Сандуєаш+озат


Моногибридті будандастыру (толымсыз доминанттылық)



бет26/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
5-Практикалық сабақ генетика (1)

2. Моногибридті будандастыру (толымсыз доминанттылық)


  1. Намазшам гүлдің жалпақ формаларын өзара будандастырғанда үнемі жалпақ жапырақты, ал енсіз жапырақтылары тек енсіз жапырақты ұрпақ береді. Егер жалпақ жапырақты өсімдіктерді енсіз жапырақтылармен будандастырғанда, жапырақтарының ені орташа мөлшердегі өсімдіктер шығады. Енді бұл өсімдіктерді озара будандастырса, қандай ұрпақ алуға болады? Егер енсіз жапырақты өсімдікті жапырағының ені орташа өсімдікпен будандастырса ше?

  2. Таза тұқымды ақ тауықтарды өзара будандастырғанда ұрпағы ақ болады, ал қара тауықтарды будандастырғанда - кара болып шығады. Егер ақ және қара тауықтарды будандастырса, олардан алынатын ұрпақтың түрі шұбар болып шығады. Ақ әтеш пен шұбар мекиенді будандастырса, қандай түсті ұрпақтар алынады? Екі шұбар тауықтардың ұрпағы ше?

  3. Қызыл жемісті жидек өсімдігін өзара будандастырғанда жидектері қызыл түсті ұрпақ береді, ал ақ жемісті өсімдіктер тек ақ түсті жидек береді. Екеуін бір-бірімен будандастырғанда жемісі қызғылт түсті үрпақ шығады. Жемісі қызғылт түсті жидектерді өзара будандастырғанда, қандай ұрпақ алынар еді? Егер қызыл жемісті жидекті қызғылт жемісті жидекпен тозаңдандырса, қандай ұрпақ алынады?

  4. Қойдың кейбір тұқымының арасында құлағының ұзындығы калыптыларымен (салпаң құлақ) қатар мүлдем құлақсыздары кездеседі. Салпаң қүлақтыларды өзара будандастьгрғанда және сол сияқты құлақсыздарды да бір-бірімен будандастырғанда осы белгі жөнінде ата-екелеріне ұқсае үрпақ алынды. Салпаң құлақтылар мен құлақсыздардың арасынан шыққан будандардын құлақтары шұнақ болып шығады. Осындай будандарды өзара шағылыстырса, қандай ұрпақ алынады? Егер ол будандарды құлақсыздармен будандастырса, қандай нәтиже береді?

  5. Түн аруы өсімдігінің гүлінің қызыл түсін анықтайтын R гені ақ түсін анықтайтын r геніне толық доминанттылық керсете алмайды. R және r гендерінің өзара әрекеттесуінен гүлдің түсі қызғылт болып шығады. Төмендегі будандастырулардың нәтижесінде алынатын ұрпақтардың гүлдерінің түстерін анықтау керек. а) Rr х Rr; ә) RR х Rr; б) rr х RR; в) Rr x rr.

  6. Қызыл гүлді түн аруы өсімдігі ақ гүлділерімен будандастырылған, сонда Ғ1-дегі буданды ақ гүлді өсімдікпен және ол буданды қызыл гүлді өсімдікпен қайта будандастырғанда аланатын ұрпақтардың фенотиптері мен генотиптерін анықтау керек.

  7. Екі қызыл гүлді түн аруы өсімдігін будандастырғанда алынатын ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтау керек.

  8. Екі түн аруы өсімдігін будандастырғанда алынған ұрпақтардың 1/4-і ақ қызыл, 2/4-і қызғылт және 1/4-і ақ гүлді болып шықкан. Осылардың ата-аналарының генотиптері мен фенотиптері қандай болғаны?

  9. Түн аруы өсімдігін бір-бірімен будандастырғанда алынған ұрпақтың жартысы қызғылт, жартысы ак гүлділер болып шыққан. Олардың ата- аналарының генотипі мен фенотипі кандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет