Санау орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін оқу бағдарламасы


Оқу пәнінің бірінші кезеңдегі базалық білім мазмұны: санауға дейінгі кезең



бет3/4
Дата02.09.2023
өлшемі34,8 Kb.
#105910
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
65 Санау

3. Оқу пәнінің бірінші кезеңдегі базалық білім мазмұны: санауға дейінгі кезең

34. Мөлшер туралы түсініктер: Үлкен-кіші (көп-аз, бірдей мөлшерде), ұзын-қысқа (ұзындау-қысқарақ, ұзындығы бірдей), кең-тар (кеңірек-тарлау, кеңдігі бірдей), биік-аласа (биіктігі бердей), жуан-жіңішке (жуанырақ-жіңішкерек, жуандығы бірдей).


35. Салмақ туралы түсініктер: ауыр-жеңіл (ауырлау-жеңілірек, салмағы бірдей).
36. Сандық түсініктері: Қанша? Көп, аз, біреу, бір де біреу емес, көп емес, бос, сондай (сондай ақ). Сөздерді түсіну: салыстыр, артық, жетпейді, аз-көп, болған, болады, болды, бірге, қалды.
37. Кеңістік түсініктері: жоғарыда-төмен, биігірек-аласа, жоғарғы-төменгі, оң-сол, алдында-артында, алыс-жақын, қасында, тусынла, осында, ана жақта, үстінде.
38. Көрнекті құралдар, дидактикалық материал:
1) ойыншық, тұрмыстық заттар, түрлі мөлшердегі, салмақтағы оқу құралдары. Табиғи материал, ұсақ ойыншықтар. Кезекшілік күнтізбесі;
2) балалардың фотосуреттері - сынып оқушыларының. Шардың, текшенің, шеңбердің, төртбұрыштың, үшбұрыштың үлгілері. Монтессори-материалдар: қызғылт мұнара, қоңыр баспалдақ, қызыл штангалар, салмақ кестелері, геометриялық тартпа;
3) оқушыларды оқытудың ұсынылатын нәтижелері.


4. Оқушыларды оқытудың дайындық кезеңінен күтілетін нәтижелер:
1) заттарды көлемін бойынша үстіне, қасына қойып салыстыру тәсілін қолдануы;
2) заттардың көлемін ойында, тұрмыста, заттық әрекеттерде ескеруі;
3) заттардың салмағын қолда ұстап өлшеуді салыстыру;
4) екі топтағы заттардың санын салыстырғанда жұппен сәйкестендіру тәсілін қолдану;
5) топтағы заттардың санын теңестіргенде жетіспейтін және артық затты қосу және алу тәсілін қолдану;
6) заттардың, сұйықтық және төгілетін нәрселердің санын көбейтуге, азайтуға арналған әрекеттерді қолдану;
7) өз денесінің бөлшектерінде және оның орналасуында бағдарлануы: жоғарыда -бас, мойын, кеуде; төменде - аяқ, алдында – бет, төс, қарын; артында – желке, арқа; оң – сол қол, аяқ, көз, құлақ, бет;
8) өзінен алғанда қошаған жақын аймақта бағдарлау: алыс-жақын, қасында, жанында, ана жерде, осы жерде;
9) өз өмірінің жарқын сәттерін «кеше», «бүгін», «ертең» түсініктерімен сәйкестендіру;
10) заттардың, оыншықтардың арасынан шар және текшені үлгі бойынша, аталуымен, қолымен ұстап табу;
11) геометриялық пішіндердің үлгілері арасынан шеңбер, төртбұрыш, үшбұрышты үлгімен, аталуымен табу;
12) шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш сызбаларын мұғалімнің көмегімен, өздігімен бастыру. Алынған пішінді бояу.
39. Бірінші бестіктің сандары:
1) 1 ден 5 дейінгі сандарды белгілеу: заттық-тәжірибелік әрекеттерде +1, -1 тәсілімен сандардың жасалуы. 1, 2, 3, 4, 5 сандары. Сан есім, заттардың саны, цифрдың сәйкестігі. 5 көлемінде тік және кері санау. Санның сандық қатардағы орны. 2, 3, 4, 5 сандарын басқа екі кішкене саннан заттық-тәжірибелік әрекетте құру;
2) 5 көлемінде алу және қосу: Алу және қосудың нақты мәні. «+» (қосу), «-» (алу), «=» белгілері. Нақты материалдармен 5 көлемінде қосу және алу;
3) ашық нәтижемен қосындыны және қалдықты табуға арналған көрсетілетін-есептер, суреттеме-есептер;
4) баға өлшемі: 1 тг. 5 тг. Тиындар;
5) уақыт түсініктері: таң, күн, кеш, түн;
6) кеңістік түсініктері: алдында, артында, қарсыда, оң жақта- сол жақта, алға-артқа, шетке, жоғарыға-төменге, оңға-солға;
7) геометриялық түсініктер: текше, шар, төртбұрыш, шеңбер, үшбұрыш.
40. Көрнекі құралдар, дидактикалық материал:
1) ойыншық, ұсақ заттар, табиғи материал;
2) сыныптың және жеке цифр кассалары, цифрлар жиынтығы;
3) сандық пішіндер. 5 көлемінде топтық заттар саны бейнеленген суреттер. Сыныптық және жеке шоттар, санау арналған таяқшалар;
4) тәуліктік үй. Геометриялық пішіндердің үлгілері. Нумикон жүйелік дидактикалық материалы. Монтессори-материалдары: қызыл-көк штангалар, ұршыктар, сандар, бұжыр сандар.
41. Оқушыларды оқытудың ұсынылатын нәтижелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет