Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата31.12.2016
өлшемі1,45 Mb.
#829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1. ҚЫРЫҚ ӨТІРІК АЙТҚАН ШОПАН

(І нұсқа)

Бір патша: «қырық ауыз өтірік айтқан адамға қызымды бе-

рем» депті. Сонда елден қырық өтірік айтқандай адам табыл-

мапты. Бір күні бір шопан келіп: «мен айтамын» депті:

Тақсыр бір қоян ұрып алып едім, ішінен бір жорым батпан 

май шықты. Етігіме жағып едім біреуіне жетіп еді, біреуіне 

жетпей қалды. Содан етігімді жастанып жатып қалдым. Түнде 

қарасам, екі етігім төбелесіп жатыр екен. Май жақпаған еті-

гім ді екі ұрдым. Май жаққан етігімді бір мәрте ұрдым. Азан-

да тұр сам, май жақпаған етігім қашып кетіпті. Бір етігімді 

бір аяғыма киіп жүріп едім, жүре алмадым, екі аяғымды бір 

етікке тығып едім ана тауға бір басып, мына тауға бір басып 

бір сыбағаның үсті нен шықтым. Қарасам, осы садақада (той-

да) жоқ етігім табақ тартып жүр екен. Менен қорыққанынан 

қос табақ, сасқанынан үш табақ—бір өзіме бес табақ әкелді. 

Бәрін ішіп-жеп, тойып алып кеттім. 

Бір байталым бар еді, сол байталым паналап кеткен екен. 

Биік таудың басына шығып қарасам, көрінбеді. Сөйтіп тұрған-

да айналамнан бір көзі жоқ ине тауып алып, бір аулақ жерге 

шаншып, үстіне мініп қарап тұрсам, байталым жеті қырдың 

ар жағында жайылып жүр екен. Жақындап барсам, бір дария 

шықты, қынымды мініп, пышағымды есіп бара жатыр едім, 

ІІІ. Өтірік әңгімелер

132


134

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

батып кеттім. Барсам, бием құлындап қалған екен, ұстап алып 

байталымды алдыма алып, көлге келдім. Байталымды суға-

ра йын десем, мұз қатып қалыпты, тептім-тептім, ойылмады. 

Сонан кейін басымды суырып алып кеңірдегінен ұстап, мұзды 

ұрып едім, көлдің мұзы ойылды. 

Сонда хан: 

—Көл дегенің бір кішкене көлшік шығар,—депті. 

—Көлшік болса көлшік шығар, тақсыр! Бір жағынан ұш қан 

қара құс ар жағына қанаты талып зорға жететұғын еді,—депті.

—«Қара құс» дегенің жапалақ шығар,—деді хан.

—Жапалақ болса жапалақ шығар, тақсыр! Бір үйге қанаты 

үзік болатын еді,—дейді.

—Үй дегенің жаппа шығар,—деді. 

—Жаппа болса жаппа шығар, тақсыр! Есігінен мөңіреген 

өгіздің дауысы төріне әрең-әрең баратұғын еді,—депті.

—Осыншама өтіріктің бәрін айттың, ал сенің мұрның неге 

пұшық?—депті хан. 

—«Хан дегенде қырық жігіттің ақылы болады» дейтұғын 

еді, тақсыр! Сізде бір кісінің ақылы жоқ екен. Соншама мұзды 

сындырып жүрген баста мұрыннан не қалсын?!—депті.

Сонан кейін сөзден жеңілген хан қызын беруге ризашылы-

ғын беріпті.



2. ҚЫРЫҚ АУЫЗ ӨТІРІК АЙТҚАН 

ТАЗША БАЛА

(ІІ нұсқа)

Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты. Ол патшаның 

бір қызы болған екен. Патша қызын ешкімге бермепті. Қызды 

айттырушылар көп келгеннен кейін патша: «кімде-кім қырық 

ауыз өтірік айтып берсе, соған беремін» депті. Бір күні тазша 

бала келіп, патшаға қырық ауыз өтірік айтып беріпті:



134

135


ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР

Анамыздан туылғанда біреу едік, өле-өле үшеу болдық. 

Үшеуміз келе жатқанда алдынан үш арық шығып, екеуі су 

алған, біреуінің ішінде су жоқ. Суы жоқ арыққа түсіп, жол жүре 

бердік. Алдымыздан үш балық шықты. Екеуі өліп қалғанда, 

біреуінің жаны да жоқ. Үшеуміз үшеуін көтеріп, кейін қайттық. 

Алдымыздан үш қазан көрінді. Екеуінің түбі жоқ, біреуінің түбі 

тесік. Түбі тесік қазанға балықтарды салдық та қайната бердік. 

Сүйектері еріп кетіпті. Еттері со күйінде екен. Үшеуміз ба лық-

ты жей бастадық. Бір кезде мойнымыз қылдай, қарнымыз са-

бадай болып кетіпті. 

Сол күні қолымның майын бір етігіме сүртіп, екіншісіне 

сүртпей жатып қалыптым. Түн ортасында ұйықтап жат-

қанымда бір дауыстардан оянып кетіп, «баспашылар келіп 

қалған ба?» деп орнымнан қарғып тұрсам, май жаққан етігім 

мен май жақпаған етігім екеуі ұрысып отыр екен. Екеуін екі 

ұрып, бас жағыма қойып ұйықтап қалдым. Ертеңіне таңертең 

тұрып қарасам, май сүрткен етігім бас жағымда тұр екен. Май 

жақпаған етігім өкпелеп кетіп қалыпты. Онан соң қашып кет-

кен етігімді іздеп жолға шықтым. Жолда жүріп, жол жүрсем 

де, мол жүріп, сусадым. Жолда мақтаның көсегіндей қарбыз 

тауып алдым. Қарбызды тіліп жатқанымда ішіне пышағым 

түсіп кетті. Пышағымды аламын да ішіне өзім де түсіп кеттім. 

Пышақты іздеп жүргенімде алдымнан қырық атты кісі шық-

ты. Олар маған: «Ия, не істеп жүрген баласың? Сен жынды бо-

лып қалған сияқтысың. Біз қырық түйе іздеп жүргенде, сенің 

пышағың қалай табылады?»—деді де, кетіп қалды. 

Осылайша, жол жүріп келе жатқанымда баяғы жоғалған 

етігім бір шөптің түбінде кесірткені қосқа жегіп жер жыртып 

жүр екен. Жетіп барып бір соғып жібердім де, аяғыма киіп ал-

дым да, алдыңызға келіп отырғаным осы еді, тақсыр!—депті 

Тазша бала. Сөйтіп, Тазша патшаның жалғыз қызына үйленіп, 

мұрат-мақсатына жетіпті. 


136

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР



3. ТАЗШАНЫҢ ҚЫРЫҚ АУЫЗ ӨТІРІГІ

(ІІІ нұсқа)

Ертеде бір хан халқына жар шақырыпты: «Кімде-кім ал-

дыма келіп, кідірмей, мүдірмей қырық өтірік әңгіме құрасты-

рып, айтып өтсе және артына қырық ауыз өтірік сөзді өлең қып 

айтса, сол адамға қызымды беріп, күйеу қыламын және уәзір 

етемін. Бірақ, сондай сертім бар: әңгімесінің я, өлеңінің ішінде 

бір ауыз рас сөз қосылса, дарға тартқызамын!»—депті.

Аузы аузына жұқпайтын нелер шешендер, нелер айтқыш-

тар: «Ой, айтпай несі бар!»—деп ханның алдына барады. Бірақ 

өтірігін келістіріп айта алмай, дарға тартылып жатады.

Кейбіреулер даладан айтқышсынып, құлшынып-ақ келсе 

де, дарға кеңірдегінен асулы тұрғандарды көріп, жүректері тоқ-

тай алмай, қорқып қайтып кетеді. Сонда жұрттың ең соңына 

бір Тазша бала кіріп келіп, иіліп тәжім етіп, сөйлеуге ханнан 

рұқсат сұрайды. Хан тұрып: 

—Ия, не арызың бар?—деп сұрайды. 

—Тақсыр, жарлығыңызды естіп, әңгіме мен өтірік өлең 

айтқалы келіп тұрмын,—дейді Тазша.

—Жаным-ай, жас бала көрінесің! Сенен естияр талай адам-

дарда айтамын деп келіп, айта алмай кеткен. Жарқыным, өлуге 

асығып жүрген не қылған баласың? Тілімді ал да, қайта ғой!—

дейді хан.

—Тақсыр-ау, солардан жаным артық па? Айта алмасам, оба-

лым өзіме ғой. Рұқсат етіңіз!—дейді Тазша. 

—Ал, ендеше сөйлей ғой!—дейді хан. 

Тазша:


—Тақсыр, әкемнің белінде, анамның құрсағында жатып, 

әкемнің әкесінің жылқыларын он бес жыл баққан екенмін! 

Алған ақыма өзіме қалың беріп, қатын алып, бес-алты бала 

сүйген екенмін, сол қатынымнан туған балаларымның қо  лым-

дағы ең кенжесі осы уақытта жиырманың бесеуінде, өзімнен 

он жас үлкен. Жаздың қайнап тұрған ыстық күні жылқым ды 

суғарайын деп, құрық үстіне құрық салып, жау тигендей 


136

137


ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР

қуалап, айдын-шалқар бір көлге келсем, тақсыр-ай, күннің 

ыстығын суынан білерсіз. Көлдің суы кісі бойы, қол созым мұз 

болып қатып қалыпты. Балтамен олай шапқыладым, ойылма-

ды, бұлай шапқыладым ойылмады, балтаның жүзі жарылып 

қалды. Балтамды қойныма салып қойып, енді сүйменімді қо-

лыма алып олай түйгіштедім, бұлай түйгіштедім болмады, 

сүйменім майысып қалды. «Енді не істеймін?» деп дағдарып 

тұр едім, Құдай дес беріп, бір амал ойыма түсе қалды. Дереу 

кеңірдегімнен ұстап, басымды кеудемнен алып, ақырын ғана 

шекеммен бір ұрып қалғанымда, тақсыр-ай, бірі өтірік болма-

сын, мың жылқы қатар тұрып су ішетін суат ойылды да қал-

ды. Және менің бағыма көлдің суы зардай ащы шығып, сонда 

да жылқым ішіп-ішіп, іші-сырты бірдей болып, қарындары 

қам пиды да қалды. Сонан соң жылқыларымды көк мұзды жа-

рып шыққан сары балаусамен көк жоңышқаға матап салып 

санамай, түстемей түгендегенімде, Құдай берерінде сүйтіп 

береді ғой, алты құлаш ала биеден туған жеті құлаш жирен 

құлыным жылқының ішінде де жоқ, сыртында да жоқ. Ұры 

алғанын білмедім, қасқыр жегенін білмедім. Жалма-жан 

құрығымды мұзға шанша салып, басына шығып, төңірекке 

көз жіберіп едім, көрінбеді. «Құрығым алса, болған шығар» 

деп, құрықтың ба сына пышағымды шаншып және шығып, 

көзімді адырай тып қарап едім, және көре алмадым. Әбден 

дағдарған соң, құ ры ғымнан ақыл сұрадым: «Апыр-ай, енді не 

қылайын?! Ақы лың болса, айтшы!»—дедім. Ол ант соққан жа-

тып тұрып өзімді сөккені ғой! «Ит болмасаң айналып-айна-

лып, жерге қарай бергеніңше, көзіңді жұмып аспан жаққа да 

қарасаң болмас па еді?!»—дегені ғой! «Ойбай-ау, аспанды бұлт 

басып тұрғанын көрмесін бе?»—деп едім. Онан жаман ба-

лағаттап: «Ант ұрған-ау, қолың жоқ па?»—деді. «Бұлттың 

ірісін ары, берісін бері серпіп жіберсең, болмас па еді?»—деді. 

Ойлап тұрсам, оның өзі де жөн екен. Дереу қолымды созып 

жіберіп бұлттың былайғы сын былай, олайғысын олай сыпы-

рып жібергенімде, күннің көзі жарқырап, шайдай ашылды да 

кетті. Әбден мұралым болып көзімді шарт жұмып, аспанға 



138

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

қарағанымда, мұнан артық не тамаша болсын! Темір қазық-

тың аржағында, шолпан жұлдызының бер жағында, Қап тауы-

ның етегінде, манадан бері қарап таба алмай жүрген жи рен 

құлыным бір бәйтеректің бұтағына шығып, құлындап, 

құлының емізіп тұрғаны көзіме жарқ ете түсті. Қатыным ұл 

тапқандай қуанып, құрығымның басында тұрып, секіре бе-

ріппін! Жалма-жан құрығымды қайық қылып, пышағымды 

ескек қылып, теңізге түсе қылып едім, шым батып барамын. 

Дереу пышағымды қайық қылып, құры ғымды ескек қылып 

түсе қалғанымда, кірпік қаққанша сыр етіп теңізден өте 

шықтым. Жирен құлынға міне салып, жас құлынды алдыма 

өңгеріп, қайтадан теңізге түсе қалғанымда, шым батып бара-

мын. Дереу жас құлынға мініп енесін алдыма өңгеріп, түсе 

қалғанымда, жануардың сушылы-ай! Көзді ашып-жұмғанша 

теңіздің бетімен де емес, түбімен де емес, ортасымен де емес, 

сыр етіп өте шықтым. Жылқыға келген соң: «Жүріс алған 

құрғыр тағы бошалап кетіп, әуре қылып жүре ме?» деп енесін 

құлынына, құлынды айғырдың құйрығына байлап, жылқы ға 

қоспай, далаға айдап қоя бердім. Бір уақытта айдын мұз дың 

үстіне қарап тұрсам, бітпеген қу тобылғының түбінде бір 

тумаған ту қоян жатыр екен. Жалма-жан садағымды алып, 

садағымның масақ жағымен атып едім, өтпеді. Масақ жағын 

кіріске қойып, көз жағымнан тартқанымда, жұлдыздай ағып 

өтті де кетті! Асығып-үсігіп атымды бір қу қазыққа байлай са-

лып, етегіме тезек тере бердім. Бір уақытта қарасам, атым ту-

лап жүр екен. Етегімдегі тезегімді төге салып, атыма қарай 

жү гірейін десем, сұмдық-ай, манадан бері тезек деп тергенім-

нің бәрі бөдене екен. Пір-пір етіп, бет-бетіне ұшты да кетті. 

Манағы «қу қазық» деп атымды байлағаным қудың мойны 

екен, соның қанатынан үркіп, атымның тулап жүргені де сол 

екен. Атым ды ұстап алып, манағы тебен инемді қазық қылып, 

басымды тоқ пақ қылып жерге қағып жіберіп, атымды соған 

байлап қойып «ух!» деп, ойға қалып тұрғанымда үш күн, үш 

түнде барып есіме түсе қалды. Баяғы құрығымның басына 

шанышқан бойы 

мен сонда ұмытылып қалған екен. Соған 



138

139


ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР

қайта баруға еріндім де, күрек тісімнің біреуін суырып алып 

қоянды сонымен соя бер дім. Қашаннан мал сойғыштығым нан 

жеде қабылдап қоянды үш күнде сойып болып, қақтап, тұздап, 

«енді майын ерітіп алайын» деп бір бұтын қазанға ерітке нім-

де, менің сұрыма май ағып, тұрмады. Дереу бүтін қазанды тас-

тай салып, бір тесік қазанға салып, ерітіп едім, тақсыр-ай, 

мұнан қызықты көріп пе едіңіз?! Бір тамшысы жерге там  бай 

тұра қалды. Еріген майды ыдысқа қотарғанымда бір түйе 

қарнына, бір өгіз қарнына, бір борсық қарнына әрең-мәрең 

сыйды. «Бұл титтей май менің қай керегіме жарайды, онан да 

етігімді майлап алғаным олжа шы ғар!» деп, бас салып май-

лағанымда, бір етігімнің жолығына зорға жетті, қонышыма 

жетпеді. Анау етігім ауыз тиместен қалды. «Ер еңбегіне бір 

тойсын!» деген сөз бар еді-ау,—деп, қоянның бір кесек етін 

қолыммен күнге әрі-бері қақтап пісіріп, аузыма салайын деп 

ойлағанымда, сұмдық-ай, аузым орнында жоқ екен. Жүрегім 

мұздай болып: «Апыр-ай, аузым қайда?» деп, қайта-қайта 

бетімді сипаласам, аузым жоқ дегенім ойын шық екен, солай-

мен кеудем де, басым да жоқ екен, тақсыр-ай! Сондағы қо-

рыққаным әлі есімнен кетпеді-ау. «Япырмай, бассыз қалай 

күн көремін?» деп алақанымды маңдайыма қойып, ойға ба тып 

тұрғанымда, біреу иығымнан тартып: «Әке, мына бір басты 

танисың ба?»—дейді. Байқап қарасам, өзімнің басым, тауып 

әкеліп тұрған—өзімнің балам. «Шырағым, мұны қайдан 

таптың?»—деп, сұрағанымда: «Суат ойған жеріңде жатыр 

екен, сенің басың екенін танып, алып келдім»,—деді. Тақсыр-

ай, сондағы қуанғаным-ай, есімнен кеткен жоқ! «Көп жаса, 

бай бол, үбірлі-шүбірлі бол!» деп балама бата бергенім-ай сон-

да. Көп тен ұйқы көрмей, сергелдең болып жүрген байқұс ба-

сым, сол мезгілде ұйқы қыстап, қалғымайын ба. Мұздан тө сек, 

қардан жамылғы қылып жата қалсам, төсектің жылылы ғы на 

бұйы 

ғып, үлкен адамдай ұйықтап қалыппын. Түн орта 



сы 

болған кезде бір нәрсенің сартта-сұрт етілген дыбысымен шо-

шып оянып, қарасам, екі етігім жұдырықтасып, қызыл ала 

қан болып, төбелесіп жатыр екен. «Бұларың қалай?»—деп 



140

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

сұрадым. Май жағылмаған етігім жыламсырап: «Қайтейін! 

Май біткеннің бәрін ана жалмауызың ішіп қойды. Маған ауыз 

тигізгенде жоқ!»—деді. Онда екіншісі: «Өзіңнің кем несі-

белігіңнен көр 

мей майдың жетпегенін менен көргенің сас-

қаның ба?»—деді. Ашуымның әбден келгені емес пе? Маң-

дайларына бір-бір шертіп, екеуін екі жағыма қойып жата 

бердім. Таң атқан соң қарасам, көзін ашпағырым-ай, жа-

ғылмаған етігім өкпелеп, түнде қашыпты да кетіпті. «Алда, 

жүгірмек-ай!»—деп, екі ая ғымды бір етікке тығып алып, ізіне 

түсіп қуа бердім. Айдан айлар жүрдім, астымдағы атым 

зорығып өлді. Жылдан жылдар жүрдім, етігімнің күйігінен 

іші жарылып, үйімдегі қа тыным өлді. Бір кездерде өгіздің 

желкесіндей жауырынына қауын егіп, пісіріп отырған бір 

егіншіге келдім. Егінші бей шара бар піскен қауынды алды ма 

қойып: «Жарқыным, пышағың бар екен, өзің жарып жей 

ғой!»—деді. Кездігімді суы рып алып қауынға сала берге нім де, 

шіркіннің жетесі бо 

сап жүр екен. Темір тегі суыры 

лып, 


қауынның ішіне түсті де кет ті. «Қап, жолым қырсығып жүр-

ген бейбақ едім, бұда соның салдары ғой»,—дедім де: «Бала 

күннен бірге өсіп, біте қайна ған замандасым еді, қалай көзім 

қиып, тастап кетемін» деп, қауынның ішіне сүнгіп, өзім де 

кіріп кеттім. Ал ізде! Тау да қалмады, тас та қалмады, тоғай да 

қалмады. «Апта болды-ау» дегенде маған ұқсап, жоқ қарап, 

сандалып жүрген бір жоқ шы ға кез болдым. Жоғымның тү сін, 

түрін ең-таңбасын айтып, сұ 

рап едім, Құдай соққан неме: 

«Ту!»—деп, бетіме түкіріп жібер ге ні ғой. «Ау, жының бар 

неменесің? Жоқ сұрасам, беті ме түкіресің»—дегенімде, ода 

бір ісік неме екен, әкіреңдеп: «Жынды демей, не деймін? Мен 

бір айдан бері атымды зорықты 

рып, бір айғыр үйірлі қы-

сырымды таба алмай жүргенімде, сен төрт еліге толмай тын 

теміртекті іздейсің!»—деді. Әлгінің сөзіне шыдай алмай, сол 

жерде жаттым да төбелестім, жараланба ған жеріміз қалмады, 

қып-қызыл ала қанға боялдық, ақырында мен де, ол да сілеміз 

құрып шаршап, екеумізде төбелесті қойып, бір-бірімізден на-


140

141


ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР

сыбай атысып, жөн-жөнімізге кете бердік. Бір күндерде ұлы 

жиын, ас беріп жатқан қалың елдің үстінен шықтым. «Жақсы 

болды ғой. Осы жиыннан етігімізде сұрай салайыншы»,—деп, 

ошақты жағалап келе жатқанымда, аста табақ тартып жүр ген 

боз-балалардың арасында табақ көтеріп жүрген баяғы қаш қан 

етігім анадайдан көзіме оттай ұшырады. Қатыным бала 

тапқандай қуанып, секіре беріппін. Етігімнің де көзі мені ша-

лып, ұялғанынан екі беті қып-қызыл болып, қолында кө-

тергенайдың табақ қазы, қарта, жал-жаяны әке ліп: «Ке ше гі 

маған жағуға қимаған майың осы ма еді?» деп, алдыма сарт 

еткізіп қоя салды. Пай-пай, тақсыр-ай, сондағы ойлағаным 

өмірімде есімнен кетер емес! Мінекей, тақсыр, туғаннан бергі 

жерде басымнан өткен істер осы,—деп Тазша әңгімесін 

бітірді. 

Қиыстырып бір ауыз шын араластырмай, айтқанына хан-

ның көңілі түсіп:

—Қане, балам, енді өтірік өлеңді айтшы!—дейді. Сонда Таз-

шаның айтқаны:

—Қайныма қарға мініп, орын бердім,

Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.

Айғырын шегірткенің ұстап мініп,

Алдынан қайын атамның қырындадым!

Жүк артып инелікке ерте көштім,

Шүйкелеп, сары майдан арқан естім.

Мұртына шегірткенің ат арқандап,

Дегенде: «өлдім-талдым» әрең шештім.

Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,

Салдыртып аяңымен қоян алдым.

Япырай, сол қоянның семізін-ай,

Көтеріп қоңызыма қоя алмадым!


142

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Міндім де жасыл қоңыз сона қудым,

Басынан мұнар төбе сағым будым.

Дәулеттің Құдай берген арқасында,

Қанымен көйлегімнің кірін жудым.

Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,

Ши оқпен мың құланды атып қырдым.

Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,

Ұялмай, жүз тұсақтан сатып тұрдым.

Балықтың қабыршағын отқа жақтым,

Өтірік өлең айтып, жұртқа жақтым.

Бір сонам асыранды қашып кетіп,

Мекеден он жыл іздеп әзер таптым.

Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым,

Бір суыр мал дегенде қолда барым.

Қатыным тел қоянды жаздай сауып,

Түйіреді сары майды екі қарын.

Беріпті бақа қызын көбелекке,

Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.

Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,

Той қылып, ат шаптырды төңірекке.

Міндім де осырақ қоңыз, сона қудым,

Үш жұма, үш ай жүріп, қона қудым.

Қумасқа белді байлап тұрып едім,

Дегенде жеңгем жерік бола қудым.

Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,

Балама қалың бердім бәрін сатып. 

Ретін мал жиюдың ерте біліп,

Сондықтан кедейлікке қалдым батып.



142

143


ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР

Байлықтан ыза шектім ақырында,

Бір түйір мал болмады жақынымда.

Малымның бәрін жинап отқа жағып,

Отырмын кедейліктің тақырында.

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,

Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.

Бір талын сілемейім кесіп алып,

Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

Жиынға, салтанатқа кидім құрым,

Қытықтап зорға айтқыздым ханның сырын.

Келгенде қалыңдығым сексен төртке,

Қайныма бес жасымда бардым ұрын.

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,

Шақпады он матадан сыңар қалтам.

Дәулеттің Құдай берген арқасында,

Көшкенде жүз түлкіге жүгімді артам.

Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,

Борсықты ұстап мінсек, аттың мүлкі.

Ішінде топ адамның тулап жығып,

Қылдың-ау, ойбай, қарсақ, жұртқа күлкі.

Арасын жырып қостым шөл-қуаңның,

Молықтым елін біліп бес дуанның.

Екі жүз құнан қойым егіз тауып,

Осыған назар бөлсек, көп қуандым!

Мен көрдім қара шіркей бала қаздай,

Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.

Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп,

Қан түсіп аяғына өле жаздады-ай!


144

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Тамырға өтірікті қап-қап бердім,

Найзасын нар қамысқа шаптап бердім.

Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,

Түлкіге тастан қашқан тап-тап бердім!

Басынан Қап тауының қора қылдым,

Бітер деп бес мың жылқы, жүре қылдым.

Топан су тау басына дамыл бермей,

Қылмасқа енді қора тәубе қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті!

Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,

Япырай, бәрін тулап өлтіріпті!

Мен өзім кішкенеден қарға бақтым,

Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.

Біреуі жануардың үздік шығып,

Мойнына ақ киізден тұмар тақтым.

Басында керегенің үрген қарын,

Көтердім балуандықпен оның бәрін.

Түйеге теңдеп бәрін қойғанымда,

Мертікті көтере алмай қара нарым.

Мизамның сілемейін желі қылдым,

Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.

Қамыстан сегіз қабат үй істетіп,

Жонынан шегірткенің көген тілдім.

Шымшықтың шылым шектім бақайынан,

Қоянның атым үрікті топайынан.

Тазының ақылы артық, ойы жетік,

Көк тышқан етік қылдым шоқайынан.



144

145


ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР

Басына бәйтеректің тіктім орда,

Көк орай шалғын екен қорда-қорда.

Қос атпен күні-түні бірдей қуып,

Қашаған бір битімді тұттым зорға.

Мен өзім өтіріктен пайда еткенмін,

Бет терісін биялай, қалта еткенмін.

Етіне бір шіркейдің қазан толмай,

Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.

Мыс егіп көбік қарға, алтын ордым,

Ізіне ақ жылқының қақпан құрдым.

Шегірткем мініп жүрген тулап еді,

Жалғыз тал қыл қамшымен өлгенше ұрдым.

Төгістім сар апақпен Сырдың суын,

 

Он нарға артып жүрмін қыздың буын.



Еншіге әкем берген мың қоянның

Соғыста қырып алдым барлық туын.

Тілімнің келмейді ебі өтірікке,

Тақсыр-ау, осыным да өтірік пе?

Қырық байтал қалың малға санап алып,

Қыз бердім отау тігіп кекілікке!

Биені қымыз іштім мұзға байлап,

Тышқанды жауыр қылдым үш жыл айдап.

Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,

Жүгірдім қуанғаннан алақайлап!

Отыным жазғы жаққан мұздан болды,

Салымым сексендегі қыздан болды.

Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,

Тұтанып зорға биыл қызған болды.

10-0184


146

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Сауысқан алып ұшты бөлтірікті,

Айтпаймын, қыз берсең де, өтірікті!

Шіркіннің тепкісінің қаттысын-ай,

Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті!

Қоянның шаңырақтай омыртқасы,

Көнектей көлбақаның жұмыртқасы.

Болмаған енді өтірік несі қалды?

Түбінен шау қияқтың ердің қасы.

Жонынан атжалманның әйел алдым,

Үш жөргем ішін жарып майын алдым.

Ізіне аттың басқан қақ тұрыпты,

Қырық құлаш қармақ салып жайын алдым.

Шымшықтың шылым шектім қу басынан,

Атжалман арқан естім шудасынан.

Қырық қарға, отыз сона құда түсіп,

Инелік кит киді құдасынан.

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,

Айналды серіктіктің арты дауға.

Борсыққа жарап жүрген міне шауып,

Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.

Дарияға тоған бастым ебелектен,

Жаратып қасқыр қудым көбелекпен.

Жығылып тас кенеден, мойны үзіліп,

Бір кемпір «ә» дегенше өле кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,

Борышыма қатынымды бере қойдым.

Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,

Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым!

 


146

147


ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР

Сауысқан елден асты аққуды іліп,

Елімді қызғыш шауып салды бүлік.

Қақалып кеше кешке жеген етке,

Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.

Күмістен ақ тышқанға таға қылдым.

Құйрығын көртышқанның жаға қылдым.

Терісін сар масаның теспей сойып,

Жиынға он бес қарыс саба қылдым.

Жабылып тоғыз жігіт көтере алмай,

Қылмасқа ондай саба тәубе қылдым.

Өтірік өлең айтып, жұртқа жақтым,

Құмырсқаны қайырып қойдай бақтым.

Ел қыдырған кешегі есер кезде,

Бөгелектің басына тана бақтым.

Бір қоянды міндім де аспанға ұштым, 

Екпініне шыдамай жерге түстім.

Алты күндей ақ боран соғып еді,

Жалғыз қурай ығына ас қып іштім.

Дүниенің ауыры үрген қарын,

Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.

Атандарға көтеріп артып едім,

Көтере алмай жығылды атандарым.

Дүниенің ауыры үрген қуық,

Жалғыз өзім көтердім аузын буып.

Үлкеніне шіркейдің арба жектім,

Ондай мықты көрмедім өзім туып.

Бес қарсақты күнінде баса міндім,

Жүргізе алмай шіркінді азап шектім.


148

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Екі теңді үстіне теңдеп алып,

Қара жолдың үстінде борт-борт желдім.

Үлкеніне шіркейдің арба салдым,

Басқа көзге төбелеп зорға салдым.

Мені «мықты» дегенге жұрт нанбайды,

Қойдай битті көтеріп, отқа салдым!

Өтірік өлең айтамын ең басынан,

Арқан естім бозторғай шудасынан.

Алты инелік, бес торғай той қылыпты,

Кит кидім солардың құдасынан.

Өтірік өлең айтамын ең басынан,

Шылым қылдым шымшықтың қу басынан.

Ара, шіркей етіне қазан толды,

Астау-астау ет қалды әр басынан.

Бөгелектің терісі ер-тұрманым,

Қоян мініп мен өзім жау қуамын.

Шегірткенің айғырын ұстап мініп,

Тұра қашқан түлкіні бір бұрмаймын.

Көлбақаның күнекей сүйегі бар,

Көртышқанның қырық құлаш үйегі бар!

Өзім барып, жерінен алып келдім,

Бір түлкінің қырық арба сүйегі бар.

Өтірік өлең айтайын әуел бастан,

Жау қияқтың түбінен ердің қасы.

Өзім барып, жерінен алып келдім—

Бір түлкінің қырық арба омыртқасы.

Тазшаның әңгімесі де, өлеңі де бастағы ханның өзі айтқан-

дай, рас сөзден бір ауыз қосылмай айтылғанына ханның мейі-



148

149


ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР

рі қанып: «Адам қай іске бет түзеп ұмтылса, сол істің уәде сі-

не шықпақ керек. Бұл таз да мойнына тағылған жұмыстың 

уәдесіне шықты. Егер осы неше түрлі жақсылық жұмыстарды 

мойнына артса, оның да уәдесіне шығарына көңілім сенеді. 

Түбінде бұның қолынан үлкен-үлкен жұмыс келер»,—деп, 

айтқан уәдесімен қызын да береді, уәзір де қылады. Тазша 

сүйтіп мұратқа жетіпті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет