Санау орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін оқу бағдарламасы


Оқушыларды оқытудың бірінші кезеңінен күтілетін нәтижелер



бет4/4
Дата02.09.2023
өлшемі34,8 Kb.
#105910
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
65 Санау

5. Оқушыларды оқытудың бірінші кезеңінен күтілетін нәтижелер:

1) заттардың санын саусақтар санымен, сан есіммен және цифрмен сәйкестендіру;


2) берілген цифрды үлгімен және аталуы бойынша цифрлер кассадан табу;
3) топтағы заттардың сандарын анықтау (сан түрінен) қайта санаусыз, яғни санды тұтас қабылдау;
4) заттардың топтарын жұпатастыру, қайта санау арқылы салыстыру;
5) заттардың екі тобын қосу және кейбір бөліктерін топтан алу. Осы практикалық әрекеттерді «+» және «-» амалдарымен сәйкестендіру;
6) цифрлар мен белгілерден қосу және азайту амалдарына заттық-тәжірибелік әрекеттің артынан мысалдар келтіру. Осы мысалдарды оқу;
7) санап отырып, топтағы заттардың санын анықтау (5 көлемінде). «Қанша?» деген сұраққа жауар беру;
8) ашық нәтижемен қосындыны және қалдықты табуға арналған көрсетілетін-есептер, суреттеме-есептер шығару, кейіннен содан аталуы жоқ мысал құру;
9) қосу және азайту амалдарының нәтижелерін, және есепке қойылған сұраққа жауапты тізбектеп санау амалдарымен табу;
10) тиындарды ойында және жаттығуларда тану;
11) 5 теңге тиынын майдалау;
12) 1 теңгелік 5 тиынды 5 теңгелік тиынмен алмастыру;
13) жеке күн тізбегін тәулік бөліктерімен сәйкестендіру;
14) күн тәртібінің сәттерінің кезеңділігін анықтау;
15) саусақпен сезу, көрген үлгісі, сөздік нұсқау арқылы шар мен текшені табу («Ғажайып дорба» ойыны);
16) түпнұсқаға, үлгіге қарап геометриялық пішіндерден қарапайым аппликациялар құрастыру.
42. Тұлғалық нәтижелер:
1) белсенділік, ұқыптылық, бастаған жұмысын аяқтау, қиындықтарды жеңуден;
2) сабақта тәртіпті болу, үлкендермен және құрбыларымен ықпалдастық орнату дағдыларынан;
3) сабаққа, ұсынылған әрекет түрлеріне қызығушылық танытуынан көрініс табады.
43. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
1) амалдың нәтижесін анықтау үшін заттық әрекеттік амалды қолдануымен, калькуляторды пайдалануымен;
2) күнделікті өмірде қарапайым математикалық дағдыларды қолдануымен айқындалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет