ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
«Самға» мәдени-шығармашалық жоба аясында өткізілетін
«ҮЗДІК ОРАТОР» байқауының ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
Байқаудың өту уақыты: 2023 жылғы 02 сәуір, сағат 14.00.
Байқаудың өтетін орны: Н.Байғанин атындағы №6 оқу ғимараты, 218-аудитория.
Байқаудың мақсаты: студент жастардың шешендік шеберліктерін шыңдау, тіл мәдениетін дамыту, ораторлық қасиетті қалыптастыру.
ІІ. Байқаудың шарттары. 1. Факультетішілік «Самға» мәдени-шығармашалық жоба аясында өткізілетін «Үздік оратор» байқауына филология факультетінің барлық білім бағдарламаларының студенттері қатыса алады.
2. Байқауға қатысу үшін өтініштер 2023 жылдың 10-наурызына дейін aliya_030471@mail.ru электронды почтасына жіберілуі керек. Өтініш үлгісі «Қосымшада» берілген.
«Үздік оратор» байқауының тапсырмалары
І БӨЛІМ. СӨЗБАСЫ. Байқауға қатысушылар ділмар сөздің талаптарына сай өздерін таныстыруды 1 минуттық видеоролик арқылы дайындайды. Қатысушы өзін таныстыру кезінде елді елең еткізетін шешендік сөзбен жігерлі сөйлеуі қажет. Артық мадақ, жарнама сынды сөздерге бой алдырмауы керек.
ІІ БӨЛІМ. «АЛАМАН». Ортаға бір жұптан (екі қатысушы) шақырырылады. Әр жұпқа бір тақырып беріледі. Сөйлеу барысында қатысушының нақты дәлел-дерекпен, айқын мәліметпен сөйлеп, мақал-мәтел, тұрақты тіркес, шешендік сөздер арқылы тақырыпты ашуы қажет. Тақырыптан ауытқып, жүйесіз, жалаң сөз сөйлесе, балы кемітіледі.
ІІІ БӨЛІМ. «ОЙ ӨРБІТУ» Екі қатысушы өздерінің шешендік шеберліктері мен білім өрісін, тапқырлықтарын таныту мақсатында бір-біріне сауал қояды. Сұрақ нақты, әрі өзекті болуы қажет. Оған берілетін жауап қысқа да нұсқа, ұтымды болғаны дұрыс. Ескертпе: Сұрақ пен жауап тақырыпқа сай болмаса, бағаланбайды.
ІҮ БӨЛІМ. «ЖҮЗДЕН – ЖҮЙРІК». Қазылардың сұрағы мен пікірі. Әділ қазылар қатысушыларға сұрақ қояды. Жауаптары тыңдалады. Қазылар алқасы өзара пікірлесіп, қатысушыларды талдап-таразылайды.
Қорытынды кезең. Байқауға қатысушылардың сахна мәдениетін меңгеруі, сөйлеу мәдениеті, ой ұшқырлығы, білімінің тереңдігі, сөзінің жүйелілігі, сөздік қоры, тіл байлығы сарапқа салына отырып, қазылар алқасы шешім шығарады.
Қатысуышыларға қойылатын талаптар: а) Қатысушылар қарым-қатынас мәдениетін сақтауы тиіс: сөзге тоқтауы, қарсыласының орынсыз сөзін бөлмеуі, дұрыс жауаптасуы.
ә) сахна мәдениетін сақтауы: киімі (ұлттық немесе классикалық), жүріс-тұрысы, өзін байсалды ұстауы тиіс.
б) тіл тазалығы мен сөйлеу мақамы: тіл дыбыстарын (ң, р, ұ, е, л, т.б.) дұрыс, әрі, анық айтуы, дыбыс үндестігін қатаң сақтауы талап етіледі.
«Үздік оратор» байқауының жеңімпаздары келесі ретпен анықталады:
Гран-при – 1 номинация.
Бірінші орын – 1 номинация.
Екінші орын – 1 номинация.
Үшінші орын – 1 номинация.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
Өтініш үлгісі: 1. Автордың аты-жөні (толық)____________________________________
2. Жетекшінің аты-жөні_________________________________________
3. Білім бағдарламасы __________________________________________
4. Курсы, тобы_________________________________________________
5. Байланыс телефондары_______________________________________
6. Е- mail (міндетті түрде) _______________________________________
Жауапты тұлғалар және байланыс телефондары: Ұлықпанова Әлия Жолдасқалиқызы (8 777 618 99 71);
Ермекбаева Гүлмира Ғабитқызы (8 705 551 45 35).
Қазақ филологиясы кафедрасы, 315-кабинет.