«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата21.01.2017
өлшемі23,78 Mb.
#2323
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
91
10  томдық  түпнұсқасын  да  Колумбия  университеті  сатып 
алған.  «Жас  Түркістанның»  бұл  сандарында  Мұстафаның 
араб  жазуындағы  қолтаңбалары,  керек  жеріне  жасаған 
түсініктемелері мен жазбалары бар делінеді. 
Осыған дейін жекелеген зерттеушілер Мұстафа Шоқайдың 
жеке-дара  мақалаларын  ғана  қарастырса,  бұл  томдарды 
шығарушылар 
«Жас 
Түркістанның» 
жарияланымдарын 
тұтастай  қарастырып,  бағыт-бағдарын  анықтауды  мақсат  етті. 
«Жас  Түркістан»  –  біртұтас  Түркістан  тәуелсіздігі  идеясын 
көтеріп,  бүкіл  түркі  жұртының  азаттығы  үшін  күрескен 
басылым.  Алаш  қайраткерлерімен  қатар  басқа  да  түркі 
жұртына ортақ тұлғалардың саяси және қаламгерлік іздері осы 
басылым беттерінде сайрап жатыр. 
Рухани  кеңістігіміздегі  осы  олқылықтың  орнын  толтыру 
мақсатында  Журналистика  мәселелерін  зерттеу  институты 
«Жас Түркістан» журналының жарияланымдарын кириллицаға 
аударып,  халықпен  қауыштырды.  Оған  сол  кездегі  түркі 
халықтарына  ортақ  болған  шағатай  тілін  жетік  меңгерген 
ғалымдар  мен  зерттеушілер  тартылды.  Осыған  дейін  «Жас 
Түркістан»  журналындағы  Мұстафа  Шоқайдың  мақалалары 
жеке-дара  бөліп  алынып  қарастырылса,  біз  бүкіл  басылым 
жарияланымдарын  тұтас  жарыққа  шығаруды  мақсат  еттік. 
Мұның  қазақ  журналистикасымен  қатар  барлық  сала  үшін 
маңызы  орасан  зор.  Ұлттық  тарихымыз  ғана  емес,  басқа  түркі 
халықтарының  өткеніне  қатысты  тайға  таңба  басқандай  нақты 
деректер,  мәліметтер,  талдаулар  бар.  Алаш  қайраткерлерімен 
қатар  басқа  да  түркі  жұртына  ортақ  тұлғалардың  саяси 
қайраткерлік  және  қаламгерлік  іздері  осы  басылым  беттерінде 
сайрап жатыр. 
«Жас  Түркістан»  айналасына  топтасқан  түрікшіл  жастар-
дың  еркіндік  жолындағы  жанкешті  күрестеріне  журнал 
мақалалары арқылы куә болған сайын Тәуелсіздік атты қастерлі 
ұғымның  бағасы  еселеніп  арта  түседі.  Оның  жолында  талай 
құрбандықтардың  болғанын  әйгілейтін  құнды  құжат  ретінде 
қабылдауға  болады.  Сол  кездері  бүкіл  түрік  халқының  рухани 
көсемі  болған  Мұстафа  Шоқай  туралы  естеліктердің  бірінде: 
«Өмірінің  соңғы  сәттерінде,  1940  жылы  соғыс  турасында  ол 
үнемі Түркістанның большевиктерден құтылуын армандайтын. 
«Алла  елімнің  тәуелсіздікке  қол  жеткізгенін  көруді  нәсіп  етсе, 

92
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
мен  тек  үгіт-насихат  ісімен  ғана  айналысар  едім:  Жастар 
үкімет  құрса,  мен  елімнің  тарихы  және  басқа  өлке  халықтары 
туралы  тамаша  кітаптар  жазумен  шұғылданар  едім»  делінген. 
Сондай  ұлы  тұлғалардың  өзі  тек  қана  қиялдаған  Тәуелсіздіктің 
қаншалықты қымбаттығын осыдан-ақ түсінуге болар. 
Жекелеген  мақалалары  арқылы  тұлғаның  публицистік 
қырын  қарастырсақ,  ол  басшылық  жасаған  журналдың 
толықтай  жарық  көруі  бізге  Мұстафаның  редакторлық, 
ұйымдастырушылық  шеберлігін  тануға  мүмкіндік  береді. 
Екіншіден,  журналда  бірді-екілі  төл  аттарды  нақты  айтуға 
болғанымен,  қалғанының  көбісі  бүркеншік  есімдер.  Ал  әдеп 
ұстанымына  сүйенген  Шоқайұлының  көп  жерлерде  басқа 
бүркеншік  аттар  қолданған  болуы  әбден  мүмкін.  Бұған 
басылымды  әзірлеу  барысында  да  күдік  келтіріп,  күмән 
тудырған  тұсымыз  болды.  Міне,  сондықтан  да  оқырман 
қауымның  журналды  тұтастай  оқып  төрелік  айтуы  үшін, 
Мұстафаның  тағы  да  шам  жарығы  түспей,  көмескіде 
қалған  жазбаларын  табуға  негіз  жасау  мақсатында  «Жас 
Түркістандағы» жарияланымдарды сол күйінде назарларыңызға 
ұсынып отырмыз. 
Түріктанушы  Фадли  Али  «Тайыр  Шағатай  кім?»  атты 
зерттеу  мақаласында:  «Мұстафа  Шоқай  бастаған  бұл  тамаша 
топ  ғылым  мен  түрікшілдік  идеологиясы  жолында  адал  қызмет 
істей  отырып,  артына  мол  мұра  қалдырды.  Олардың  бүкіл 
Түрік Әлеміне қалдырған ең маңызды, ең ұлы мұрасы – «Жас 
Түркістан»  журналы.  Ол  ешқашан  ұмытылмайды,  ескерусіз 
қалмайды. Ол – біз үшін мәңгілік ескерткіш! Оның 117 санында 
жарық  көрген  мақалалар,  айтылған  ой-пікірлер  1930-жылдарда 
қалай  қажет  болса,  бүгін  де,  ертең  де  дәл  солай  қажет!»  деген 
еді.  (//Жас  Алаш.  –  2010.  –  17  тамыз).  Біздің  ойымыз  да 
осымен үндес. 
Басылым  тарихы  дегеніміз  –  түптеп  келгенде  сол 
дәуірдің  тынысы,  жекелеген  тұлғалардың  өмірі,  тағдыр-
талайы.  Ұлы  тұлғалар  мен  саяси  қайраткерлер  көкейіндегі 
бар  арман-мақсаттары  мен  ішкі  сырларын  басылым  бетінде 
жариялайды.  Онда  көбінесе  бүкпесіз  шындықтар  айтылады. 
Тарихи  тұлғаларға  баға  берерде  олардың  соттағы,  тергеу 
барысындағы зорлықпен айтқызылған жауаптарына қарағанда, 
баспасөз  беттеріндегі  еркін  уақытта  айтқан  шын  пікірлері 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
93
әлдеқайда  құндырақ.  Уақыт  озған  сайын  баспасөздегі  бұл 
жарияланымдардың  деректанулық  маңызы  да  барынша  арта 
түспек.
«Жас  Түркістан»  журналынан  Мұстафа  Шоқаймен 
тізе  қоса  қызмет  еткен  қаламгерлер  шығармашылығымен 
де  танысуға  болады.  Олар  алдында  атап  өткеніміздей 
көбінесе  бүркеншік  есімдерді  қолданған.  Мәселен,  «М.Ш.», 
«Мыш»,  «Жанай»,  «Жас  түркістандық»,  «Бір  түркістандық», 
«Түркістандық  түрік»,  «Иілтер»,  «Тас  балта»,  «Алтай  Ноян», 
«Түркістан  төңкерісшісі»,  «Байсынғар»,  «Бір  күрескер», 
«Білген»,  т.б.  Осылардың  ішінде  Мұстафа  Шоқайдың 
«М.Ш»  деген  бүркеншік  есімі  бұрыннан  белгілі.  Біздің 
топшылауымызша,  соған  қоса  «Мыш»,  «Жанай»  есімдері 
де  ұлы  тұлғаға  тиесілі.  Алғашқысы  Мұстафа  Шоқайдың 
аты-жөнінің  қысқартылып  дыбысталуы  болса,  екіншісі  – 
оның  руы.  Бұл  туралы  тарих  ғылымдарының  докторы  М. 
Қойгелдиев  пен  шоқайтанушы-ғалым  А.  Нүсіпхан  төмендегі 
деректерді  келтіреді:  «Мұстафаның  тегі  орта  жүздегі  Қыпшақ, 
оның  ішінде  Торайғырдың  Шаштысы,  Бошай  ұрпағының 
Жанай  тармағы  болса  керек»  (Шоқай  М.  Таңдамалы.  1  том. 
–  Алматы:  Қайнар,  1998).  Әрине,  журналды  бүгінгі  қазақ 
қолданысындағы  кириллица  таңбасымен  шығаруда  бұл 
басылым  туралы  арнайы  зерттеу  жасау,  ғылыми  тұжырымдар 
айту  мақсаты  қойылмағандықтан  ол  жаңалықтарды  зерттеуші-
ғалымдарымыздың  еншісіне  қалдырдық.  Ал  сол  зерттеу 
нысандарына  септігі  тиіп,  жаңа  көзқарастар  айтылуына 
мұрындық  болып  жатса,  онда  бұл  еңбектің  де  өз  көздеген 
мақсатына жеткені. 
«Жас  Түркістан»  -  таза  саяси  басылым  болды.  Журналда 
әдебиет,  кітабият  бөлімдері  болғанымен,  онда  жарияланған 
өлеңдердің  көркемдігінен  гөрі  күрескерлік  рухы  басым. 
Алғашқы  томдыққа  еніп  отырған  №  1-13  сандарында  алаш 
ардақтысы  Мағжан  Жұмабайұлының  «Түркістан»,  «Алыстағы 
бауырға» өлеңдері жарияланды. 
Мұстафа  Шоқайдың  журналды  шығарысқан  серіктері 
туралы жоғарыда аты аталған түріктанушы Фадли Али төмендегі 
деректерді  келтіреді:  «Жас  Түркістан»  журналын  жат  елде, 
жат  жерде,  өзге  сипаттағы  тұрмыс-тіршілік  аясында  бірге 
шығарысқан,  тек  сол  10  жыл  бойына  ғана  емес,  өмірлерінің 

94
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
соңына  дейін  Мұстафа  Шоқайдың  сенімді  серіктері,  адал 
достары,  айнымас  ізбасарлары,  мұраттас  мұрагерлері  болған 
екі  аяулы  азамат  бар.  Олардың  екеуі  де  –  бауырлас  өзбек 
халқының  өкілдері.  Екеуі  де  1922  жылы  Берлинге  оқуға 
барып,  кейін  сонда  қалып  қойғандар,  өйткені  КСРО-ға  қайтып 
оралған жағдайда опат болатындары анық еді. Олардың біреуін 
Мұстафа  Шоқайдың  оң  қолы,  екіншісі  сол  қолы  деп  айтуға 
әбден  болады».  Бұлар  –  Тайыр  Шағатай  мен  Әбдулуақап 
Оқтай. Тайыр Шағатай «Жас Түркістанның» жауапты хатшысы 
қызметін  атқарып,  өзі  де  журналға  мақалалар  жазып  тұрған. 
Тайыр  Шағатай  да  неміс,  түрік  тілдерінде  жазылған  жиырмаға 
жуық  кітаптардың  авторы.  «Жас  Түркістан»  журналында  да 
оның көптеген мақаласы жарық көрген. 
«Жас  Түркістан»  журналының  басқа  басылымдардан 
басты  ерекшелігі  –  сынының  өткірлігі.  Атамекеннен 
қашықта  жүріп-ақ,  елдің  жағдайын,  саяси-экономикалық 
реформалардың  барысын  және  олардың  нендей  мақсат, 
қандай  мүддеге  негізделгенін  тап  басып  тауып,  дөп  басып 
айтып  отырды.  Тек  айтып  қана  қойған  жоқ,  нақты  дәлел, 
қисынды  кесім,  бұлтартпас  факт  арқылы  сараптама  жасады. 
Сондықтан  оның  бұл  сынынан  большевиктік  империяның 
өзі  сескенген  еді.  Олай  дейтініміз  «Жас  Түркістандықтар» 
дерек  көзі  ретінде  сілтеме  жасап,  жаңсақ  пікірлерін  әшкере 
қылғанын  оқыған  Сталин  партиялық  «Еңбекші  қазақ» 
газетіне  өз  бұйрығымен  қатаң  сөгіс  жариялатқан.  Ал  одан 
гөрі  ұлтқа  көбірек  жақындау  «Ақ  жол»  газеті  «Еңбекші 
қазақ»  салқынымен  жабылуға  мәжбүр  болды.  И.  Сталиннің 
«Қырөлкеком  бюросының  барлық  мүшелеріне»  деп  жолдаған 
хатының  мына  бөлігіне  назар  аударып  көрсек:  «Жуырда  менің 
«Ақ  жол»  журналымен  (газетімен-авт.)  танысуға  мүмкіндігім 
болды.  Мен  осыған  байланысты  белгісіз  емес  Шоқаевтың 
ақгвардияшыл 
баспасөздегі 
кейбір 
мақалаларын 
еске 
түсірдім  және  өзімді  шошытқан  осы  мақалалар  мен  «Ақ  жол» 
журналының (газетінің-авт.) рухани «ынтымағы» деуге болатын 
кейбір  жаңалықты  аштым.  Ақылға  сыймаса  да,  бұл  –  факт...». 
Міне,  Сталиннің  тікелей  осы  хатының  әсерінен  «Ақ  жол» 
газеті  жабылады.  Ал,  «Еңбекші  қазақ»  газеті  ауыр  сөгіс  алып, 
редакциялық  құрылымын  қайтадан  жаңартуға  мәжбүр  болды. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
95
Енді сөзімізді журналдың өз дерегімен тұздықтасақ, пікіріміз де 
барынша сенімді шығар еді. 
«Қазақстан  Атқару  Комитеті  төрағасы  –  Ерназарұлы 
Елтай  Москваға  барған.  Сапарының  мақсаты  Совет  Одағы 
бас  комитетіне  Қазақстанның  он  жыл  ішінде  қол  жеткізген 
табыстарынан  рапорт  тапсыру  еді.  Түркістанның  Қазақстан 
бөлігі 
үшін 
ең 
маңызды 
есептелінетін 
көшпелілерді 
отырықшыландыру  хақында  сөйлегендерінен  бір  ғана  сөйлемі 
аясына  ой  бөлу  жеткілікті.  Елтайдың  сөзіне  қарағанда,  1929-
1930-да сексен төрт мың үш жүз қырық (84340) қазақ қожалығы 
көшпелі  һәм  жартылай  көшпеліліктен  отырықшыландырылған-
мыс.  Елтайдың  бұл  айтқаны  барша  совет  газеталарында 
басылды  (Әсіресе,  «Еңбекші  қазақ»  һәм  «Советская  степь» 
газеталарының 22-23 сентябрьдегі нөмерлері).
Төрағаның  мүлдем  өтірік  айтқанын  көрсетпек  үшін 
«Еңбекші  қазақтың»  11  сентябрь  санындағы  бас  мақалаға  бір 
қарап шығу керек. Ол мақалада:
«Биыл  жоспар  бойынша  84  мың  (көшпелі  және  жартылай 
көшпелі)  қожалықты  бірлестірмекші  едік.  Алайда  барша 
мекемелердің  көрсеткен  жалқаулығы  мен  бұрыс  көзқараста 
болғандығы  нәтижесінде  аталған  жоспар  орындалмай  қалды...» 
деп жазылған.
Демек, Қазақстан Атқару Комитеті баспасөз органы болған 
«Еңбекші  қазақ»  газетасы  «жоспар  орындалмай  қалды»  десе, 
осы  Атқару  Комитеттің  төрағасы  Ерназарұлы  Елтай  Москваға 
барып «жоспар орындалды» дейді.
Мәселенің  ең  қызығы  сол  –  Елтайдың  бұл  өтірігін  «Ең-
бекші қазақтың» өзі де (23 сентябрь нөмері) ұялып-қы зармастан 
басып отыр» («Жас Түркістан». № 12, ноябрь. 1930 ж). 
Бұл  әшкере  болған  бір  ғана  дерек.  Алайда  осы  сияқты 
«өтірік  ақпарлар»  сол  кездегі  тұтас  жүйенің  ең  індетті  кеселі 
еді.  Ондай  шындықтарды  сол  тұста  тек  «Жас  Түркістан»  ғана 
айта алатын. Әрі «Жас Түркістан» өзіне жүктелген бұл өскелең 
міндетті  абыроймен  атқара  алды  да.  Дәл  осындай  бұлтартпас 
сындар  «Жас  Түркістанның»  әр  санында  жарияланғанын 
ескерсек, оны жарыққа шығарудың, арнайы зерттеудің маңызы 
тіптен арта түспек. 
«Жас  Түркістан»  басылымының  ұстанымын  айқын 
аңғартатын  Мұстафа  Шоқай  «Керенский  және  Түркістан 

96
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
ұлттық  әрекеті»  атты  мақаласында  (№  11,  октябрь.  1930ж.) 
былай  дейді:  «...көптен  Түркістан  тәуелсіздігі  пікірінде  болған 
жағдайымызда орыс демократиясымен бірге селбесіп те келдім. 
Мені  бұл  жолдан  Керенскийдің  «бюрократтық  қадамы»  да 
айырмаған  еді.  Тек  халқымызға  «хайуан»,  «орангутан»  сияқты 
аттар  тағылуы  артық  сабырымды  жоғалтты.  Мұншалықты 
масқараға  шыдай  алмадым.  Мен  Керенскийдің  Россиядан 
бөлінбекші  болған  халықтардың  қайраткерлеріне  қаратқан 
үндеулеріне  қарсы  үн  қосамын.  Олардың  ешбіріне  сенбеймін 
де».  Бұл  «Жас  Түркістан»  редакторының  басылым  бетінде 
жариялаған  қатқыл  көзқарасы  болатын.  Яғни,  Мұстафа  бәріне 
де  көнуге  бар.  Көбіне  де  сабыр  сақтай  алады.  Тек  халқының 
қорлануына,  елінің  мазаққа  ілігуіне  шыдамайды.  Бұл  жолда 
көлденең  келгендермен  ақтық  деміне  дейін  шайқасады.  «Жас 
Түркістан»  басылымының  ең  бірінші  қорғағаны  да  Түркістан 
халқының  жат  қолындағы  намысының  тапталмауы,  құқының 
аяқасты етілмеуі еді. 
Алғашқы  сандарымен  салыстырмалы  түрде  қарағанда 
жыл  өткен  сайын  журнал  жарияланымдарының  өткірленіп, 
жай ақпараттан талдамалық, сараптамалық бағытқа көшкендігі 
байқалады.  Басылым  өзіне  басты  бағыт  етіп  ұстанған:  «Біз, 
Түркістан  тәуелсіздігін  ту  етушілер,  еліміздің  еркі  және 
жұртымыз  Түркістанның  бостандығы  үшін  күресеміз!  ...«Жас 
Түркістан»  көлемі  жағынан  кішкене  болғанымен  азат  және 
тәуелсіз  Түркістан  байрағын  көтеру  міндетін  өз  мойнына 
алуымен  және  сол  жолда  қызмет  етуімен  үлкен.  ...Біздің 
мұратымыз  –  Түркістанда  түрі  тұрғысынан  да,  мағына 
жағынан  да  ұлттық  мемлекет  құру,  себебі  тек  осындай  түрде 
ғана  халқымыз  өз  жұртында  өз  тағдырының  заңды  егесі  бола 
алады»  деген  мұраттарына  жету  үшін  қалам  күшімен  аянбай 
күресті. Басылымның бас редакторы, Алаштың ардақты азаматы 
Мұстафа  Шоқай  сол  жолда  кездескен  түрлі  қиыншылықтарға, 
қуғын-сүргін,  саяси  қысымдарға  қарамастан  журналды  нағыз 
Тәуелсіздік жаршысына айналдыра білді. Бүкіл түркі жұртымен 
қоса  алдыңғы  қатарлы  шет  мемлекеттер  «Жас  Түркістан» 
пікірімен  санасты,  Кеңес  Одағының  ресми  билігі  оның  әр 
санын  қалт  жібермей  қадағалап  отырды.  Ресми  басылым 
беттерінде  ондағы  мақалаларға  қарымта  қайтарған  кездері 
көп.  Ол  ойымызды  журнал  шығарушылардың:  «Түркістанның 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
97
ең  үлкен  мәселелері  хақындағы  бірнеше  мақаламыздың 
дос  –  дұшпан  баспасөзі  жағынан  көшіріліп  басылуы  «Жас 
Түркістан»  басшылығының  өз  мойнына  алған  міндеттерін 
қанағаттанарлықтай  деңгейде  атқарып  келгенін  айғақтайды» 
деген  пікірі  қуаттай  түседі.  Кеңес  Одағы  саясатына  қарсылық, 
тәуелсіздік  аңсаушы  деген  мағынада  «Шоқайшылық»  деген 
ұғым пайда болды. Бұл бір ғана тұлғаның алып империяға қарсы 
күресінің нақты нәтижесі, жеткен жетістігі деп білуіміз керек. 
«Жас  Түркістанның»  халықаралық  деңгейдегі  басылым 
болғандығын  журналдың  екі  жылдығына  орай  жазылған  мына 
мақаладағы  деректен  байқауға  болады:  «Жас  Түркістанның» 
тек Еуропа мен Түркияның белгілі жерлерінде ғана емес, соған 
қоса  Иран,  Ауғанстан,  Қытай,  Жапония,  Сирия,  Арабстанда 
да  оқырмандары  бар.  Жақында  ғана  біз  Хижазда  тұрушы 
жерлестерімізден  де  хат  алдық.  Ол  хатта  Еуропада  өз  ана 
тілімізде  Түркістан  ұлттық  тәуелсіздігі  міндеттеріне  сай  келген 
бір  журналдың  шығып  тұрғандығына  сүйініштерін  жасыра 
алмаған» («Жас Түркістан», 1931, декабрь). 
Бірақ,  бұл  оңайлықпен  келген  бедел  емес.  Жас 
Түркістандықтардың  таңдап  алған  жолының  дұрыстығын, 
өздерінің  осы  мұрат  жолында  күресуге  лайықтығын  толық 
дәлелдеу  арқылы  қол  жеткізген  жетістік.  Ол  туралы  журнал 
шығарушылардың  өзі  былай  дейді:  «Біз  журналымызды 
шығара  бастаған  1929  жылы  ауыр  қиындықтармен  бетпе-
бет  келдік.  Бұл  қиындықтар  тек  материалдық  тұрғыдан  емес 
еді.  Журналды  табысты  шығарып  кете  алу  үшін  күштеріміз 
жеткіліксіз сезілетін. «Жас Түркістанның» міндеті саяси істерде 
әліге  көріне  қоймаған  жас  күштерді  өз  төңірегіне  топтастыру 
болды. Біз бұл күштердің бар екенін білсек те, олардың қарым-
қабілетінің  саяси  мәселелерде  өткірлік  пен  сауаттылықты 
талап  ететін  саяси  баспасөзде  қаншалықты  жарамды  екенінен 
мағлұматымыз жоқ еді...
Достарымыздың 
көмегімен 
топталған 
материалдық 
мүмкіндігіміз  тек  үш  санға  ғана  жетерлік  болатын.  Осы 
болмашы  көмек  пен  ешқашан  сынға  түспеген  жас  күштерге 
артқан  үлкен  үмітімізбен  «Түркістан  Ұлттық  Бірлігінің»  (ТҰБ) 
ортаға  қойған  «Түркістан  ұлттық  тәуелсіз»  бағдарламасымен 
«Жас Түркістан» дүниеге келді». 

98
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Эмиграциядағы 
Мұстафа 
Шоқайдың 
саяси 
күресі 
«Жас  Түркістанмен»  ғана  шектелген  жоқ.  Оған  дейін  1927-
1931  жылдары  «Жаңа  Түркістан»  басылымы  жарық  көріп 
тұрған.  Одан  бөлек  Түркістан  топырағында  шығып  тұрған 
барлық 
тәуелсіздік 
жолындағы 
басылымдарға 
рухани 
демеу  беріп  отырған.  «Жас  Түркістанның»  әр  санында  ол 
басылымдар  туралы  нақты  деректер  беріліп,  жұртшылыққа 
таныстыру,  насихаттау  мақсатында  арнайы  бет  әзірленгенін 
көреміз.  Ол  басылымдар:  Түркістанның  тәуелсіздік  жолына 
қызмет  атқаратын  айлық  журнал  –  «Жаңа  Түркістан», 
Түрік  ошақтарының  пікірлерін  таратушы  айлық  журнал  – 
«Түрік  жұрты»,  Тәуелсіздік  жолында  күресуші  Азербайжан 
қаламгерлерінің  Стамбулда  латын  қаріптерінде  шығарылатын 
«Отты  жұрт»  және  «Білдіру»  атты  басылымдары,  Кавказия 
және  украиналық  атақты  аворлардың  қатысуымен  Парижде 
шығатын  французша  айлық  журнал  –  «Прометей»,  Еділ-Орал 
тәуелсіз пікіріне қызмет етуші айлық журнал – «Ұлттық жол», 
Қырым  түріктерінің  тәуелсіздік  пікірін  тарататын  «Эмаль» 
журналы. Осыдан Мұстафа Шоқайдың саяси күресінің әсер ету 
ауқымының қаншалықты кеңдігін байқауға болады. Одан бөлек 
Мұстафа Шоқай Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде 
өтіп 
тұрған 
халықаралық 
ғылыми 
конференцияларда 
баяндамалар  жасап,  онда  орыс  отарындағы  Түркістанның 
мүшкіл халі туралы дәлелді деректерін жариялаған. Ол сол елдің 
баспасөзінде жарық көріп, жұртшылық арасында зор резонанс 
тудырып  отырған.  Яғни  Мұстафа  Шоқайдың  «Тәуелсіз  және 
біртұтас Түркістан» үшін күресі елінен шеттетілген бір адамның 
ғана  қарсылық  әрекеттері  емес,  мұраты  айқын,  миллиондаған 
қолдаушылары,  ондаған  басылымдары  бар  жалпытүріктік 
қозғалыс.  Төмендегі  үндеу  осындай  ірі  қозғалыс  серкесінің 
аузынан ғана айтылса керек: 
«Түркістан  отаншылдары!  «Жас  Түркістан»  баршаңызды 
бірлікке шақырады:
Өз ұлттық саптарынды күшейтіңдер!
Ешқашан ұмытпандар, жеңіс – бірлікте.
Жақсы  ұғыныңдар,  ұлттық  рух  пен  ұлттық  тәуелсіздіктен 
тыс ұлттық өмір болмайды.
Түркістандықтар!  Ұлттық  бостандық  күресіндегі  өлім  – 
ұлттық құлдықтағы өмірден артық».

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
99
Мұстафа 
Шоқайұлының 
«Ұлттық 
зиялы» 
атты 
мақаласында  көтерген  мәселесі  біздің  осыған  дейін  айтып 
жүрген  ұлтжанды  ұрпақтан  ғана  елін,  жерін  қорғайтын  азамат 
шығады  деген  ойымызға  тұғыр  бола  алады.  «Әрбір  оқыған, 
сауатты адамды зиялы деп атау әрі оны өзі өкілдік ететін ұлттың 
«ұлттық зиялы» сапынан тану мүмкін бе? – Әрине, бұл мүмкін 
емес.  Біз  тек  белгілі  бір  мұрат  соңында  жүрген,  осы  белгілі 
мұрат  төңірегінде  топтасқан  оқымыстыларды  ғана  зиялы 
деп  атай  аламыз.  Ұлттық  зиялылар  сапына  өз  халқына  саяси, 
әлеуметтік және экономикалық тұрғыда қызмет етпекші болған 
зиялылар ғана кіре алады. 
Зиялылардың  міндеті  асқақ  әрі  қастерлі  болған  себепті 
ауыр.
Халқын  ұлт  ретінде  қалыптастыру,  яғни  жер-суы  бөлек, 
тілі мен діні тұтас халық бұқарасын бірлікке, саяси, әлеуметтік 
біртектікке келтіру сияқты ұлы және тарихи міндеттің маңызды 
бір бөлігі де «ұлттық зиялыларға» жүктеледі» («Жас Түркістан», 
1931, май). Ұлт зиялылары туралы бұл анықтама бүгінгі күні де 
өзекті. 
«Батыс  тәлімін  көрген  зиялыларымыздың  ең  ашынарлық 
тұстары  –  рухы  халқынан  алшақ  қонғандығында  еді.  Батыс 
тәрбиесі  көп  туғандарымызды  халқымыздың  тамырларына 
дейін  сіңген  әрі  бүкіл  ұлттық  тарихымызды  тудырған  «шығыс 
менталитетінен»  айырып  тастаған  болатын.  Міне,  бұл  реттен 
біздің  батыс  тәрбиесін  көрген  туғандарымыз  күшті  тілектеріне 
сай  өз  қажыр-қайраты  мен  білімдерін  халық  рухымен  (шығыс 
менталитеті) ұштастыра алмаған еді» деген мәселе осы уақытқа 
дейін  шешімін  таппай  келеді.  Жаһандану  заманында  бұл 
үрдістің одан бетер өршігендігін көріп отырмыз. 
«Жас  Түркістан»  журналы  ұлттың  рухы  мен  мәртебесін 
көтеру  жолында  аянбай  күрескен.  Алып  империяның 
қалыптастырған «жабайы, мәдениетсіз» деген пікірлерін жоққа 
шығаруға  барынша  тырысқан.  Ол  үшін  Батыс  баспасөзінде 
Түркістан  жұртына  қатысты  жылт  еткен  жағымды  деректерді, 
объективті  зерттеулерді  қуана-қуана  басып  отырған.  «Бұл 
жолы  барлық  сақтықтар  көрсетілсе  де  бір  американдық 
автор  жолын  тауып  орыс  әскері  арасына  еніп  алған.  Міне,  біз 
Магман  есімді  сол  американдық  қаламгердің  көргендерімен 
оқырмандарымызды  таныстырмақшымыз.  Ол  кісі:  «Орыстар 

100
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Түркістанның  қай  жерін  жаулап  алса,  әуелі  сол  жердің  атын 
өзгертеді»  дейді.  Түркістандық  қазақ  пен  түркімендер  жайлы: 
«Мажар  яһудейі  Вамберий  өз  саяхатнамасында»  бұлардың 
орыс  пен  ағылшын  тәрбиесіне  мұқтаж  екендігін  жазған  болса 
да,  мен  бұларды  еуропалықтардың  көбінен  тәрбиелі,  әділетті, 
жолаушыға  деген  ықыласын  да  еуропалықтардың  көбінен  тым 
жоғары санадым. Бұларға жабайы деу жаңсақтық, тіпті қылмыс 
пен  арсыздық»  дейді.  (Жас  Түркістан,  1931,  май).  Немесе 
«Ұлттық  әрекетіміздің  жеңісі  үшін»  атты  мақалада:  «Түркістан 
тарихының  ұмытылмас  беттері  бар.  Әдебиет,  пәлсапа  сияқты 
ғылым мен мәдениет саласында, жер өңдеу сияқты өндірістерде 
Түркістан  бірінші  орында  тұрған  замандар  болған.  Ибн  Сина, 
Фараби  мен  Түркістандықтар  соңғы  уақытта  аттарын  да 
естімеген  бірнеше  ғалымдарымыздың  есімдері  адамзаттық 
мәдени тарих беттерінде алтын әріптермен жазылады. Парижде 
Франция жағырапия қоғамының конференция залында барлық 
әлемге  мәшһүр  ең  танымал  ғалымдардың  есімдері  арасында 
біздің  Фараби  есімінің  де  ойылғандығын  түркістандықтардан 
білушілер өте аз болса керек». Өз ұлтын мақтан етудің жарқын 
мысалы ретінде осыны келтіруге болады. 
«Жас  Түркістан»  саяси  басылым  болғанымен  де,  әдеби 
көркем  тіл  өрнектері,  «тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйінін» 
айтарда  аса  көрегенділікпен  тауып  айтылған  тіркестер  көптеп 
кездеседі.  Мәселен,  «Құрғақ  ыдыстан  су  төгілмес,  бос  үйден 
зат  жоғалмас»,  «Өтірікшінің  бір  сөзіне  данышпанның  мың 
сөзі»,  «Өртесе  от  алмайтын,  атса  оқ  алмайтын»,  «Бір  басын 
шауып  тастаса,  орнына  он  бас  ұлғаятын»,  «Қысқа-қысқа, 
алайда  айта  қалса  нұсқа  боларлықтай»,  т.б.  мақал-мәтел, 
қанатты,  теңеу  сөздер  ұшырасады.  Тағы  бір  айта  кетерлігі  – 
сол  кезде  фотографияны  «ресім»  деп  қолданған  екен.  Тілге 
ғана емес, ойға, мазмұнға, жаңаша идеяларға бай болып келеді. 
Полемикалық,  пікірталасқа  арналған  мақалаларды  жазудағы 
шеберлік,  қарсыласының  әлсіз  тұсын  тап  басып  тану  мен  оны 
бұлтартпас  деректермен  дәлелдеу,  мысқылмен  келемеждеу  – 
«Жас  Түркістан»  жарияланымдарына  тән  ортақ  қасиет.  Белгілі 
бір  оқиғалар  мен  тұлғалардың  шын  бет-бейнесін  ашуда  тарихи 
әділеттілік  танытады.  Мәселен,  кеңестік  биліктің  басында 
жүрген  Тұрар  Рысқұлов  туралы  былай  дейді:  «Большевик 
пердесі  артынан  түркістандық  рухы  көрініп  тұратын  Тұрар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет