«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата21.01.2017
өлшемі23,78 Mb.
#2323
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
101
Рысқұлұлы  ғана  емес,  16  жылғы  көтерілісті  зерттеуші  орыс 
большевик  қаламгерлерінің  өзі  де  бұл  қозғалыстың  Россия 
мен  орысқа  қарсы  жалпы  ұлттық  әрекет  болғандығын 
терістей  алмаған».  Яғни,  қандай  саяси  бағытта  болса  да  Алаш 
зиялыларының ой-мұраты бір болған. 
«Жас Түркістан» журналы Түркістаннан тыс жерде жарық 
көріп  тұрғандықтан  кейбір  ақпараттың,  нақты  деректердің 
жетімсіздігі  сезіліп  тұрады.  Кей  кездері  бір  ойды  бірнеше 
мақалада  қайталау  да  көрініс  береді.  Бірақ  саяси  қысымға, 
ақпараттың 
аздығына 
қарамастан 
сараптауға, 
талдауға 
құрылған, нағыз журналистік шеберліктің үлгісіндей мақалалар 
жарияланып  тұрған.  Әр  санда  басты,  сүйекті  мақалаларды 
журналдың  бас  редакторы  –  Мұстафа  Шоқайдың  өзі  жазған. 
«Жас  Түркістанның»  сол  кездегі  қоғамдағы  нақты  саяси 
орнын  бас  редактордың  мына  сөздерінен  аңғаруға  болады: 
«...Біз  наразылық  жариялай  алмаймыз.  Өйткені  наразылық 
жариялай  алатын  күшіміз  жоқ.  Біз  сынамаймыз  да.  Өйткені 
біздің  сынымыз  дәрменсіз,  ықпалсыз.  Ол  –  ол  ма,  бізге  сын 
айту  құқығы  да  берілмеген.  Бізге  сын  айту  құқығы  ғана 
емес,  большевиктік  жалған  қитұрқы  насихатқа  тойтарыс 
беріп,  шындықты  қорғау  құқығы  да  берілмеген».  Сонымен 
қатар  саяси  күрес  жолында  жүргендердің  сеніміне  кіріп, 
журналға  автор  ретінде  жазып  тұрған  кейбір  адамдардың 
«сатқындықтары»  да  әшкере  болған  кездері  көп.  Журналдың 
1930  жылғы  №  21  санында  «Қымбатты  оқырмандарымызға» 
деген  төмендегі  хабарландыру  басылған:  «Қымбатты  оқырман-
дарымыздың материалдық және рухани қолдаулары арқасында 
шығып тұрған «Жас Түркістан» соңғы айлар ақша жағынан көп 
ауыртпалықтарға  тап  келіп  тұр.  Сондықтан  21  саннан  бастап 
абонент шарттарын өзгерту мәжбүрлігі туды. Журналымыздың 
көңілдегідей  шығып  тұруына  кедергі  болып  тұрған  бұл  үлкен 
кемшілікті  қымбатты  оқырмандарымыздың  түсіністігі  мен 
жанашырлығы  арқасында  толтыра  алатын дығымызға  үміт 
етеміз». Осыдан кейінгі № 22 санынан бастап «Жас Түркістан» 
екі есеге қымбаттаған. Бұрын жылдық жазылу бағасы 2 доллар 
болса, осы саннан бастап 4 долларға көтерілген. 
Кеңестік  қырғынның  қанды  шеңгелінен  жыраққа  кетуге 
мәжбүр  болған  тұлғаларымыз  шеттерінен  еліне  есе  іздеген 
нартұлға  азаматтар  болды.  Сол  қатарда  Шоқайұлынан  бөлек, 

102
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Райымжан  Мәрсеков,  Ыбырайым  Жайнақовтарды  да  атай 
аламыз.  Еуропа  төрінде  түркілік  дауысын  танытып,  елінің 
намысын қорғаған Мұстафа Шоқайұлының салған сара жолын 
жалғастырушылар  да  табылды.  Олар  дүниежүзілік  соғысқа 
айдалып, немістерге қолды болған – Мәулікеш Қайыпалдыұлы, 
Қарыс Қанатбайұлдары, «Қобызшы қорқыт» т.б. еді. Ленинград 
университетінің  философия  факультетін  бітірген  Мәулікеш 
«Асанқайғы»  деген  бүркеншік  атымен  белгілі  болды.  Міне, 
бұлар да рухани ағасы Мұстафаның ізін жалғастырып, «Милли 
адабият» («Ұлттық әдебиет», Берлин 1943-1945 жж.), «Түрік елі» 
(Мюнхен, 1951-195?) басылымдарын шығарды. Ол жайлы әңгіме 
өз алдына жеке тақырып болатындықтан кейінге қалдырдық. 
Журналистика 
мәселелерін 
зерттеу 
институты 
шығарған  «Жас  Түркістан»  журналының  жарияланымдары 
«эмиграциядағы  қазақ  журналистикасы»  аталатын  үлкен 
тақырыптағы алғашқы еңбек. 
Осындай  түрлі  саяси-экономикалық  қысымдар  жағдай-
ында  журнал  10  жыл  бойы  Тәуелсіз  біртұтас  Түркістан  идеясы 
жолында  аянбай  күрес  жүргізген.  Оның  басында  тұрған 
ұлтжанды  азамат  Мұстафа  Шоқайдың  бүкіл  түркі  жұртын 
азат  ету  жолындағы  ауқымды  саяси  күресін  құбылыс  ретінде 
бағалауға  болады.  Ол  қыршынынан  қиылған  талай  Алаш 
азаматтарының  көкірегіндегі  тәуелсіздікті  аңсаған  аяулы 
армандары мен үкілі үміттерін, аманаттарын 10 жылға болса да 
ұзартты, бүгінгі күнге жеткізді. Сонысымен де құнды. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
103
Уямо Томохикомен сұхбат 
Хоккайдо университеті Славян 
зерттеулері орталығының профессоры 
(Жапония, Хоккайдо)
ЖАПОНИЯ ҒАЛЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА 
АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСІ
Сізді  ғылыми  ортада  Орталық  Азия  жөніндегі 
сарапшы деп біледі, біздің оқырмандарымыз Сізбен, сіздің 
ғылыми  қызметіңізбен  танысса  деп  едік.  Өзіңіз  туралы 
айтып  берсеңіз.  Қайда  оқыдыңыз?  Қай  жерде  білім 
алдыңыз? Қандай ғылыми бағыттарда Сіз жұмыс істейсіз? 
Мен  Токио  университетінің  аймақтану  факультетінің 
орыс  бөлімінде  оқыдым.  Мен  1989-1990  жылдары  төртінші 
курста 
оқығанда, 
М.Ломоносов 
атындағы 
Мәскеу 
мемлекеттік  университетінде  тағылымдамадан  өттім,  сол 
жерден  Алматыға,  Бишкекке  барып,  жарты  ай  тұрған 
болатынмын.  Тағылымдамадан  қайтып  оралғаннан  кейін 
Қазан  революциясына  дейін  орыс  қоныс  аударушылары  мен 
Орталық  Азияның  тұрғылықты  халқы  арасындағы  өзара 
қарым-қатынас  жөнінде  дипломдық  жұмыс  жаздым.  Одан 
кейін мен аспирантураға түсіп, «ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
зиялыларының  дүниетанымы  мысалында......»  тақырыбында 
диссертация  жаздым,  1994-1995  жылдарда  Қазақстандағы 
Жапония  елшілігінде  атташе  болып  қызмет  атқардым. 
Қазақстандағы  саяси  және  экономикалық  жағдайға  талдау 
жасаумен, мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен айналыстым. 
1996 жылға дейін Қазақстан Ғылым академиясының Шығыстану 
институтында  шақырылған  ғалым  ретінде  жұмыс  істедім. 
Жапонияға қайтып оралғаннан кейін Хоккайдо университетінің 
Славяндық  зерттеулер  орталығына  жұмысқа  тұрдым.  15 
жылдай сол жерде жұмыс атқарамын. 
Менің  ғылыми  қызығушылығым  екі  бағытта:  XIX 
ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстан 
тарихы,  әсіресе,  зиялылардың  қоғамдық-саяси  қызметі,  Ресей 
империясының Орталық Азиядағы саясаты. Бұл осы аймақтағы 
Ресей  империясының  саяси,  әкімшілік  жүйесін,  діни  және 
әскери  саясатын  қамтиды.  Сонымен  қатар,  мен  қазір  Ресей 

104
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
империясының  Орталық  Азиядағы  саясатына  және  Британ 
империясының  Үндістан  және  Цинь  империяларындағы 
саясатына 
салыстырмалы 
зерттеу 
жұмысын 
жүргізіп 
жатырмын. 
Менің 
ғылыми 
қызығушылығымның 
екінші 
бөлігі 
–  Орталық  Азия  елдерінің  саясаты.  Мен  ертеректен 
осы 
тақырыптармен 
айналысқан 
болатынмын, 
себебі 
менің  студенттік  жылдарым  қайта  құру  кезеңімен  сәйкес 
келгендіктен,  мені  Кеңес  Одағындағы  ұлттық  мәселелер  қатты 
қызықтырған  болатын.  Мен  Мәскеуде  болғанда,  көптеген 
материалдарды,  әсіресе,  кейінірек  1986  жылғы  желтоқсан 
оқиғаларына  қатысты  мәліметтерді  жинаған  болатынмын.  Сол 
кезде  менің  ең  үлкен  қызығушылығым  –  ұлтаралық  қарым-
қатынастар  болды.  Жапония  елшілігінде  қызмет  атқарғанда, 
мен Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің саяси жүйесін 
зерттей  бастадым,  одан  кейін  Орталық  Азиядағы,  әсіресе 
Өзбекстандағы ислам қозғалыстарын, Тәжікстандағы азаматтық 
соғыс, 
Қырғызстандағы 
«қызғалдақтар» 
революциясы 
мәселелерін  зерттедім.  Әрбір  тақырып  бойынша  Орталық 
Азияның елдеріне барып, зерттеулер жүргіздім. 
Орталық 
Азиияға 
деген 
қызығушылық 
неден 
туындады? Бірінші қызығушылығыз неге негізделген? 
Мен  университетке  түскенде  еуропалық  мәдениетке 
деген  қызығушылығым  басым  болды,  француз,  латын 
әдебиетін  зерттеп,  француз  және  грек  тілдерін  оқығанмын, 
бірақ  бір  сәтте  Азия  туралы  тым  аз  білетінімді  түсіндім. 
Мен  Шығыс  Азия  елдерінің  тарихын  зерттеп,  қытай  тілін 
оқи  бастадым,  бірақ  біршама  уақыттан  кейін  Қытай,  жалпы 
Шығыс  Азияны  зерттеушілер  көп  екендігіне  көзім  жетті. 
Менің  қызығушылығымнан  әлдеқайда  алыс  болған,  Азияға  да, 
Еуропаға  да  қарауға  мүмкіндік  беретін  аймақты,  яғни  Орталық 
Азияны  зерттеуге  тоқталдым.  Бұл  жерде  менің  балалық 
кезімнен орыс музыкасына, мәдениетіне деген қызығушылығым 
негізгі  фактор  бола  отырып,  орыс  тілін  үйренуге  деген 
талпынысым  үлкен  еді.  Көптеген  адамдар  орыс  тілі  қиын  деп 
есептейді.  Менің  басқа  тілдерге  қарағанда,  орыс  тілін  тез 
игердім. 
Қандай тілдерді білесіз?

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
105
Мен жапон, орыс, ағылшын тілдерін білемін, қазақша еркін 
сөйлеймін,  сөздікпен  француз,  қытай,  сонымен  бірге  басқа 
тілдерді де, оның ішінде фарси тілін білемін. 
Сіздің  алғашқы  рет  қай  мемлекетке  іс-сапар 
шектіңіз?
Мен 1989 жылдың көктемінде алғаш рет достарыммен бірге 
Өзбекстанға  бардым,  ол  кезде  Кеңес  Одағы  бойынша  саяхат 
жасағанбыз.  Екінші  рет  Ташкент  пен  Алматыға  Мәскеуден 
келген болатынмын. 
Қазақстанда алғашқы рет қашан болдыңыз?
90-шы жылдардың басында, сол уақытта. 
Орталық  Азияны  зерттейтін  негізгі  мектептерді 
немесе негізгі бағыттарды анықтап бере аласыз ба? 
Қазіргі  уақытта  көптеген  ғалымдар  Орталық  Азияны 
зерттеп  жүр.  Еуропа  елдерінде  саны  жағынан  аз.  Бірақ 
Еуропа  елдерінде  ерекше  дамыған  бірнеше  мамандықтар 
бар,  мысалға,  исламды  өте  жақсы  білетін  ғалымдар  жұмыс 
істейді.  Соңғы  жылдары  Италияда  ХХ  ғасырдың  бірінші 
жартысындағы  Орталық  Азияның  тарихын  зерттейтін  жас 
дарынды тарихшы-ғалымдар бар. Жапонияда Орталық Азияның 
ежелгі  және  орта  ғасырлық  тарихын,  әсіресе,  ежелгі  түрік 
қағанаты,  Темір  империясы  жөніндегі  зерттеулер  басымырақ. 
Бізде  Орталық  Азиядағы  сирек  тілдер  бойынша  мамандар 
бар.  Орталық  Азияның  жаңа  тарихы  бойынша  зерттеулер 
салыстырмалы түрде таяу арада ғана дами бастады. Бастапқыда, 
ғалымдар  Орталық  Азияны  ресейлік  тарих,  кеңестік  тарих 
тұрғысынан  зерттеді.  Шығыстану  тұрғысынан  зерттейтін 
ғалымдардың  көзқарасы  біршама  бөлек,  олардың  арасында 
үлкен  айырмашылықтар  бар,  бірақ  қазір  әр  түрлі  бағыттардың 
ғалымдары  бір-бірімен  ынтымақтасады.  Бұл  әсіресе  әр  түрлі 
орталықтардың  жұмысында  көрінеді,  мысалға,  біздің  орталық 
Славяндық  зерттеулер  орталығы  мен  Токио  университетінің 
Ислам  аймақтарын  зерттеу  жөніндегі  орталық  бірлесіп  жұмыс 
істейді. Біз тұрақты түрде бірлесіп семинарлар өткіземіз. 
Сіздің  зерттеп  жүрген  тақырыптарыңыздың  бірі  қазақ 
зиялыларымен 
байланысты. 
Алаш 
Орда 
партиясының 
қызметімен байланысты кезең өзекті болып табылады. Тарихта 
түсініспестік  тудыратын  ақтаңдақтар  көп.  Бүгінде  біз  Алаш 
Ордамен,  Шығыс  Түркістанмен,  Мұстафа  Шоқай  есімімен 

106
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
байланысты  қазақ  зиялыларын  зерттеу  жөніндегі  жобаны 
өткізуді  талқылап  жатырмыз.  Қаншалықты  деңгейде  бүгінде 
Алаш Орда философиясын қайта зерттеу қажеттілігі бар? 
Иә,  әрине  қажеттілік  бар.  Қазақстандық  ғалымдар 
бұл  мәселені  көптен  бері  зерттеп  келеді,  бірақ  ол  ұлттық 
ілімдер  тұрғысынан  ғана  зерттеліп  келетін  сияқты.  Кейде 
бір  маңызды  мәселелер  қарастырылмай  қалады.  Мен 
аспирантурада  Мыржақып  Дулатовтың  шығармаларымен 
танысқанда,  оның  серіктестері  тек  ұлтшыл  болғандар 
деген  тұжырымға  қарамастан,  оларда  Еуропа  өркениетіне, 
орыс  мәдениетіне,  исламға,  көшпенді  мәдениетке  деген 
қызығушылық  үлкен  болған.  Олар  әр  түрлі  өркениеттердің 
мәдениетін  байланыстыруға  тырысты.  Менің  пікірімше, 
осындай  зерттеулер  өзекті  болып  табылады,  себебі  әр  түрлі 
этникалық  топтардың  әр  түрлі  мәдениеттің  өзара  әрекеттесуі 
жағдайында  өмір  сүруі  маңызды.  Соңғы  жылдары  олардың 
мәдениетке  деген  көзқарастарын  ғана  емес,  Ресейдің  саяси 
өміріне  шынайы  қатысқандығын,  Ресейде  қазақтардың 
құқықтық  мәртебесін  көтеруге  тырысқандығын  зерттеп 
жүрмін.  Олар  ресейлік  шенеуніктермен,  саясаткерлермен  жиі 
бірлесіп  жұмыс  істеді.  Мүмкін  бұл  жағдай  кейбір  адамдарға 
ұнамауы  мүмкін,  бірақ  олардың  шынайы  қызметі  қазақтардың 
тағдырын  құтқарған  болатын.  Басқа  жағынан,  мен  олардың 
ойлау жүйесіндегі ислам элементтерін белсенді зерттеп жүрмін. 
Әдетте  ислам  мен  кеңестік  зиялылар  екі  бөлек  зерттелгенмен, 
олардың  кейбіреулері  алғашқы  білімді  медреселерде  алған 
болатын.  Олардың  мысалға,  Орынбор  мұсылмандарының 
діни  жиналысына  қазақтардың  қосылуы,  қазақтар  мен  басқа 
мұсылмандар  арасындағы  қарым-қатынас  қандай  болу  керек 
деген көзқарастары әр түрлі еді. 
Қазақстандағы ислам тақырыбына қатысты. Исламға 
дейін  Қазақстанда  манихейлік,  несториандық,  буддизм, 
христианның  әр  түрлі  ағымдары  сияқты  әр  түрлі  діни 
сенімдер  болатын.  Бұл  мәселеге  қатысты  бірнеше 
сарапшылардың  көзқарасы  бар.  Кейбір  сарапшылар, 
Қазақстанда  исламның  өз  ерекшелігі  бар,  оны  олар 
бақсылық,  тәңірлік  ерекшеліктері  болғандықтан,  soft–
ислам  деп  атаған.  Кейбір  сарапшылар,  тәңірлікті 
қайта  жаңғырту  керек,  себебі  ол  қазақтың  нағыз  діні 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
107
деп  есептейді.  Сіз  қалай  ойлайсыз,  бүгінде  негізінен 
мәдениетте  көрініс  табатын  тәңірліктің,  бақсылықтың 
қайта қалпына келуі мүмкін бе? Қаншалықты бұл өзекті? 
Тәңірлік, шаманизм бұл негізінен табиғат, Құдай және адам 
арасындағы  қарым-қатынастың  көрінісі.  Онда  нақтылы  қатты 
діни  идеология  болған  емес,  сол  себепті  тәңірлік,  бақсылық  әлі 
күнге  дейін  орын  алып  отырса,  ол  мәдениеттің  қалыпты  түрі 
болып  табылады.  Егерде  олардың  біреуін  жаңа  діни  идеология 
деп  таныса,  табиғи  емес  болып  көрінеді.  Әр  түрлі  елдерде, 
сонымен бірге Жапонияда қандай да болмасын ескі діни наным-
сенімді қалпына келтіруге деген әр түрлі қозғалыстар бар, бірақ 
оларды  толығымен  қалпына  келтіру  мүмкін  емес.  Сол  себепті 
тәңірліктің,  бақсылықтың  қандай  да  болмасын  құндылықтары 
қатар  өмір  сүруі  мүмкін,  бірақ  оларды  дін  ретінде  қалпына 
келтіру ешқандай нәтиже бермейді. 
Қазақстан 
тарихындағы 
қайғылы 
кезеңдердің 
бірі  ұжымдастыру,  ашаршылықпен  байланысты.  Әр 
түрлі  деректер  бойынша  2  млн.  3  млн-ға  дейін  қазақ 
қырылды,  бір  бөлігі  көшуге  мәжбүр  болды.  Ашаршылық 
мәселесі  көптеген  жылдар  бойы  көтерілмей  келді. 
Қазақстанда  жұт  аса  танымал  емес,  бірақ,  көптеген 
ақсақалдардың  пікірінше,  әрбір  қазақ  жұттың  болғанын, 
көптеген  халықтың  қырылғанын  біледі,  дегенмен  ешкім 
ештеңе  айтпайды.  Бұл  немен  байланысты?  Ашарлыққа 
байланысты  Сіз  қандай  фактілерді  көрдіңіз?  Бұл  жағдай 
Қазақстанның  демографиялық  жағдайына  қалай  әсер 
етті? 
Иә,  ашаршылыққа  дейін  қазақтардың  саны  өзбектерге 
қарағанда  көп  болатын,  осы  аймақтағы  саны  жағынан  ең 
көп  халықты  –  қазақтар  құраған,  бірақ  ашаршылықтың 
нәтижесінде  қазақ  халқының  саны  күрт  азайып  кетті.  Кеңес 
Одағы  уақытында  инвестициялардың  басым  бөлігі  өзбектерге 
жіберілгендігінің  басты  себебі  де  осында  шығар.  Бұл  кесапат 
Қазақстанның  дамуын  қатты  тежеген  болатын,  дегенмен, 
Қазақстан  бүгінде  сол  зиянның  орнын  толтырған  сияқты. 
Егерде  саяси  элитаның,  зиялылардың  қуғын-сүргінен  есепке 
алсақ, онда адам шығыны одан да көп, сонымен бірге, дарынды 
адамдарды  жойған  болатын.  Адам  шығыны  ғана  емес,  күшті 
интелектуалды  күштің  жойылуы  да  кеңестік  замандағы 

108
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Қазақстанның  дамуына  өз  әсерін  тигізді.  Ашаршылық  кезінде 
қырылған  қазақтардың  санына  қатысты  әр  түрлі  пікір  бар. 
Біреулер 1,5 миллион не одан да аз десе, басқалары 2 миллионға 
жуық деп есептейді. Нәтижесінде мәмілеге келе отырып, ортақ 
санды анықтады. 
Сталиндік  саяси  құғын-сүргін  кезінде  Қазақстан 
өз  зиялыларының  басым  бөлігін  жоғалтып  алды.  Бұл  Сіз 
ертеректен бері зерттеп жүрген тақырыптардың бірі. 
Иә, мен саяси өмірге белсенді қатысқан 100 жуық адамның 
өмірбаянын  зерттедім,  бұл  революцияға  дейін,  революция 
кезінде,  революциядан  кейінгі  кезеңде  өмір  сүрген  саяси  және 
мәдени  қайраткерлер,  бірнеше  адамды  ғана  есепке  алмағанда, 
барлығы  30-шы  жылдары  жазаланды.  Бұл  ХХ  ғасыр  басында 
қалыптасқан  интелектуалды  дәстүрдің  және  күштің  негізінен 
30-шы  жылдары  толығымен  жойылғандығын  көрсетеді. 
Дегенмен,  осы  30-шы  жылдары  жаңа  университеттер  ашылып, 
жергілікті  кадрларды  дайындауға  жүріп  жатты.  Олар  ХХ 
ғасырға  дейінгі  мәдениетті  білмеген,  сол  себепті  Қазақстан 
мәдениеті үлкен шығынға ұшырады. 
Сұхбатты өткізген Ботагоз Ракишева, Айнұр Мажитова
Астана, 2010 жыл 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
109
Тәлік Оңғарұлымен сұхбат 
Жұт кезінде көшіп-қонушылардың ұрпағы
(Стамбул, Түркия)
ҚАЙҒЫЛЫ ӨМІР
Мен  қазір  84  жастамын.  Менің  атым  -  Тәлік,  әкемнің 
аты  -  Оңғар,  Оңғардың  әкесінің  аты  -  Бекбота  Мұрахыр. 
Өзіміз  болсақ  Орта  жүз,  Орта  жүздің  ішінде  Қаракөсеміз. 
Пақтарал деген жер бар, сол Пақтаралдан шыққан екенбіз. Сол 
Пақтаралдан  шыққанымызда  осы  күнгі  Өзбекстанды  Жетісай 
дейді  екен.  Ол  жердің  бәрі  мидай  дала  болатын  еді.  Біздің 
шешеміздің  айтқаны,  мидай  қара  айдын  даласы  дейтін  едік,  - 
дейді. Бүгінде бәрі үй-жай болып кетті. 
Мен  Қазақстаннан  шыққанда  үш  айлық  не  үш  жасар 
екенмін.  Сіздің  сұрап  жатқан  ашаршылық  замандағы  жағдай 
жаңағыдай  болған  екен.  Ол  жағын  біле  бермеймін.  Енді  бұл 
анамнан  естуім.  Шешемнен  естігенім  ашаршылық  заманда  өте 
қиын  болды,  -  деді.  Өте  қиын  болғанда,  мына  алтын,  күмістерді 
жеп  болмайды  екен.  «Арпа  бидай  ас  екен,  алтын,  күміс  тас 
екен» дегендей. Бір тақия тарыға қыздарын сатқандар болыпты. 
Ақша  болғанмен,  ақшаға  алып  жейтін  азық  болмаған.  Иә,  қиын 
замандарды  көрдік,  -  дейтін.  Ол  ашаршылық  заман  халыққа 
сондай болып өткен. Бұның бер жағында, коммунист заманында, 
әкеміздің айтуынша, өте бір қиын болғаны, намаз оқи алмадық,-
деді. Ораза ұстап, ауыз бекітіп, ыстық тамақ іше алмадық, - деді. 
Үйдің  ішінде  бір  нәрсе  жақсақ,  жарық  болса  милициялар  жетіп 
келеді,  -  деді.  Мыналар  ораза  ұстайды,  мыналар  намаз  оқиды,  - 
деп аңдыған күндер болған. Қараңғы үйде намазымызды оқыдық, 
қараңғы үйде құрғақ нанмен, құр сумен ауыз ашып, оразамызды 
ұстаған  күндеріміз  болды,  -  деді.  Кеше  әкеміз  соны  айтты.  Бұл 
замандарды солай өткердік, сосын тіпті болмаған соң, мұсылман 
дәулетке  өтейік,-деп  сонымен  қаштық,  -  деді.  Сол  қашқаннан 
қашып,  қиындықтарды  көрдік,  -  деді.  Өзіміздің  Қазақстанның 
ішінде  де  қашып  жүріпті.  Ана  жақтан  бұл  жаққа,  біреу  біреуді 
қуып  келе  жатқандай  болып  көрінеді.  Суларымыз  да  таусылды, 
-  деді.  Қашып  жүріп,  бір  қойшыға  ұшырасақ,  қойшы  баяғы 
өзіміздің  пәленшеміз  екен,  -  деді.  Сондай-сондай  ауыр  күндерді 
өткеріп,  сонымен  Ауғаныстанға  қарай  өтіпті.  Ауғаныстанға 
келген  соң,  шүкір  мұсылман  дәулетіне  келдік  қой  десе,  бұл 
жерде де бір тіл білмегендіктен қатты қиындықтар көріпті. Мына 

110
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
жерден ана жерге көшіп, мына жерден ана жерге көшіп, ауғандар 
да  ерікке  қоймапты.  Қысы-жазы  көшуменен  жүріпті.  Сонда 
әкеміздің  айтқаны  гой,  біздің  анау  сары  орыстан,  мынау  қара 
орыс  жаман  екен  ғой,-деп.  Анау  сары  орыс  баяғы  діні  болмаса, 
сөзге тұратын еді. Мына қара орыс сөзге тұрмайды екен ғой деп, 
сол кезде қарқ-қарқ күлетін. Мұсылман деп келген дәулетімізден 
қиындық  көрдік  қой,  -дейтін.  Біз  онда  кішкентай  баламыз.  12 
жасқа  келгенде  әкеміз  65  жасқа  келіп,  қайтыс  болды.  Содан 
кейін өзіміз әйтеуір аш болмайық, жалаңаш болмайық, біреуден 
тіленбейік,  сұранбайық,  -  деп,  әйтеуір  жетілдік  қой.  Оқу  оқи 
алмадық.  1971  жылы  Түркияға  келдік.  Ауғаныстанда  тұрып,  сол 
заманда  қиындықтарды  көп  көрген  біздің  әкеміз  ғана  емес,  сол 
Қазақстаннан қашып, өтіп кеткендердің бәрі өте көп қиындықтар 
көрген.  Қысы-жазы  көшуменен,  қонуменен  өткен  ғой  өмірлері, 
жаурап-жасынап,  бала-шағаларым  аш  қалмасын,  -  деп.  Түйенің 
үстіне  тұзды  қойып  жіппен  байлап,  бір  жағына  қисайса,  «шаң-
шаң»  деп  айтады.  Әй,  шырағым-ай,  шаңғымаса  тұра  ма  бұл  деп 
айтамыз  дейді.  Сөйтсек  «шаң-шаң»  деген  тұзың  қанша?  -  деген 
сөзі екен, - дейді. Әкеміз де олардың тілін білмеген екен. Сөйтіп, 
тіл  білмей  өте  бір  қиындықпен  адамдардың  көбісі  бұл  жерге 
келген соң, тарығып өткен екен. Үйдің іші босап қалғандар болды. 
Біздің  де  бір  ағаларымыздың  үйінен  ешкім  қалмады.  Өте  қиын 
жағдай болды, көп адамдар өліп кетті. 
Қашып  жүргендердің  ішінде  менің  әке-шешем  бар  екен. 
Сосын  өзіміздің  ағайынымыздан  бір  кісі  бар  екен.  Ол  кісі  де 
өліп  кетті.  Ол  кісінің  әйелі  де  өліп  кетті.  Ол  кісінің  балалары 
бар.  Бұлар  әкеміздің  інілері  болады  екен.  Қашып  жүріп, 
Ауғаныстанға қарай өткенде әкемнің інісінің әйелі мені арқалап 
әкелген  екен.  Ар  жағын  білмеймін,  2-3  кісі  екен,  содан  қашып 
жүріп  Өзбекстанға  келіп  мына  Амударияға  келген  соң,  ішінде 
тығылып  жаттық,-дейді.  Милициялар  суды  жағалап  жүріпті. 
Сосын бір сушыны тауып алып, ол мына сиырдың терісін үрлеп-
үрлеп  мес  қылып,  ағашқа  байлап,  әйтеуір  бізді  Амудариядан 
аман-есен  өткізді,  -  дейді.  Арамызда  суға  ағып  кеткендер  көп 
болды.  Қиын  екен  қашқан,  жанымызды  шүберекке  түйіп 
жүрдік қой, - деп шешеміз айтып отыратын. 
Түркістанға  кеткендер  де  болған  екен.  Жаңағы  айтқандар 
естігеніміз,  құлағымызда  қалғаны.  Оқымағандықтан,  жазып  та 
ала алмадық. 
Сұхбатты өткізген Айнұр Мажитова 
Стамбул, Түркия, 2010 жыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет