп жақсы лық-
қа жориды.
246. Жайлау үстінде далаға қазан асқанда түбіндегі судан
жұлдыздар шоғыры көрінсе—мал өседі, төл көбейеді,
байлық артып, дәулет шалқып, рахат өмір сүреміз деп
ырымдайды. Отқа май құйып қоздандырып, ақ тілеу
тілейді.
247. Жайшылықта ер кісілердің жүресінен отыруы—жа-
ман ырымға жатады. Бұл қаралы күйді, өлім-жітім
жағдайын еске түсіретін құбылыс. Қайғылы ерлер,
серігінен айрылған кісілер осылай қара тұтып отыра ды.
Сондықтан жайшылықта ер адамдар құйрығын жер-
ге басып, жайраң қағып отыруға тиіс. Әйел адамдар-
дың жүрелеп отыруы—жақсы ырым. Әйелдердің бия-
зы түрмен ибалы бейнеде жүрелеп отыруы—ерлерге,
үлкен кісілерге көрсеткен құрметі есептеледі. Ерлер
жүрелесе—ауылға қатер төнеді, әйелдер жүрелесе—
ауылға иба кіреді деп жориды.
248. Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмей-
ді. Себебі, ат иесі өлсе—оның мініс аты тұлданып,
жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі.
Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде
көрінбесін дегені.
249. Жайшылықта түндікті бақанмен тіремейді. Себебі өлім
шыққан үй ғана осылай істейді. Жақсы күнде жаман
ырым жасалмауы керек деп ұйғарылады.
250. Жал-құйрығының арасында шоқ-шоқ ақ қылы бар
жылқы құтты саналады. Ол сатылмайды, біреуге бе-
рілмейді. Себебі, сол малмен бірге құт-береке кетеді.
251. Жаназа оқылып жатқан жерден айналып өтпейді.
252. Жанары тұрақсыз, көздері алақ-жұлақ етіп қарайтын,
қимылы шапшаң адамдар—барып тұрған арсыз. Абза-
лы ондай адамға үйір болмаған жөн.
253. Жанып тұрған шырақты үрлеп өшірмейді, бір затпен
басып өшіреді. Үрлеп өшірсе—бақ таяды, бақыт сөнеді,
адам ұмытшақтық дертіне тап болады деп ырымдайды.
298
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
254. Жаңа айды көргендер «жаңа айды жарылқа, ескі айды
есірке» деп бата жасап, ырымдайды.
255. Жаңа босанған әйел қырық күнге дейін қолын суық
суға малмауы керек. Салқын заттарға қол тигізбеу ке-
рек. Жаңа туған нәресте суық жүрек, тасбауыр болып
өседі деп ырымдалады.
256. Жаңа босанған әйел үйге кірген итке шық демейді. Бұ-
лай істесе—әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қай ра ты
жойылады деп ырымдалады.
257. Жаңа босанған әйелге ақ сарыбас қой сойып, ақ тілеу
айтып, қалжа жегізеді. Себебі туыттағы тері шықпаса,
ана мен баланы қырық түрлі қырсық шалады, қалжа
жемеген әйелдің баласы ынжық болады деп ырымдала-
ды.
258. Жаңа киім-кешекті бисмилла деп киеді. Өйтпей ба-
зардан әкелген беті үйге қоя салса, түнде шайтан киіп
ойнайды. Шайтан киген киім адамға бұйырмайды деп
жориды.
259. Жаңа туған айды алғаш көргенде тізерлеп отырып үш
рет еңкейіп мінәжат етеді де, сол тізе бүккен жерінің
шөбін жұлып отқа тастайды. Бұл—әулетім оттай қаулап
өсе берсін дегені.
260. Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша күн батқаннан
кейін үйден күл шығарылмайды.
261. Жаңа туған ботаның құйрығының ұшы кесіліп таста-
лады. Себебі бота тез марқайсын, тез аяқтансын деген
ниет. Ботаның құйрығына қара тас жабысып туады, сол
тасты алып тастаса, бота тез марқаяды деп иланады.
262. Жаңа туған нәресте суық бауыр, тас жүрек болып
өседі деп ырымдап, жаңа босанған әйел қырық күнге
дейін қолын суық суға салмайды, салқын нәрселерді
ұстамайды.
263. Жаңа туған нәрестені құттықтап, шашу алып барғанда
шикі етті қоспау керек. Шикі ет—өлімнің нышаны,
жаман ырым.
264. Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малын-
ған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде
қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала
298
299
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
қасқырдай қайратты да, қажырлы болсын деген ниет-
тен туындаған.
265. Жаңа туған сәбидің кіндігін киелі немесе жасы үлкен
парасатты кемпірлерге кестіреді. Себебі «Нәресте кін-
дік шешесіне тартады» деген сенім бар. Ауру, сырқат
немесе жарымжан әйелдер кіндік кессе, бала соған тар-
тып кетеді деп ырымдалады.
266. Жаңа түскен келін бірер жыл бала көтермесе, наға шы
жұртының баласын қойнына алып жатады. Сонда бала
көтереді деп ырымдайды.
267. Жаңа түскен келін күйеуі бір жаққа кеткенде орын
ауыс тырып жатуға тура келсе, өзінің некелі төсегін құр
тастамайды. Жастық астына балта, пышақ секілді зат-
тарды қойып қояды. Онысы—иен қалған төсекте жын-
шайтан ойнамасын дегені.
268. Жаңа түскен келін отқа сәлем бергенде: «От ана, Май
ана, жарылқа!» деп тілек тілейді. Басқа әйелдер отқа
май құйып, алақандарын қыздырып алып, келіннің
бетін сипайды. Бұл—келіннің жүзі жылы, дидары ыс-
тық болсын, тіл-көз тимесін дегені.
269. Жаңа түскен келін өзінің киім-кешегін албаты қыс-
қарта бермейді. Өйткені бұлай еткенде дүниеге келетін
нәресте кем туылады немесе түсік боп түсіп қалады деп
ырымдайды.
270. Жаңа түскен келіннің бала көтеріп, жерік болғанын
сезсе, қайын енесі ағынан жарылып, «төсек той» жасап,
көршілерін де қуантады. Жиналғандар төсекке теңге,
қыран құстың қасиетті саналған дене мүшелерін іледі.
Жастығының астына пышақ жастап қояды. Онысы
бала аман-есен жарық дүниеге келсін, тіл-көзден аман
болсын дегені.
271. Жаңа түскен келіннің бетін ашқанда, жыр айтушы
ақын оң қолымен ашады. Жеміс ағашына немесе то был-
ғы сапталған қамшының сабына қызыл торғын ора мал
байлап, сонымен ашады. Онысы: «Келіннің беті ай дай
жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп бол сын»
деп ырымдалады.
300
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
272. Жаңадан келіп, қоныс қонғандарға ауыл ерулік бере-
ді. Қоныс құтты болсын айтады. «Көрші ақысы—тәңір
ақысы» деген сөз бар. Ерулік бермесе, дән қысырайды,
босаға сөгіледі, жер жериді деп ырымдалады.
273. Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге
түскен келін өркөкірек болады.
274. Жаңбырдың құрты жер бетіне шықса—кешікпей жаң-
быр басталады.
275. Жараланған жыртқыш аңға жуысуға болмайды. Жол-
барыс, аю, қасқыр жараланған кезде бүкіл дүниені
талқандағысы келіп, кектеніп, қаһарланады. Қазақ
қаһарлануды ең үлкен қырсық санайды.
276. Жас адамның басы ауырса «басыңа бас қосылады» деп,
жас келіншек лоқсып, жүрегі айныса, «бойыңа біт кен
шығар» деп әзілмен жұбатады.
277. Жас балаға «тілашар» ырымын жасағанда, қариялар-
дың бірі арнайы сойылған қойдың піскен ішегін ба-
ла ның мойнына орап тұрып: «сөйлейсің бе?» деп үш
рет сұрайды. Баланың ата-анасы баланың орнында
«сөй леймін» деп үш рет жауап береді. Сонан соң үл-
кен кісілердің бірі қойдың пісірілген басын алып ба ла-
ға: «тілің тез шықсын» деп тілінен, «шешен бол» деп
таңдайынан, «көреген бол» деп көз етінен, «сөз тың-
дайтын бол» деп ырымдап құлағынан дәм тат қызады.
278. Жас балалы әйел дәметеді деп, бұл үйге кіретін кісі
тағам, дәм ала келеді. Дәметіп қалса, омырауы іседі,
сүті тартылады деп ырымдайды. Емшекте баласы бар
әйелдің омырауы іссе, бір қарт ана жаңа піскен ыстық
нанды қойнына тығып келіп сонымен аластайды.
279. Жас жұбайлардың алғаш жататын төсегі—«Ақ неке-
нің ақ төсегі» деп аталады. Енесі мен жеңгелері төсекті
аршамен аластайды, иіс су себеді. Төсекті бұлай алас-
тамаса, жын-сайтан жабысып, неке бұзылады деп жо-
риды.
280. Жас келіннің емшегі, малдың желіні іссе, қайтыс бол-
ған адамды жуған қолғаппен аптайды.
300
301
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
281. Жас келіншек еліріп, желігіп, желпініп жүрмеуі керек.
Бұлай істесе, баласы желіккіш болады. Толғағы ауыр
болады, өзі де құтырып кетуі ықтимал деп жорылады.
282. Жас малдың мүйізі шығар кезде оны қолмен сипаса, ол
қисық болып өседі.
283. Жас сәби бірер қауіп-қатерден аман қалса, «періштесі
қақты» деп ырымдайды.
284. Жас төлді арқасынан сипаса, өспей қалады.
285. Жас шопан қайын жұртының ауылына барғанда қой ды
мойнынан ұстап, жетелеп барса, ит үрмейді. «Сағын-
дым қыздың қойнын, жетелеген қойдың мойнын» деген
өлең осындай ырымға орай айтылған.
286. Жауырынды мұжып болған соң, етек жағын жарып,
ашып тастайды, әйтпесе жол бітеледі, жол азабы кө-
бейеді, жол тұйыққа тіреледі деп жориды.
287. Жаяу, аттылы немесе көлікпен келе жатқан адам
жығылатын болса, тұрғаннан кейін сол жерді «ұшық-
ұшық» деп ұшықтайды.
288. «Жел иесі—Мырқайдар. Қара тұман бұлтты айдар»
дейтін ырым бар. Қырман соғып, дәнді жерге ұшырып,
тазартқанда жел иесі Майдаға сиынады. Мұнысы—
«Дән көп болсын, қауыз топан аз болсын. Майда ие қол-
дай гөр» дегені.
289. Желсіз күні түтін жерге қарай шалқыса, қыс қарлы,
жаз жаңбырлы болады. Желсіз күні ауа бұлтты болса
да, түтін тік ұшса, ауа-райы жайлы болады.
290. Жер сілкінісі—Алланың бұйрығымен болатын іс деп
есеп
теледі. Адамдардың ниеті бұзылып, арамдықпен
жерді қорлау, ластау ісі етек алғанда жер шамданып,
сілкінеді деп те есептеледі. Сондықтан жер сілкінген
кезде бір шымшым топырақты алып, Аллаға жалба-
рынып дұға оқып, жүрекке басқан қалыппен жүрелеп
отыру керек. Күнәң болса, Алла да, жер де кешіреді деп
есептеледі.
291. Жерді сабамайды, тепкілемейді. «Қара жерді жаман-
дама, қайтып сонда барарсың; Қауым елді жаманда ма,
қарғысына қаларсың» дейді.
302
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
292. Жерік болған әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қан-
баған әйелдің баласы су ауыз болып туылады. Ондай
бала суайт болады деп ырымдалады.
293. Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп санала-
ды.
294. Жол үстінде келе жатқан жолаушыдан: «Қайда бара-
сың?» деп сұрамайды. Қайта «жол болсын!» деп, ақ жол
Достарыңызбен бөлісу: |