Ферменттер. Ферментттердің белсенділігін реттеу. Мақсаты: Ферменттердің құрылысы мен қызметтері туралы ұғымды қалыптастыру
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Ферменттердің құрамы және қасиеттері. Мүшелер мен тканьдердің ферменттік құрамының айырмашылықтары. Мүшеөзгешелік ферменттер. Мультиферментті комплекстер
2.Ферменттердің кофакторлар: металдар иондары және коферменттер. Витаминдердің коферментті функциялары.
3.Ферменттердің классификациясы және номенклатурасы.
4.Әсер ету механизмі және ферменттік катализдеің ерекшеліктері. Дәрілік препараттар – ферменттердің ингибиторлары және активаторлары ретінде.
5.Ферменттердің белсенділігін және мөлшерін өлшеу бірліктері. Ферменттердің белсенділігін реттеу.
6.Онтогенезде және патология кезінде ферменттер белсенділігінің өзгерулері. Тұқымқуалаушылық энзимопатиялар. Ферменттердің медицинада қолданылуы
1897 жылы Бертран ферменттердің құрамында әртүрлі кофакторларды анықтады – олар ферменттердің каталитикалық қасиеттерінің көрінуіне қажетті, белокты емес табиғаты бар органикалық заттар, кейін олар коферменттер (коэнзимдер) деп аталды.
Ферменттердің кофакторлары ретінде металл иондары және коферменттер (коэнзимдер) деп аталатын ерекше құрылымы бар органикалық заттар бола алатыны белгілі болды.
Ферменттің құрылымында белгілі бір кофактордың болуына байланысты ферменттер бір және екі компонентті болып бөлінеді.
Күрделі белоктардың бір түрі ретіндегі екікомпонентті ферменттер (холоферменттер) белокты бөліктен (апоферменттен) және простетикалық топтан (коферменттен) тұрады.
Ферменттерге белоктың құрылымдық ұйымдастығының барлық ерекшеліктері тән. Оларда молекула ұйымдастығының 4 түрлі деңгейі бар: біріншілік, екіншілік, үшіншілік және төртіншілік.
Үшіншілік құрылым деңгейінде, яғни суббірлікте, ферментте белгілі бір субстратты тану, байланыстыру және катализін қамтамсыз етуге қабілетті каталитикалық белсенді орталық қалыптсады.
Ферменттің белсенді орталығы полипептидтік тізбектің түрлі жерінде орналасқан аминқышқылдардың 12-16 және одан да көп қалдықтарынан тұрады, бірақ олар доменнің (белсенді орталықтың) функционалдық бірегейлігін қамтамасыз ететіндей болып кеңістікте орналасады.
Екікомпонентті ферменттердің белсенді орталығының қалыптасуына кофакторлар – коферменттер қатысады.