Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата31.12.2016
өлшемі1,45 Mb.
#829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

12. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Жүк артып ай түлекке ерте көштім,

Шүйкелеп сары майдан арқан естім.

Мұртына шегірткенің ат арқандап,

Дегенде өлдім-талдым әрең шештім.

Міндім де сасық қоңыз, аяңдадым,

Болдыртып аяңыменен қоян алдым.

Япыр-ай, сол қоянның семізін-ай,

Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.

Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,

Ши оқпен мың құланды атып қырдым.

Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,

Ұялмай жүз тұсақтан сатып тұрдым.

Балықтың қабырғасын отқа жақтым,

Өтірік өлең айтып жұртқа жақтым.

Бір сонам асыраған қашып кетіп,

Меккеден он жыл іздеп зорға таптым.

Қамысты жылқы ұстауға құрық қылдым,

Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.

Бір талын сақалымның кесіп алып,

Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

6-0184


82

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,

Шықпайды ұн матадан сіңір қалтам.

Дәулеттің маған берген арқасында,

Көшкенде жүз түлікке жүгімді артам.

Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,

Борсықты ұстап мінсең аттың мүлкі.

Ішінде топ адамның тұлап жығып,

Қылдың ғой ойбай қырсық, жұртқа күлкі.

Арасын жарып қостым сыр қуаңның,

Машықтым елін билеп бес дуанның.

Екі жүз құнан қойым егіз туып,

Осыған нанар болсаң көп қуандым.

Мен келдім қара шіркей бала қаздай,

Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.

Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп,

Қан түсіп аяғына өле жаздай.

Тамырға өтірікті қап-қап бердім,

Найзасын нән қамысқа саптап бердім.

Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,

Түлкіге түсте қашқан тап-тап бердім.

Басынан Қап тауының қора қылдым,

Бітер деп бес мың жылқы жора қылдым.

Топан су тау басынан дамыл бермей,

Қылмасқа енді қора тоба қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірікті,

Айтпаймын, өлтірсең де, өтірікті.

Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,

Япыр-ай, тулап жығып өлтіріпті.



82

83

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Басына керегенің үрген қарын,

Көтердім балуандықпен соның бәрін.

Түйеге төстеп бәрін қойғанымда,

Мертікті көтере алмай қара нарым.

Мизамның селеметін желі қылдым,

Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.

Қамыстан сегіз қанат үй істетіп,

Жонынан кесерткінің көген тілдім.

Шымшықтың шылым шектім бақайынан,

Қоянның атым үрікті тобайынан.

Баланың ақылы артық, ойы жетік,

Көртышқан етік қылдым шоқайынан.

Мен өзім кішкентайдан қарға бақтым,

Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.

Біреуі жануардың үздік шығып,

Мойнына ақ кигізден тұмар тақтым.

Мескиіп көбік қарға алтын ордым,

Ініне абжыланның қақпан құрдым.

Шегірткем мініп жүрген тулап еді,

Жалғыз тал қамшыменен өлгенше ұрдым.

Сауысқан алып ұшты бұл теректі,

Айтпаймын, мал берсең де, өтірікті.

Шіркіннің тепкісінің қаттысын-ай,

Бір малды шыбын теуіп өлтіріпті.

Шымшықтың шылым шектім қу басынан,

Атжалман арқан естім шудасынан.

Қырық қарға отыз сона құда болып,

Инелік кит киді құдасынан.



84

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,

Айналды серіктіктің арты дауға.

Борсыққа жарап жүрген міне шауып,

Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.

Биені қымыз іштім мұзға байлап,

Тышқанды жауыр қылдым үш жыл жайлап.

Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,

Жүгірдім қуанғаннан алақайлап.

Дарияға тоған салдым ибеліктен,

Жаратып қасқыр қудым инелікпен.

Жығылып тас кенеден мойны үзіліп,

Бір кемпір «ә» дегенше өліп кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,

Бұрышыма қатынымды кіреу қойдым.

Жүйрігін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,

Нансаңыз, өмірімде бірақ тойдым.

Сауысқан елден асты аққуды іліп,

Елімде қызғыш шауып салды бүлік.

Қақалып кеше кешкі жеген етке,

Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.



13. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,

Болдыртып аяңымен қоянды алдым.

Япырмай, сол қоянның семізін-ай,

Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.

Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,

Бір оқпен мың құланды атып қырдым.


84

85

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,

Ұялмай жүз тоқсаннан сатып тұрдым.

Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым,

Бір суыр мал дегенде қолда барым.

Қатыным бір қоянды жаздай сауып,

Түйреді сары майды тоқсан қарын.

Отыным жаздай жаққан мұздан болды,

Салымым сексендегі қыздан болды.

Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,

Тұтанып биыл ғана қызған болды.

Мен өзім өтіріктен пайда еткенмін,

Биялай, бит терісін қалта еткенмін.

Етіне бір шіркейдің қазан толмай,

Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.

Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,

Бабама қалың бердім барып сатып.

Білімін мал жиюдың ерте біліп,

Сондықтан кедейлікке қалдым батып.

Байлықтан ыза шектім ақырында,

Бір түйір мал болмады жақынымда.

Малымның бәрін жинап отқа жағып,

Отырмын кедейліктің тақырында.



14. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Жиынға салтанатқа кидім құрым,

Қытықтап зор айтқыздым ханның сырын.

Келгенде қылыңдығым сексен төртке,

Қайныма бес жасымда бардым ұрын.


86

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Шаянның шаңырақтай омыртқасы,

Қазандай көл бақаның жұмыртқасы.

Болмаған енді өтірік несі қалды,

Түбінен жау қияқтың ердің қасы.

Жонынан атжалманның айыл алдым,

Үш жөргем ішін жарып майын алдым.

Ізіне аттың басқан қақ тұрыпты,

Қырық құлаш қармақ салып жайын алдым.

Қошқардың қағанақтан күйегі бар,

Шідердің мұздан жонған тиегі бар.

Тақсыр-ау, осыған да нанбаймысың,

Қырық арба бір қашырдың сүйегі бар.

Мен өзім кішкенемнен қарға бақтым,

Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.

Біреуі жануардың үздік шығып,

Мойнына қоңыраулы тұмар тақтым.

Қомайдың сүбе майын желі қылдым,

Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.

Қамыстан сегіз қанат үй істетіп,

Жүнінен кесірткенің көгін тілдім.

Шымшықтың шылым шектім ну басынан,

Атжалман арқан естім шудасынан.

Қырық нарға отыз сона құда түсіп,

Инелік киіт киді құдасынан.

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,

Айналды серіктіктің арты дауға.    

Борсыққа жарап тұрған міне шауып,

Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.



86

87

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Қой сойып құда болдым инелікпен, 

Жаратып қасқыр қудым көбелекпен.

Жығылып тас кенеден мойны үзіліп,

Бір кемпір «а» дегенше өліп кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,

Бір тойға инеліктің жүзін сойдым.

Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,

Нансаңыз, ғұмырымда бір-ақ тойдым.

Басында керегенің үрген қарын,

Көтердім балуандықпен соның бәрін.

Түйе тұстап барып қойғанымда,

Мертікті көтере алмай қара нарым.

Шымшықтың шылым шектім бақайынан,

Түйенің атым үрікті топайынан.

Қазекең ақылы артық, ойы жетік,

Көртышқан етік қылдым шоқайынан.

Басынан бәйтеректің тіктім орда,

Көкорай шалғын екен қорда-қорда.

Қос атпен күні-түні бірдей қуып,

Қашаған бір битімді таптым зорға.

Сауысқан аттан асты аққуды іліп,

Елімді қызғыш шауып салды бүлік.

Қақалып кеше кешке жеген етке,

Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.

Сауысқан алып ұшты бөлтірікті,

Айтпаймын, қыз берсең де, өтірікті.

Шіркіннің тебуінің қаттысы-ай,

Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті.



88

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Тамырға өтірікті қап-қап бердім,

Найзасын нар қамысқа саптап бердім.

Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,

Түлкіге төстен қашқан тап-тап бердім.

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,

Шықпады он матадан сегіз қалтам.

Дәулеттің Құдай берген арқасында,

Көшкенде жүз түлкіге жүгімді артам.

Төгістім саптаяқпен сырдың суын,

Он нарға артып жүрдім қыздың буын.

Еншіге әкем берген мың қоянның,

Соғымға қырып алдым барлық туын.

Тілімнің келмейді ебі өтірікке,

Тақсыр-ау, осының да өтірік пе?!

Қырық байтал қалың малға санап алып,

Қыз бердім отау тігіп кекілікке.

Қымыз іштім биені мұзға байлап,

Тышқанды жауыр қылдым үш жыл жайлап.

Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,

Жүгірдім қуанғаннан алақайлап.

Арасын жүріп қостым Сыр-Қуанның,

Масаның елін билеп бес дуанның.

Екі жүз құнан қойым егіз тауып,

Осыған, нанар болсаң, көп қуандым.

Мен көрдім қара шіркей бала қаздай,

Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.

Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп,

Қан түсіп аяғыма өле жаздай.



88

89

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Мыс егіп көбік қарға, алтын ордым,

Ізіне ап жыланның қақпан құрдым.

Шегіртке мініп жүрген тулап еді,

Жалғыз тал қыл қамшыммен өлгенше ұрдым.

Қайныма қарға мініп ұрын бардым,

Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.

Айғырын шегірткенің ұстап мініп,

Алдынан қайын атамның қырындадым.

Жүк артып инелікке ерте көштім,

Шүйкелеп сары майдан арқан естім.

Мұртына шегірткенің ат арқандап,

Дегенде өлдім, талдым азар шештім.

Міндім де жасыл қоңыз, сона қудым,

Басынан мұнар төбе сағым будым.

Дәулеттің Құдай берген арқасында,

Қанымен көйлегімнің кірін жудым.

Балықтың қабыршағын отқа жақтым,

Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым.

Бір сонам асыранды қашып кетіп,

Меккеден он жыл іздеп азар таптым.

Міндім де осырақ қоңыз, сона қудым,

Үш жұма, үш жыл, үш ай қона қудым.

Қумасқа белді байлап тұрып едім,

Дегенге жеңгем жерік бола қудым.

Қамыстан жылқы ұстайтын құрық қылдым,

Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.

Бір талын сақалымның кесіп алып,

Көшкенде мал ұстайтын шыбық қылдым.



90

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Басына Қап тауының қора қылдым,

Бітір деп бес мың жылқы жора қылдым.

Топан су тау басынан дамыл бермей,

Қылмасқа енді қора тәуба қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,

Айтпаймын, өлтірсең де, өтірікті.

Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,

Апыр-ай, бәрін тулап өлтіріпті.

Күмістен ақ тышқанға таға қылдым,

Терісін көр тышқанның жаға қылдым.

Терісін бір сонаның ұстап сойып,

Жиыны тоғыз құлаш саба қылдым.

Жиылып отыз жігіт көтере алмай,

Қылмасқа енді саба тоба қылдым.

Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,

Борсықты ұстап мінсең, аттың мүлкі.

Ішінде топ кісінің жығып кетіп,

Қылдың ғой, ойбай, қарсақ, мені күлкі.

Беріпті бақа қызын көбелекке,

Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.

Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,

Той қылып, ат шаптырды төңірекке.

 

15. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Той қылдым бала туып, битін сойып,

Ел жинап, ат шаптырып бәрін жиып. 

Ет асып, қырық табақ түзгенге,

Мәз болды жиылған жұрт бәрі тойып.


90

91

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Екінші, бүрге сойдым барлық құсқа,

Қарлығаш хабар айтты барлық досқа.

Оралдың ақ иығы бұрын келіп,

Жеп қойды дымын қоймай басқа-қосқа.

Өкпелеп ала қарға айтты көпке:

«Шақырдың әлің білмей, тектен-текке. 

Тоямын күнде тегін жылы боққа,

Тойыңнан боғым артық» деді көпке.

Шақырдым аңның бәрін тышқан сойып,

Лек-лек боп келіп кетті бәрі тойып.

Қорсылдап қанша жесе, шошқа тоймай,

Ауыр да ыдысына кетті сыйып.

Өтірік өлең айттым күлдірмекке,

Азырақ ишарамен білдірмекке.

Қыран құс қияға ұшқан қолға түспес,

Қолдағы лашынмен ілдірмекке.



16. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Айттым да өтірік өлең, айла қылдым,

Кесіп ап бетегені найза қылдым.

Шыбынды үш қонаққа сойып беріп,

Жарты етін алып қалып, пайда қылдым.

Соғымға баяғыда тышқан шықты,

Жабылып он бес жігіт зорға жықты.

Өзгем өтірік болса да, осыным—шын,

Басқасы бүйрек майдан бес қап шықты.

Артқаным бір қоянға бес қап тұзды,

Басады қатыр-құтыр жалтыр мұзды.


92

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Екі күн жүрсем дағы ішін тартпай,

Қампиып қардың бетін қарны сызды.

Сойдым да қара шыбын қалт еткенім,

Тұқылын жұмсағының балта еткенмін.

Сойғанда қара шыбын қазан толып,

Соймасқа енді шыбын ант еткенмін.

Міндім де тасбақаға, аяңдадым,

Қудым да, құмдауыттан қоян алдым.

Қояны сол араның семіз екен,

Көтеріп тасбақаға қоя алмадым.

Масаның кішкенесі батыр екен,

Көк сона діннен шыққан кәпір екен.

Үйіне сол кәпірдің жетіп бардым,

Ас беріп әкесіне жатыр екен.

Көнектей көбелектің жұмыртқасы,

Ерімнің жау қияқтан артқы қасы.

Бір қызын инеліктің алып қаштым,

Бітпей жүр баяғыдан барымтасы.

Міндім де қара тышқан Меке кеттім,

Жеткізбей қуған елге жеке кеттім.

Тышқаным сөйтіп жүріп жауыр болып,

Екі үзік, бір туырлық желқом еттім.

Айдадым бес сауысқан Петерборға,

Жануар өзі жүйрік, өзі жорға.

Өзгем өтірік болса да, осыным шын,

Келемін кекілік артып бес жүз нарға.

Жүк артып инелікке ерте көштім,

Шүйкелеп сары майдан арқан естім.



92

93

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР



Мұртына шегірткенің ат арқандап,

Дегенде өлдім-талдым азар шештім.

Қайныма қарға мініп ұрын бардым,

Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.

Айғырын тасбақаның ұстап мініп,

Алдынан қайын атамның қырындадым.

Отыным жаздай жаққан мұздан болды,

Салымым сексендегі қыздан болды.

Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,

Тұтанып биыл ғана қызған болды.



17. АҒАШ ПЕН ШӨПТІҢ АЖЫРАСҚАНЫ

Қарағай сексеуілмен қыжыл болған,

Сөзіне бір-бірінің қызар болған.

Екеуі бір арада өсе берсе,

Өмірге ынтымағын бұзар болған.

Қарағай бойлай-бойлай ұзын болған,

Сексеуіл жылай-жылай бұжыр болған.

Екеуін бітіремін деп, бітіре алмай,

Тобылғы ұялғаннан қызыл болған.

Қарағай мақтанады тауға барып,

Сексеуіл төмен кетті жыңғылды алып.

Ақтікен аршаменен елігеді,

«Қарағай, не болам» деп сенен қалып.

Қарағай мақтанады тауға шығып,

Сексеуіл өзін қалды құмға тығып.

Тамам шөп араздасып айрылғанда,

Ебелек қала берді ойда бұғып.


94

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Тобылғы айтады екен: «Сусайын»,—деп,—

«Теріскей бетке шығып жусайын»,—деп.

Қарағай айтады екен тобылғыға:

«Тіл алсаң, бір жұмысқа жұмсайын»,—деп.

Айтыпты: «Тілегіңізді алайын»,—деп,—

Мекенді теріскейге салайын»,—деп.

Қарағай сақалымен жұмсаған соң,

«Етекке не де болса барайын»,—деп.

Тобылғы атқа мінді «көнемін-ау»,—деп,—

Қамысқа жауабымды берем-ау»,—деп.

Ішіне бара жатып қайғы түсті:

«Қайтарда атым жетпей, өлем-ау»,—деп.

Тобылғы бара жатып ақыл ойлап,

Алдынан өлең шықты атын байлап.

Үйіне сәлем беріп кіріп еді,

Үйінен шыға берді орын сайлап. 



94

1. КЕР БИЕ, ТОРЫ ҚҰЛЫН

(І. Жансүгірұлы нұсқасы)

Ауылым Түрген көктеп, Асы жайлап,

Пендені жүреді екен нәсіп айдап.

Бөктерге жазға салым түсіп қонып,

Қой қоздап, ақ шықты ғой, сүтке қаймақ.

Ауылым Асы жайлап, Түрген көктеп,

Түргенді тұтасымен жүрген көктеп,

Жауыр кері биеге жел-қом ерттеп.

Бір жағын жел-қомның қылмен көктеп,

Саудагер сарт кеп қалды мата жүктеп.

Қасына саудагердің бардым енді,

Көзімді көлігіне салдым енді.

Қарасам кер биенің әрпі тәуір,

Атыма айырбастап алғым келді.

Қызықтым кер биенің тұлғасына,

Мінетін бедеу екен қыз қасында.

Жабыстым «Айырбас!» деп шаужайынан,

Мекеңнің беріп кет деп құласына.

ІІ. Өтірік жырлар


96

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Соңынан сарт иікті бері беттеп,

Құламды мақтап тұрмын «тұлпар ед» деп.

Қостырып оны-мұны үстеуіне,

Ат беріп, айырбастап алдым ептеп.

Атым да кәрі еді тісі кеткен,

Сырғанап шыға алмайды қия беттен.

Атымды аса мақтап үстеуіне,

Мата алдым, бес қаламы екі көкпен.

Бір іштім тамыр дәрі, қырық күшәла,

Қос уыс сарт санадан қосты жаңа.

Қызыл жүйрік, қалампыр, можысымен,

Ине, түйме алыпты қатын, бала.

Көп айтсам өтірікті, болады өсек,

Ашутасы тағы бар екі кесек.

Нәрсені ондай-мұндай қылмалы есеп,

Алыпты айна, тарақ келін-кешек.

Құлжадай тірі апиын, тотияйын,

Сартыңнан да асырдым сауда жайын.

Керіктей кер биені кезіне айдап,

Берді ғой деп қуанам бір Құдайым.

Сарт кеткен соң саудамды есептеймін,

Тотияйын, ашутас кесектеймін.

Кәрі атыма жас бие, бұйым алып,

«Сауда сайын сартты өстіп жесек» деймін.

Ойласам бес қаламды—о да бір қой,

Қырық күшәла, тамыр дәрі бір қой боп,

Бұл бұлай тұр.

Айна-тарақ, ине-жіп, қалампырды,

Жігіттер, о не болар есептей ғой.


96

97

ӨТІРІК ЖЫРЛАР



Жігіттер, жөні бөлек жақсы малдың,

Бір бием ат табар деп көп қуандым.

Бар еді бір айғырым озып жүрген,

Қосақтап үйіріне қоса салдым.

Бұл бием мандам екен соныменен,

Құйрығын алдым күзеп жалыменен.

Мандамын үш қидырып жіберіп ем,

Солғындау қыстан шықты жалыменен.

Мойнына жануардың тақтым тұмар,

Мінбекке құлындатып болдым құмар.

Со жылы алты айдай жылқы бағып,

Деп жүрмін жануарым қашан туар.

Со жылы жылқы бақтым жылқышы боп,

Кер бием ат табар деп көңіліме тоқ.

Айғырдың үйіріне жетіп келсем,

Кер бием ұшты-күйлі, зым-зия жоқ.

Желіні тор биенің толған екен,

Жылқышы бір ауылға қонған екен.

Күні бұрын арқандап бағып алмай,

Менен де бір қапыстық болған екен.

Желіні кер биенің жеткен екен,

Жылқышы бір ауылға кеткен екен.

Басыма кер биені байлап жатпай,

Менен де бір надандық өткен екен.

Желіні кер биенің жеткен екен,

Жылқышы бір ауылға кеткен екен.

Жүгіртіп торы айғырмен ізін шалсам,

Шелекті баса көктей өткен екен.

7-0184


98

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Бір айғырым құр жүрген салмай тоқым,

Байқаушы едім тас басса тұяқ отын.

Сол айғырды үйірден ұстап мініп,

Ізіменен биенің келем соғып.

Айғырым құры жазы күзіменен,

Биенің соғып келем ізіменен.

Күн жауып Кіндік таста ізін шайды,

Сонда да келе жатырмын кезіменен.

Тоқпақтап торы айғырды шықтым өрден,

Болжаушы ем жас күнімде талай жерден.

Меркінің ар жағында бір қара тұр,

Көзім де көз емес пе соны көрген.

Бұлттан ап жосып кеттім ылди, төмен,

Сенбейсің бұл сөзіме айтқанменен.

Көзіме көрінеді алас-бұлас,

Баурында ажабадай Қоңыр белең.

Мінгенім дәйім менің Қаражалсұр,

Қайырып қаршығама ілдірдім құр.

Жүгіртіп қарайғанға жетіп келсем,

Меркінің жағасында құлындап тұр.

Дегенім алас-бұлас енесі екен,

Белесім құлынының денесі екен.

Тұрқы бар тоғыз құлаш жануардың,

Тұлпардың тұлпар болса төресі екен.

Құлыны құмай келген торы құлын,

Жануар мен көрмеген зоры құлын.

Қақпақ бел, қамыс құлақ, бөкен мойын,

Ағы бар алақандай тобығының.



98

99

ӨТІРІК ЖЫРЛАР



Әнжамның жалы майда жібегіндей,

Қол еті жолбарыстың жүрегіндей.

Сауыры кебеженің тақтайындай,

Іленің сүбесі бар түбегіндей.

Шошытпай жануарды жақын бардым,

Биенің де мойнына білек салдым.

Бием арық, айғырым жүрмеген соң,

Шандырлап торы құлынды мініп алдым.

Шандырлап торы құлын мініп алдым,

Қамшымды жерде жатқан іліп алдым.

Айғырымды бөктеріп, бие өңгеріп,

Күн еңкейе Меркіден үйге салдым.

Биемді іздейін деп кеше шықтым,

Қасыма ешкім ертпей жеке шықтым.

Бие өңгеріп, айғырды бөктеріп ап,

Меркінің бер жағына өте шықтым.

Сүйегі жас құлындай білінбейді,

Жануар өрге салсам, ілінбейді.

Мұз тауда мұзға салсам, сүрінбейді,

Екпіні соққан желдей дүрілдейді.

«Баяғы сарттың қолы құтты екен» деп,

Мұртынан Мекең дағы күлімдейді.

Ақжардың ауылым қонған өзегіне,

Сөзімнің қараңдаршы кезегіне.

Бие өңгеріп, айғырды бөктеріп ап,

Асының желіп шықтым кезеңіне.



100

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР



2. ТОРЫ ТАЙ

Торы құлын келер жылы шықты тайға,

Оқи бер бата, Құран туған айға.

Қуанышым қойныма күнде сыймай,

Құмалақ салдырамын Қасабайға.

Торы тайға бір күн мініп шықтым желіп,

Сантастан он бұғы аттым, елу елік.

Шығармай шып-шырғасын артып алып,

Тайымды таң асырдым үйге келіп.

Тайымды байлап қойдым таң асырып,

Тұрмайды қызған неме аласұрып.

Сәріде жібергелі тұра келсем,

Тұр екен омырауымен маманы ұрып.

Ақжарды ауылым қонған жайлайын деп,

Жылқышы бие айдап келді байлайын деп.

Торы тай ертең ерте қоя берсем,

Бүк түсіп жата кетті аунайын деп.

Торы тайым аунап кетті жүре желіп,

Он бұғы артып келгем, елу елік.

Өзімнің жануарға көзім түсіп,

Ішінен бір мал айттым үйге келіп.

3. ТОРЫ ТАЙ МЕН НӘН ШЫБЫН ХИКАЯСЫ 

(Ә.Ниязбеков нұсқасы)

Дүниеден кімдер кетіп, кім келмеген,

Біреудің өзі өлсе де, сөзі өлмеген.

Артына ел сүйетін сөз қалдырған,

Адамды деген дұрыс өзі өлмеген.


100

101


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

...Өмірдің бәрінен де жолы даңғыл,

Жан болсаң, сөзің қалсын соған қам қыл.

Ыбырай—ағартушы, Шоқан—ғалым,

Қазақтан асып туған Абай, Жамбыл.

Кім болса өлмей тұрып дейміз сыйла,

Өзіне опа болар дүние жина.

Тәттімбет, Құрманғазы күй атасы,

Белгілі бәрімізге күйші Дина.

Бишінің сермей сөйле құлашындай,

Қарға болмай, болсаң бол лашындай.

Қазақтың атын жайған бар әлемге,

Кім жеткен Әміреге, Күләшім-ай!

Көп сөздер қала берді арасында,

Артына шабыт келсе қарасын ба!

Қазақтың атын жайған билеп жүріп,

Айтпастан тастаймыз ба Шарасын да.

Сен неге маған қарап жымиясың,

Кім ала кетер жиған дүниясын.

Мейірманның тұқымдас немересі,

Атақты Дәулетбақтың Ілиясын.

Бір ақын өткен екен Мекең деген,

Аңғарын Алатаудың мекендеген.

Зорлыққа, зомбылыққа, зәбір-жапа,

Өмірі қарсы болып өткен екен.

Қолында ақ домбыра дүмбірлеген,

Келтіріп құлақ күйге күмбірлеген.

Айтатын «Шыбын» деген ұзақ жырын,

«Шыбынды» біздің жақта кім білмеген.


102

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Артына сөз тастапты «Шыбын» деген,

Талайлар шыбынды айтып күбірлеген.

Жинақтап ел аузынан естігенді,

Мен дағы шұғылдандым «Шыбынменен».

«Шыбынды» ел аузынан теріп алдым,

Бір еңбек құрастырсам деп ойландым.

Азырақ мазмұнына маңыз беріп,

Қызылдап тұр жағына өрнек салдым.

«Шыбынды» мен айтқан жоқ, Мекең айтты,

Сол жерде «Шыбын» өлмей көп жыл жатты.

Жаңғыртып тау мен тасты «Шыбын» үні,

Ызыңы Алатауды аралапты.

Мен де бірге жүргем жоқ Мекеңменен,

Бір ғасыр бұрын өткен Мекең менен.

Мекеңнен қалған сөзді жиып-теріп,

Іріктеп ел керегін берем деп ем.

Талайлар бұл «Шыбынды» айтып көрді,

Қайымжан өз білгенін жазып берді.

Қақаңның қолжазбасын негізге алып,

Нән «Шыбын» соныменен жөнге келді.

Тау жайлап доңыз жылы бүркіт салдым,

Бір күнде жеті қарсақ, бес түлкі алдым.

Түлкіні қарсақпенен соя-соя,

Алқынап ыстық күнде шаршап-талдым.

Жартастан жалаң қия орын алдым,

Бүркітті аспан көкке іле салдым.

Үстіне мәңгі мұздың шәй қайнатып,

Іштім де шөлім қанып, ұйықтап қалдым.



102

103


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Түс көріппін: бүркітке мініп алдым,

Мысырға қас-қаққанша ұшып бардым.

Шаһардың айналасы айшылық жол,

Шаһардың үлкеніне қайран қалдым.

Кигенім аяғыма сырмалы етік,

Жүруші ед бір етіктің қорлығы өтіп.

Кимедім өмірі бір бүтін етік,

Жұлығы мұның дағы шұрық тесік.

Шам шаһарын етік үшін араладым,

Бағдатқа жолы бұрыс бара алмадым.

Шаш пенен Тегераннан етік жақпай,

Бүркітпен Кабул жақты жағаладым.

Бүркітпен еті қызған екпіндетіп,

Лезде Кабулға да келдім жетіп.

Ақ сәлде, ала шапан бір ауғаннан,

Керемет бір әдемі көрдім етік.

Мықшима жез шегелі шегіреннен,

Жалтырап көз тартады талай жерден.

Аралап талай елді бүркітпенен,

Дәл өзі етігімнің іздеп жүрген.

Саудалап жеті қарсақ қанын бердім,

Тағы да бес түлкінің жанын бердім.

Етікті аяғыма сұға салып,

Жартаста мекеніме қайтіп келдім.

Ояндым келгенімде мекеніме,

Қуандым шал шақырттым есенімде.

Кемеңгер ой иесі ақылды адам,

Көз жетпей көп отырды не екеніне.


104

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Жорыды болады екен бір жақсы атың,

Аласың өмірінде екі қатын.

Атың да, қатының да құтты болып,

Көкке өрлеп, артады екен парасатың.

Жоруын ақсақалдың дұрыс көрдім,

Жарымай жорушыға жүруші едім.

—Ақсақал, қолыңды жай бата бер,—деп,

Қарсақтың түлкіменен бәрін бердім.

Жүруші ек Асы жайлап, Түрген көктеп,

Ауылға бір сарт келді желқом ерттеп.

Қарасам, кер бие екен түрі тәуір,

Ат беріп айырбастап алдым ептеп.

Шал алды бие үстіне сіріңкене:

—Айныма, атты қайта алам деме.

Қадақ шай, бес кез шытты қосып берді,

Тағы бар дәрі-дәрмек талай неме.

Көк можы, арала бар, қырық күшәла,

Қос уыс жарты көксал берді санап.

Кепіреш, қызыл жүйрік, сыр да берді,

Екі ішім сынап қосып берді жана.

Бір кенге кез келтірді Құдай Тағала,

Отырып қарық болдық үйде ғана.

Ине, жіп, айна, тарақ қосып берді,

Кенелді керегіне қатын-бала.

Атым да кәрі ат еді тісі кеткен,

Тайғаннан жүре алмайтын қия беттен.

Ат құнын анағұрлым артық берді,

Сарт еткен сауда білмес бір есептен. 



104

105


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Биені сол саудамен салт алдым,

Бөлек қой тойынуы жақсы малдың.

Бар еді ерен жүйрік бір айғырым,

Биені үйіріне қоса салдым.

Кер бием мініп алсам сондай мықты,

Байлаттым бақсыларға тіл мен сұқты.

Арықтап арқасынан мандам болып,

Айғырдан қар суымен ерте шықты.

Бір жағы түгел мандам саныменен,

Сонда да қыстан шықты жалыменен.

Биеге желіндеген көз салмапты,

Алысқан жылқышылар малыменен.

Мал іздеп жылқышылар кезген екен,

Желіні кер биенің жеткен екен.

Ауылға алып келіп байлап қоймай,

Өзімнен бір кемшілік өткен екен.

Бошалап үйірінен шыға қашып,

Кетіпті Түрген жаққа Асыны асып.

«Жолында ұры-қары бола ма?» деп,

Айырылдым дегбірімнен қатты сасып.

Бір айғыр жарау еді күзіменен,

Өтердей келіншектің жүзігінен.

Міндім де сол айғырды іздеп кеттім,

Биенің жолға түскен ізіменен.

Келгенде дәл кіндікке жоғалды ізі,

Сел жүріп дал-дал болған жердің жүзі.

Жотасын жорамалдап Сарытаудың,

Ойладым солай қарай іздің өзі.


106

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Шоқырақпен, кейде желіп шықтым өрден,

Болжаушы ем жас кезімде талай жерден.

Назардың шоқысында бір баран тұр,

Көзім де көз емес пе соны көрген.

Лезде жетіп келдім Асыға асып,

Жоқ іздеп жүрген бетім асып-сасып.

Ат шапқан, көкпар тартқан, өлең айтқан,

Қызыққа кіріп кеттім араласып.

Қызығып тамашаға тойлап жүрдім,

Күндіз-түні биемді де ойлап жүрдім.

Сарытаудан Назаршоқы аттамақ жер,

Жете алмай екі арада айлап жүрдім.

Айғырға бастым қамшы екпіндетіп,

Назарға шапқан бойда келдім жетіп.

Баяғы баран тұрған жерге келсем,

Кетіпті бір нән жылқы биемді ертіп.

Жылқының басқан жері дәл ошақтай,

Ойланып ізге үңіліп қалдым тоқтай.

Шашылған шаранасын көргеннен соң,

Аяңдап ізге түстім желмей, шаппай.

Құзар шың, қақпа жартас панасында,

Қалың ну, бұта, бадал арасында.

«Қиналған енем ұйықтап демалсын» деп,

Тұрыпты құлын қарап анасына.

Құлынның жоны да емес, жотысы емес,

Жалы емес, құлағы емес, ортасы емес.

Құйрығы шабындаған анда-санда,

Қалады көзге ілініп елес-елес.



106

107


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Шоқытып шоқалаққа зорға шықтым,

Абайлап айналаға көзім тіктім.

Қылтиып қырың көзге зорға ілініп,

Түбінде бір баран тұр қия тіктің.

Ташкенге бие бетін бұрған екен,

Назарда толғақ жетіп туған екен.

Кептіріп құлынының шаранасын,

Аялдап, демін алып тұрған екен.

Құлынның қараңыздар ақылына,

Тау басы тоқтамастан тақырына.

Қарағай, қалың нуды паналапты,

Көк майса көлеңкелі салқынына.

Айғырға қамшы басып екпіндеттім,

Баранға көзім шалған келдім жетіп.

Көрді де бием танып оқыранды,

Құлыным қарар емес елең етіп.

Көргенде шошып кеттім тор құлынды,

Көрмеген өзім туып зор құлынды.

Жылқының асыл туған алыбы екен,

Ойладым жыр қылуға сол құлынды.

Туысы тор құлынның өте кесек,

Өтірікші болмаспыз алып десек.

Сауыры жануардың жатқан жазық,

Салулы бес алыпқа дайын төсек.

Көрінді омырауы есіктей боп,

Бөлек тұр ойынды еті бесіктей боп.

Бөлініп төсі төмен салбырап тұр,

Сандық, тең қатар жиған қос жүктек боп.


108

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Бақайы Бақалының адырындай,

Бауыры Далашықтың жазығындай.

Соншама ұзын аяқ тіп-тік біткен,

Өренің құрт жаятын қазығындай.

Сағағы жануардың иіліп тұр,

Сынына көрген адам сүйініп тұр.

Қамдаған қыран құстай қос қанатын,

Шабуға шабыты кей түйіліп тұр.

Атанның алты жасар қабырғасы,

Қақпанның серіппесіндей қыр жотасы.

Құлынның бас бітімі таңқаларлық,

Секілді көп жасаған нардың басы.

Ауыз омыртқа батырдың шоқпарындай,

Танауы Құранды ердің оқпанындай.

Кекілі келте келген келісімді,

Шашақтың қыздар түйген шоқ талындай.

Алатау жүні тықыр киігіндей,

Шоқтығы дәл Бақайдың биігіндей.

Сүп-сүйір сұлу орны шашасының,

Шашақты шебер түйген түйініндей.

Арқасы кең батыстың шаһарындай,

Қаңтарда қар боранның қаһарындай.

Жанары жалындайды от жалындай,

Кірпігі ну орманның шоқ талындай.

Құлан жал, құлжа мойын, қамыс құлақ,

Бөкен сан, бөрі кеуде, алып тұяқ.

Еріні етегіндей Көбентайдың,

Мінекей, құлындағы сыр мен сияқ.



108

109


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Өлгенше жануарды сақтайын-ай,

Мақтасам, артық емес, мақтайын жай.

Жап-жалпақ жауырыны әп-әдемі,

Шебердің сүргілеген тақтайындай.

Сербегі Серуеннің жотасындай,

Көзі әдемі боз інген ботасындай.

Сүзілген сұлу құйрық сүйсіндірген,

Үкінің үлпілдеген бопасындай.

Тірсегі Тиектастың шақпағындай,

Арты алшақ «жаман үйдің шатқалындай».

Тарпыса, тасқа тиген тұяғынан,

Мылтықтың үн шығады атқанындай.

Әлінің ат болады дүлдүліндей,

Сүйкімі Шам шаһардың гүл-гүліндей.

Сұрым жоқ шығатындай құмарымнан,

Астыма адыраңдап бір мінілмей.

Ат іздеп есінде бар арығаным,

Ыстығы жазғы күннің қарығаным.

Құдайым тор құлындай атын берсе,

Емес пе мынау менің жарығаным.

Талпынса, орындалар мақсат деген,

Тірліктің өте жақсы қамын жеген.

Келді айтқаны түсімді жорығанның,

Осы ғой тап болады жақсы ат деген.

Болдыртып айғырымды баяуладым,

Назардың бадалында жаяу қалдым.

«Айғырым аз тынығып, демалсын» деп,

Биемді ұстайын деп таяу бардым.


110

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

«Ка-ка» деп сол биемді бопсаладым,

Асаудай осқырынып тоқтамады.

Мөңкіп жүр шу асаудай бұғалықтан,

Сонда да ұстап әрең ноқталадым.

Асаудай маңайына барғызбады,

Арқасына тоқым да салғызбады.

Алдына барсаң, тістеп, арты теуіп,

Жанына тірі жанды тұрғызбады.

Ашумен айдалада күйіп-жандым,

Боқтықпен биені де сыбай салдым.

Бием асау, айғырым болдырған соң,

Шандырлап жас құлынды мініп алдым.

Тіркедім, екі жылқы қосарландым,

Айғырды болдырған соң алдыма алдым.

Жетекке асау бие жүрмеген соң,

Ашумен бөктергіге сала салдым.

Төтелеп қай-қайдағы өрге салдым,

Құзар-шың, қия-жота дөңге салдым.

Құлыным сонда да бір сүрінбеді,

Күшіне жануардың қайран қалдым.

Жануар өрге салсам, ілінбейді,

Қайсаңы жас құлындай білінбейді.

Арқасы асыл тастан жаралғандай,

Ауыр жүк артсам дағы иілмейді.

Арқасы асыл тастан жаралғандай,

Үстінде ауыр жүкке иілмейді.

Осындай орғытып ат мінген адам,

Қалайша көңілі шат боп сүйінбейді.



110

111


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Назардан шықтым бесін шамасында,

Ауылым Өсербайдың жағасында.

Қосағын кешкі қойдың ағытпастан,

Ауылға келдім десем нанасың ба?

Құлынды суытуды ойламадым,

Қаңтарып мамаға да байламадым.

Жасырдым, жан адамға айтқаным жоқ,

Тіл-көз боп жүре ме деп ойлағаным.

Айтпадым сөзге айналып қалдым дағы,

Түсірдім айғырымды алдымдағы.

Биемді де түсірдім бөктергіден,

Өзімнің қарызымды өткердім мен.

Енесін құлын жаздай еміп жүрді,

Әркім-ақ тор құлынға құлақ түрді.

«Мұндай да құлын үлкен туа ма?!» деп,

Таңданып жылқышылар төніп жүрді.

Күз болып, қыс өткен соң жаз да шықты,

Жыл толып торы құлын тайға шықты.

Бекер ме «ел құлағы елу» деген,

Тор тайға базар баға сауда шықты.

Талайлар «тайды сат» деп келіп жүрді,

Жалынып артымнан да еріп жүрді.

Бес бесті, боталы інген, бір қысырақ,

Тайыма қызыққандар беріп жүрді.

Қырғыздан Қыдыреке іздеп келді,

«Төстесіп ұлымменен дос бол!» деді.

«Тайыңның шаужайына байладым» деп,

Жүз тұсақ қой, бір түйе, бір ат берді.


112

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Дос-жардың кәрі-жасы: «Бергін!»—деді,—

Байлыққа белуардан ендің»,—деді.

«Қырғыздың Қыдыреке қызыры ғой,

Дос болып қызырмен де көргін!»—деді.

Мал байлығын сүюші ем жасымнан-ақ,

Көрмедім малға бай боп басынан-ақ.

Несі бар болмай-ақ өмір сүрсем,

Құдайым жарылқасын осыдан-ақ.

Десем де тор тайымды бере алмадым,

Ел-жұрттың айтқанына ере алмадым.

Жабылып жанның бәрі азғырса да,

Иіліп ымыраға келе алмадым.

Жылытшы бар әлемді көктем күні,

Көк шығып, көтерілді жердің түгі.

Көкке тойып төрт түлік түлесе де,

Тор тайдың түспеді әлі өлі жүні.

Қалмақтан іздеп келді бір жас жігіт,

Тор тайда аламын деп қылып үміт.

Бір сұлу қыз жасауын және берді,

Үстінде алты қанат ақ үй тігіп.

Көргенде сұлу қызды біраз қызып,

Көңілімді сұлу шіркін тұрды бұзып.

Торы тайым, бала-шағам еске түсіп,

Онан да кеттім ақыр күдер үзіп.

Тайымды үйретуге ұстап алдым,

Мойнына алты құлаш арқан салдым.

«Тіл тиіп, көз түспесін» деген оймен,

Жетелеп аулақ жерге алып бардым.



112

113


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Көрінбей елсіз жерде он күн жүрдім,

Асаудан он жығылып, отыз тұрдым.

Артыма ерттеп қойып ертіп жүрдім,

Тайымның жуастығын содан білдім.

Бастадым бейсенбі күні мінейін деп,

Ақжолтай болар ма екен білейін деп.

Мойныма мылтық асып, аңға шықтым,

Бой жазып біразырақ жүрейін деп.

Ұшқан құс құтылмайды торы тайдан,

Құланша секіреді жар мен сайдан.

Мергеннің көп мінілген атындай-ақ,

Болжайды тау киігін әлдеқайдан.

Асыдан торы таймен шықтым желіп,

Санташтан бес бұғы аттым, он бес елік.

Қалдырмай шикі ішегін артып алып,

Түсірдім соның бәрін үйге әкеліп.

Тайымды қойдым байлап таң асырып,

Тұрмады орнында алас ұрып.

Білмеймін мен жағынан ұтылды ма,

Қорықтым деп әуелі құтырды ма?

Тынымсыз ауыздығын қарш-қарш шайнап,

Тұрмады бір орында салып ойнақ.

Бұғының мойнағынан қайыс шылбыр,

Соны да шыдатпады жұлқып-байлап.

Аспанға қайта-қайта секіреді,

Көбігі езуінен көпіреді.

Қызуы басылғандай болды жаңа,

Ерін алып, тартпасын шешіп едім.

8-0184


114

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Аттай-ақ әдет алған артын бұрып,

Мамада демін алған тыныш тұрып.

Кермеде тұрып әбден суыған соң,

Тимеген аттай болды жүрген-құрық.

Тайымды шықтым тысқа жайлағалы,

Жаратып бәйге атына байлағалы.

Сыпырып суыған соң қоя берсем,

Секіріп-ойнап барды аунағалы.

Аунады жасыл шөпке жүре келіп,

Сілкінді жас бүркітше түрегеліп.

Еңкейіп жерден бір тал шөп үзбестен,

Қосылды жылқыларға жүре желіп.

Көрдім де осыларды үйге қайттым,

Құдайға қуанғаннан бір мал айттым.

Сойдым да көк шыбыштың теке лағын,

Шақырдым ауылымның елін шағын...

Ойладым деп алуға біраз жатып,

Қалыппын жатқаннан соң ұйықтап қатып.

Шынымен шырт ұйқыда жатқанымда,

Жіберді үйдің іші қатты оятып.

Ұйқыдан қатты шошып оянғаным,

Есімді көпке шейін жия алмадым.

Үй-іші әлденені айтып жатты,

Мәнісін ес жиғанша біле алмадым.

«Осы үйде бар ма депті мерген Жәкем,

Киікке кеше қырғын берген Жәкем.

Мергеннен сұрағалы келіп едік,

Біз көрген ізді таудан көрді ме екен».



114

115


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Керемет бір үлкен із көрген екен,

Бұл тауға бір пәлекет келген екен.

Айталық мергенге деп бұл сұмдықты,

Балалар мықтап көңіл бөлген екен.

Есімді кешікпей-ақ жинап алдым,

Орнымнан ес жиған соң тұра салдым.

Бұл қандай түйеші айтқан керемет деп,

Ойланып көпке дейін аң-таң қалдым.

Көрдім де мынау ізді қайран қалдым,

Бір кетіп, із жатқанға қайта бардым.

Қалай да басқан ізін байқайын деп,

Ақырын аттан түсіп бағдарладым.

Әуелі басқан ізін өлшеп алдым,

Бұл ізді өлшеймін деп шаршап талдым.

Жалпағын табанының өлшегенде,

Жаяулап ерте шығып, кешке бардым. 

Адымын өлшейін деп атқа міндім,

Тайыммен арасында үш күн жүрдім.

Күн-түні бір жұмадай әуреленіп,

Хайуанның алыптығын әбден білдім.

Ойладым мылтық алып келейін деп,

Мылтықпен ізге көрейін деп.

Жолығып Құдай айдап көзге ілінсе,

Ажалын бәлекеттің берейін деп.

Ауылға осыны ойлап қайта салдым,

Келдім де мылтығымды үйден алдым.

Тазалап, оқ жүрерін әбден майлап,

Дайындап өзім көрген ізге бардым.


116

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Көреді әр қызықты жүре берген,

Жүргендер жүре-жүре жөргем ілген.

«Ақ қарлы Алатауда шыбын жүр» деп,

Сенер ме адам үшін тірі жүрген.

Баяғы таудағы із малшы көрген,

Әуре боп күндіз-түні өлшеп жүрген.

Адасып, ажал айдап, қанғи берген,

Ізі екен бір шыбынның тауға келген.

Шыбынның алыптығы асқан екен,

Малшыдан иіс алып қашқан екен.

Астынан мәңгі мұздың ұя жасап,

Паналап соған келіп жатқан екен.

Болжадым Айыртауға атпен шығып,

Астында Ақсеңгірдің жатыр бұғып.

Аңдыған ажал оғын қайдан білсін,

Көк дауыл барса керек желден ығып.

Шыбынды менен бұрын тайым білді,

Ол маған құлағымен пайым қылды.

Ақтарған Алатауды мерген едім,

Сонда да байқамаппын тайым құрлы.

Арасын Айыртаудың үңіт қылдым,

Осыдан Ақсеңгірге дыбыс қылдым.

«Дыбыстан шошып қырға шыға ма» деп,

Шыбынның аңқауынан үміт қылдым.

Арасы Талғар менен Бақайдай жоқ,

Мылтықтан қарыс жерге тимей ме оқ.

Мен—мерген, мылтық—түзу, оғым—жұмыр,

Шыбынның құлауында күдігім жоқ.



116

117


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Бас жағы Ақсеңгірдің қар менен мұз,

Арт жағы мұз жазығы ең жаман тұз.

Құдиған мұздан төмен жақпар жартас,

Құс ұшпас, киік жортпас қия мен құз.

Қарағай құздан төмен қалың арша,

Шайтан да шыға алмайды оған барса.

Ну тоғай, қалың орман тосар дедім,

Егер де шыбын өліп, құлай қалса.

Шелектің сай табаны өзен еді,

Шыбынның өлетін-ақ кезеңі еді.

Зәуеде шыбын құлап, суға түссе,

Ағызбай бұл өзенді бөгер еді.

Сезді ме бізді шыбын, мойын бұрды,

Бұл жолы қу шыбынды Құдай ұрды.

Басына Ақсеңгірдің ұшып шығып,

Айыртауда тұрған бізге қарап тұрды.

Жарқ етті маңдайынан екі шырақ,

Шыбынды қан артып тұр ажал айдап.

Алыбы жәндіктердің қасарып тұр,

Мылтықты серт ұстадым «А, Құдайлап».

Тайымның асықпастан ерін алдым,

Жартастан ұшпасын деп шідер салдым.

Атылып ажал жетіп аң өлгенше,

Азырақ оттасын деп қоя салдым.

Ас ішіп, тамағымды тоқтап алдым,

Сүмбе ұрып, мылтығымды оқтап алдым.

Асықпай аяғымды жайлап басып,

Ататын мылтық сүйеп тасқа бардым.


118

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Білтеге шақпақ шағып қойдым отты,

Тегінде ажалдыға амал жоқ-ты.

Білтенің битай отын тездеткендей,

Алыпқа ажал желі қарсы соқты.

Алыпқа алдым-дағы ажал сұрап,

Құдайға жалбарындым таза жылап.

«Тез өлер миды аралап оқ тисе» деп,

Арасын екі көздің қарауылға ап.

Дәріге білтеден от жетті барып,

Тарс етті мылтығым да үн шығарып.

Басында Ақсеңгірдің алыбына,

Тигенін көрдім оқ та дарып.

Жарқ етті маңдайынан екі шырақ,

Асықпай баяу барып жатты сұлап.

Тыпырлап қайта тұрып кетемін деп,

Жартасқа салдыр-гүлдір кетті құлап.

Алыпты ату еді арман-зарым,

Арманым орындалды жеңіп шарым.

Тайымды оттап жүрген ұстап алдым,

Шаттанып оқырынды жануарым.

Тартпасын торы тайдың мықтап тарттым,

Құйысқаның жануардың бек қысқарттым.

Оқ тиіп, алып шыбын жығылғанда,

Міндім де тұлпарымды тұра шаптым.

Асығып өлген аңға құстай ұштым,

Жер дағы жолын берді қалмай ұсқын.

Арықтан аттағандай Айыртаудан,

Аттаған иесі еді алып күштің.



118

119


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Жүрісім болды емес пе тізгін ұшы,

Мұндайда өте қажет аттың күші.

Оқ тиіп, атқан аңы жағылғандай,

Қалмайды мергендердің есі-түсі.

Шыққаным Құдырғының батыс жағы,

Ақсеңгір қосылады бұған тағы.

Байқастап Көкбұлақтан қарап тұрсам,

Құлапты Ақсеңгірде сөздің ағы.

Алдымен мұз жарылған, шыдаған ба?

Тау басы талқан болған құлағанда.

Жарылып жартастары құм болыпты,

Жан беріп тау тағысы сұлағанда.

Бүтін бет қарағайы парша-парша,

Шөп-шөме боп кетіпті қалың арша.

Бұтасы Ақсеңгірдің типыл болып,

Қарайып орны жатыр қара жарша.

Арт жағы Ақсеңгірдің сағасында,

Бас жағы өзеннің нақ жағасында.

Жануар әлі өліп жан бермепті,

Ызындап жатыр десем, нанасың ба?

Тайымды Көкбұлаққа тастай салып,

Қойыпты мылтығым да сонда қалып.

Құлаған алып аңның басын көздей,

Келемін таудан төмен домаланып.

Жағаға домалап кеп тоқтай қалып,

Жүгірдім орнымнан тұра салып.

Таңертең желкесіне шығып едім,

Алқымға түсте бардым өліп-талып.


120

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Қолыма пышақ алып ұшып келем,

Еңістен бауыздауға түсіп келем.

Аяғым әлде неге тіреледі,

Ымыртта кеңірдекке жеттім білем.

Жетеді әлім зорға пышағыма,

Пышақты қысып алып құшағыма.

Алқымнан «Бисмилла» деп салып қалдым,

Тамырдан салып тұрмын қышадым да.

Келіпті мылтығымды тайым алып,

Бауынан сулығымен іле салып.

Тайымды келе сала ұстап алып,

Ауылға хабарладым шауып барып.

Ауылдан ертіп келдім отыз жігіт,

«Олжадан аламын» деп етеді үміт.

Еріккен ен жайлаудың жігіттері

Тамаша жасап келді ойнап-күліп.

Шыбынды отыз жігіт он күн сойды,

Жігіттер ет пен шайға әбден тойды.

Терісін нән шыбынның жыртпай сойып,

Бетіне Ақсеңгірдің жайып қойды.

Пұшпағын алты жігіт атпен тартып,

Арт жағын шана жегіп өгізге артып.

Еріген қар суынан бұлақтай боп,

Тауыстық сары суын әрең сарқып.

Арт жағы Ақсеңгірден асып жатты,

Жалпағы сай-саланы басып жатты.

Мойынағы Түлкіліге тура келіп,

Бұлақты таудан аққан тосып жатты.



120

121


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Жабылды шелін жеуге құстың бәрі,

Ауызы тигенінің кірді әрі.

Қомағай құзғындары түлеп алды,

Қарғасы, сауысқаны тілеп алды.

Аршылды ішек-қарны он бес күнде,

Істеді он бес қатын күндіз-түнде.

Қатынның қатысқаны қарны түйреп,

Ерітіп іш майынан алды жүлде.

Қатпаршақ түп бүйені былай қалды,

Қалғаны да өзенді лайлады.

Қан-жынмен Шелек суы ботана боп,

Бір жеті жағадағы ел су алмады.

Ауылдан алпыс өгіз айдап келді,

Ер-тоқым, арқан, жібін сайлап келді.

Құзар құз, қар менен мұз жолсыз шыңмен,

Тасырқап тас баса алмай шайлап қалды.

Сыйғыздық жарым етін әрең артып,

Жүргіздік өгіздерді артып-тартып.

Қалғанын алып жүрдім тайымменен,

Алып бара жатырмын жайыменен.

Ет тізген он бес арқан, сегіз желі,

Сонда да қайысқан жоқ тайдың белі.

Тақырға қара тұяқ қарыс кірсе,

Майысады, тасты басса жуан елі.

Жария болды бұл іс барлық жанға,

Қалмады білмейтін жан жақын маңда.

Саз балшықты басқандай балқытады,

Торы тайдың тұяғы тасқа таңба.


122

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Етті түгел алғанмен тері қалып,

Ертесіне он жігіт қайта барды.

Теріге сүйретпе шана салып,

Алып келді ауылға өліп-талып.

Теріні он бес жігіт суға салды,

Бөгеліп Жіңішке үш күн ақпай қалды.

Жібітіп, бабына кеп иіген соң,

Қайратып алпыс пышақ жүнін алды.

Терінің қалыңдығы дәл төрт елі,

Оданда қалыңырақ сырар жері.

Барлық құс тұмсығы бар жабылса да,

Терінің азаймапты майлы шелі.

Теріні көрген адам қайран қалды,

Қызығып елдің бәрі қолқа салды.

«Шелек, көнек, саба, торсық жасаймыз» деп,

Ат байлап, атан тартып қалап алды.

Жаясы жалы менен қалды аралас,

Төс қалды төстігімен бәрі тұтас.

Келгендер дайын етті бөлісіп ап,

Қалыпты сол күйінде сойылмай бас.

Әр адам өлшеп-пішіп санап алды,

Бөлшектеп бас-басына талап алды.

Жүз шелек, алпыс көнек пішкеннен соң,

Тоқсан торсық, сексен саба және қалды.

Біреу торсық, біреу көнек, сабаны алды,

Әркім-ақ өз керегін қалап алды.

Ағайын жекжат-жұрат риза болып,

Терінің бестен бірі маған қалды.



122

123


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Іш майы ішегіне зорға сыйды,

Ішекті бөліп-бөліп ортаға үйді.

Бәрі де үміткердің үлес алып,

Сонда да бір бөлегі бізге тиді.

Он ауыл он төбе ет үлесті,

Көп, аз деп айтпағанды айтып десті.

«Ынтымақ ырыс алды» дегенді ойлап,

Соғынан бірлікпенен икемдесті.

Ағайын, ауылдастан бәрі алды,

Деген ешкім болған жоқ алмай қалды.

Риза елдің бәрі болғаннан соң,

Артылған жарым еті маған қалды.

Қалыпты ет астында жая-жалы,

Бұл елдің көрмеді екен неге шалы.

Етіге мен әуелі төс қалыпты,

Бұйырғаны деп бізді еске алыпты.

Керегінше етті кәрі, жас та алыпты,

Алмаған ет артына тасталыпты.

Таңдағанын келгендер бөліп алып,

Бір шетінде сойдиып басы қалыпты.

Бес жігіт жеделдетіп басты сойды,

Күні-түн үш-ақ күнде көзін жойды.

Суырып көмекейін, тілін алып,

Айырып бастан жақты бөлек қойды.

Өлең сөз ежелден-ақ елге мирас,

Болса да сізге өтірік, өзіме рас.

Төрт жасқа жаңа толған жас шыбынның

Азуы кез, езуі екі құлаш.


124

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Шыбынның үштен төртке келген жасы,

Жүк болды он түйеге кесер басы.

Ұршығы алтауының шығып кетіп,

Сыныпты төртеуінің бұғанасы.

Жігіттер балтаменен басын шапты,

Айырып шекесінен бөлек артты.

Көз майын миыменен бөлек алып,

Толтырды сегіз қоржын, сегіз қапты.

Шыбын да мұндай үлкен туады екен,

Шіркіннің нақ семірген уағы екен.

Тобығы тоғыз қарыс, қазандай бар,

Өгізден бір жілігі жуан екен.

Бір жігіт бір сирағын сойып алды,

Соғым қып кәдімгідей жайып алды.

Сирақтың бақайшығын шағып көріп,

Бір қыстық көже, қатық, майын алды.

Мұндай семіз шыға ма түліктен де,

Мұндай кемік көрмедік күліктен де.

Қайнатып алты шелек май қалқыды,

Қу сүйек тасталатын жіліктен де.

Бір кедей айдап келді жалғыз нарын,

Қасына ерте келді алған жарын.

Ішінде бір жіліктің кіріп келіп,

Май алды аузын түйреп он бір қарын.

Жүруші ек оншықты ауыл бөлек жайлап,

Жүр екен сөйтсек бізді нәсіп айдап.

Тоғанға бір жілігін науа жасап,

Астыққа қырық болдық егін айдап.



124

125


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Ел шетін үш жүз кісі бірден басты,

Қорқысып ауыл-аймақ қатты састы.

Қонақтың жан-мәнісін түсінген соң,

Сый-сияпат, құрмет жайын ақылдасты.

Шаптырдық қос атпенен қала жаққа,

Күлкі боп қалмау үшін шала жатқа.

Қант, шәй, тәтті-дәмді алдырмасақ,

Қаламыз айран, сүтпен балағатқа.

Сондағы Қарқараның базары бай,

Өрік, мейіз әкелген қант пен шай.

Науат, құрма, бал, кәмпит, жаңғақ та бар,

Тағамның талай түрі қонаққа жай.

Іркітін барлық ауыл пісіп жатыр,

Сары май төбі-төбі түсіп жатыр.

Іркіттен майын алған құрт қайнатып,

Қонақтар аяқ-аяқ ішіп жатыр.

Қайнаттық қазан-қазан ірімшікті,

Көбейтті ірімшіктің түрін тіпті.

Күшәла күшті ірімшік қайнатам деп,

Қазанның талай-талай түбі түсті.

Жалғыз-ақ нән шыбынды Мекең атты,

Кезінде келгендерге олжа сапты.

Есейген еліміздің ағасы деп,

Орысқа ең алдымен шеке тартты.

Байланды сазға бие отыз желі,

Қымызсыз сый берген бе қазақ елі.

Мың биені күндіз-түн жебей сауып,

Қымыздың пайда болды шалқар көлі.


ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

126


Сонымен қымыз болды саба-саба,

Болмауға дос-дұшпанға босқа таба.

Қалмады дастарқанның жоқ нәрсесі,

Сыйынып аруағына ата-баба.

Қонақтар ішіп-жеді жалшып жарып,

Жабысты қызғандары меске барып.

Сабадан сасқалақтап саумал ішті,

Адамдай түк көрмеген ашып-арып.

Қымыздан қызықтырған өшіп алып,

Түтікпен де семірді өліп-талып.

Көнектен көп қонақтар көбік жалап,

Бас қойды кейбіреулер сүтке барып.

Алдырдық отыз түйе отын тасып,

Шыбынның маған тиген етін тасып.

Қонақ пен ел разы болғаннан соң,

Маған да қалды артылып талай нәсіп.

Бір жігіт алып келді жаужапырақ,

Бітпеген жер бетінде дәу жапырақ.

Жаздырып жапырақты көріп едік,

Жазығын Далашықтың жапты бір-ақ.

Олжаны қалқан етіп жайып келдік,

Жалғыз-ақ төрт жерінен тарттық белдік.

Жағалай қонақ түгел отырғанда,

Артылды тағы да орын біздің елдік.

Үш жүздің өкілдері түгел келді,

Көрді олар шыбын өлген асқар белді.

Ежелгі еліміздің дәстүрі деп,

Ата ұлы келгендерге мүше бөлді.



127

ӨТІРІК ЖЫРЛАР

126

Каспийдің жағасынан Адай келіп,



Шыбынның терісінен дырау еріп.

Зергерге күмістетіп сап жасатты,

Шыбынның бір азуын өндеп көріп.

«Албанмен біз де бірге туғамыз» деп,

Дулат пен шапырашты жілік апты.

«Ежелден өкпесі бар туысым» деп,

Суанға сүбе жағын арқалатты.

Бір ауыл осы олжадан түк алмапты,

Кезінде Мекем соны көп ойлапты.

«Шыбыннан олжа сұрап жүрем бе?» деп,

Жиынға Арғын атам келмей қапты.

Ұлы жүз баспайшықтан таяқ апты,

Таянып құтты таяқ малын бақты.

«Ұрпағымның мәңгілік азығы» деп,

Бағуға төрт түлікті арланбапты.

Орта жүз осы топқа түр беріпті,

Әдемі ән менен күй, жыр беріпті.

Жонынан нән шыбынның таспа тіліп,

Кәделі алты қырлы қамшы өріпті.

Іргелес арқа беріс ағайын деп,

Қырғызға жіберіпті құйымшақты.

Ұйғырға олжаң сол деп төс байлапты,

Қыз беріп, қыз алған жай сыйлы жақсы.

Найман мен жалайырға мүше артты,

Ысты мен ошақтығы жамбас тартты.

Қыпшақ пен қоңыраттың сыбағасын,

«Естісе, кеп қалар» деп алып қапты.


128

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Аусарлау поштабайдан кінә тапты,

Байұлы сыбағасын алмай қапты.

Ежелгі ескі қазақ құрамы деп,

Шыбыннан Қаңлыға қазы қапты.

Кіші жүз алған екен асық жілік,

Болар деп найзаға сап байқап біліп.

Жауына есе бермей қорғапты елін,

Кірпігін кейде ілмей, кейде іліп.

Кіші жүз найзалап жүр жауы болса,

Орта жүз бітіріп жүр дауы болса.

Құрт, ірімшік, сары май, айран ішіп,

Ұлы жүз мал бағып жүр тауы болса.

Қазақтың бөлек-бөлек туған үші,

Болғанда Үйсін үлкен, Арғын кіші.

Бәрінің ынтымағы бір кісідей,

Бос сөз жоқ арасында піші-піші.

Тайымды апыл-ғұпыл ерттеп алдым,

Мойныма оған сайлап, мылтық салдым.

«Тағы бір зор қуаныш бере көр!» деп,

Тәңірден тілек тілей көп жыладым.

Албан сөйтіп гулетті шартарапты,

Салыпты жөн-жөніне Арқа жақты.

Ежелден өкпесі бар туысым деп,

Суанға сүбе жағын арқалатты.

Албанның өткен-кеткен жолын біліп,

Туыстық жақындығың бар деп күліп.

Тетелес ағамыздың тұқымы деп,

Дулат пен Шапыраштыға екі жілік.



128

129


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Торы тай арыстан боп жатыр сұлап,

Кейідім, күйіп-жанып, қатты жылап.

Күйігі торы тайдың аз болғандай,

Кер бие тағы өліпті таудан құлап.

Ұлы жүз дүниені ойлап зарланбапты,

Шаруаны жек көрмепті барды-жоқты.

«Мәңгілік ұрпағымның азығы» деп,

Бағуға төрт түлікті арланбапты.

Жер, суға ие қылмай қарасыпты,

Өлімге қалмақты ала барысыпты.

Тамағы: сары қымыз, ет пенен май,

Желменен сыбырласып жарысыпты.

Желқайық жер бетінің тұлпары еді,

Көреген көп жүзінің сұңқары еді.

Сыймады маңдайыма алмалым не,

Ырыстың айдын-көлі, шалқары еді.

Асылды адамға да бергенім жоқ,

Ат қылып анық бір мінгенім жоқ.

Қылығы жануардың еске түссе,

Ішіме түсіп кетеді сексеуіл шоқ.

Айуаннан да өтеді дүние-боқ,

Өмірі өте шықты қып-қысқа боп.

Көп жасап жиырма беске келсем дағы,

Мен ондай жылқышы ата көргенім жоқ.

Кіші жүз найзалап жүр жауы болса,

Орта жүз бітіріп жүр дауы болса.

Құрт, ірімшік, сары май, айран ішіп,

Ұлы жүз мал бағып жүр тауы болса.

9-0184


130

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Торы тайды қалай айтсам жарасады,

Кім оны өтірік деп таласады.

Қайғырып тор тайыма күйінгенде,

Ес-түсім бір өзімен адасады.

Арқардың неге өлтірдім көбін атып,

Тайыма сұқ тигіздім түгел артып.

Жанына жануардың барғанымда,

Үш рет кісінеді өліп жатып.

Болғанда аттандырып кісілерді,

Торы тай тауға қарап кісінеді.

«Көрінген тағы да олжа бар ма екен?» деп,

Ойыма бір қуанып түсіп еді.

Алпыстай Аққиядан арқар аттым,

Бәрін де торы тайға арқалаттым.

Желмедім, шаппадым да «жүгі ауыр» деп,

Бәрінен жетеледім жарқабақтың.

Арқарды алып келдім тайыма артып, 

Дәл он бес қыларқанмен мықтап тартып.

Жануарды таң асырып қалдым жатып,

Мамада өліп қапты арам қатып.

Жануар арыстай боп жатыр сұлап,

Кер бие тағы өліпті таудан құлап.

Тұлпарға екі бірдей күйіп-жанып,

Көп елдің ортасында алдым жылап.

Күйінем әлі күнге торы тайға,

Дәл ондай енді маған жылқы қайда.

Ойласам, ұйқым шайдай ашылады,

Адамға қайғы басқан ұйқы қайда!



130

131


ӨТІРІК ЖЫРЛАР

Жануар торы тайым мүсін еді,

Бақ айдап келіп қолға түсіп еді.

Назарда кер биеден туған күні,

Періште қырсығымды кесіп еді.

Кесермін қырсығыңды дегені ме,

Қарамды көріп менің кісінеді.

Ақылды адамзаттан жануарым,

Не айтсам, қалт еткізбей түсінеді.

Көрермін кедейліктің тақсыретін,

Баспайтын болды алға ісім енді.

Демеймін жануарды жансар еді,

Иесі қасиетті аңсар еді.

Сыймады маңдайыма амалым не!

Ырыстың айдын көлі шалқары еді.

Қанатты ертегінің тұлпары еді,

Көреген көк жүзінің сұңқары еді.

Көп елге сұрап келген бергенім жоқ,

Сөзіне ата-ананың ергенім жоқ.

Жоқ болдың көріндің де көрген түстей,

Бір жыл да қызығынды көргенім жоқ.

Өтеді айуаннан да дүние боқ,

Өмірі өте шықты қып-қып боп.

Көп жасап ұзақ өмір сүрсем дағы,

Мен ондай жылқы затын көргенім жоқ.

Шын жүйрік тұлпар еді торы тайым,

Талдырған ұшқан құсты қызған сайын. 

Қанатты ондай жылқы көрмеген соң,

Келеді айта бергім оның жайын.


ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Торымды қалай айтсам жарасады,

Зар үнім асқар шыңнан ары асады.

Түскенде торы тайдың қайраты еске,

Иесі ес-тұсынан адасады.

Ағайын айтпасам да түсінеді,

Басында оңға айналған түсім еді.

Арқарды неге аттым, тіл болды ма,

Үш рет маған тайым кісінеді.

Бұл жыры Мейріманның болды тамам,

Жыр айтқан бабамызға неме заман.

«Ел жаңа елу жылда, жүз жыл—қазан»

Ұрпағы, елі, жұрты болсан аман.

Болса да кейбір адам «гөзел» мейлі,

Данышпан туған жанға теңелмейді.

Жатпайды асыл пышақ қын түбінде,

Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді.

Аяғы шыбынның да тамам болды,

Бір ғасыр тай өлгелі заман болды.

«Ел жаңа елу жылда, жүз жыл қазан»,

Орнына ескі кетіп, жаңам қонды.

Жаздым-ау зорға құрап тозған сөзді,

Кезінде өтіріктен озған сөзді.

Өзінің қисыны жоқ қызығымен,

Халықтың көкейіне қонған сөзді.

132



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет