Генотиптері мына төмендегідей өсімдіктер қандай гаметалар түзе апады:а) АаВВСс: ә) ааВbСс; б) АаВbСс; в) АаВbСсDd; г) ААВbССDd; ғ)AaBbCcDd; д)AABBCcDd.
Бұршақ тұқымдасының тегіс пішіні А, бұдырлы а-ға, сары түсі Вжасыл в-ға және гүлінің түсі қызыл С түсі ақ с-ға қарағанда басым келеді. Мына төмендегідей жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптерін анықтаңдар: а) АаВВСс х ааbbсс; ә) АаВbСс х ааВВСС; б)АAВВСс х AаВbСС; в) ААВbСС х ааВbсс; г) ааbbСС х АаbbСС.
Төрт жұп белгілері бойынша айырмашалықтары бар гомозиготалы өсімдіктер буданластырылған: а) Ғ1-дегі будан өсімдіктерінің фенотип бойынша саны мен кластарының арақатынасын; ә) Ғ2-дегі будан өсімдіктерінің генотип бойынша кластарының санын анықтау керек.
Генотипі гетерозиготалы АаВbСсDdөсімдігі рецсссивті гомозиготалы өсімдікпен будандастырылған; а) алынған ұрпақтағы генотип бойьнша кластар санын; ә) ұрпақтың қанша бөлігінде төрт доминантты геннің түгел бар екенін; б) ұрпақтың қанша бөлігінде төрт түрлі рецессивті ген болатынын анықтау керек.
Гексагибридгі будандастыру жүргізілген: Ғ2-дегі генотиптерді және фенотиптер бойынша кластар санын анықтау керек.
Тұқымының түсі мен пішіні бойынша гетерозиготалы ақ гүлді бұршақ өсімдігін өздігінен тозаңдандырғанда болатын фенотипті ажырауды анықтау керек.
Тұқымы мен гүлінің түсі бойьшша гетерозиготалы тұқымы бұдырлы бұршақты өздігінен тозаңдандырғанда болатын фенотиптік ажырауды анықтау керек.
Түқымының түсі мен пішіні, сол сияқты гүлінің де түсі бойынша гетерозиготалы бұршақ өсімдігі рецессивті гомозиготалымен будандастырылған. Ғ1-дегі фенотип бойынша ажырауды анықтау керек.
Адамда алты саусақтылық (полидактилия), жақыннан көру және кіші азу тістің болмауы аутосомалық доминантты белгілер. Ерлі- зайыптылардың екеуі де осы аталған үш жұп белгі бойынша гетерозиготалы болса, ол отбасында дүниеге келегін балалардың фенотиптері жөнінде не айтуға болады?
Шешесі алты саусақты, әкесі жақыннан көретін, ал үшінші жұп белгі бойынша екеуі де сау отбасында туған екі ауру гені бар қыз азу тістері жоқ жігітке тұрмысқа шыкқан. Ол жігіттің шешесінің кіші азу тістері жок, бірақ көруі қалыпты және бес саусақты, ал әкесі барлық үш жұп ген бойынша сау. Осы некеден туылған балалардың фенотиптерін анықтау керек.
Ерлі-зайыптылардың біреуі барлық үш жұп гендер бойынша гетерозиготалы, ал екіншісі гомозиготалы сау. Осы отбасында дүниеге келетін балалардың фенотиптері жөнінде не айтуга болады?
Адамда кездесетін катаракта, мылқаулық және үстіңгі жақ сүйекте күрек тіс пен сойдақ тістің болмауы бір-бірімен тіркеспей тұқым куалайтын рецессивті белгілер болып табылады. Егер ата-аналарының біреуі барлық үш жұп ген бойынша гетерозиготалы, екіншісі гомозиготалысау болса, ол отбасында үш кемістігі бар баланың дүниеге келуі мүмкін бе?
Устіңгі жақ сүйекте күрек және сойдақ тісі жоқ, мылқау, ал катаракта бойынша гетерозиготалы ер адам, алғашкы екі белгі бойынша гетерозиготалы, катарактасы бар әйелге үйленген. Бұл некеден дені сау бала тууы мүмкін бе?