Сана, рух және тіл филос.ғ. к. Қарлығаш Дүйсенбекқызы Бегдаулетова жоспар


Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар



бет3/7
Дата21.03.2022
өлшемі3,07 Mb.
#28525
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия №3 лекция Бегдаулетова Қ.Д.

Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар

Сана - қоғамдық құбылыс. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Оған түрлі физиологиялық тәжірибелер толық дәлел бола алады. Адамның санасы адамзат қоғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды.

Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады-мыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.

Философтар: «Адамның бойындағы ең қымбат нәрсе – ақыл, рух және нәпсі»,– деген.

Имам Әл-Ғазали былай айтады: «Нәпсі, рух және жүрек – ақылдың мәні. Бұлар адам мүшесінің гаухар бөлігі», – деп ой тұжырымдаған.

«18 томдық «Сауығу кітабы» еңбегінде Ибн Синаның философиялық көзқарастары:

  • егер себеп болса, онда салдар да болу керек;
  • эманация теориясы;
  • философияны діннен бөлу;
  • құдай да, дүние де мәңгі;
  • қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.
  • «Адамның ақылы нәпсісімен қуатты».
  • «Нәпсі гауһар секілді, денеде орналасқан».

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Қолөнершінің семьясында, Кенигсберг қаласында туылған. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Кант философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды. Таным теориясында – агностик болды, танымның қоршаған шынайылықты толығымен тану мүмкіндігін жоққа шығарды. Оның болжамында танымның тұйыққа тірелуінде себеп, қоршаған шынайылық – объекті емес, таным әрекетіндегі – адам, оның ақылы, оның танымдық мүмкіндіктері шектеулі.

Шынайы әлемдегі ақыл мен сезімнің қабылдайтын бейнелері «біз үшін зат», ал ақылмен абсалютті түрде танылмайтын нәрселер «өзіндік зат» деп аталды. «Өзіндік зат» - трансцендентальды, яғни басқа дүниелік уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүреді.

Ойшылдың негiзгi еңбегi - “Үш анықты» - басынан аяғына дейiн самғап өтетiн негiзгi идея. Алғашқыда ақын екi анықты сөз қылады. Бiрiншi - Абсолют. Жаратушы (Алла тағала). Жаратушының білімі, құдіреті, шеберлігі. Бұл үшеуінің өлшеуі жоқ, олар Абсолюттің акциденциялары. Екiншi - Жан туралы. Әуелі бар болған жан ешқайда жоғалып кетпек емес, ол барлықтың ішінде жүре бермек. Осы «екi аныққа» ойшыл үшiншi - ар-ұжданды қосып оның iргелiлiгiн баса айтады. Яғни, Шәкәрiм Абайдың “жүрек», «нұрлы ақыл» категорияларын әрi қарай тереңдетедi. Оның ойынша ар-ұжданға ынсап, әдiлет, мейiрiм кiредi. Шәкәрiмнен кейiн жарты ғасыр өткен шақта Австрияның ұлы ғалымы В.Франкл ар-ұжданды “адамның iшкi құдайы»,- деген болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет