Ақыл (араб.: عقل ақл) — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол - пайым және парасат.
Пайым - ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
Парасат - ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.
Рух - кең мағынада
сана, психикалық
іс-әрекеттің жоғарғы формасы, тар мағынада ойлау ұғымы -мен бара-бар. Рух дегеніміз – адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне “сырттай қарап” баға беруі, өз өмірінің мән-мағынасымен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-толғауы, тебіренісі жатады. Бұл тек дамыған адамға ғана тән нәрсе.
Достарыңызбен бөлісу: |