Сана, рух және тіл философиясы


Метафизикалық материализм



бет7/11
Дата09.03.2022
өлшемі42,1 Kb.
#27308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 дәріс

Метафизикалық материализм сананы материяға қатысында екінші деп, оның белсенді шығармашылық табиғатын теріске шығарады. Сана бізді қоршаған сыртқы объективті әлемнің бейнесі.

Вульгарные материалистер сана мен материяны теңестіріп, сананы адамның миындағы түзілімдер ретінде анықтайды. Бұл бағыттың өкілдері «бауырдың өт шығаратыны сияқты ми ойды тудырады» деп пайымдайды. (К. Фогт, Л.Бюхнер, Я. Молешот).

Диалектикалық материализм сананы материяның маңызды қасиеті ретінде, материалды әлеммен тығыз бірлікте қарастырады. Бастапқы субстанция -

материя, ал сана екінші дәрежелі, ол материяның туындысы. Сана шынайылық, бірақ тек материямен тығыз байланыста, оның көрінісі ретінде. тіршілік етеді. Материалды әлемге қатысында екінші орында бола тұрып, сана оған адам әрекеті арқылы белсенді түрле ықпал етеді.



Дуализм (лат. Dualis – екіжақты) – материя мен сана, физикалық пен психологиялық сияқты бір – біріне қарама – қарсы екі түпнегіздің теңділігін жариялайтын философиялық ілім.

Материя мен сана - бұл тәуелсіз субъектілер: психикалық және физикалық өз алдына жеке екі тәуелсіз субстанция деп қарастырылады (психофизикалық параллелизм) (Р. Декарт).

Рационализмнің негізін салған француз философы, ғалым – математик Рене Декарт(1596-1650жж.). Еңбектері: «Философия бастауы», «Метафизикалық ойлау» т.б. Декарт бұрынғы философияларды қайта қарауды ұсына отырып, ақыл – ойға негізделген жаңа философияны қалыптастырды. Ойлау - бұл ақылдың қызметі болғандықтан, болмыс пен танымның негізінде тек ақыл жатуы мүмкін. Бұл ойын: «мен ойлаймын, демек, мен өмір сүремін» - деген атақты афоризмі арқылы түсіндіреді. Мен санам арқылы ғана өзімнің өмір сүріп жатқанымды дәлелдей аламын, егер санам жоқ болса, менің тіршілігімді де дәлелдеу мүмкін емес. Декарт санаға адамның субъективті, ішкі әлемі ретінде анықтама беріп, сананы зерттеуге шақырады. Ақыл – ой арқылы арқылы алынған білім ғана ақиқитқа жеткізеді. Ол ақыл – ойға негізделген өзінің ғылымдар классификациясын береді: «барлық философия ағаш сияқты, оның тамыры – метафизика, діңгегі – физика, осы діңгектен таралған бұтақтары – үш басты ғылым: медицина, механика, этикаға алып келуші барлық ғылымдар». Декарт философияны барлық білім түрлерін қамтыған ғылымдардың ғылымы ретінде қарастырады. Декарт философиясының методологиясы «күмәндану» принципіне негізделеді. «Барлығына күмәндану керек!». Күмәндану – көптеген ізденістерге, сол арқылы ақиқатқа жеткізу тәсілі.

Болмыс мәселелерінде Декарт субстанция ұғымына дуалистік анықтама береді. Субстанция - өзінен басқа ештеңені қажет етпейтін барлық тіршілік иелері. Ол осы Ғаламды жаратушы –Құдай, сол ғана өз - өзіне жеткілікті. Ал барлық жаратылған субстанциялар бір – бірінен ерекшеленетін екі топқа бөлінеді: материалдық (заттар) және рухани (идеялар). Материалдық субстанцияның атрибуты – кеңістікте көріну, ал рухани субстанцияның атрибуты – ойлау. Осы екі атрибутты өзіне біріктірген тіршілік иесі – адам, сондықтан ол табиғаттан жоғары тұр, табиғатты тануға қабілетті.

Аталған бағыттармен қатар философияда сана мәселесіне қатысты бейсаналық теориясы қалыптасты. Бейсаналы — адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекеттер. Бейсаналы әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Бейсаналы әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фрейд. т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Бейсаналы әуестік — белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері (мотивтері).

Фрейд «бейсана» деп атаған бұл терминнің мағыналық ауқымы бірнеше тармақтан тұрады. Біздің бастан өткерген барлық іс-әрекетіміз мидың осы бөлігінде жазылып отырады. Ақылға сыймай, санадан ығыстырылып, тысқары шығатын сезім мен ынта-ықыластың бәрі сонда сақталып қалады. Сонымен қатар бұл – санадағы биологиялық ынтызарлық пен түйсікті емеуріннің де қызмет атқаратын аясы. Жалпы, күнделікті ойымыз бен іс-әрекетіміздің бәрі ақыл-ойымыздың бейсана бөлігінде сақталып, түсімізде жиі жалғасын табады. Дәл соған ұқсас, балалық шақта бастан кешкен елеулі оқиғалар cананың түбінде сақталып, ересек кезімізде ой-пікіріміз бен мінез-құлқымызға астыртын ықпал етеді. Демек, бұдан әдебиетті зерттеуде сана концепциясының орасан зор маңызы бар екенін аңғару қиын емес. Көркем әдебиет туындылары да, адамның түс көруі сияқты, қиялдың жемісіне жатады және оның болмыс-бітімі сан мыңдаған бейсана деректерге тұнып тұратыны анық.

Фрейд ойлап тапқан бейсана деректер ұғымы адамзаттың өз басынан өткеретін қуатты, өткір сезімдерімен тығыз байланысты. Олардың алдыңғы қатарында ата-анамызбен ыстық қарым-қатынасымыз және басқа адамдармен бірге болған жекелеген жұптастық/романтикалық араластығымызды (әрине, тек осы аталғандармен шектелмейді) атауға болады. Дәл осындай ерекше қатынастар бауыр басу, бірегейлену және үрейлену секілді күшті эмоцияға екпін береді де, мұндай сұрапыл сезімдер қоғамдағы үйреншікті жағдайларға үйлеспей, көбінесе оғаш ахуал туғызып жатады. Фрейдтің пікірінше, ақыл әрқашан іште тұншыққан жабайы сезім тегеурінін, жан қалауын және табиғи тілекті тояттандырудың балама жолдарын табады. Ол бейсана сезімді булыққан бұла күштен әдепкі адами сезімге айналдырады немесе соған парапар басқа бір сезімнің бетпердесімен көлегейлейді. Мысалы, Шекспир «Макбет» пьесасында адамның өз кінәсін сезінуін бейне бір қолының кірін жуып кетіргендей етіп сипаттайды, яғни кінәлі сезімді кереғар мағынада күнәдан тазаруды білдіретін символдық алмастыру формасында береді.

Фрейд ақыл-ойды бастап­қыда саналы және бейсана деп екі арнаға бөлген-ді. Кейінірек ол эго (Мен немесе саналы ой), суперэго (немесе ар-ождан) және id (немесе түйсіктің туабітті импульстері мен алғашқы процестер пайда болатын сана арнасы) түсініктерінің жаңа құрылымын ұсынды. Ол ләззат іздеуші инстинктілі емеуріннің мағынасын беру үшін «либидо» (тән тояты) сөзін ойлап тапты, бұл сезім өмір бойы кеудемізді кернеп, тән тояты секілді физикалық ұмтылыстың ең қарапайым түрін ұғуға, оның табиғатын түсінуге сеп болады. Фрейд жылжыту және орын алмастыру процестері туралы алғашқы гипотезасынан әрі ілгерілеп, ақылдың іште тұншыққан (қуғындалған) мән-мазмұнды оңтайлы формаға айналдыру жолдарын егжей-тегжейлі зерттеп, дамытты. Ол түйіні тарқамаған кикілжіңнің бейсана ой мен саналы ақылға қатысты түрлі пайымдау формасын сипаттады. Аталмыш таксономия невроздың немесе психикалық сырқаттың әралуан формасымен, яки ақыл-ой ауытқушылығының түрлі көріністерімен сәйкес келеді.

Осы тұрғыда «өзара ымыраластықты қалыптастыру» – аса маңызды тұжырымдама. Ақыл үнемі іште тұншыққан сезімнің сыртқа шығу ыңғайын ойластырады, не соның жолын іздестіреді, бірақ бұл эгоның қысымына ұшырап, аласталған сезімдермен (репрессиямен) ымыраға келгенде ғана жүзеге асады. Невроздық әрекеттер – осындай ымыраластықтың нақты мысалы. Невроз сырқаты біздің жүріс-тұрысымызға қатысты сырттан салынған (ата-анамыздың айтуымен немесе қоғамдағы моральдық әдет-ғұрып негізінде) тыйымдарды ұмытпауға мәжбүрлейтін ақылдың бұйрығына бойсұна отырып, қалайда либидо ләззатына берілуге ерік береді. Мұндай аласталу (репрессия) сезімімізді шынайы ләззаттан айырып, оны тәрк етеді, соның салдарынан біз бұл әрекетті ендігәрі қайталамауға бекиміз. Ер адамның романтикалық қарым-қатынасы шынайы махаббатқа ұласа бергенде, сезіміне әлденеше рет тұсау салуы ықтимал, себебі әке-шеше ерте жастан баланың мінез-құлқын тым асыра қатал қадағалауы мүмкін, мәселен, оны үйден ұзап шығып ойнап кетпесін деп далаға шығармайды дегендей. Бозбаланың ересек тартуының белгілері ретіндегі құбылмалы мінез-құлқы, бір жағынан, оны ләззат қууға итермелесе, екінші жағынан, үйден ұзап шықпау (яки қарым-қатынаста белгіленген шектен аспау) секілді ата-ана тыйымы адымын аштырмай, құлашын жайғызбай, тежеп отырады. Бозбала жастық қуатпен романтикалық қызыққа біраз бой ұрғанмен, ақыр аяғында, бала кездегі әке-шеше ықпалымен қалыптасқан мінез ауанынан шыға алмай, бәрін ысырып қойып, еркін қарым-қатынасқа тұсау салып, ішкі әдепкі мінезге бойсұнады. Міне, осылайша әр адам ешқашан айнымайтын (үздіксіз қайталанатын) өзі қалыптастырған мәжбүрліктің шырмауында болады; ол өмір бойы сол таптаурын сүрлеуден шықпайды (үйреншікті ахуалдың сүрлеумен жүре береді), себебі ол дер кезінде өз сырқатының дауасын тауып – жеке басындағы ішкі түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып, жал­пақ әлеуметпен ор­тақ ымыраға келу­ге ұмтылған емес.

Фрейд саналы ақыл-ойдың көп жағдайда бейсана деректерге едәуір трансформация жасайтынын анықтады, бұл деректердің түпкілікті өзгерген ақтық формасы бейсана деректерге немесе оған қозғау салатын кикілжіңге ұқсаңқырамай қалатынын аңғартады. Фрейд мұны эгоның (Мен) орынсыз либидолық (тән тояты), яки бейсана дерекке қарсы жұмылдырған «қорғанысы» деп атады. Ақыл-ой сезімді кері өзгерте алады, яғни әлдекімге оянған ынтызарлыққа қиянат жасаушы құмарлыққа айналуы мүмкін. Саналы мінез-құлық ештеңені мойындамай, тіпті өзін шабыттандыратын шынайы іңкәрлікті теріске шығаруы да ықтимал. Әйелден «адалдықты» (пәктік, тазалық) талап ететін ер адам, шын мәнінде, өз тұрғысынан көңілінің терең түкпіріндегі «қалауынша» жүріп-тұрғысы келетін құпия-құбыжық құштарлығын жария мойындамауы мүмкін. Эго (Мен) ыңғай беру мен аластаудың (репрессияның) өзара қақтығысынан екіге жарылуы ықтимал, яғни ақыл-ойдың бір бөлігі емексудің жетегінде кетсе, енді бір бөлігі әділеттің туралығын қатаң сақтайды. Әдебиет мұндай «екіжүзділік» мысалдарына, әсіресе дін жолындағы кейіпкерлердің аяр әрекеттеріне толы.

Эгоның (Меннің) басқа да қорғаныс құралдарына интеллектуалдандыру, проекциялау, рационалдау, реакция қалыптастыру, регрессия, сублимация және қысым көрсету жатады. Интеллектуалдау кезінде біз қысымға ұшырауы ықтимал сезімнен бас тартамыз да, зейінімізді сезімге емес, зерделеу процесін іске қосатын ақыл-ой бөлігіне қозғау салатын нәрсеге аударамыз. Мәселен, жерлеу рәсімінде біз көппен бірге қайғы жұтқаннан гөрі топырақ салу сәтіне, я болмаса жерлеу жоралғысы секілді жайттарға баса назар аударуымыз мүмкін. Ал проекциялауда өзімізге оғаш көрінетін сезім мен ойымызды өзгелерге телиміз. Сөз жарыстырудан жеңілген сәтте қарсыласымызды ақымақ санауымыз мүмкін. Рационалдауда жоғалтқанымыз бен жеңілісімізге басқа біреуді кінәлау арқылы жағымсыз сезімнен бойымызды арылтқымыз келеді. Біз өзгелерді айыптаймыз, соған сәйкес өзіміздің ішкі шектеуімізден туындайтын жағымсыз сезімді мойындаудан бас тартамыз. Ал реакцияны қалыптастыру кезінде, эгоның ішкі үйлесіміне қауіп төндіретін немесе өзіміз өмір сүріп жатқан мәдениетте орынсыз саналатын кеудеміздегі алапат сезіммен күресу амалы ретінде, шарасыздықтан басымызды тауға да, тасқа да соғамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет