Саналатын пәндердің бірі математика



Дата10.01.2023
өлшемі24,32 Kb.
#60895

1.3 Математика сабағында инновациялық оқыту технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау деңгейлерін тиімді дамыту жолдары
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп. саналатын пәндердің бірі – математика. 
Математика – ерекше құдіретті ғылым. Қазіргі заман –математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін-мұғалім.
Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен тәсілдерді мақсатты, жүйелі түрде пайдаланып, оқушылардың танымын , шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыру - оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта заманауи технологияларын қолдану қажет. Қазіргі заман технологиялары сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:
а) әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
ә) оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
б) оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологиялардың ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, қарқынды оқыту технологиясы, жоба технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, ақпараттық технология тағы басқа көптеген түрлері бар.
Оқытудың жаңа технологиясының бағдарламалап оқыту мәселелері В.Беспалько, М.Кларин, И.Лернер және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс табады. Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л.Выготский, Л.Занковтың, ал жеке-бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш.Амоношвили еңбектерінде зерттелген.Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты.
Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты. 
Оқытудың дидактикалық ғылыми негізінің оқыту үрдісіндегі басты мақсаты - шығармашылық оқыту негізінде абстракты ойлауын дамытып шәкірттерді ғылым негіздерімен қаруландыру. Оқушылардың ғылым негіздерінің қарулануы көркем шығармадан игерген білім қоры негізінде дамып, дүниетаным үрдісі тікелей сезіп білуден абстрактілі ойға, қоғамдық тәжірибемен өмірде пайдалана білумен ұштасса ғана жемісін береді[3;38].
Математика сабақтарында оқытудың инновациялық технологиялар қолданудың дидактикалық негіздері:

  1. бағдарламалап оқыту;

  2. сатыламалы оқыту;

  3. дәстүрлі оқыту;

  4. проблемалық оқыту;

  5. дамытпалы оқыту;

  6. тәрбиелей оқыту;

  7. ірі блокпен оқыту;

  8. даралап, саралап оқыту;

  9. тиімді оқыту;

  10. дифференциалдап оқыту.[https://infourok.ru/bastauish-bilim-beru-salasinda-matematika-sabainda-innovaciyali-tehnologiyalardi-oldanudi-tiimdiligi-2132116.html]

Кесте-1. 1-сынып математикасының жаңа білім мазмұнының ерекшеліктері

Аударма бағдарлама бойынша

Төл бағдарлама бойынша

Аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағ.

Аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағ.

1. Сандарды және олармен жүргізілетін амалдарды оқуға дайындық. Заттарды санау – 16 сағ.

1. Қарапайым түсінік – 16 сағ.

2. 1-ден 10-ға дейінгі сандар. 0 саны – 34 сағ.

2. 10 көлеміндегі сандар – 36 сағ.

3. Қосу. Азайту – 65 сағ

3.Кестелік қосу және азайту – 63 сағ

4. 11-ден 20-ға дейінгі сандар – 11 сағ.

4. Толық ондықтар – 11 сағ.

5. Біз нені үйрендік? – 10 сағ

5. Біз нені үйрендік? – 10 сағ

Кесте-2. 2-сынып математикасының жаңа білім мазмҧнының ерекшеліктер



Аударма бағдарлама бойынша

Төл бағдарлама бойынша

Аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағ.

Аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағ.

1. 11-20-ға дейінгі сандар. Қосу және азайту – 45 сағ.
2. Жүздік – 115 сағ. а) 1-ден 100-ге дейінгі сандар – 17 сағ

ә) Қосу және азайту – 68 сағ. б) Көбейту және бөлу – 30 сағ.


3. Өткен материалдардың негізгі сұрақтары – 10 сағ.

1. Жүз көлеміндегі сандар – 104 сағ. а) Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту – 24 сағ. ә) Ондықтан аттамайтын ауызша қосу және азайту – 24 сағ. б) Кестелік қосу және азайту – 28 сағ. в) Ондықтан аттайтын ауызша қосу және азайту – 20 сағ. г) Ондықтан аттайтын жазбаша қосу және азайту – 20 сағ.
2. 1000 көлеміндегі сандар – 24 сағ. а) Сандарды оқу, жазу және салыстыру – 12 сағ. ә) Қосу және азайту – 12 сағ. 3. Ӛткен материалдардың негізгі сұрақтары – 10 сағ. 3. Біз нені үйрендік? – 8 сағ.


Кесте-3. 3-сынып математикасының жаңа білім мазмҧнының ерекшеліктер



Аударма бағдарлама бойынша

Төл бағдарлама бойынша Аптасына

Аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағ.

Аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағ.

1. 1-ден 100-ге дейінгі сандар – 110 сағ. - Өткенді қайталау және қорыту – 10 сағ. - Таблицалық көбейту және бӛлу – 57 сағ.
- Таблицадан тыс көбейту және бөлу – 34 сағ. - Қалдықпен бӛлу – 9 сағ.
2. 1-ден 1000-ға дейінгі сандар – 48 сағ. - Нумерация – 20 сағ. - Арифметикалық амалдар – 28 сағ. 3. Өткен материалдардың ішіндегі негізгі материалдар – 12 сағ. 4. Қосымша



1. Мың көлеміндегі сандар – 170 сағ. - Қосу және азайту – 4 сағ. - Көбейту және бөлу – 21 сағ. - Кестелік көбейту және бөлу – 55 сағ. - Ауызша көбейту және бөлу – 50 сағ. - Жазбаша көбейту және бөлу – 29 сағ. Біз нені үйрендік? – 11 сағ.

Кесте-4. 4-сынып математикасының жаңа білім мазмҧнының ерекшеліктер

Аударма бағдарлама бойынша

Төл бағдарлама бойынша

Аптасына 6 сағ, барлығы 210 сағ.

Аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағ

1. Нумерация. Шамалар – 35 сағ

2. Арифметикалық амалдар – 160 сағ. а) Арифметикалық тӛрт амал және оларды орындау тәртібі – 4 сағ. ә) Қосу және азайту – 26 сағ. б) Көбейту және бөлу – 130 сағ


3. Барлық өткенді пысықтауға жаттығулар – 15 сағ.
4. І-IV сыныптағы математика курсынан негізгі мағлұматтар.
5. Егер сенің микрокалькуляторың болса, ...

1. Сандар және шамалар, олармен жүргізілетін амалдар – 5 сағ
2. Көп таңбалы сандар, оларды оқу, жазу және салыстыру – 15 сағ
3. Сандарға және шамаларға қолданылатын амалдар – 110 сағ. а) Қосу және азайту – 5 сағ. ә) Бір таңбалы санға көбейту және бөлу – 41 сағ. б) Нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлу – 19 сағ. в) Екі таңбалы санға көбейту және бөлу – 20 сағ. г) Үш таңбалы санға көбейту және бөлу – 25 сағ.
4Микрокалькуляторды пайдаланып есептеулер жүргізу – 5 сағ. 5. Егер сенің микрокалькуляторың болса, ...
5. Негізгі мәселелерді қайталау, қорытындылау және дамыта түсу – 35 сағ.

[П.С. Сағымбекова, А.С. Тортаева, Э.Ы. Тлеубаева С 14. «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» пәнінен ӛтілетін лекция, практикалық және зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы, 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, сондай-ақ осы пәнді жүргізетін оқытушыларға, еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдерге арналған. Тараз, 2016, 234 бет.]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет