Сандық өрнек және оның мәні



бет1/3
Дата20.09.2022
өлшемі54,61 Kb.
#39595
  1   2   3

Сандық өрнек және оның мәні

Математикада әр алуан сөйлемдер қарастырылады. Солардың қайсы бірі табиғи тілде сөздерден құралады, ал сөздер болса өз кезегінде қандай да бір алфавиттің әріптерінен тұрады. Енді кейбіреулері арнайы математикалық таңбалардан /символдардан/ құралады. Ал математика тілінің алфавиті цифрлардан /таңба- белгілерден/, латын алфавитінің әріптерінен, арнайы символдардан, жақшалардан, үтірден және т.б. тұрады.


Математикалық алфавиттің таңбаларынан /символдарынан/ белгілі бір ережелер бойынша сөздер және сөйлемдер түзіледі. Осындай сөйлемдердің мысалдарына мына сияқты жазулар жатады:12:3+5 /қосынды/, 4·45-(3+47) /айырма/, (7+3)·5 көбейтінді/,(7+32):( 3+4) / бөлінді/
және т.б. Бұларды сандық өрнектер дейді.
Сандық өрнек дегеніміз сандардан, амалдардың таңбаларынан және жақшалардан түзіледі /құрастырылады/. Жеке санның өзін де сандық өрнек деп есептейді.
Өрнекте көрсетілген амалдарды біртіндеп орындаудың нәтижесінде шығатын санды өрнектің мәні деп атайды.
Сандық мәні болмайтын өрнектердің де болуы мүмкін. Мұндай өрнек жайында, мән - мағынасы болмайды дейді. Мысалы:
Санды өрнекті есептеп шығарғанда амалдарды орындаудың рет-тәртібі жайындағы мынадай ережелерді басшылыққа алады.

  1. Егер сандық өрнектерде жақшалар болмаса, онда оны бір-бірінен қосу және азайту таңбалары арқылы ажыратылған бөліктерге бөлу керек және де көбейтуді және бөлуді солдан оңға қарай ретімен орындап, әр бөліктің мәнін есептеу керек, сонан кейін әр бөлікті өзінің мәнімен ауыстырып , қосуды және азайтуды солдан оңға қарай ретімен орындап, өрнектің мәнін табу керек.

  2. Егер сандық өрнекте жақшалар болса, онда өрнектің сол жақтағы және оң жақтағы жақшаларының арасындағы бөлігін және басқадай жақшалары жоқ бөлігін алу керек, сол бөліктердің мәндерін 1/ ереже бойынша табу керек және жақшаларды алып тастап, оларды шыққан мәндерімен алмастыру керек. Егер осыдан кейін жақшасыз өрнек шықса, оның мәнін 1/ ереже бойынша есептеу керек. Керісінше болса 2/ ережені қайталап қолдану керек.

Арифметикалық амалдарды орындаудың рет-тәртібі ережелері бойынша жақшасыз өрнектерде алдымен көбейту мен бөлуді /солдан оңға қарай ретімен/ , ал сонан кейін қосу мен азайтуды /солдан оңға қарай ретімен/ орындауға келісілген. Демек, көбейту мен бөлу екінші басқыштың, ал қосу мен азайту бірінші басқыштың амалдары деп есептелінеді. Сонымен алдымен екінші басқыштың, содан кейін ғана бірінші басқыштың амалдары орындалады. Егер сандық өрнекте дәрежеге шығару /дәрежелеу/ және түбір табу амалдары болса, онда бұлар үшінші басқыштың амалдары деп есептеледі және де жоғарғы басқыштың амалдары болуы себепті, олар алдымен орындалады, ал содан кейін екінші басқыштың және ең соңында бірінші басқыштың амалдары орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет