Санау жүйесі



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі32,63 Kb.
#15327
1   2   3   4   5
Байланысты:
Санау жүйесі және сж түрлері

1.1. Санау жүйелері
Ондық санау жүйесі

Алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 (S=10).
«Ондық» аты былайша түсіндіріледі: бұл жүйенің түп төркінінде он негізі жатыр. Бұл жүйеде санды жазу үшін он цифр қолданылады:
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санды жазуда цифрдың мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты.
Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Сандарды өзге санау жүйесінде түсіну үшін алдымен өзімізге үйреншікті, таныс ондық санау жүйесінде сандардың қалай құрылатынын қарастырайық. Ондық санау жүйесінде санау 9-ға жеткен кезде жаңа разряд (ондық) енгізіледі де бірліктер нөлге айналып, санау қайтадан басталады. 19-дан кейін ондық разряды 1-ге артады, ал бірліктер қайтадан нөлге айналады. Осылай жалғаса береді. Ондық 9-ға жеткеннен кейін үшінші разряд – жүздіктер пайда болады.
Мысалы, 935 жазуы 9 жүздіктен, 3 ондықтан және 5 бірліктен тұратын сан екенін білдіреді. 5 цифры-бірліктер разрядында, 3-ондықтар разрядында, 9-жүздіктер разрядында тұрады. Егер осы санды қосынды түрінде жазатын болсақ:

935=9·102+3·101+5·100

Қарапайым тілде түсіндірсек, осы қосындыдағы 9, 3, 5 сандары сәйкес 935 санындағы цифрлар. Бұл жазбадағы 10 саны санау жүйесінің негізі болып табылады. Санның әрбір цифры үшін 10 негізі цифрдың орнына байланысты дәрежеленеді және осы цифрға көбейтіледі. Бірліктер үшін негіз дәрежесі -нөлге, ондықтар үшін – бірге, жүздіктер үшін-екіге тең және т.с.с. Мысалы, 555,55 ондық саны мынандай қосындымен белгіленеді:

555,5510 = 5·102 + 5·101+ 5·10°+ 5·10-1+5·10-2.:


Осылайша, ондық санның кез келген цифрының салмағы-оның белгілі бір бүтін дәрежесі, ал дәреженің мәні сәйкес цифрдың позициясын бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет