«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата21.01.2017
өлшемі23,78 Mb.
#2323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

22
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
адамдары  бір-бірін  жақсы  білді,  рухани  байытып  отырды  және 
тәрбиелеп, дамытты. 
Ресей  үшін  аласапыран  кезеңде,  Бірінші  дүниежүзілік 
соғыстан  кейін  олар  қазіргі  Қазақстанның  аумағын  құраған 
қазақтардың  жерге  құқығын  түсінікті  және  нақты  дәлелдеп 
берді.  Саны  аз,  бірақ  рухы  ұлы  олар  тәуелсіз  Отанының 
аумағын  ұрпақтарына  мұраға  қалдыра  алды.  Олардың 
әсерінің  шеңбері  тек  Қазақстан  аумағымен  шектелген  жоқ. 
Олар  қатарынан  бірнеше  журналдар  шығарды.  Қайғылы 
жағдайлардың  әсерінен  ХХ  ғ.  бірінші  жартысында  қазақтың  
едәуір  бөлігі  басқа  елдерге  кетіп  жатты.  Әрине,  олар  бойтұмар 
ретінде  еркін  ой  рухы  суарылған  сол  журналдарды  өздерімен 
бірге ала кетті. 
Сонымен  қатар,  мен  Мұхтар  Әуезовтың  данышпандық 
повесі  «Қилы  заман»  туралы  бірер  сөз  айтқым  келеді,  ол 
орыс  тіліне  «Лихая  година»  деп  аударылған.  Бұл  повестің 
қолжазбасының  бірінші  оқырманы  Ахмет  Байтұрсынов  болды. 
Бірінші  басылымынан  кейін  «Қилы  заман»  қырық  жыл  тыйым 
салуда  болды,  сосын  Ш.Айтматов,  Ә.Шәріпов  және  Александр 
Твардовскийдің  азаматтық  ерлігінің  арқасында  А.Пантиелев 
аудармасымен  «Жаңа  әлем»  («Новый  мир»)  журналында 
орыс  тілінде  басып  шығарылды.  Повестке  алғы  сөз  жазған 
Айтматов  антиколониалды  әдебиеттің  ең  мықты  туындысы  деп 
атады.  Лев  Николаевич  Толстойда  ол  -  данышпандық  «Война 
и  мир»  және  «Хаджи  Мурат»  туындылары.  Шығармашылық 
әлемнің  екі  шыңы.  Ал  Әуезовте  -  «Абай  жолы»  және  «Қилы 
заман».  Өкінішке  орай,  орысша  аудармасында  анықтылық 
жоқ,  қысқартулар  бар.  Аудармашы  өмірден  өткен  Мұхтар 
Әуезов  үшін  абай  болып,  оны  пантюркизмге  айыптауынан 
құтқарғысы  келді.  Повестің  түпнұсқасында  қазақтар  әрекет 
етеді,  сонымен  бірге,  жазалаушылардың  жоспарлары  туралы 
көтерілісшілерге  хабардар  етуші  қырғыздар  да,  тіпті  өзбек  те 
бар. Басқаша айтсақ, әңгіме 1916 жылғы Орта-азиялық көтеріліс 
туралы  болып  тұр.  Бұл  мағынада  Алаш  Орданың  бейбіт 
тұжырымдамаларына  құрылған.  Әлбетте,  шетелге  өздерімен 
бірге  журналдарды  да  ала  кеткендер  Алаш  Орда  идеяларының 
кең  аумағын  тасыды.  Батыс  Қазақстанның  жартылай  шөл 
дала  жерлерінде  ұзын  емес,  шоқ  түсті  бұйырғын
 

 
шөбі  өседі. 
Оның  діңі  қатты  және  ол  тамырларын  жерге  тереңге  жаяды. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
23
Түйелер бұл шөпті жейді, бірақ ол мәңгі. Қазақ халқының еркін 
сүйгіштігі маған бұйырғын шөбін еске түсіреді. 
Алаш  Ордаға  қазақ  тарихының  тамырлық  жүйесіне  терең 
үңіле  отырып,  тарихи  тақырыптарға  маңызды  зерттеулер  мен 
поэмалар  жазған  Шәкәрім  ерекше  әсер  етті.  Ол  өте  білімді 
адам  болатын.  Оның  жазбаларында  Платонның,  Аристотельдің 
және  Әл-Фарабидің  есімі  мен  еңбектері  үйлесімді  кездеседі. 
30-жылдардағы  ашаршылық,  37-жылдағы  қуғын-сүргін,  соғыс, 
51-жылдағы қуғын-сүргін, тың игеру, осының барлығынан кейін 
біз  ессіздікке  ұрына  бастадық.  Әл-Фараби  көптеген  жылдар 
бойы  -  ұмытылып,  ұлы  философтың  110-жылдығы  қарсаңында 
Ақжан  Машанов  (ол  да  біздің  ұлттық  рухымыз  тамыр  салған 
топырақтан  шыққан  өлмес  жандардың  қатарынан)  араб 
елдеріне  барып,  Әл-Фарабидің  әдебиеттерін  алып  келді.  Және 
Әл-Фараби  есімінің  қайта  жандануы  –  Х-ХІ  ғасырлардағы 
түрік интеллектуалдық оазисіндегі Отырар тумасының көрнекті 
туындыларын  аудару,  пікір  айту,  зерттеу  басталды.  Оған 
қоса,  алашордалықтар  Әл-Фарабидің  атын  ғана  пайдаланбай, 
негізінен  оның  философиялық  мұрасымен  де  таныс  болды. 
Көшпенді  жолға  артық  нәрсе  алмайды.  Бірақ  әрқашан 
өзімен  бірге  ежелгі  шиыршық  қағаздарды,  араб  графикалық 
қолжазбаларды,  шежірелерді  алып  жүреді,  өзінің  жадында 
аңыз, эпос, өзінің мәдениетін алып жүреді. Осының бәрін жаңа 
мекендейтін ортасында сақтай алады. 
1969  ж.  қытай-кеңес  шекарасынан  қолында  қаруымен 
Айтан  Нүсіпхан  өтті.  Қытайдағы  мәдени  төңкеріс  кезеңінде  ол 
Шыңжаң  аумағындағы  қытай  үстемдігіне  қарсы  қазақ  және 
ұйғыр  жастар  қозғалысының  көшбасшысы  болды.  Маған 
онымен  соңғы  өміріне  дейін  дос  болу  бақыты  берілді.  Ол 
ұйғыр  және  қытай  тілдерін  жетік  меңгерген,  жоғары  білімді 
адам  еді.  Өзінің  қазақ  тілімен  ол  Асқар  Сүлейменов,  Төлеген 
Тоқбергенов, Зейнолла Серікқалиев сияқты қазақ тілінің асқан 
шеберлерін  таң  қалдырды.  «Жас  Тұлпар»  патриоттық  ұйымы 
құрылған.  Мәскеудегі  бірнеше  жылдық  оқудан  кейін  біз  елге 
орала  бастадық.  Және  бұл  жерде  жастұлпарлықтар  еркін 
ойлы қазақ интеллигенциясының бірігуі, тұтастығы болды. Бұл 
ортаға  Айтан  еніп  кетті.  Бәрімізге  проблемалық  Отан  ретінде 
Қазақстан үшін күресу қажеттігін сезіну тән болды. Алаш Орда 

24
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
туралы  сараң,  бірақ  келіп  жатқан  ақпарат  оның  бағдарламасы 
мен әрекеттерінің жақындығын сезіндірді. 
Қазіргі 
кезде 
КСРО 
МҚК 
және 
ҚазССР 
МҚК 
мұрағаттарында  сақталған  «Жас  Тұлпар»  әрекеттері  туралы 
құжаттардың бір бөлігі баспадан шығарылған. Онда біз айтқан, 
жүзеге  асырған  және  әрекеттер  туралы  көп  жеткізілген.  Сол 
кезде біздің қозғалысымызды талқандату жөнінде үлкен науқан 
дайындалып  жатты,  бірақ  оған  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев 
тосқауыл  қойды.  Біз  бұл  үшін  оған  ризашылық  білдіреміз. 
Қонаев,  әрине  партиялық  функционер,  Кеңес  Одағының 
құрылымындағы  ірі  мемлекеттік  қайраткер  болды.  Сонымен 
қатар, ол студенттік өмірі Мәскеуде өткен адам болды. Ол театр, 
көркем  өнер  көрмесімен  рухани  сусындаған  және  сонымен 
қатар,  жас  кезінен  Мағжан  Жұмабаевтың  өлеңдерін  жақсы 
білген, Мұхамеджан Тынышпаевқа ұқсауды армандаған. Бұл да 
Алаш Орданың, кәсіби және білімді адамдардың әсері. 
Алаш  Орда  туралы  айтқан  кезде  академик  Сайым 
Балмұхановтың  есімін  атауды  өзімнің  борышым  деп  санаймын. 
Дарынды  ғалым,  1960  жылдары  ол  Онкология  институтының 
директоры  болған  және  шетелге  шығу  мүмкіндігі  болды.  Сол 
кезде шетелге шыға алатын адам аз болған, шекарадан өту қатаң 
бақылау  арқылы  жүретін.  Міне,  ол  үлкен  тәуекелге  барып, 
1944  ж.  шыққан  «Милли  Мәдениет»  деп  аталатын  журнал 
алып  келді.  Журнал  түрік  легионында  шығарылды.  Айтпақшы, 
оны  ашуға  Мұстафа  Шоқай  маңызды  рөл  атқарды.  Онда 
Қазақстанда  қуғын-сүргінге  ұшыраған,  атын  атауға  болмайтын 
Ахмет  Байтұрсынов,  Мағжан  Жұмабаев,  Мұстафа  Шоқайдың 
өзі  сияқты  адамдардың  поэмалары,  өлеңдері,  эсселері  болды. 
Онымен  қоса,  «Милли  Мәдениет»  қуғын-сүргінге  ұшыраған 
өзбек 
және 
қырғыз 
ақындарының 
да 
шығармаларын 
жариялаған. Сол тамаша журнал бізге жаңа әлемді ашты. 
Айтан  Нүсіпхан  Мұстафа  Шоқай  атындағы  сыйлыққа 
номинацияланды.  Бірақ,  лауреат  болып  үлгермеді,  белгісіз 
жағдайда  дүниеден  өтті.  Мұстафа  Шоқай  еңбектерін  ол  терең 
зерттеді,  оларды  түрік  баспасынан  шығарып  қазіргі  қазақ 
тіліне,  қазақ  графикасына  аударды.  Айтанның  Мұстафа 
Шоқайдың  жазбаша  мұрасына  қызығушылығы  тегін  емес. 
Ол  қызыл  империяға  қарсы  ойлаған  және  жазған  Шоқайдың 
еңбектерінен  антиқытайлық  күресте  құрылған  өзінің  саяси 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
25
көзқарастарының  жақындығын  көрді.  Олардың  екеуінде 
де  Алаш  Орданың  құрбандық  және  батырлық  рухы  өмір 
сүрді.  Олардың  тағдырлары  ақиқатты  көрсетеді:  күресуші 
қазақ  санасы  бар  жерде  міндетті  түрде  Алаш  Орданың 
идеяларын  ұмытудан  бас  тартпайды.  Қазақ  қай  жерде 
болмасын,  өзінің  қазақ  екендігін  сезіне  бастаған  кезде,  ол  ұлы 
алашордалықтардың  еңбектерін  іздейді  және  табады.  Осыған 
ұқсас жағдай қазіргі кезде де болып жатыр. Қазір Батыс Еуропа 
елдерінде  ұзақ  уақыт  тұруды  көздейтін  қазақтардың  саны 
көбейіп  келеді.  Олар  өз  араларында  қарым-қатынас  жасайды 
және  Отанын  ұмытпайды.  Лондонда  «Шәкәрім»  бүкіләлемдік 
симфония  премьерасы  өткізілді.  Әкелі-балалы  Медғат  пен 
Шыңғыс  Кұлжановтар  бұл  премьераны  қаржыландырды. 
Шәкәрімнің 
шығармашылығы 
алашордалықтарға 
жақсы 
таныс  болды  және  жоғары  бағаланды.  Лондондық  премьераға 
Прагадан  біздің  біртуар  жазушымыз,  қазір  Қазақстаннан  алыс, 
интеллектуалдық  және  көркем  сападағы  кітаптар  жазатын 
Мұхтар Мағауин келді. 
Бұл  кездесуде  Голландиядан  келген  менің  қызым  Зифа 
Әуезова  да  болды.  Ол  –  Орталық  Азияны  зерттеушілер 
еуропалық  қоғамының  президенті.  Негізгі  білімі  бойынша 
арабист, ол Махмұд Қашқаридың «Диуани Лұғат-ат-Түрік» атты 
данышпан  туындысын  орыс  тіліне  аударды.  Махмұд  Кашғари 
ХІ ғ. түркі халықтары өмір сүрген жерлерді аралап шыққан. Ол 
олардың  мақал-мәтелдерін,  поэзия  үлгілерін  ұқыптап  жинады. 
Түріктерді  біріктірді  және  араб  тілінің  басымдығынан  түркі 
халықтарын алып шығуға үлкен үлес қосты. Бұл іс-әрекет рухы 
жағынан  алашордалықтардың  ісіне  таныс  және  жақын  болды. 
Олардың еңбектерінде Махмұдқа көптеген сілтемелердің болуы 
тегін  емес.  Зифаның  өзінің  гуманитарлық  өрісіне  Махмұд 
Қашғариды, қазіргі Қазақстан аумағының шекарасын негіздеген 
Алаш  Орда  тарихын  енгізуі  кездейсоқ  емес.  Алашордалықтар 
әлемге  кеңірек  қараған.  Қашан  да  осылай  болған:  адам  өзінің 
әлемінде  тұйықталып  қалған  кезде,  ол  Отаны  үшін  күресу 
қабілетін  жоғалтады.  Алаш  Орданың  кемеңгер  жігіттері 
толерантты  болды,  олар  көп  оқыған,  аударған,  әлемдік  рухани 
құндылықтарға  таңданып  жүрген.  Бұлар  түрлі  сословиелерден 
шыққан  болса  да,  рухани  ақсүйектер  болды.  Олардың 
рухтары  от-жалында  шыңдалған.  Бұл  үрдіске  біздің  эпосымыз, 

26
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
музыкамыз,  ою-өрнектеріміз,  ұлы  Абайымыз  қатысты.  Қазақ 
ұлттық  рухының  квинтэссенциясы  –  Алаш  Орданың  рухани 
әлемі,  міне,  осы.  Және  бұл  –  мәңгі,  өшпес  құндылықтардың 
қатарынан. 
Ахмет  Жұбанов  –  тамаша  композитор,  көрнекті 
лингвист,  қуғын-сүргін  жылдары  атылып  кеткен  Құдайберген 
Жұбановтың  ағасы.  Әдебиет  көкжиегінде  Қадыр  Мырзалиев 
және  Тұманбай  Молдағалиев  сияқты  жас  дарынды  ақындар 
пайда  болған  кезде  Ахмет  Жұбанов  оларға  бақшада  кездесуді 
ұсынып, оларға тыйым салынған Мағжан Жұмабаевтың «Батыр 
Баян»,  «Қойлыбайдың  Қобызы»  поэмаларын  жатқа  оқитын 
болған.  Осылайша  бұйырғын  шөбі  өседі,  осылайша,  жеңімпаз 
руханилық әрекет етеді. 
Мағжан  Жұмабаевтың  жесірінің  аты  Зылиха  болатын. 
Сонымен  қатар,  оны  Қара  кемпір  атаушы  еді.  Ол  өте  сұлу, 
піскен  шиедей  қараторы  болатын.  Ол  Мағжан  әлі  ақталмаған 
кезде  оның  ақындық  мұраларын  ерлікпен  жинақтаған. 
Ғаббас  Қабышев  –  әдебиет  қорының  (литфонд)  директоры, 
Олжас  Сүлейменов,  Сатымжан  Санбаев  және  мен  әрбір 
жалақымыздан  он  рубльден  жинап,  гүл  алып,  Зылиха  апайға 
барып,  гүл  табыстап,  осы  ақшаларды  беруші  едік.  Мағжанның 
жинақталған  өлеңдері  мен  поэмалары  үш  дана  басылып 
шығарылды. Өзімнің данамды Асқар Сүлейменовтың кеңесімен 
сол  кезде  жарқын,  өзін  көрсете  білген  жас  әрі  дарынды  ақын 
Иранбекке  бердім.  Алаш  Орда  идея  ретінде  уақыт  шекарасын 
білмейді. Адамдарды халық етіп, ал халықты толерантты, өмірге 
бейімді ұлтқа айналдырады. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
27
Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев,
Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының 
бірінші орынбасары, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты
(Алматы, Қазақстан)
АЛАШ ИДЕЯСЫ ӨЛМЕС МҰРАТТАР САНАТЫНДА
Алаш  идеясы,  Алаш  фәлсафасы  патша  заманындағы  жаңа 
тұрпатты күрес белесінде туды. Қазақ елі Ресей империясының 
отары  болып  тұрған  кездегі  азаттық  қозғалыспен  бірге 
ұшқындай келе, біртіндеп, іргелі тұжырымдамаға айналды.
Тарихтан  белгілі,  қазақтар  отаршылдар  озбырлығына 
қарсы  ХІХ  ғасырда  300-ден  астам  ұлт-азаттық  көтерілісіне 
шыққан. Ал ХХ ғасырдың басынан бастап, сол ұлттық қозғалыс 
дамудың жаңа кезеңіне көтерілген еді. Әртүрлі қоғамдық-саяси 
ойлар  ықпалымен,  халықтың  бостандығы,  азаттығы,  бақыты 
жолындағы өркениетті саяси күрес жолына түскен. 
Алғашқы  кезде  қилы  салада  қыспақ  көрген  халықтың 
көкірегі  ояу  азаматтары,  негізінен  діни  қайраткерлер,  медресе 
мұғалімдері  «не  істеу  керек?  ел  мүддесін  қалай  ортаға  салып 
талқыласақ екен?» деген мәселені көтере бастады. Бірақ патша 
үкіметі  бұл  кезде  қазақ  халқын,  қазақ  жерін  қатты  назарға 
алған  болатын.  Ұлттық  интеллигенцияның  рухани  іс  мүддесін 
көздеген  әрекеттерін  әкімшілік  құпия  қызметтері  арқылы  тез 
аңғарып,  тауып  алды  да,  бастамашыларды  істі  қылып,  соттап, 
жер аударып жіберді. Бұл 1902–1903 жылдар еді. 
Ал  алғашқы  орыс  революциясынан  кейін,  бұл  ұшқын 
іспетті  әрекет  ерекше  үлкен  дүмпу  алды.  Патшаның  белгілі 
рескриптінен  кейін  қазақ  арасында  да  петициялық  науқан 
өрістеп,  ел  оянды.  Петроградқа  Қазақ  және  Түркістан 
өлкелерінен көптеген талап-тілектер ағылды. Солардың ішіндегі 
ең  ірісі,  ең  белгілісі  –  Қарқаралыда,  Қоянды  жәрмеңкесінде 
қабылданған  құжат.  Оған  14,5  мың  адам  қол  қойған.  Сол 
сияқты  петициялар  астанаға  қазақ  аймақтарының  барлығынан 
жолданып  жатты.  Батыс  өңірдегі  бір  топ  рухани  сала  адамдары 
– діни қызметшілер, сондай петиция жасау өз алдына, патшаға 
арнайы барып жолықты. Мұң-мұқтаждарын тікелей айтты. Бұл 
депутацияны  демократ,  ағартушы,  кейін  Екінші  Мемлекеттік 
думаның  мүшесі  болған  Бақытжан  Қаратаев  бастап  барған 
болатын. 

28
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Бұның  бәрі  өркениетті  күрес  жолына  түскендіктің  белгісі 
еді.  Өйткені  қолға  қару  алып,  ештеңе  бітіре  алмайтындарын, 
cол  кездегі  оқыған  азаматтар  түсіне  бастаған.  Бірінші 
революцияның  жемісі  ретінде  пайда  болған  Мемлекеттік 
думаның  алғашқы  екі  шақырылымына  қазақтар  да  өз 
өкілдерін  сайлады.  Олар  Дума  мінберін  ұлт  мүддесіне 
пайдалануға  тырысты.  Қолдарынан  келгенше  қазақ  мәселесін 
көтерді.  Әсіресе  Бақытжан  Қаратаев  1907  жылы  сөйлеген 
жер-су  мәселесі  жөніндегі  атақты  сөзінде  отаршылдық 
саясатты  әшкерелеген  болатын.  Екінші  Дума  мүшесі  ретінде 
үкіметте,  салалық  билікте  –  қазіргі  тілмен  айтқанда,  жер-су 
министрлігінде  көптеген  жұмыстар  жүргізген  еді.  Бірақ  оның 
бәрінен  де  патшалық  билік  оң  нәтиже  шығартпады.  Ақыры, 
әйгілі  «3  маусым  заңымен»,  қазақтарды  Мемлекеттік  думаға 
депутат сайлау құқынан айырды. 
Мұндай  жағдайда  қазақ  күрескерлеріне  басқаша  күресу 
жолына  түсу  керек  болды.  Күресті  жалғастырудың  сол 
шақтағы  ықтимал  түрі,  тек  қана  ағарту  істерімен  шұғылдану 
еді.  Халықтың  көзін  ашу  қажеттін.  Ұлттық  мектеп  жүйелерін 
кеңейту  көзделді.  Алғашқы  революция  кезінен  жалпы 
мұсылман  қозғалысына  қатысқан  қазақтар  Қырымдағы 
Исмайыл  Гаспралының  Бақшасарайдан  шығарған  «Тәржіман» 
газеті  арқылы  ХІХ  ғасырдың  аяғында  қазақ  арасына  да  тарай 
бастаған  идеясын  –  жәдидшілдікті  қолдап,  төте  оқу,  жаңаша 
оқу, жаңа әдіспен оқыту мектептерін ашуға атсалысты. Мақсат 
– қазақтың көзін ашу, ояту болғандықтан, ақыры, «Қазақстан», 
«Қазақ»  газеттерін,  «Айқап»  журналын  шығарды.  Осындай 
жағдайда 16-шы жылға келдік. 
16-шы 
жылы 
қазақтың 
белгілі 
үлкен 
көтерілісі, 
империядағы  Ақпан  революциясына  ұласқан  ұлт-азаттық 
көтерілісі  басталды.  Көтерілістің  тұтануына  патшаның  1916 
жылғы  25  маусымда  империядағы  «тегі  бөтен  бұратаналарды» 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  қара  жұмысына  шақыртқаны 
себеп болды. Сол уақытқа дейін қазақ әскерге алынған еместін. 
Енді  ешқандай  алдын-ала  түсіндіру  жұмысы  жүргізілместен, 
бірден  ел  ішінен  жаппай  19  бен  43  жастың  арасындағы 
азаматтарды  қорғаныс  құрылыстарына  салмақшы  болған 
үкімет  озбырлығына  Қазақ  және  Түркістан  өлкесі  бірдей 
наразылық  көрсетті.  Жиырма  бес  жас  айырмашылығы  бар 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
29
адамдарды  бір  мезгілде  шақыру  –  бір  отбасындағы  әкесі  мен 
баласын  қоса  әкету,  түтін  біткенді  ересек  ер  адамсыз  қалдыру 
деген  сөз  ғой.  Міне,  осыған  күллі  халық  қарсы  тұрды.  Оның 
аяғы  үлкен  ұлт-азаттық  күреске  ұласты.  Көтеріліс  оты  барлық 
жерді  шарпыды.  Бүкіл  Түркістан  өлкесін,  қазақтың  даласын, 
барша  тараптарын  түгел  қамтыды.  Бірақ,  әрине,  патшаның 
қолында қарулы күш бар, әскер бар. Жазалаушылар көтерілісті 
тез  басты.  Негізінен  басты.  Бастыдағы,  көтеріліс  жалыны 
сөндірілген  аймақтардан  жұртты,  дегенмен,  әскерге  ала 
бастады,  әскерге  болғанда  –  қара  жұмысқа,  соғыстың  әскери 
құрылыстар салатын қара жұмысына. 
Батысқа  орысша  білмейтін  бұратана  жұмысшыларды 
тиеген  эшелондар  ағылды,  содан,  ол  жақта  мүлдем  бейтаныс 
ортаға  түскен  жалпы  қараңғы  халықпен  жұмыс  істеу 
қажеттігі  пайда  болды.  Біздің  интеллигенттер  әскери  құрылыс 
нысандарына  жұмылдырылған  қара  жұмысшылар  арасына 
тілмәштық,  дәрігерлік,  т.б.  жұмыс  жүргізетін  ұлт  мамандарын 
апарды.
Ал  кейбір  ошақтарда,  мәселен,  Торғай  сияқты  жерлерде 
ұлт-азаттық  көтеріліс  қимылдары  тоқтаған  жоқ.  Біздің 
көзі  ашық  азаматтарымыз  елге  Мемлекеттік  думаның 
арнайы  комиссиясы  шығуына  түрткі  болғанды.  Мұсылман 
фракциясының  жанындағы  бюрода  Әлихан  Бөкейханов  пен 
Мұстафа  Шоқаев  жұмыс  істеп  жүрген.  Солардың  әрекеті 
нәтижесінде  дүрлігулі  өлкелерге  депутаттық  сұрау  салулар 
жолданды.  Ақыры,  халық  көтерілісін  күшпен  басқанда  орын 
алған  сорақылықтарды  арқау  еткен  мәселе  Думаның  қарауына 
шығарылды.  Бұл  16-шы  жылдың  аяғында,  желтоқсанда  болған 
оқиға еді. 
Шет аймақтағы көтеріліс мәселесін қарағаннан кейін, Дума 
тағы  тарады,  уақытша  тарады.  Ал  депутаттық  сұрау  салулар 
бойынша  көтеріліс  аумақтарындағы  әкімшіліктерден  жауаптар, 
анықтамалар  алу,  дегенмен,  ұйымдастырылып  жатты.  Бірақ 
оларды Дума түгел алдырып та, қарап та үлгерген жоқ. Өйткені 
ол  кезде  жоғарғы  биліктің  өзі  іріп-шіріп  бара  жатқан  болатын. 
Біздің  16-шы  жылғы  көтеріліс  соған  да  серпін  бергендей 
еді.  Сөйтіп,  ақыры,  Ақпан  революциясы  жеңіске  жетті. 
Патша  тақтан  кетті,  монархия  құлады.  Ал  самодержавиелік 
құрылыстың  қаусап,  биліктен  таюы  күллі  империядағыдай, 

30
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
біздің  қазақтардың  да  ішінде  бір  ерекше  серпіліс  туғызды. 
Қазақ  қайраткерлерінің  алдынан  ғаламат  жаңа  саяси 
мүмкіндіктер ашылды. Бұл елдікті қалпына келтіруді көздейтін, 
халыққа қызмет етудің жаңа жолдары еді. 
Отарланып, 
мемлекеттілігі 
жойылған, 
жер-суынан 
айрылған  халықты  қалай  жаңа  дәрежеге  көтеруге  болады, 
жалпы,  қазақтың  мемлекеттілігін  қайтіп  қалпына  келтіруге 
болады  деген  мәселені  ашық  күн  тәртібіне  қоюға  мүмкіндік 
туды.  Жалғыз  қазақ  емес,  езілген  елдердің  барлығы, 
империядағы  жалпы  мұсылман  қауымы,  түркі  қауымы  түгел 
осы  мәселемен  шұғылданды.  Сол  жанданған  серпіліс  кезінде 
барлық  облыстарда  қазақ  съездері  өткізіліп,  қазақ  комитеттері 
құрылды. Жазда алғашқы жалпықазақ съезі болды.
Бірінші съезде қазақтың мүддесін қорғайтын саяси партия 
ашу  керектігі  айтылып,  халық  мүддесін  көздейтін  шешімдер 
қабылданды.  Желтоқсан  айында  екінші  жалпықазақ  съезі 
өтіп,  сонда  Алаш  автономиясы  құрылды,  Алаштың  Ордасы, 
яғни  үкіметі  сайланды.  Оның  алдында  Қоқан  қаласында 
Түркістан  мұхтариаты  деп  аталған  сондай  автономия 
жарияланған  еді.  Қазақтардың  тең  жартысы  тұратын  еліміздің 
оңтүстік  бөлігіндегі  облыстардың  бәрі  сол  Түркістан  өлкесіне 
қарайтын.  Ташкентте  большевиктердің  жұмысшы  және  солдат 
депутаттары  кеңесі  осы  өлкені  билейтін  үкімет  сайлап,  оған 
Түркістанды  мекендейтін  жұрттың  95  пайызын  құрайтын 
жергілікті  халықты  –  қазақ,  өзбек,  тәжік,  түрікмен,  қырғыз, 
тағы  басқаларды  қатыстырмағаннан  кейін,  бұлар  еріксіз 
өз  құрылтайын  өткізген.  Сөйтіп,  төтенше  4-ші  мұсылман 
съезі, 
өлкедегі 
билікті 
большевиктердің 
озбырлықпен 
басып  алғандығы  салдарынан,  мәжбүрлік  жағдайда  Қоқанда 
шақырылған-ды.  Төтенше  мұсылман  съезі  сонда  Түркістан 
автономиясын  өмірге  әкелді.  Алаш-Орда  да  дүниеге  солай 
келген-ді.  Өйткені  орталықта  билікті  большевиктер  басып 
алған.  Питерден  бермен  лықсыған  большевиктік  анархиядан 
қорғану керек деген оймен, біздің қайраткерлеріміз Орынборда 
екінші  жалпықазақ  съезін  өткізді.  Осындай  жағдайда  ұлттық 
мемлекеттік құрылымдар пайда болған еді. 
Қазақ тағдырына тікелей қатысы бар осы екі мемлекеттілік 
те  –  ел  болсақ  деген  арман-мақсаттың  нәтижесі  еді.  Осындай 
реттермен  ұлттық  идея  нобайланғандай  болды,  оны  өміршең 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
31
тұғырға 
қондыратын 
идеология 
жобаланды. 
Халықтың 
санасынан  ұзақ  уақыт  бойы  кетпеген,  әлі  де  кетпейтін  ұлттық 
концепциялар,  тұжырымдамалар  сонда  қалыптасты.  Ол  біздің 
Алаш,  Алашорда  делінетін  дәуірімізде  көкейімізге  ұялаған. 
Алашорда,  шынында,  алғашқы  ұлттық  өкіметіміз  еді.  Рас,  оның 
ғұмыры  ұзақ  болған  жоқ.  Григорий  күнтізбегі  бойынша  1917 
жылғы  25  желтоқсанда  жарияланды  да,  артынша,  Орынбордан 
құрылтай  белгілеген  астанасына  –  Семеймен  іргелес  Алаш 
қаласына  кетуге  мәжбүр  болды.  Бірақ  онда  да  жазға  дейін 
жұмысына  кірісе  алған  жоқ.  1918  жылғы  күзде  сол  кезгі 
ахуалды ескере отырып, басқаруды оңтайландыру мақсатымен, 
екіге  бөлінді.  Батыс  Алаш-Орда  екі  жыл  бойы  автономиялық 
режимде, республикалық режимде біршама тәуір жұмыс істеді. 
Ақыры Алаш-Орданың Батыс бөлімшесі де, Шығыс бөлімшесі де 
совет өкіметін мойындауға мәжбүр болды.
Содан  кейінгі  күрес  кеңестік  платформада  жалғасты. 
Халықты  мемлекеттілікке  апаратын  жаңа  жолға  бастау, 
жаңаша,  кеңестік  тұрпаттағы  автономия  құру,  қайткенде  ел 
болу  мәселесі  ұлт  қайраткерлерін  үнемі  толғандырумен  болды. 
Алаштың идеясы, міне, осылай сабақтаса алға басты. Құрылымы 
жойылғанмен,  ұлттық  идеясы  бәрібір  өлген  жоқ.  Бірақ  жаңа 
жағдайға  ауысты.  Өйткені  Ленин  бастаған  кеңес  өкіметі 
алашордалықтарға  кешірім  жасады,  оларды  кеңес  қызметіне 
тартты.  Сондықтан  алаш  қайраткерлерінің  бірқатары  кеңес 
өкіметін  мойындап,  кеңес  аппараттарында  қызмет  атқарды. 
Алайда,  сол  кездегі  солақай  большевиктер  оларға  жұмыс 
істеткен жоқ. Ол басқа мәселе. 
Алашшылдар  тарапынан  кезінде  ел  мүддесі  үшін  кеңес 
кеңселерінде,  оқу-ағарту  саласында  беріле  қызмет  ету 
үлгілері  көрсетілді.  Бірақ  совет  өкіметінің  негізгі  ұстанымы 
таптық  көзқарас,  яғни  бай  мен  кедейді  жіктеп  қарау  еді.  Ал 
біздің  алашордашылдардың  ұстанымы  –  ұлттық  бірлік.  Бір 
елді  –  қазақ  елін  –  бай,  кедей  деп  бөлмей,  баршаға  ортақ 
ұлттық  теңдікке  қол  жеткізу.  Бұлардың  көзқарастарындағы 
айырмашылықтары сонда болатын.
Самодержавие  тұсында  езілген  халықты  –  Қазан 
төңкерісі  арқылы  азаттыққа  қолы  жеткендей  болған  халықты 
елдік  мәселеге  жұмылдыру,  көзін  ашып,  ояту,  қоғамдық-
саяси  өмірге  тарту,  түптің  түбінде  озық  өркениетке  сай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет